Анализдің рефрактометриялық әдісімен танысу және заттың құрылымдық формуласын анықтау
Лабораторная работа, 31 Января 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Электр өрісі әсерінен молекулаларда, атомдарда және иондарда өтетін өзгеріс поляризация деп аталады. Полюсті молекулаларды электр өрісінен тыс жерге орналастырған кезде ол өріске қарай бағытталады – бағытталған поляризация Р0 өтеді. Полюссіз молекула жағдайында бағытталған поляризация нөлге тең болады. Полюссіз молекулалар поляризациясы атомдық РА және электрондық поляризациялардан РЭ тұрады.
Файлы: 1 файл
Лабораторная работа (рефракция).doc
— 1.06 Мб (Скачать файл)
5. Есеп беру формасы
Есеп құрамына: қысқаша теориялық материал, зертханалық жұмысты жүргізудің қысқаша әдістемесі, толтырылған кестелер, зерттелетін заттың құрылымдық формулалар бойынша молекулалық рефракциясын есептеу, зертханалық жұмысты қорытындылау енеді.
Бақылау сұрақтары
- Поляризация деп нені айтамыз? Поляризацияның қандай түрлерін білесіз?
- Рефракция деп нені айтамыз?
- Қандай рефракция меншікті болып табылады? Формуласын келтіріңіз.
- Зертханалық түрде зат тығыздығын қалай анықтаймыз?
- Меншікті рефракцияның аддитивтілік қасиетінің мәні неде? Оны не үшін қолданады?
- Молекулалық рефракция дегеніміз не? Оны қалай анықтаймыз?