Агротехникалық тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 17:02, реферат

Описание работы

Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды .
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады.
Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Файлы: 1 файл

ауыр металдар.docx

— 30.38 Кб (Скачать файл)

3) Германияда ион ауыспалы  шайырларды қолданады. Ион ауыспалы  шайырлар топырақ қабатында ауыр  металдармен берік хелат қосындыларын  түзеді. Шайырларды қышқыл немесе  тұздар түрінде қолданып топыраққа  ұнтақ немесе түйіршік түрінде  енгізеді, енгізу мөлшері ластану  дәрежесіне байланысты. Мысалы, ОУ-Б  катиониттің натрий түрін енгізгенде  топырақтағы қорғасынның 95%-ын  сініріп алады да, жылжымайтын  түрге айналдырады. 

4) Ылғалдылығы жоғары  аймақтарда, қышқыл топырақтарға  ауыр металдардың жылжымалығын  төмендету үшін әкті енгізу  тәсілі кеңінен колданылады.  Мұнда топырақтағы сутегі әктегі  кальций мен орындарын алмастырып  топырақтың қышқылдығын төмендетеді  осы себептен ауыр металдардың  жылжымалығы азая түседі.

                                               Агротехникалық тәсілдері

Агротехникалық тәсілдері  арқылы ауыр металдардың зиянды әсерінің алдын алу үшін келесі шаралар  қарастырылады:

1) Топырақ қабатындағы   органикалық зат мөлшерін арттыру.  Органикалық заттар  ауыр металдарды  сіңіріп, өз бойында ұстап тұратын  жақсы табиғи тыңайтқыштар. Органикалық  тыңайтқаштарды енгізу - топырақта  жылжымалығы төмен, органикалық-минералды  қосылыстардың пайда болуына  негіз болады. Бірақ енгізетін  органикалық тыңайтқыштар жеткілікті  дәрежеде ыдыраған түрінде болғаны  қажет.

2) Ауыр металдардың уыттылығын  төмендету үшін іс жүзінде  табиғи цеолиттерді пайдаланады.  Цеолиттер әрі қоректік зат  көзі, әрі топырақ құрылымын жақсартатын  табиғи минерал ретінде қолдануы  да мүмкін. Клиноптиллолит циолиттің  сініру белсенділігі топырақпен  салыстырғанда  5-10 есе жоғары  болғаны анықталды.

3) Ластанған алаңдарда  ауыр металдарды бойына сіңірмейтін  дақылдарды өсіру.

Ауыр металдарды бойына сіңіру белсенділігі бойынша дақылдарды келесі түрге жіктеуге болады (тұрақтылығының төмендеуіне байланысты):Көпжылдық  шөптер  – астық дақылдары - картөп - қант қызылшасы.Топырақ қабатында  қорғасынның мөлшері бір қалыпты  болған жағдайда (1000 мг/кг) картоп және томаттар қорғасынды аз мөлшерде сіңірсе, сәбіз бен шалғамда қорғасын ШРК-дан 1,5-2 есе жоғары шамада шоғырланған. Ауыр металдармен ластанатын алаңдарда  әсіресе – салат, шпинат, пияз, қымыздық сияқты дақылдарды өсіруге болмайды.

                                           Фиторемедиация тәсілі

Фиторемедиация –  ластанған  топырақты өсімдіктер арқылы тазалау, қалпына келтіру. Ауыр металдарды топырақтағы  қауіпті мөлшерін арнайы гипераккумулянт (бойына аса жоғары мөлшерде ауыр метал  жинайтын өсімдіктер) өсімдіктерді өсіру  арқылы төмендету. Сіңірілген ауыр металдар негізінде өсімдіктің топырақ бетіндегі  бөлігінде көп мөлшерде орналасуы  керек. Өсімдік өсіп болғасын оларды шауып алады да, қаупсіз жерге  тасып жояды. Фиторемедиация тәсілін  қатты ластанған өндіріс аулаларында  пайдалануға болады.Мұндай өсімдік  ретінде егіншілікте ұлы арамшөп  ретінде саналатын сасық меңдуананы қолдануға болады. Гипераккумулянт  өсімдіктерін анықтау жұмыстары  әрі қарай өз зерттеулерін қажет  етеді.

Қолданылған әдебиеттер

1. Тулебаев Р.К. Хроническая  свинцовая интоксикация. - Алматы:

Ғылым, 1995. - с.9-11.

2. Захидов С.Т. Антропогенный  мутагенез и современные экологические  катастрофы. Опасности преувеличения? 

//Вестник Московского  университета. Серия 16 Биология. -1997. -N2. -С. 11

3. Бигалиев А.Б. Генетика  и окружающая среда. -Караганда, 1987.

4. Никаноров А.М., Жулидов  А.В., Елиц В.М. Тяжелые металлы  в организмах ветлендов России. - Санкт-Петербург, 1993. - С.З.

5. Артамонов В.И. Растения  и чистота природной среды. - Москва: Наука, 1986. -С.27-34.

6. Романова СМ., Нурахметов  Н.Н., Батаева К.О. Экологические  аспекты загрязнения токсичными  веществами поверхностных вод  Казахстана // Химия. Охрана окружающей  среды. Экология человека. -1997. N4. -С.42.

7. Давидович Г.Т., Сахатов  Г.С, Давидович С.Г. Региональное  загрязнение природной среды  Актюбинской обл. // Химия. Охрана  окружающей среды. Экология человека. -196. -N3-4. -С.72.

8. Захаров В.А., Илющенко  М.А., Гуменюк Е.Ю. Техногенное  загрязнение реки Нуры ртутью // Химия. Охрана окружающей среды.  Экология человека. -1998. -N2. - С.72.

9. Левина Э.Г. Общая  токсикология металлов. -Л., 1972. -С.183.

10. Чекунова М.П., Фролова  А.Д. Современные представления  о биологическом действии металлов // Гигиена и санитария. - М., 1986. -N2. -С. 18-21.

11. Бессонова В.П. Влияние  загрязнения среды тяжелыми металлами  на гормональные и трофические  факторы в почках кустарниковых  растений // Экология. -Алматы, 1993. -N2. - С.21-23.

12. Берзиня А.Я. Загрязнение  металлами растений в придорожных  зонах автомагистралей // Загрязнение  природной среды выбросами автотранспорта. -Рига: Знание, 1980. -С.28-48.

13. Гринь А.В., Ли С.К.  Поступление тяжелых металлов  в растения в зависимости от  их содержания в почвах // Труды  II- Всесоюз. Совещания по миграции  загрязненных веществ в почвах  и сопредельных сферах. -Л., 1980. --С.46-48.

14. Алексеева-Попова Н.В.  Устойчивость к тяжелым металлам  дикорастущих видов. - Л., 1991. - С. 26-35.

15. Алексеев Ю.В. Тяжелые  металлы в почвах и растениях. - Л., 1989. 8-204 с.

16. Лавриенко И.А., Лавриенко  О.В. Аккумуляция растениями тяжелых  металлов в условиях нефтезагрязнения // Сибирский экол.журнал. -1998. -N3, 4. -С.299-309.

17. Савельев М.Б. Экофизиологические  исследования фитотронов для  разработки методов контроля  загрязнения водной среды тяжелыми  металлами. // Вестник Московского  Университета. -1999. Серия 16, -N2. -С.42-47.

18. Кабате- Пендиас А. Микроэлементы  в почвах и растениях. -М., 1989. -8-204 с.

19. Бахиев А. Воздействие  буревых работ на растительность // Воздействие техногенных факторов  на растительный покров Каракалпакстана. -Ташкент, 1992. - С.68-83.

 

 

 

 

 


Информация о работе Агротехникалық тәсілдері