Жоо-нда практикалық сабақтарды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 11:47, реферат

Описание работы

Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.
Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекетттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер.
Енжар әдіс – оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте оқытушы белсенді ролде болып, студенттер енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен студенттің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде өткізіледі.

Файлы: 1 файл

ЖОО.docx

— 28.76 Кб (Скачать файл)

ЖОО-НДА ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.

Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекетттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер.

Енжар әдіс – оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте оқытушы белсенді ролде болып, студенттер енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен студенттің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде өткізіледі.

Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырған енжар әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де өзіндік тиіміді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында студентке көптеген мәліметті, ақпаратты жеткізу. Бұл көп жағдайларда дәріс сабақтарында кеңінен қолданылады.

Жалпы енжар әдіс төмендегі сызба негізінде іске асырылады.

 
 





 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

Белсенді әдіс – сабақ барысында оқытушы мен студенттің белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, студент тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады. 

 

 
 





 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар. Интербелсенді әдіс белсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу, бұл әдіс тек қана оқытушы мен студент арасында белсенділікке ғана студент пен студент арасындағы өзара пікірталасқа, ой бқлісуге, өзара бірлесіп негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді  әдіске негізделген сабақта студенттерді сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді орындаушылары студенттер. Интербелсенді әдісті төмендегі сызбаға негіздеуге болады.

 
 





 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет.

Демек, практикалық сабақ барысында жаңа білім беру парадигмасына сай интербелсенді әдістерді қолдануға болады?

Компьютерлік технологияларға негізделген әдіс «оқытушы-компьютер-студент» жүйесінің арасында әр түрлі оқыту бағдарламаларының (информациялық, тренингтік, бақылау жасайтын, дамытушылық және т.б.) көмегімен жүзеге асырылады.

Диалогтық технологияларға негізделген әдіс (коммуникативті) ортаның болуымен және оқу-танымдық тапсырмалар мен шешімінің барысында «оқытушы-студент», «студент - студент», «оқытушы-туындыгер (автор)», «студент-туындыгер (автор)» деңгейінде бірлесе қызмет істеу кеңістігінің кеңеюімен байланысты шешіледі.

Тренингтік технологияларға негізделген әдістер – бұл оқыту барысында оқу-танымдық әрекеттер мен типтік тапсырмаларды шешу тәсілдерінің белгіленген алгоритімдерін жасаудағы іс-әрекеттер жүйесі (тест, практикалық жаттығулар).

Жоба әдісі әлемдік педагогикада жаңа әдіс болып саналмайды. Ол осы ғасырдың 20-жылдарында А.Қ.Ш.-та пайда болды. Оны, сонымен қатар, ділгерлік әдіс деп те атайды және оны американ философ және педагогы Джон Дьюи мен оның студентсы В.Х.Килпатриктің жетілдірген философиядағы, білім берудің гуманистік бағыттағы идеяларымен байланыстырады. Джон Дьюи оқытуды белсенді түрде, студенттің іс-әрекетінің мақсаттылығы арқылы, оның осы білімге деген жеке қызығушылығын ескеріп құруды ұсынды. Бұдан студенттер үшін алатын білімдеріне өз қызығушылықтарын көрсету маңызды нәрсе болып табылады. Бірақ бұл не үшін және қашан керек? Бұл жерде нақты өмірден алынған, студенттің әлі де алатын білімдері мен алған білімдерін жинақтауға қажет шешім үшін балаға таныс маңызды нәрсе бар. Қайда, қандай мақсатпен деген сұрақ туады. Оқытушы жаңа ақпарат көздеріне түсіруі мүмкін және студенттің өз бетінше ізденуі үшін керек, оны бағыттап жіберуі керек. Нәтижесінде студенттер жан-жақты білімдерін қолданып мәселені өз беттерінше, бірігіп отырып шешуі және маңызды, нақты нәтижеге жетуі тиіс.  Осылайша бүкіл мәселе жобасы іс-әрекеттің нұсқасын жасайды. Уақыт өте жоба әдісі кейбір өзгерісті (эволюцияны) басынан өткерді. Еркін тәрбиелеу идеясынан (әдісінен) туындаған бұл әдіс қазіргі кезде толық жасалған және құрылған білім жүйесінің маңызды компоненті болып табылады.

Бірақ оның мағынасы бұрынғыша қалады – студенттердің белгілі бір мәселеге қызығушылығын арттыру және бір не бүкіл мәселенің шешімін қарастыратын жобалы іс-әрекет арқылы алған білімдердің тәжірибелік қолданылуын көрсету. Басқа сөзбен айтқанда теориядан практикаға, академиялық білімдердің прагматикалық білімдермен және оқытудың әрбір кезеңіндегі тиісті байланыстардың орындалуымен бірігуі.

Жоба әдісінің негізіне студенттердің танымдық дағдының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құру икемділігі, мағлұматты кеңістікке бағдар алу икемділігі, қиын, күрделі ойларды дамыту жатады. Жоба әдісі әрқашанда студенттің, жеке, жұбымен не тобымен, өз бетінше іс-әрекетіне бағытталған. Бұл әдістеме топтық оқу әдістемесімен ұйымдасқан түрде байланысады. Жоба әдісі әрдайым бір жағынан әр түрлі тәсілдерді қолданып, екінші жағынан ғылымның, техниканың, технологияның шығармашылық білімдердің әртүрлі облыстарындағы білім мен икемділіктің бірігуін, қосылуын қарастыратын қандай да бір мәселенің шешімін жобалайды, болжайды. Орындалған жобаның нәтижесі нақты болу керек, яғни, егер бұл теориялық мәселе болса, қолдануға дайын, дәл нәтижесі болу керек.

«Миға шабуыл»

«Миға шабуыл» әдісі – қойылған проблеманы студенттердің шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, студенттерге проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген.  Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады.  

«Бастамашылдар мен сыншылдар»         

Педагог студенттер алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мәселе қояды. Студенттер 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар.

Бастамашыл топтың мақсаты: мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну.

Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сәйкесін табу, мәселені шешудің тиімді жолын таңдап алу.       

Студенттердің бір-бірін сынауына тыйым салынады. Бұл тәсіл дәріс және семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін.

Кез-келген практикалық сабақтарды ұйымдастыру барысында келесі ұстанымдарды ескерге жөн:

Жүйелілік ұстанымы - жоспарлау субъектілерінің оқыту үрдісін өзара байланысты және өзара әрекеттес компоненттер жиынтығынан құралған күрделі жүйе ретінде қарастыруын білдіреді. Олар: оқытушылар мен студенттердің жеке және ұжымдық мүдделері, қажеттіліктері, қызығушылықтары, бірлескен әрекеттерінің мазмұны, ұйымдастыру формалары мен амалдары, оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, талдау, бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері.

Нақтылық ұстанымы - студенттер ұжымда жүргізілген, немесе үлгі бойынша ғана тапсырмаларды айнытпай көшіріп алудан аулақ болуды көздейді. Жоспарлау бойынша оқытушы топтың өзіндік ерекшелігін, қызығушылығын, қажеттілігін, даму деңгейін есепке алуы тиіс. Өйткені оқу-танымдық іс-әрекет формалары мен әдістерін дұрыс таңдау нақтылы бір топтағы педагогикалық жағдайдағы өзіндік ерекшелігін саналы түсінуіне тікелей байланысты болады.

Оңтайлылық ұстанымы - оқу үрдісіндегі оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру үш маңызды жағдаймен байланысты: біріншіден, оқытушы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттырудың ең оңтайлы әдістерін табуы тиіс; екіншіден, осы бірлескен әрекет нәтижесі оқыту мен тәрбие үрдісін құрудың ең оңтайлы модель болуы керек; үшіншіден, оқытушы студенттер тобының жағдайына сәйкес, оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің перспективалық бағдарына сай нұсқасын таңдауы тиіс.

Даралық ұстанымы - әр остуденттің жеке басының дамуы – басты міндеттердің бірі екенін, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетте студенттердің даралық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алуды білдіреді.

Ғылымилық ұстанымы  - оқытушының жоспарлауында студент дамуы мен оқытудың мәні, заңдылықтары, танымдық процестері туралы ғылыми білімге, қазіргі педагогикалық тұжырымдарға, Отандық және шет елдік ғалымдардың технологияларына сүйенуін талап етеді.

Үздіксіздік ұстанымы – оқытушы жоспарлай отырып, студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктері, талап-тілектері мен құндылық бағдарға сәйкес жұмыс мазмұнын үнемі жаңартып, жетілдіріп студент жеке тұлғасының қалыптасуына оңды өзгерістер енгізе отырып, ізгілікті қарым-қатынас жасауын қарастырады.

Әдебиеттер:

1. Әлімов А. Интербелсенді  әдістерді жоғарғы оқу орындарында  қолдану: оқу құралы. – Алматы, 2009.

2 Селевко Г.К. Современные  образовательные технологии. – М.:Народное  образование.-1998.

3 Мынбаева А.К., Садвакасова  З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие: 4-е изд., доп. –Алматы, 2010. 

 

 


Информация о работе Жоо-нда практикалық сабақтарды ұйымдастыру