Стандарттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 15:30, лекция

Описание работы

Стандарттау туралы жалпы түсінік
Стандарттау – дегеніміз міндетті түрде орындалатын және ұсынылатын
талап, норма, ереже, сипаттамаларды анықтау мен дайындауға бағытталған
шара. Сонымен қатар тұтынушының сапалы тауарды, затты, өнімді қолдану
құқығын қамтамасыз етіп, оларды пайдалануда зиянды немесе қауіпті

Файлы: 1 файл

1дәріс тора.docx

— 17.92 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

1 Дәріс   Стандарттау туралы жалпы түсінік

 

Стандарттау – дегеніміз міндетті түрде орындалатын және ұсынылатын

талап, норма, ереже, сипаттамаларды анықтау мен дайындауға бағытталған

шара. Сонымен қатар тұтынушының  сапалы тауарды, затты, өнімді қолдану

құқығын қамтамасыз етіп, оларды пайдалануда зиянды немесе қауіпті

жақтарын зерттейді. Нормалар мен стандарттарды дайындау өндірістің дамуы барысында тұрақты түрде үздіксіз жүріп отырады. Егер де, адамдар меңгерген әртүрлі білім мен әдіс-тәсілдерін белгілі бір ережелер, белгілер, эквиваленттер және заттар үлгілерінде бекітіп отырмаса, онда келесі буында өмір сүретін ұрпаққа барлығын басынан бастауына тура келетін еді. Сонымен стандарттау адамзаттың қол жеткізген жетістіктерін, тәжірибелерін және білімдерін сақтап, олардың басқа буын өкілдеріне де жетіп отыруын қамтамасыз етеді.

Адам қоғамында жүретін сферадағы қайталанатын құбылыстардың ұғымы және оларға нормаларды қолданумен айналысады. Жеке ғылым саласы ретінде ол нормалар мен ережелердің қалыптасу әдістері мен принциптерін және осы нормалар мен ережелерді іске асырудың әдістерін зерттейді. Яғни, тұжырымдай келгенде стандарттаудың өзінің зерттеу объектісі болады және солардың даму заңдылықтарын зерттейді.

Стандарттаудың  негізгі мақсаты – күрделіліктен қарапайымдылыққа өту

болып табылады, яғни соңғы  мақсаты – адамдардың өндірістік әрекеттерін

немесе өнеркәсіпті тиімді түрде ұйымдастыруға жағдай жасау.

Өндіріс жұмыс істеп тұрған кезінде нормалар мен ережелерді енгізу де

үзіліссіз жүріп тұрады. Өндіріс пен өнеркәсіптің дамуында жұмыстың ең тиімді түрін таңдаудың міндеті стандарттауға жүктеледі. Сонымен стандарттау адамдардың тәжірибе мен білім арқасында қол жеткізген жетістіктернін әрқашан сақтап отырады және үрдісті техникалық реттеудің негізгі құраушысы болып саналады.

Стандарттаудың  негізгі атқаратын міндеті - өнімнің, көрсетілетін

қызметтің, үрдістің қолданылу аясына байланысты сәйкестік  дәрежесін

арттыру, халықаралық  тауар алмасуда кездесетін техникалық барьерлерді жою, ғылыми-техникалық прогресті дамытып, әртүрлі салаларында бірігіп жұмыстар атқару.

Стандарттаудың объектісі - өнім, өндіріс орны, көрсетілетін қызмет және

басқаларына әртүрлі талаптар, көрсеткіштер, сипаттамалар, ережелер және т.б.дайындау.

Стандарттаудың  облысы – стандарттаудың бір-біріменн байланысатын

объектілерінің тұтастығы. Стандарттау әртүрлі деңгейде іске асады, атап

айтсақ:

1. Халықаралық,

2. Аймақтық,

3. Ұлттық,

4. Әкімшілік-территориялық.

Қазіргі кездегі жүріп  жатқан стандарттау бірінші орынға стандарттау

объектісінің сапасына баға беру мен баға беру әдістерін қояды.

Стандарттардың  түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

  • негізге алынатын стандарттар;
  • өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;
  • процеске стандарттар;
  • бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.

Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында автоматты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стандарттардың атқаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл машиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жобалауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді.


Информация о работе Стандарттау