Өлшем құралдарының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 14:31, реферат

Описание работы

Өлшем - мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтық ұштың өлшемдері, т.б. жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі шамаларды жаңғыртады . Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың ұзындығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады.

Содержание работы

Кіріспе ................................................................... 2
1.Өлшеуіш аспаптар..................................................... 3
2.Термометр.................................................................. 4
3. Амперметр, вольтметр, спидометр, вакумметр...... 6
4. Пьезометр, манометр................................................. 7
5. Гальвагометр оның түрлері....................................... 8
6. Барометр...................................................................... 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................

Файлы: 1 файл

Өлшем (2).doc

— 149.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

5 Гальванометр оның түрлері

 

     Гальванометр - аз тоқтарды, кернеулерді және электр мөлшерлерін анықтауға арналған электр өлшегіш жоғары сезімталды құрал.Айналы магнитоэлектрлік гальванометр (Баллистикалық гальванометр) — электр зарядын өлшеуге арналған дәл аспап. Мұнда токтық магниттік әрекеті пайдаланылады. Аспап жеңіл рамкадан тұрады, оның орамасы жіңішке оқшауланған сымдармен оралған. Рамка тұрақты магнит полюстері арасына серпінді металдан (фосфорлы қола) жасалған жұқа таспаларға ілінген. Рамка орамаларының ұштары ілмек арқылы аспаптың қысқыштарына, яғни электр тізбегіне қосу үшін жасалған. Біртекті магнит өрісін туғызу үшін рамка ішіне темір цилиндр салады. Рамка арқылы ток жүргенде, ол бұрыла бастайды. Оның бұрылу бұрышы ілмекке бекітілген кішкентай айна арқылы анықталады. Рамка бұрылғанда, оның кинетикалық энергиясы бұралған ілмектің потенциалдық энергиясына айналады. Рамканың максималды бұрыштық бұрылуы jмакс. Түрлендірулерден кейін өлшенген заряд мынаған тең:Q = b jмакс, мұндағы b = VDL/K, осы аспаптың баллистикалық тұрақтысы; К — аспаптың динамикалық тұрақтысы; 1/2Iω2=1/2Дjмакс, мұндағы I— рамканың инерция мөменті; ω — рамканың бұрыштық жылдамдығы; Д — пружинаның серпінділік қасиеттерін көрсететін және оның бірлік бұрышқа бұралуына қарама-қарсы әрекет ететін моментке тең шама.

     Вольтметр — тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі электрлік кернеуді өлшеуге арналған аспап. Вольтметр түрлері: аналогты (тілді көрсеткішімен және жарықты көрсеткішімен), цифрлы (механикалық, электрмеханикалық және электрлік индикаторлармен) болады. Тізбектегі жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель қосылады.

    Динамометр-күшті өлшеу үшін арнайы кұралдар - динамометрлер (грекше динамис – күш және метрео - өлшеймін) колданылады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойымен жылжитын кәрсеткіш бекітіледі. 
Тігінен орналасқан серіппеге әр түрлі күш түсіре отырып,оның әр жолы қаншалыкты созылғанын шкаланың көмегімен анықтауға болады. Ол үшін алдымен серіппе шкаласы градуирленеді. Градуирлеу дегеніміз-құралды накты бөліктері бар шкаламен жабдыктау. Алдымен серіппе созылмаған кездегі кәрсеткіштің орны белгіленеді. Осыдан кейін оған 1Н күш түсіріледі. 
Түсірілген күш әрекетінен серіппе, мысалы, 1 см-ге созылған болсын. Гук заңына сөйкес серіппенің созылуы түсірілген күшке пропорционал екенін білеміз. Онда 2 см серіппе созылуына 2 Н күш, 3 см серіппе созылуына 3 Н күш сәйкес келеді. Осылайша градуирленген серіппе -динамометр көмегімен әр түрлі күштерді өлшеуге болады. 
Динамометрдің бірнеше түрі бар. Қолдың Бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, тракторлардың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы динамометрлер пайдаланылады.

 

   6 Барометр

 

    Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.

Барометр (грекше ауырлық өлшеу) — атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден, термометрден және сағаттан есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және термометрінің көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады. Аудандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын нүктелерге дейін бағытжолдар салынады да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралық беттердің еңістігін және температуралық градиенттің өзгеруін ескереді.

Барометр-анероид-Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр пайда болады. Сынапты барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1 метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек. Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және қауіпті де, өйткені сынаптың буы - улы. Әсіресе кемеде, ұшақта, барометр өте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған дөңгелек жұқа металл қорапшадан  тұрады. Оның ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе  арқылы керіп қояды. Атмосфералық қысым өзгергенде қорапшаның көлемі де өзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады.

 

 

 

 

 

 

 

                         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

 

  1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар     «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

 

  1. Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8

 

  1. http://sktkomi.ru/OZO/buh/uchot_den_sr.doc

 

  1. http://psu.kz/arm/upload/umk/113885.doc

 

 

 

.

 

 

 


Информация о работе Өлшем құралдарының түрлері