Электроэнцефалография

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 07:44, реферат

Описание работы

Электроэнцефалография- бұл мидың электрлік белсенділігінің заңдылықтарын зерттейтін электрофизиологияның бір бөлімі. ЭЭГ бас миының функционалдық жағдайының анализінің және оның тітіркендіргіш әрекетінің реакциясының орындалуына мүмкіндік береді. ЭЭГ жазбалары емдік және диагностикалық жұмыстарда( әсіресе эпилепсияда), анестезиологияда, мидың ес, адаптация сияқты функцияларын анықтау үшін қолданылады.

Содержание работы

1. Электроэнцефалография туралы жалпы түсінік;
2. Электроэнцефалографияның тарихы;
3. Электроэнцефалографияның зерттеу әдістері;
4. Қорытынды;

Файлы: 1 файл

1 Электроэнцефалография.doc

— 46.00 Кб (Скачать файл)

 

«Астана Медицина Университеті» АҚ

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:           

 

 

 

 

 

 

Орындаған:       

                                               Тексерген:      

 

 

Астана- 2011

 

1. Электроэнцефалография туралы жалпы түсінік;

2. Электроэнцефалографияның тарихы;

3. Электроэнцефалографияның зерттеу әдістері;

4. Қорытынды;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электроэнцефалография туралы жалпы  түсінік

Электроэнцефалография- бұл мидың электрлік белсенділігінің заңдылықтарын зерттейтін электрофизиологияның бір бөлімі. ЭЭГ бас миының функционалдық жағдайының анализінің және оның тітіркендіргіш әрекетінің реакциясының орындалуына мүмкіндік береді. ЭЭГ жазбалары емдік және диагностикалық жұмыстарда( әсіресе эпилепсияда), анестезиологияда, мидың ес, адаптация сияқты функцияларын анықтау үшін қолданылады.

Электроэнцефалография- бұл мидың биотоқтарын тіркеу әдісі. Ми жасушасында жүйке жасушасының қозуы кезінде ми бөлімдерінің  потенциалдарының айырымының зақымдануы байқалады. Потенциалдар айырымыөте аз болады, бірақ электроэнцефалографтың көмегімен олар күшейіп, тіркеледі.Биотоқтар қағаз бетіне және электронды сәулесі бар түтікше экранына тіркеледі.Биопотенциалдардың көпканалдық әдістемелері қолданылады. Олардың әдістемелері мидың шекелік және желкелік бөліктерінен алынады.

Электроэнцефалограмманың әдістері толқындарды анықтауға мүмкіндік береді. Олар тербеліс жиілігімен, амплитудасымен, пішінімен, қоршаған орта жағдайларымен( жарықтық және дыбыстық) ажыратылады.

Үлкен адамдарда ұйқы және сергектік  кезінде пайда болатын негізгі  толқындар – альфа мен бета толқындар болып табылады. Альфа толқындар 8-12 с тербеліс жиілікпен 70-80 амплитудада анықталып, көбінесе мидың желкелік бөлігінде тіркеледі. Бета толқындар 16-30 с тербеліс жиілікпен 10-30 амплитудада анықталып, көбінесе мидың алдыңғы жарты шарында тіркеледі. Сондай-ақ тега мен дельта толқындар тіркелуі де мүмкін. Тега толқындар 4-7,5 с тербеліс жиілікпен, ал дельта толқындар 8-13 с тербеліс жиілігімен анықталуы мүмкін.

Емшектегі балаларда ЭЭГ баяу толқындармен анықталады. Осылай жаңа туған балаларда  төменамплитудалық дельта толқындар пайда болады, тек кейде ара-арасында альфа толқындар кездесуі мүмкін. Өсе келе жылдам толқындардың салмағы көбейуі мүмкін. Балаларда көбінесе эпилепсиялық талма, ішкібассүйектің зақымдануы, психикалық дамудың тежелуі кезінде ЭЭГ зерттеулері жүргізіледі. Әр түрлі аурулар кезінде мида электрлік процестердің нормальдық ағысы бұзылады. ЭЭГ-да патологиялық толқындар пайда болады. Эпилепсия кезінде пик толқын деп аталатын толқындар пайда болады, альфа толқын жоғалып, бірте-бірте төменамплитудалық тербеліске айналады.

ЭЭГ-ның  шығу тарихы

Мидың электрлік процестерінің  зерттеуінің басталуына ғалым Д.Реймонның еңбегі әсер етті. Ол ми және жүйке мен бұлшыкеттің электрогендік қасиеттері бар екенін көрсетті.1875 жылдың 24 тамызында ағылшын дәрігері Ричорд Кэтон Британ медициналық ассоциациясының отырысында баяндамасын баяндайды. Оның еңбегінде ол қоян мен маймылдың миларында әлсіз тоқтың әсерінен болатын өзгерістер туралы айтты. Осы жылы орыс физиологы В.Я.Данилевский өзінің дәрігерлік баяндамасында ит миының электрлік белсенділігін тәжірбие жүзінде қалай дәлелдегенің айтады. Ал 1882 жылы И.М.Сеченов өзінің Бақа миындағы гальваникалық әсерлер атты еңбегін басып, жарыққа шығарады. 1884 жылы Н.Е.Введенский бақа мен қоян миларының белсенділігін телефон арқылы тыңдап, телефондық тіркеу әдістерін қолданады. Введенский Сеченовтың бақылауын растап, бақаның сопақша миы мен қоянның үлкен ми қыртысын зертттеді. Осыдан мидың спонтандық ритмік белсенділігін сүтқоректілердің үлкен ми сыңарларының қыртысынан анықтауға болатынын көруге болады.

ЭЭГ негізін В.В.Правдин-Неминскийдің зерттеулері қалаған болатын. Ол 1913 жылы алғашқы болып иттің миынан жазылған электроэнцефалограмманы газет бетіне басып, шығарады. Ол өзінің зерттеулерінде струнасыз гальванометрді қолданған және де Правдин-Неминский электроцереброграмма терминін ұсынған болатын.

1928 жылы австриялық  психиатр Ганс Бергер адамның миынын электрлік потенциалының тіркеуін жасаған болатын. Және де ол мидың биотоқтарын электроэнцефалограмма деп атауын ұсынған. Бергердің жұмысы және энцефалография әдістерінің танымал болуы тек 1934 жылдың мамыр айында Эдриан және Мэттьюстің Бергер ритмін физиологилық ұйымның отырысында таныстырумен басталды.

ЭЭГ зерттеу әдістері

ЭЭГ арнайы электродтар көмегімен тіркеледі.( көбінесе көпірлік және инелік). Қазіргі кезде көбінесе электродтардың орналасуы халықаралық жүйе бойынша “10-20%” немесе “10-10%” қолданылады. Әр электрод күшейткішке қосылған. ЭЭГ жазбасы қағаз лента немесе АЦП көмегімен компьютерде жазылып, көрсетілуі мүмкін. Көбінесе 250 Гц дискретизациясы бар жиілікті жазба қолданылады.

ЭЭГ әдісі бас миының электрлік белсенділігінін тіркеуін, зақымдалған бастың терісі бойынша, оның физиологиялық жасын, функционалдық  жағдайын, жалпы мидың ауруларын және оның сипаттамаларын түсіндіре алады. ЭЭГ тіркеу қазіргі жаңа 32-каналды Нейрон-Спектр-5 атты электроэнцефалографтың көмегімен жүзеге асырылады. ЭЭГ-ның көпканалдық жазбасы бір уақытта ең қиын жұмыстарды жүзеге асыра алады.

ЭЭГ патологиясының  үшеселік локализация көзінің белсенділігі

Интепретация кезінде  ЭЭГ-мен жұмыс үшін маман тек  бастың биоэлектрлік бұзылуының проекциясымен  ғана жұмыс істейді.3D локализациясының жаңа әдістері  генерацияның патологиялық белсенділік орнын локализациялап, мидың үстіңгі бетін ғана емес, сондай-ақ төмеңгі жарты шарында анықтайды. Және оны магниттік-резонанстық томография картасына тіркейді.

ЭЭГ-ның спектрлік  әдісі

Мидың құрылысының мағынасы ЭЭГ-ның генерациялық ритмін спектрлік  әдісін қолданған кезде ашылады. Бұл әдіс мидың  кемшіліктерін аса дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

ЭЭГ-ның когеренттік  және корреляциялық әдісі

ЭЭГ-ның когеренттік  және корреляциялық әдістерінің  көрсеткіші биоэлектрлік процестердің мәнерлерін сипаттайды.Және де оның статистикалық өзара байланысын бағалауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

ЭГ көмегімен қазіргі заманда  көптеген амалдар жүзеге асырылады. Ол мидың әртүрлі ауруларын аса  дәлдікпен анықтауңға мүмкіндік  береді. Осы  ЭЭГ жазбаларының әсерінен қазір түрлі аурулардың алды алынып емделіп жатыр.Енді медицинада осы ЭЭГ жазбаларын одан әрі дамытуға орай шаралар жолы қарастырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

    1. Макишев Г., Буховцев Б. Физика  Алматы, «Рауан»
    2. Абдуллаев «Жалпы физика курсы» А.
    3. Ремизов А. «Медицинская и биологическая физика» М.
    4. Зертханалық жұмыс. «спектографты градурлеу»
    5. А.Н. Ремизов, А.Г. Максина, А.Я. Потапенко. «Медицинская  и  биологическая  физика»
    6. Смайлов, Владимир Олегович. 2004 жыл «Медицинская  биофизика»
    7. А.П. Матусовская «Молекулярная физика»

 


Информация о работе Электроэнцефалография