Биоэлектрлік потенциалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 16:04, творческая работа

Описание работы

Дүниежүзілік фантастикада жер шарындағы саяхатшылардың алыс орналасқан бір ғаламшарға ұшып барғандығы жөнінде ангіме бар..Олар ол жерде ғасырлар бойы шаң басқан өте қөп ескерткіштер, тастан құралған адамдардың бейнесі орналасқан қалашықты көреді. Саяхатшылар бұл ежелде жойылып ,құрып кеткен өркениет деп ойлап, жер шарына оралмақшы болады

Содержание работы

I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
1. Биоэлектрлік потенциал түсінігі.
2. Б.п. түрлері.
3. Биоэлектрлік потенциалдарды тіркейтін технологиялар.
III. Қорытынды:
IV. Қолданылған әдебиеттер:

Файлы: 1 файл

биоэлектрлік потенциал.pptx

— 101.72 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
Тақырыбы: “Биоэлектрлік потенциалдар” 
 
 

 

 

 

 

                                                                                        Орындаған: Батырханова Б.С.

                                                                                     Факультет: Жалпы медицина

                                                  Топ: 107Б

                                                     Тексерген :

Жоспар:

 

I. Кіріспе:

II. Негізгі бөлім:

1. Биоэлектрлік потенциал түсінігі.

2. Б.п. түрлері.

3. Биоэлектрлік потенциалдарды тіркейтін                                                                                                                                                           технологиялар.

III. Қорытынды:

IV. Қолданылған әдебиеттер:

Кіріспе:

 

Дүниежүзілік  фантастикада жер шарындағы саяхатшылардың  алыс орналасқан бір ғаламшарға  ұшып барғандығы жөнінде ангіме бар..Олар ол жерде ғасырлар бойы шаң басқан өте қөп ескерткіштер, тастан құралған адамдардың бейнесі орналасқан қалашықты көреді. Саяхатшылар бұл ежелде жойылып ,құрып кеткен өркениет деп ойлап, жер шарына оралмақшы болады.Бірақ олардын арасындағы ең жас ғалым сол жердегі тастан құралған бір қыздың бейнесіне ғашық болып,сағаттап сол бейнеге қарап отырады. Бір күні  ол әлгі бейненің бірнеше сантиметрге қолының көтергенін  және қасының аздап қозғалғанын байқайды.  Сол кезде олар бұл ғаламшардағы өмір  жер шарындағыдай азот пен оттегіге тәуелді емес, кремниге негізделген екенін түсінеді. Сондықтан олардың ағзасындағы барлық процесстің баяулағаны соншалық, оны байқап көру өте қиын. Сонда біздің өміріміз  олардың 1 секунд өмірімен теңестірілген. Олар тірі жандар ,бірақ олардың биоэлектрлік потенциалдары өте төмен және бізге көрінбейді. Бұл әнгімеден біз  барлық тірі ағзаларда  адамдар ,жануарлар мен өсімдіктердегі сияқты бұл ғаламшардардағы тастан құралған  бейнелердеде биоэлектрлік потенциалдың  жүретінін байқаймыз.Бұл құбылыс тірі ағзаларда тыныштық және әрекет жағдайындада байқалады.

Биоэлектрлік потенциал (биоток) – деп жануарлардың, адамдардың тканінде, клеткаларында пайда болатын потенциалдар айырмасын айтамыз. Тірі организмдегі потенциалдар айырмасының қалай пайда болатынын түсіну үшін еретінділердегі патенциалдардың қалай пайда болатынын қарастыра кетейік. Ерітінділерде пайда болатын патенциалдар электронды және ионды болып екіге бөлінеді. Айталық, еретіндіге мыс және мырыш (цинк) салынған делік. Мыс еріген кезде бос электронды және ионды бөліп шығарып, өзі оң зарядталса, мырыш ол электрондарды қабылдайды да теріс зарядталады. Сөйтіп, ерітіндіде потенциалдар айырымы пайда болады. Ерітінділердегі иондардың әсерінен пайда болатын потенциалдарды ион типті потенциалдар деп атайды.

 

Биолектрлік потенциал  ұғымы алғаш 18 ғасырдың 3-ші жартысында пайда болды. Ол кезде биоэлектрлік потенциалдың  ашылуына үлесін қосқан италия физиологы және дәрігері  Л.Гальвани  мен Италия физигі А.Вольт арасында  «жануар  тоғы» табиғаты туралы ғылымы дау жанжал болған болатын. Бұл жанжан үлкен жаналықтың ашылуымен аяқталды,яғни тірі ағзаларда биоэлектрлік потенциалдың  бар екендігі және электрлік тоқты әртүрлі металлдардың көмегімен  алудың  жаңа ұстанымы – Гальвиндік элемент пайда болды. Ол гальванометр құралы көмегнімен жүзеге асырылады.Алғаш тәжірибені италиян физигі К.Маттеуччи жасады,ал биоэлектрлік потенциалды системалық үйрену неміс физиологы Э.Дюбуа – Рейманмен басталды.Ол б.п. –ң нервтерде және бұлшықетте тыныштық және әрекет кезінде болатынын дәлелдеді. Одан кейінде көптеген ғалымдар б.п.дамуына көп үлес қосты.Соңы рет мемраналық  қозу теориясын ағылшын физиологы А.Хакси мен Б.Катсу  ашты.

Биоэлектрлік потенциал түрлері:

• Тыныштық

• Әрекет

• Қозу

• Постсинаптикалық тежелу

• Генераторлық

Тыныштық(мембраналық) потенциал

 

Тыныштық потенциал дегеніміз не –қазбаған күйдегі мембрананың сыртқы және ішкі бетіндегі арасында тіркелген электр потенциалдардың айырмасын айтады.Тыныштық потенциал мембрананың 2жағдайда иондардың концентрациясының әрекетіне байланысты болады. Егер қандай да бір ионның клетка ішіндегі концентрациясы Сішкі осы ионның сыртқы концентрациясын Ссыртқы өзгеше болса және мембранада осы иондар үшін өнімді болса онда мембрана арқылы зарядтан бөлшектің ағыны пайда болады.Нәтижесінде жүйенің элементтер нитралдығы бұзылып клеткалардың ішімен сырттың арасында потенциалдар айырмашылығы пайда болады.  
 
Um = Uішкі - U сыртқы

Әрекет потенциалы

 

Әрекет потенциалы – мембрананың иондық өткзгіштігінің өзгеруімен шартталған және жүйке не бұлшық талшығының бойымен қозу толқынының таралуымен сипатталатын процесс. Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.

Қозу потенциалы

 

Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы.Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. 
Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. қозуға кері физиологиялық процесс тежелу деп аталады.

Постсинаптикалық тежелу потенциалы

 

    • Тежелу - қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
    • 1) бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
    • 2) салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.

 

Постсинапстық тежелу – постсинапстық мембранада өршіген гиперүйектену нәтижесінде тежелу постсинапстық потенциалдың әсерінен пайда болады. Мұны 1951 жылы австралиялық нейрофизиолог Дж. Экклс аяқтың бүккіш және жазғыш еттерінің қызметін реттейтін жұлынның қозғағыш нейрондарының биопотенциалдарын зерттеу нәтижесінде ашқан. Аяқтың бүккіш еттері қызметін реттейтін орталығы қозса, оның жазғыш еттері қызметін реттейтін орталықтартың тежелетіні белгілі. Тежелудің бұл түрі орталығы жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріндегі кереғар орталықтартарды өзара байланыстаратын аралық нейрондарда кездесіп, жүйке орталықтартарының арасында қозу және тежелу процестерінің таралуын бағыттап, келістіріп отыратындықтан, оны үдемелі постсинапстық тежелу деп те атайды; постсинапстық тежелудің арнаулы тежелу нейронның (Реншоу клеткаларының) қатысуымен туындайтын түрі – қайтарымды (анитромды) тежелу болады. Қозғағыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса, соғұрлым Реншоу клеткалары  күшті қозып, ол қозғағыш нейрондар белсенділігін төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен тоқтайды. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталығы жүйке жүйесіндегі қозу процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады;

    • Пресинапстық тежелу қоздырушы медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуын шектеуінде, яғни афференттік сигналдарды екшеп отыратын механизм болып табылады. Соның нәтижесінде жүйке орталықтартарына күшті афферентік импульстер ғана өткізіледі де, олар мәні аз, әлсіз импульстерден қорғалып, олар өңдеуден босатылады.

 

Генераторлық потенциал

 

Генераторлық потенциал  - мембранада сезімтал нерв талшықтарында – рецепторларда жүреді.Генераторлық потенциал қасылшаң жағдайда жеткенде  көрші мембрананың нервтік  талшығынды таралған биоэлектрлік потенциал туады.

Биоэлектрлік потенциалдарды тіркейтін                                                                                                                                                           технологиялар.

 

    1. Электроэнцефалография
    2. Электрокардиолграмма
    3. Электромиография
    4. Электроретинография.
    • Қолданылған әдебиеттер:

  
1.Б. Арызханов- Биологиялық физика-Алматы Қайнар 1990ж.  
2.Ж.К.Ермаханы -Тәнтану Адам анатомиясы-Алматы «Білім» 2004  
3.Т.Несіпбаев-Адам және жануарлар физиологиясы-  
Алматы 2000

    4.www.google.kz

 


Информация о работе Биоэлектрлік потенциалдар