Автомобиль трансмиссиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 21:01, реферат

Описание работы

Автомобиль трансмиссиясының негізгі қызметі двигательдің иінді білігіндегі айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп жеткізу болып табылады. Себебі иінді біліктен алынған айналдыру моментінің шамасы жетекші дөңгелекті айналдыруға жетпейді. Сондықтан иінді білік моментін көбейтуге тура келеді, ал оны көбейткенде айналыс жылдамдығы азаяды. Себебі энергияның сақтау заңы бойынша күштен ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз немесе керісінше.

Файлы: 1 файл

трансмиссия.doc

— 99.50 Кб (Скачать файл)

3. АВТОМОБИЛЬ ТРАНСМИССИЯСЫ

Автомобиль трансмиссиясының негізгі қызметі двигательдің иінді білігіндегі айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп жеткізу болып табылады. Себебі иінді біліктен алынған айналдыру моментінің шамасы жетекші дөңгелекті айналдыруға жетпейді. Сондықтан иінді білік моментін көбейтуге тура келеді, ал оны көбейткенде айналыс жылдамдығы азаяды. Себебі энергияның сақтау заңы бойынша күштен ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз немесе керісінше.

Автомобильдің жетекші дөңгелегі біреу ғана болмайды, кем дегенде екеу немесе одан да көп болуы мүмкін. Трансмиссия сол жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін таратып бөліп беруге тиіс. Осыларға қосымша, автомобиль  орнында тұрғанда оталып тұрған двигательден трансмиссия ажырап, дөңгелектерге қозғалыс бермеуге тиіс, яғни трасмиссия двигательге тұрақты жалғанып тұрмай, оны ажыратып тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.

Сонымен автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен алынған айналдыру моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп, бөліп таратып берумен қатар, жұмыс кезінде берілетін моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі трансмиссияны двигательге баптап қөосу мен ажырату қызметін атқарады.

 Жалпы қозғалатын машиналардың  трансмиссияларын үш түрге бөледі. Олар механикалық, электромеханикалық  және гидромеханикалық. Механикалық трансмиссияның барлық тораптары механикалық берілістерден, яғни тісті берілістер, шынжырлы берілістер, белдікті берілістер, фрикционды берілістерден құралады.

Электромеханикалық трансмиссияда жетекші дөңгелекке двигатель қуаты электр өткізгіш сымдармен жеткізіледі. Ол үшін іштен жанатын двигательден кейін механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератор қойылады. Осы электромеханикалық трансмиссия берілісті сатысыз өзгерткенменімен, пайдалы әсер коэффициенті аз болады және құрылысы қымбат түсті металдардан жасалатындықтан өзіндік құны артық болады. Сол себепті қазіргі автомобильдерде қолданылмайды.

Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротроансформатор құрайды. Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелектеріне жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтанда онда гидротрансформатормен қоса механикалық редуктор қолданылады. Бұл трансмиссия  да берілісті сатысыз өзгерткенімен, ПӘК аз болады. Сондықтанда онша көп қолдану тапқан жоқ.

Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияда  механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы ПӘК берілетін қуат мөлшеріне тәуелді емес. Яғни автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да трансмиссияның ПӘК тұрақты болады.

  Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы.Механикалық трансмиссияның құрылысы автомобильдің дөһңгелек схемасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Оның үстіне двигатель мен жетекші дөңгелектің  өзара орналасу жағдайы да трансмиссияның құрылысына үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен осылардың ішіндегі ең қарапайым, көп қолданылатын трансмиссияның схемасы 3,1 – суретте көрсетілген.

Бұл көрсетілгшен трансмиссия дөңгелек схемасы 4х2, двигателі алдында, ал жетекші дөңгелектері артқы осьте орналасқан автомобильдер үшін. Сол схемаға жүгінсек трансмиссия мынандай негізгі тораптардан құралған: ілінісу муфтасы (2), беріліс қорабы (3), карданды беріліс (4), басты беріліс (6), дифференциал (7). Сонда двигательдің  (1) айналдыру моменті (Ме) жетекші дөңгелектерге (8) осы тораптар арқылы көбейіп (Мп, Мл) жетеді. Сол моменттің көбею схемасы 3.1 суретте көрсетілген.

Ілінісу муфтасы (2) моментті өзгертпей беріліс қорабына (3) береді. Тек ол трансмиссия тоаптарын двигательмен қосып, ажырату қызметін атқарады.

Беріліс қорабы (3) автомобильдің жүріс жағдайына байланысты айналдыру моментін әртүрлі мөлшерге өзгертуге арналған. Сондықтанда беріліс қорабында бірнеше саты жасалады. Беріліс сатысының номері артқан сайы, моменттің көбеюі азайып, жүріс жылдамдығы арта береді. Суретте үш сатылы беріліс қорабының моментті өзгерту схемасы көрсетілген. Сонда алғашқы ( I )берілісте момент ең көп мөлшерге өзгерсе, соңғы (III) берілісте аз ғана мөлшерге, тіпті кейбір автомобильдерде ешбір өзгермейді.

Карданды берілістер (4) бір – бірінен алшақ орналасқан трансмиссия тораптарының аралығына айналдыру моментін тасымалдауға арналға. Ондай кезде екі жалғанатын тораптың осьтері бір – біріне дәл келмейтіндіктен, олар моментті белгілі бір бұрыш жасап бере алады. Бірақ, бұл карданды берілістер айналдыру моментінің шамасын өзгертпейді.

Басты беріліс (6) көбінесе автомобильдің жетекші белдемесінде (5) орналасады, ал беріліс қорбымен (3) карданды беріліс арқылы жалғасады.Құрылысы  тісті берілістен құралады. Берілетін айналдыру моментінің бағытын тік бағытқа өзгерту үшін, көбінесе конусты тісті берілістер немесе черякты тісті берілістер қолдданылады.

Дифференциал (7) жетекші дөңгелектерге (8) айналдыру моментін әртүрлі етіп бөліп береді. Сондықтан оны дөңгелек аралық дифференциал  деп атайды. Көбінесе әртүрлі момент автомобиль бұрылған кезде керек болапды. Себебі бұрылған кезде ішкі дөңгелек аз жылдамдықпен, ал сыртқы дөңгелек көп жылдамдықпен айналуы керек.

Осы жоғарыда көрсетілген негізгі тораптармен қоса, автомобильдердің түрлеріне байланысты басқа да қосымша тораптар болады. Мысалы жетекші белдеме автомобильде біреу ғана емес, одан көп болса, онда әрбір осьтің аралығына ось аралық дифференциал немесе таратқыш қорап сияқты тораптар қолданылады. Кейбір автомобильде басты берілістен  кейін соңғы беріліс пайдаланылады. Ол көбінесе дөңгелек редукторы деп аталады.

Шасси белдемелері. Шасси белдемелері негізгі қызметі дөңгелек аспалары арқылы келген машина тұғырының салмағыцн дөңгелектерге беру болып табылады. Осыған қосымша, автомобильдің жүріс кезінде пайда болатын итеру, тежеу сияқты  күштері де машина тұғырына береді.

Құрылысы жөнінде жетекші белдемені үш түрге бөлуге болады                    (3.11 – сурет): екіге бөлінетін (3.11 а – сурет), штампталып жасалған бөлінбейтін (3.11 б – сурет) және құйылып жасалған бөлінбейтін                  (3.11 в – сурет).

Екіге бөлінетін жетекші белдеменің ортасында трансмиссия механизмдері орналасатын қуыс жасалған. Ол қуыс ортасынан екіге (2,3) жиырылады және олардың әрқайсысына жартылай осьтің қаптары (1) пресстеліп бекітіледәі. Сол қаптардың сыртына дөңгелек аспасы бекітілетін алаң (4) мен ұш жағына дөңгелек бекітілетін фланец (5) орналасады. Мұндай белдемелер жеңіл машиналар мен жүк көтергіштігі онша көп емес жүк машиналарында пайдаланылады. Олардың негізгі кемшілігі, трансмиссия бөлшектерін (басты беріліс, дифференциал) тексеріп, жөндеу кезінде тұтас белдемені бөлшектеу керекутігі жатады.

Екіге бөлінбейтін, штампталып жасалған белдемелер (3.11 б – сурет) салмағы жағынан жеңіл болатындықтан жеңіл машиналардж\а қолданылады. Мұның ерекшелігі, трансмиссия бөлшектері бекітілген қуыстың (9) алды – артын ашық етіп жасайды. Сол ашық жер арқылы басты берілісті, дифференциалды құрастыра беруге болады. Белдеменің басқа құрылыстары жоғарғы белдеме сияқты.

Екіге бөлінбейтін, құйылып жасалған белдемелерді  (3.11 в – сурет) ауыр жүк машиналарда қолданылады.. Себебі оларды шойыннан немесе болаттан құйып жасағандықтан салмақтары ауыр болады. Дөңгелек аспалары үшін арнаулы алаңдар бекітіп жатпау үшін, белдеменің қимасын төрт бұрышты етіп жасайды. Мұндағы трансмиссия бөлшектерін бекітетін қуыс та алды – арты ашық жасалған. Оның алдыңғы жағына басты беріліс қорабы бекиді да, арт жағы арнаулы қақпақпен жабылады. Белдеменің екі шетінде дөңгелек подшипниктері орналасатын трубалар (11), ал тежегіш механизмді бекітетін диск (12) бар. Осылайша жасалған белдемелердің беріктіктері өте жоғары болады.

Басқару белдемелері көбінесе автомобильдің алдыңғы осьтерінде қолданылады. Олар да автомобильдің түрлері мен дөңгелек схемаларына байланысты әртүрлі болады. Жалпы құрылысына қарай басқару белдемелерін екі түрге бөлуге болады: тұтас немесе бөлініп жасалған белдемелер. Тұтас жасалған белдемелер көбінесе салмағы ауыр машиналарда және тәуелді дөңгелек аспасын қолданғанда пайдаланылады. Ал жеңіл машиналарда басқару белдемесі бөлініп жасалады, яғни әрбір дөңгелектің өзінің белдемесі болады. Ол кезде тәуелсіз дөңгелек аспасын пайдалануға мүмкіндік туады.

Басқару белдемелері, құрылыстары әртүрлі болғандығына қарамастан, белгілі бір қызметтерді атқаруға міндетті. Ол қызметтердің негізгілері – алдыңғы басқару дөңгелектерін жүріс кезінде бұруға мүмкіндік туғызу. Сол үшін осы белдемеде алдыңғы дөңгелектер бекітілетін арнаулы топсалар болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Автомобиль трансмиссиясы