Микрофондар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 13:49, реферат

Описание работы

микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындардыдыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліскеайналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаныэтимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналғаайналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегіэлектр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқадиафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттікүнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді.

Файлы: 1 файл

микрофон.docx

— 60.29 Кб (Скачать файл)

 

Жақында шетелде өткен  конференцияда «ұялы телефон  ер адамның ұрығына арақ пен темекіден  екі есе көп зиян келтіреді» деген  тұжырымдар жасалды.

Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға  ұялы телефонды ұстауға тыйым  салынған. Және «әр адам ұялы телефонды  өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта қоюы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару  тетіктері немесе құлаққап (наушник) арқылы пайдалануға көшіп жатыр.

Ал  бізде телефонын  басына жастап ұйықтап, таңертең соның  шырылымен оянатындар аз емес. Бұл  баста ісік тудыруға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Енді ұялы телефонның ер адамдардың репродукциялық  (бала туғызу) қызметіне айрықша  зиян екені айтылуда.

Ұялы телефондар денсаулыққа  зиянды  Телефон арқылы қысқа сөйлесу керек. Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде былай делінген «Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті». Мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. Анкара дәрігерлер палатасы мәлімдемесінде ұялы телефондар мен олардың станцияларының адам денсаулығына әсерінің кабельсіз байланыс жүйелері құрылғалы бері талас болып келе жатқанына назар аударылды. Ұялы телефон және станцияларының бір-бірімен байланыста әуеден радио сигналдары жолдап, жұмыс істегені айтылған мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ былай  делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда  кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен  бірге ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы  өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда

Ұялы телефон станциялары  денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, бала бақшасы, ауруханалар, саябақтар секілді қариялар, балалар  мен науқастар көп болатын  мекендерге құрылмауы керек».

 

Аталмыш мәлімдемеде ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстарға орын берілді:

-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше  қысқа сөйлесу керек. Қажеті  жоқ әңгімеден аулақ болу керек,  жақын жерде тұрақты телефон  болса соны қолдану керек. 

-Ұялы телефонмен сөйлескен  кезде балалардан алыс жерде  болу керек. 

-Аяғы жүкті әйелдер  ұялы телефон қолданбауы керек,  үйде ұялы телефон жабық ұсталуы  қажет. 

-Әсіресе нерв жүйелеріне  әсер ететіндіктен балалардың  ұялы телефон қолдану жастары  кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды./

-Ұялы телефон құлаққап  арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

-Телефонның сөйлесуден  басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.

-Ұялы телефон арқылы  қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.

-Ұялы телефондар ең  көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.

-Қарапайым телефон, яғни  кабельді телефон болса сонымен  сөйлесу керек, осындай телефон  болған кезде ұялы телефон  жабық тасталуы керек. 

-Топтық тасымал көліктерінде  электрондық хабарласу жүйелері  болымсыз әсер етеді. Сондықтан  жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет.

-Телефон сатып алған  кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы  керек. Өндірушілер телефондардың  SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0,1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек.

-Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек. "TRT телеканалы".

 

Технология күн сайын  жаңарады, зияны қандай?

Әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында  уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді.*

Жаңа технологиялардың дамуы  арқасында ғаламтор қарапайым адам өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғалы қашан? Әсіресе, компьютер ойындары мен ұялы телефондағы мобильді агент бағдарламасының балалар мен жастарға әсері қандай?

Ғаламтордағы ойындар  Алайда тек 2002 жылы наурыз айында 21 жасар  америкалық Шон Вили виртуалды ЕverQuest он-лайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсағаннан кейін ғана әлем дәрігерлері дабыл қақты. Қазіргі кезде ғаламторға еркін ену мүмкіндігі бар 17-18 жас шамасындағы жеткіншектердің арасында дәл осы компьютерлік ойындар үшін айлап далаға шықпайтындары да кездеседі. Тіпті, кейбіреулері он-лайн ойынынан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен.

Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның  ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері  жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі  күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі, 3D-бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды.

 

Осының кесірінен физикалық іс-әрекетке тек адам саусақтары түсіп, тендонит — қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде пайда болатын дертке ұшырайды. Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратын көрінеді.

Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. Ол ас ішу уақытын өткізіп, ұйқы тәртібін бұзып, сыртқы келбеті мен жеке гигиенасына аз уақытын бөледі. Сөйтіп, саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, арқасы да сыр бере бастайды. Компьютерлік ойындарды көп ойнайтын адамдар көп жағдайда мойын остехондрозы, геморрой және простатит ауруларына ұшырайды.

Ұялы телефондағы «әлем»

Қазір ұялы телефондар оятқыш сағаттарды нарықтан қуып жібермегенмен, біраз ысырып тастады. Адамдарды жұмыстан, балаларды сабақтан қалдырмай, оларды ұйқыдан оятатын болды. Тіпті, ең арзан саналатын 4 мың теңгенің қалтафоны қараңғыда келе жатқан адамға «фонарик» қызметін ұсынады.

Қазір мектеп жасындағы балалар мен жұмыста жүрген жастар ұялы телефоннан бір елі ажырамайды. Түнде ұйықтағанда да қастарына алып жатады. Бұрын құлаққап арқылы музыка тыңдап, жан-жағындағы әлемде шаруалары болмаса, қазір одан зоры шықты. Олар ғаламтор арқылы мобильді агент (м-агент) бағдарламасын ұялы телефон жадысына көшіріп алады да, әлемнің әр түкпіріндегі әртүрлі жастағы адамдардан дос тауып, сөйлеседі. Жөні түзу әңгіме айтса, жақсы ғой. Олардың не туралы айтып жатқанын тексеріп  жатқан да ешкім жоқ. Әйтеуір, қалтафондары қолдарынан түспейтін болды. Мұғалімдердің де сабақ үстінде кей оқушылардың осы кәсіппен айналысатынын айтатынын естіп жүрміз. Мұғалімнен қорықпаған бала, әрине, үйде тіпті еркін емес пе?

Үйінде титтей де шаруа  жасамай, керісінше, қолындағы ұялы телефоннан бас алмай отыратын балалар  мен жасөспірімдерді де көріп жүрміз. Жаңа технологияның жақсылығы сол — осы арқылы кей жастар достасып, кездесіп, шаңырақ көтеріп те жатыр. Жамандығы жетіп артылады: ұялы телефонның пернетақталарын басамын деп, саусақ пен қолға шамадан тыс күш түсіп, «хат келді» деген белгіні күтіп, осы кездегі желідегі келеңсіздіктерден жүйке де жұқарады, магнитті өрістер де әлсіретеді. Осылайша балалар мен жастар дертке шалдығады.

Дәрігер мамандардың мәлімдеуінше, Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетіпті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке жасушаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да бар. Мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды. Ғалымдар сондықтан да ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, балабақшалар, ауруханалар, саябақтарда, яғни, қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек деген шешімге келіп отыр.

Біліп жүріңіз! Ұялы телефон қолданған кезде мына ережелерді үнемі есте сақтаңыз әрі өзіңіз соған жол бермеңіз!

Ұялы телефонмен мүмкіндігінше  қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болыңыз! Жақын жерде тұрақты телефон болса, соны қолданғаныңыз дұрыс.

Ұялы телефонмен сөйлескен  кезде балалардан алыс жерде болу керек.

Жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.

Әсіресе, жүйке жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон  қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды/.

Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефонның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолдануды шектеген жөн.

Ұялы телефон арқылы қысқа  сөйлесу әдетке айналуы керек, қысқаша  мағлұмат берілетін кезде SMS жүйесі қолданылуы керек, ұзақ мерзімді сөйлесуді  насихаттайтын кампанияларға кедергі  жасалуы қажет. Ұялы телефондардың  ең көп радиация тарататын кезі — телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатқан дұрыс.

Қарапайым телефон, яғни, кабельді телефон болса, сонымен сөйлесу  керек, осындай телефон болған кезде  ұялы телефон жабық тасталуы керек.

Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері де кей жағдайда әсер етеді. Сондықтан  жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.

Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек.

Телефон сатып алған кезде SAR (Specific Absorprtion Rate) көрсеткіші көрсетілуін  қадағалаңыз. SAR көрсеткіші 0,1Вт/кг және одан да төмендері таңдалуы керек.

SAR (Specific Absorprtion Rate) — қарапайым  тілмен айтқанда, мобильді телефонның  қауіпсіздік көрсеткіші. Яғни, бір  килограмм миға әсер ететін  ватт өлшеміндегі қуаттың сәулелену  көрсеткіші. Аталған көрсеткіштің  өлшем бірлігі — Вт/кг. Ғалымдар  мобильді телефонның қауіпсіздігін  осы көрсеткішпен байланыстырады. Неғұрлым SAR көрсеткіші аз болса,  соғұрлым телефоныңыздың зиянды  сәуле бөлу деңгейі де төмен.  Мәселен, кейбір ұялы телефон  түрлеріне тоқталсақ: Nokia 3130 — 1.24 Вт/кг.,  Nokia 6210 — 1,19 Вт/кг.

 

Интернет Қауымдастықтың мәліметінше, орташа есеппен алғанда  қазақ тіліндегі ресурстар саны жылына 20%-ға өседі. Бір қызығы, аталған  уақыт ішінде орыс және өзге тілдегі  сайттардың өсу қарқыны 7%-ға азайған. «Қазақ тіліндегі сайттар бірте-бірте  өз аудиториясын жаулай бастады. Мысалы, 2004 жылы Қазнеттегі ресустың 82 пайызы орыс және басқа тілде болатын. 2009 жылдың соңына қарай бұл сан 15 пайызға  азайды»,

Бүгінде ұялы телефон адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Өкінішке орай, қысқа да нұсқа сөйлесуге, немесе СМС хабарлама жазуға әдеттенген жастар арасында сөйлесу мәдениетінің деңгейі төмендеп бара жатыр. Мәселен, қоғамдық көліктерде жанындағы адаммен  санаспай, телефон арқылы дауыс көтере сөйлесіп отырғандарды жиі көруге болады. Осыдан барып, біздің елде ұялы телефонмен сөйлесу мәдениеті екінші орынға қалып қойған жоқ па деген ой туады.

Факира Муртазина, Лингвистикалық колледждің психологы: «Сөйлесу барысында  бір-бірін есту үшін жаймен сөйлессе де болады ғой, бұл сөйлесу мәдениетіне  жатады. Ал бұл біздің елде қажетті  деңгейде қалыптаспаған және дамымаған.»

Бір айта кетері, ұялы телефонмен сөйлесу әдебін ескерген көршілес ресейліктер  жақын арада арнайы хартия қабылдады. Елдің белгілі азаматтары қол  қойған бұл құжатта, адам көп шоғырланған  қоғамдық орындарда, яғни театрлар мен  медицина мекемелерінде, сондай-ақ, ұшақта ұялы телефонды пайдалануға және сөйлесіп отырып көлікті басқаруға  тыйым салу қарастырылған. Бізде  мұндай құжат қабылданбақ түгілі ол туралы жақын арада сөз қозғалуы екіталай. Ұялы байланыс компаниясының  өкілдері мұндай мәдениетсіздікті тыю  үшін өзге елдің тәжірибесіне тездетіп назар аудару керек дейді.

Дина Едігеева, Ұялы байланыс компаниясының қызметкері:«Батыс елдерінде  ұялы телефонмен сөйлесу мәдениеті  ережелері бұрыннан енгізілген. Тіпті  әкімшілік шараларда қолданылады. Италияда театрларда ұялы телефон киімдерімен  бірге гардеробқа тапсырылады. Бізде  де алғашқы қадамдар жасалынуда.»

Тағы бір мысал ретінде  Күн шығыс елін алуға болады. Мәселен, Жапонияда әдептілікті сақтау үшін метроларда немесе электрмен жүретін  көліктерде телефон дыбысын толығымен  сөндіріп тастайды екен. Ал, қоғамдық орындарда  дауыс көтіріп сөйлеу әдепсіздік саналады. Осындай қатаң тәртіпті біздің елге де енгізу қажет-дейді алматылық  тұрғындар.

Информация о работе Микрофондар