Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2015 в 14:00, реферат

Описание работы

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 26.96 Кб (Скачать файл)

Қазтұтынуодағы  Қостанай экономика колледжі

            

 

 

                        

   РЕФЕРАТ   

 

 

 

 

Тақырыбы: Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

                 

                                                              Тексерген:Қабденов.Ғ.Н

                      Орындаған:Тенизбаева.Д.Н

 

 

 

 

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

Компьютердің құрылғылары(ағылш. hardware (́ha:dwεə), жарг. «темір») — электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.

Компьютердің құрылғылары — электрондық, электрлік ж-е механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына: — компьютерлер мен логикалық құрылғылар; — сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура; — энергетикалық қосалқылар, батареялар мен аккумуляторлар.

Жеке компьютер

Кәдімгі жеке компьютер корпустан және мына бөлшектен тұрады:

Аналық плата, оның үстіндегі орталық процессор (CPU) оның үстінде салқындату жүйесі, амалдық жад (оперативная память) және т.б., кеңейткіш слоты:

амалдық жад құрылғысы (ОЗУ) және кэш (әдетте CPU ішінде кездеседі)

Тұрақты жад құрылғысы (ПЗУ)

Электр блогі (блок питания)

Сақтау құрылғыларының контроллері — IDE, SCSI, SATA, SAS н-се аналық платада және кеңейткіш құрылғыларда орналасқан басқа түрлі контроллер. Контроллерге Қатты диск (hard disk), жұмсақ диск құрылғылары, CD-ROM т.б.

  • Қозғалғыш жад құрылғылары
  • Оптикалық дисктер құрылғысы
  • Жұмсақ дисктер құрылғысы
  • стример
  • Ақпарат сақтағыш құрылғылар
  • Қатты диск (hard disk) (кейде RAID-массивке қосылған)
  • Видеоконтроллер (мониторға сигнал жіберетін графикалық плата)
  • Дауыс контроллері (көр Дауыс платасы)
  • Торлық интерфейс (көр Тор платасы)

бұдан басқа, компьютерлік құрылғыларға сыртқы компоненттер кіреді:

  • Кіріс құралы
  • Пернетақта
  • Тышқан, трекбол н-се тачпад
  • Джойстик
  • Сканер

Шығыс құралы

  • Монитор (дисплей)
  • Колонка/наушниктер
  • Баспа құралдары
  • Принтер
  • Плоттер
  • Модем — телефондық желімен байланысу үшін

 

Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі - жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өндеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдапансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін жмесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.

 

Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп - мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго каласының телефон аньщтамалығы 788 000 адамдар атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін коссақ, 32 000 000 жол информациядан тұрады екеа Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

 

Дәлдік пен ұкьштылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп - олардың дәлдігі мен үқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дүрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда қатесіз дүрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтылады. Мүндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен, немесе осы мақсатқа арналған мәлімет- терді өңдеу алгоритмінің қате болғанынан екенін ашып айту кажет.

Жүйелік блок мыналардан түрады:

 

    • микропроцессор;
    • оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;
    • тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
    • қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.

 

    • Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

 

    • информация енгізу құрылғылары;
    • информация шығару құрылғылары;
    • информация жинақтауыштар.
    • Компьютер құрылғылары

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дербес компьютердің негізгі құрылғылары