Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жобаның мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастырып бекіту. Интернетті ақпаратты іздеу жайында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып жұмыс ретімен, жұмыс режимімен, ережелерімен таныстыру, олардың болашаққа деген сенімділігін қалыптастыру.
Курстық жобаның мазмұны: Оқушыларға Интернет желісі арқылы интернеттің қызметін, шығу тарихын, оның пайдалану жолдарын, қажетті мәліметтерді іздеу және алу жолдарын, электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау, жөнелту мүмкіндіктерін айқын көрсету.

Файлы: 1 файл

Кенесбай Мерей.doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

           Кіріспе

 

 

ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық заманнан информациялық  заманға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала біліп, оны өңдеу және күнделікті істе қабылдау өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі мектептерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде.

Информатика пәнінің  орта арнаулы оқу орындарына енгізілгеніне аз уақыт болғанына қарамастан пәнді оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өтуге болады. Орта арнаулы оқу орындарында оқытылатын басқа пәндермен салыстырғанда информатика пәні әлдеқайда жас ғылым.

Егер сіз компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті өмірде оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделуіңіз қиын. Себебі, қазіргі қоғамда компьютерлер барлық жерлерде қолданылады.

Заман талабына сай қандай да болмасын мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді,  интернетті жәнеэлектрондық поштаны қолдана алуы, пайдалана білуі міндетті талап болып отыр.

ХХІ ғасыр – ақпарат  ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауатттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың  алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімді меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендіге даусыз.

Мектептегі информатиканы  оқытудың негізгі міндеті: ақпаратты  түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процесстерін меңгеру, оқу барысында  кеңінен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету дамыту құралы

 

 

 

 ретінде компьютерлік  технологияларды тиімді пайдалану  тәсілдерін үйрену болып табылады.

Білім беру реформасы  табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады.

Біз бүкіл елімізде әлемдік  стандарттар деңгейінде сапалы білім  беру қызметіне қол жеткізуге  тиіспіз.

Курстық жобаның мақсаты:   Оқушылардың пәнге деген    қызығушылығын қалыптастырып бекіту. Интернетті  ақпаратты іздеу жайында оқушылардың ой - өрісін  кеңейтіп,  сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып  жұмыс ретімен, жұмыс режимімен, ережелерімен таныстыру, олардың  болашаққа  деген  сенімділігін  қалыптастыру.

Курстық жобаның мазмұны: Оқушыларға Интернет желісі арқылы интернеттің қызметін, шығу тарихын, оның пайдалану жолдарын, қажетті мәліметтерді іздеу және алу жолдарын, электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау, жөнелту мүмкіндіктерін айқын көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Оқу жоспарына талдау және тақырыптың сипаттамасы

1.1 Оқу жоспарына  талдау және жылдық санының  кестесі

Жұмыс оқу жоспарында әр курста, әр семестрде өтілетін пәндер және олардың уақытының апталары, саны әр аптада өндірістік оқыту неше рет болатындығы көрсетілген. Сонымен қатар бір курста өтілетін сағаттың қорытындысы және оқу мерзімі бойынша жалпы өтілетін сағат саны белгіленген:

Жалпы пән бойынша берілген жалпы  сағат саны: 138 сағат, оның ішінде – 93 сағаты теориялық сабақ, ал – 20 сағаты практикалық сабақтар, курстық жобаға дайындыққа – 25 сағат берілген.

3 – курстың 5-семестрге 42 –  сағат берілген, оның ішінде - 36 теориялық  сабақтар, ал - 6 практикалық сабақтар.

3 - курстың 6-семестрге 48 – сағат берілген, оның ішінде - 42 теориялық сабақтар, ал - 6 практикалық сабақтар.

4 – курстың 7-семестрге  48 – сағат берілген, оның ішінде - 15 теориялық сабақтар, ал - 8 практикалық  сабақтар, курстық жобаға дайындық  – 25 сағат. 

3 – курстың І –  ші жарты жылдығында 1-қыркүйектен  31-желтоқсанға дейін 16 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру  пәні аптасына 3 сағат, яғни бір  аптасына – 2 сабақ, екінші  аптасына – 1 сабақ болады. І  – курстың     І-ші жарты  жылдығы бойынша 42 – сағат берілген.

3 – курстың ІІ –  ші жартыжылдығында 15 қаңтардан  5 мамырға дейін 13 апта берілген. Өндірістік оқуды ұйымдастыру  пәні аптасына 4 сағат, яғни аптасына  – 2 сабақ берілген. І – курстың  ІІ-ші жартыжылдығы бойынша                48 – сағат берілген. Жалпы 3 курс бойынша сағат саны – 90 сағат.

4 – курстың І –  ші жартыжылдығында 1 қыркүйектен  31 желтоқсанға дейін 14 апта берілген.  Өндірістік оқуды ұйымдастыру  пәні аптасына                     4 сағат, яғни аптасына – 2 сабақ. 23 – сағаты оқу сабақтары, ал – 25 курстық жобаға дайындық өтіледі.

Бақылау жұмысы – 6 семестрде, курстық жоба – 7 семестрде, емтихан  – 7 семестрде,  мемлекеттік емтихан  – 8 семестрде.

1.2. Тақырыптың  күрделілігі және оның сипаттамасы

Менің курстық жобамның тақырыбы: 9-сынып бағдарламасы, тақырыптық жоспарынан 8 тарау, "Компьютерлік желілер" тақырыбының "Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта" тақырыбы бойынша сабақтың әдістемелік өңдеуі. Тақырыптың сипаттамасы: Оқушыларға Интернет желісі арқылы интернеттің қызметін, шығу тарихын, оның пайдалану жолдарын, қажетті мәліметтерді іздеу және алу жолдарын, электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау, жөнелту мүмкіндіктерін айқын көрсету.

"ХХІ ғасыр  технология  заманы" деген пікірге келісе  отырып, мен оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , заман талабына сай қандай да болмасын мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерлік сауаттылықты, Интернетті, Электрондық поштаны пайдалана және    қолдана білуі қажет. 

Интернетке қосылу келесі әрекеттерді  орындаймыз. ADSL модем ––> Вызов ––> Microsoft Internet Explorer іске қосқаннан кейін экранға Microsoft Internet Explorer терезесі шығады. Интернеттегі ақпараттар Веб-сайт түрінде ұсынылады.Веб-сайт ортақ тақырыппен, ортақ URL мекен-жайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір  серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің мекен-жайы бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады.

Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл күйіңізге қарай одан сізді қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Үйден шықпай газеттің номерін парақтағыңыз келе ме, ол үшін тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдік шырмауықты қолдансаңыз жетеді. Гиперсілтеме жүйесі арқылы қажетті басылымыңызды санаулы минуттар ішінде тауып аласыз.

Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі:

http://www/атауы.үйшік (http://www/akorda.kz.)

Үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін  белгілейді. Ол мемлекет .kz –Қазақстан Республикасы, .ru-Ресей, .ua-Украина, .fr-Франция,  .cn-Қытай, .it-Италия т.б.

http://www.google.com- ақпаратты іздестіру жүйесі

http://www.hotbot.com-HotBot - іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді.

http://www.yahoo.com-Yahoo- тез іздестіретін анықтамалардың бірі

http://www.rambler.ru-Rambler- өзекті сөз бен қатар классификкаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

                                                                                                                                                                                                                                                                                 http://www.tabu.nursat.kz-TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстармен қатар Қазақстанна  тысқары жерлердегі еліміз туралы веб-парақтарды  іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Шебердің сабаққа  дайындығы

2.1. Тақырыпқа және сабаққа дайындығы

Тақырыпқа дайындық кезінде  мен оқу жылының басында оқу  жұмысының бағдарламасын, сабақтың үлгі-жоспарын, құрал-жабдықтарды, көрнекі  құралдарды, компьютерлік технологияларды, интерактивтік тақтаны алдын-ала  дайындап аламын. Тақырыпқа сай әдебиеттерді, ақпараттарды таңдап аламын.

Қазіргі заман мұғалімінен  тек өз пәнінің терең білгірі  болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық  сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп. Оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Сондықтан да мен осы қасиеттерді өзімнің бойыма сіңдіріп, оны іс жүзінде пайдалана отырып оны оқушыларыма көрсетуге барынша тырысамын.

Әрбір сабаққа мұғалім  өз тақырыбы бойынша жоспар  құрады. Сондықтан да мен ең алдымен сабақ  жоспарымды құрамын. Сабақ жоспарын құруымның мақсаты – сабақты тиімді өткізу.  Жеке сабақтың жоспары- -ол әрбір мұғалімнің  жеке сабақ құжаты болып табылады. Мен өз тақырыбым жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігім анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар-тиімді өткен сабақ болып табылады.

Сабаққа мұқият дайындалу оның мазмұны мен ұйымдастыру әдісін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндеті деп сезінуі тиіс.

Менің сабаққа дайындығым аса жауапты іс. Мен өзім оқытатын пәнді қанша  жақсы білгеніммен, сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесем және әр сабаққа  жеке даярланып отырмасам, онда бұл менің ірі кемшілігім болмақ. 

 

 

 

 

2.2 Сабаққа және тақырыпқ  материалды-техникалық базны дайындау

 

Қазіргі ақпарттық технологияның  дамыған кезінде барлық оқу орындары мен мектептерде интерактивтік тақтаның енуіне байланысты мұғалімдер интерактивтік сабақтарды беруді үйрену керек.

Оқытудың техникалық құралдарынан басқа сабақ барысында  көрнекі плакаттар, ойын карточкаларын   пайдаланамын.

Көрнекілік  принципі. Көрнекілік принциптерін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.

К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне  жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Оыту процесінде сөз  бен іс, теория мен практика өзара  байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі  түсінікті, әрі қызықты болып  өтеді. Көрнекілік абстрактілі ұғымды игеруге әсер етеді.

Сонымен, көрнекілік принципінің  оқыту маретиалдарын, әсіресе, теориялық  ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.

Көрнекіліктің түрлері:

Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады.

Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.

Символикалық  көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.

Экранды - динамикалық  көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары.

Дыбысты           техникалық       көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер,  радиоқабылдағыштар жатады.

Көрнекі құралдар оқу  материалдарын, әсіресе, теориялық  ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Педагогикалык процестің бағыттылық принципі.  Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды.

Кешенді ықпал жасау  идеясы қоғамдық кұрылыстың өз табиғатынан  шығады - оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі.

Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен  практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.

 Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық  оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен  де, негізінен ол оқушының жеке  дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір  оқушы оны өзінің шама-шарқысы,  дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.

 Соған орай жеке  дара жұмыс әр оқушының өз  бетімен жұмыс істеуге, білімді  саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың  заңдылықтарын оқып білуге ықыласын  тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.

 Оқушылардың жеке  дара жұмыс түрлеріне: 

 Оқулықпен жұмыс  істеу. 

 Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп  шығару, шығарма жазу, диалог құру  т.б.).

3. Мұғалімнің тапсырмасы  бойынша әр түрлі лаборатория-лық  тәжірибелерді орындау.

 Жеке дара жұмыс  оқушыларды өз бетімен білім  алуға ынталандырады, тәртібін  күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады.  Сабақта оқушылардың оқу-таным  әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара  жұмыс түрінен басқа олардың  топтық және ұжым болып жұмыс  істеуінің маңызы ерекше.

 Оқушылардың топтық  танымдық жұмыстары сабақ барысында  оқу міндеттерін шешуде, өзара  көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының  белгілі бір жұмыс көлемін  атқаруын көздейді.

Информация о работе Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта