Построение сети NGN

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 08:42, доклад

Описание работы

Жамбыл ОТД-сы АҚ «Қазақтелеком» филиалы болып табылады. Тараз қаласы административті орталық және Жамбыл облысындағы ең ірі қала болып табылады. Ол облыстық оңтүстік-батыс бөлігінде салыстырмалы тегіс жерде орналасқан. ҚТС-да абоненттік желінің алтысандық нөмерлеу жүйесі қабылданған. Қазіргі уақытта Тараз қаласының көлемі, қалаға қатысты Жақын атқан ауылдарды санамағанда, 188,33 кв.км. құрайды. Қаланың өзінде облыс тұрғындарының 33,7% жуығы шоғырланған, бұның өзі 375000 адамды құрайды. Жалпы лайықталған сиымдылық 67507 номер болса, жалпы пайдаланыстағы сыйымдылық 65869 номерды құрайды, сыйымдылықты қолдану пайызы – 97,57%. Телефондар тығыздығы 100 адамға 19,6 бірлікті құрайды.

Файлы: 1 файл

диплом.doc

— 1.08 Мб (Скачать файл)
  • UMG8900 құрылғысы көптеген сөздік кодектер типтерін қолдайды, олар: G.711 / G.729 / G.726 / G.723, факс-кодекі T.38, факс үстілік G.711 және модем үстілік G.711;
  • UMG8900 құрылғысы станция аралық SS7/ R2/ No.5 сигналдаулары, ISDN (PRI и BRI) /V5 қол жеткізу сигналдаулары секілді түрлі сигналдау типтерін қолдайды;
  • UMG8900 құрылғысы IP (SIGTRAN) желісінде SS7, PRA V5 сигналдауларын тарату үшін орнатылған шлюз қызметін қолдайды.

UMG сипаттамалары: 

Әмбебапталған AMG және TMG (TDM: 256K, IP-құры: 128G):

  • интерфейс: FE, GE; ATM 155M, POS 155M; E1/T1, SDH STM-1.
  • желіні қолайлы тұрғызу: POTS, ISDN, xDSL, RSA, RSM, V5 AN, және т.б.
  • сиымдылығы: TDM: 32 000 порт/сөре; сиымдылығы: 360 000 порт 15 сөреде (каскад)4; дестелік коммутация: 10 000 порт/сөре; максималдылығы: 7 сөреде VoIP - дің 70 000 порты; баған өлшемі: 600х800х2200 (ЕхҰхБ).
  • хаттамалары: CCS7, R2, NO5, DSS1, V5; H.248, M2UA / IUA / V5UA / SCTP.
  • кодек: сөз: G.711, G.723, G.729; факс: T.38, T.37.
  • артықшылығы: ішкі коммутация; орнатылған сигналдау шлюзі; PBX (PRA, R2) интерфейсі; 1 + 1 резервтеу режимі.

Үлкен сиымдылықты операторлық  сыныпта UMG8900 шлюз ретінде түрлі  желілер арасында арақатынасты орнатады және сөздік және мультимедиалық қызметтердің ағынының форматын өңдеу функциясыменен қамтамасыз етіледі. UMG8900 құрылғысы TMG (Trank Media Gateway) жалғағыш жолдары қызметін және NGN желісіндегі AG (Access Media Gateway) қол жеткізу шлюзінің қызметін атқара алады, сонымен қатар SG (Signalling Gateway) сигналдау шлюзінің функциясын қолдайды.

UMG8900 құрылғысы SoftX3000 басқаруы бойынша  барлық ЖҚТф қызметтерін қамтамасыздандыру  үшін NGN-дағдыланған коммутатор режимінде  TDM коммутаторының қызметін атқарады.

UMG8900 үлкен сиымдылығы және интеграциялаудың жоғарғы деңгейілігінің көмегіменен орталық станциядағы құрылғылар санын азайтуға және техникалық қызмет көрсету шығынын төмендетуге мүмкіндік береді. Медиашлюз орнына орнатылып отырған UMG8900 операторлық сыныптағы сөздердің сапасын қамтамасыздандырып қана қоймай басқару және эксплуатация функцияларын қамтамасыз етеді және жоғарғы сенімділікпенен, дайындықтың жоғарғы коэффициентіменен және техникалық қызмет көрсетудің қолайлылығыменен сипатталады.

 

2.4 Қызмет көрсету сапасы

 

Ұйымдастырылатын желінің  қызмет көрсетудегі берілген сапасын  қамтамасыз ету  IETF RFC 2475 стандартында анықталған DiffServ архитектурасы болып  табылады. Бұл архитектураның мәні жіберілетін мәліметтерді классификациялауда және әрбір мәліметтер классының өңдеу саясатын тәуелсіз таңдауда болып табылады. Пайдаланылатын  QOS қамтамасыз ету архитектурасы өткізу жолағына кепіл болмайды, тек қана мәліметтер жіберу приоритетін анықтайды. QOS механизмдері артық жүктеме болған жағдайда ғана жұмыс істей бастайды.

 

2.4.1 Riverstone құрылғыларында трафик классификациясы

Әртүрлі класс мәліметтерін өңдеуде дифференциалды амал қолдану  үшін, алдымен ондай трафикті идентификациялау қажет. Желіге кірер кезінде арналық  деңгейдің трафигі бастапқы классификацияға  ұшырайды, содан кейін кезекке тұрғызылады. Келесі трафикті өңдеу кезеңі алдын ала анықтау приоритет деңгейімен қызмет ету политикасына негізделген кезекті қызмет ету механизмімен қамтамасыз етеді.

Riverstone RS 8600 мен RS 3100 құрылғы  ауқымында алдын ала анықталған приоритеті бар 4 кезек Кесте 2.2-де көрсетілген.

Кесте2.2- Кезектер

Приоритет

Кезек

Берілген кезек ауқымында  өңделетін трафик

Ең жоғарғы

Control

Қызметтік мәліметтер

Жоғарғы

High

Voice класының мәліметтері

Орташа

Medium

Production мәліметтер класы

Төмен

Low

Best effort мәліметтер класы


Кесте 2.2-де берілгендей трафиктің классын анықтау желілік деңгейдің параметрі негізінде IP пакеттерінің мәліметтер бойынша ескеруге болатын параметрлерді көреміз:

  • Жіберушінің IP-адресі;
  • Жіберілетін  IP-адрес;
  • Жіберушінің порты TSP/UDP;
  • Жіберілетін TSP/UDP;
  • IP Precedience/DSCP;
  • Транспорттық протокол – TCP немесе UDP;
  • Десте алынған порт.

Қазіргі таңда дүние  жүзі бойынша байланыс қызметімен қамтушылар жылына жүздеген транспорттық және қатынау  желілері ұйымдастырылады. Көптеген компаниялар, сонымен қатар Net Centrex, Nuawei, Vera Networks сияқты алып компаниялар да  транспорттық техналогиялар облысында қарқынды түрде NGN (Next Generation Network – Келесі Ұрпақ желісі)  желілеріне зертеулер жүргізуде. Компаниялардың құрылғылары салыстырып Nuawei компаниясының құрылғысын таңдадым.

 

3 NGN ЖЕЛІСІН ЕСЕПТЕУ

 

3.1  Телефондық жүктеменің  екпінділігін есептеу

 

Туындайтын жүктемені  әдетте абоненттерден түсетін шақырулар (қызметке тапсырыстар) және бірнеше  уақытты алатын станцияның абоненттері тудырады. Станция нөмірі мен сиымдылығы Кесте 3.1-де көрсетілген.

 

Кесте3.1 – Қолданыстағы  желінің мәліметтері

 

Станция нөмірі

Сиымдылығы

АТС – 43/45

9820

АТС – 2

8 200

АТС – 6

7 476

АТС – 7

7 865

АТС – 37

10 320

АТС Солнечный

8 650

AТС-61

1743

АТС-62

2337

АТС-634

2466

АТС-66

1820

RSM-1

1470

RSM-2

2660

RSM-3

2680

Жалпы

67507


 

Кесте 3.1-де көрсетілген мәліметтерді қолдана отырып келесі есептеулерді жүргізуге болады.Техникалық есептеулерде ведомствалық нормаларына сәйкес қайнар көздердің үш категориясын айырып тануға болады:

Мекемелік  сектор, пәтерлік сектор және таксофондар.

Егер келесі сипаттамалар белгілі болса жергілікті туындайтын жүктеменің интенсивтілігін анықтауға  болады:

Nм, Nп, Nт – мекемелік   сектор, пәтерлік сектор және таксофондардың телефондық аппараттарының саны;

Cм, Cп, Cт – і-ші категориядағы үлкен жүктемелік сағаттағы (ҮЖС) шақырулардың орташа саны; 

Tм, Tп, Tт – ҮЖС кезіндегі і – ші категориядағы абоненттің хабарласу ұзақтығының орта мәні;

Рх – хабарласып болған шақырулардың үлесі.

Эрлангте келтірілген  і – ші категориялы қайнар көздегі  туындайтын жүктеменің интенсивтілігін  есептеу.

 Эрл (3.1) 

мұндағы t i – бір жұмыстың орташа ұзақтығы.

 

t i = i .Pх.( tжс+ n.tт+ tБ+ tшжt ) (3.2)

 

(3.2.) – формуласына  кіретін байланысты орнатудағы  бөлек операцияның ұзақтылығы  келесіні қабылдайды:

tжс =3 с  –   станцияның жауап сигналын тыңдау уақыты;

n. tт =0,8 n, с  –  ТА – тан n мәнді санды теру уақыты;

tшж = 7 - 8 с  –  хабарласу кезіндегі шақырушы абоненттің шақыруды жіберу уақыты,

Нөмірді теріп болғаннан  кейінгі мезеттен бастап шақырушы абоненттің жолына қосылу уақыты  нөмірді теру әдісі және қажетті жолы қосылған станцияның типіне байланысты. Басқару  программасы tБ = 3с арқылы станциямен байланысу. Ішкі аймақтық байланыс үшін барлық уақытта tБ = 0,5с. Телефонды аппараттан терген кезде өлшемдер әр түрлі мәнде болады, ал жүктемені тарату бағыты белгісіз болғандықтан үлкен қателіктер жасамас үшін tБ = 2с деп алуға болады. Сурет 3.1 – ТК және РР мәндерінен α коэффицентінің тәуелділігі көрсетілген.

 

 

Сурет 3.1 – ТК және РР мәндерінен α коэффицентінің тәуелділігі

 

Сурет 3.1-де α коэффиценті хабарласу аяқталмаған (шақырылған абоненттің жауап бермеу уақыты, шақырылған абоненттердің қателіктері) шақырудағы құрылғылардың ұзақтылығын есепке алады. Оның мәні негізінен хабарласу ұзақтылығының орташа мәніне Ti  және хабарласып болған Pх шақырулардың үлесіне байланысты болады. Сондықтан, есептелінетін станцияға қосылған әр түрлі категориялардағы абоненттерден туындайтын жергілікті жүктемені келесі теңдіктен анықтауға болады:

 

Yn=YМ +YП +YТ  (3.3)

 

мұндағы n – есептелінетін станцияның нөмірі.

 

Есептелінетін АТС жүктеме  көздерінің құрамының құрлымы пайызбенен көрсетеміз:

Мекемелік сектордың аппараты – 35 %;

Пәтерлік аппараттар – 62,5 %;

Таксофондар – 2,5 %.

Станциялар үшін мекемелік  сектордың, пәтерлік сектордың және таксофондардың телефондық аппараттарының саны станция бойынша есептей  келе алдыменен АТС-43/45– станциядан бастаймыз (сиымдылығы 9820 нөмір):

 

Nm =

= 3437 нөмір,

Nп =

= 6137 нөмір,

Nт =

= 245 нөмір.

 

Келесі есептейтін станциямыздың  нөмірі АТС-2 және оның қарамағында 8200 нөмір тіркелген:

 

Nм =

= 2870 нөмір,

Nп =

= 5125 нөмір,

Nт =

= 205 нөмір.

 

АТС-6 – станциясы үшін:

 

Nм =

= 2616 нөмір,

Nп =

= 4672 нөмір,

Nт =

= 187 нөмір.

 

АТС-7 – станциясы үшін:

 

Nм =

= 2752 нөмір,

Nп =

= 4915 нөмір,

Nт =

= 196 нөмір.

 

АТС-37 – станциясы  үшін:

 

Nм =

= 3612 нөмір,

Nп =

= 6450 нөмір,

Nт =

= 258 нөмір.

 

АТС Cолнечный – станциясы үшін:

 

Nм =

= 3027 нөмір,

Nп =

= 5406 нөмір,

Nт =

= 216 нөмір.

 

Жоғарыдағы есептелгендей  барлық станциялардың мекемелік  секторын, пәтерлік сектордың телефондық аппараттарының және таксофондардың санын  станция бойынша есептейміз.

Әр жұмыстың орташа ұзақтылығы (3.2) формуламен анықталады:

t i = i .Pх.( tжс+ n.tт+ tБ+ tшжt )    (3.2)

 

мұндағы i коэффиценті сурет 3.1-дегі графиктен табылады, ал хабарласу ұзақтылығының орташа мәні Тт және хабарласып болған шақырулардың үлесі Pх Кесте 3.2-де келтіріген, α = 1,16.

 

Кесте 3.2 - Абоненттер үшін негізгі сипатамалардың орташа мәні

Аппараттардың категориясы

Ci

Ti

Pх,

Мекемелік сектор

3,1

85

0.60

Пәтерлік сектор

0,9

130

0.60

Таксофондар

9

110

0.60




 

Абоненттердің құрылымдық құрамы, яғни әртүрлі категория аппараттар саны іздеу арқылы, ал қалған параметрлер (Сi, Ti, Pp) Кесте 3.2-де келтірілген орташа мәндерді бойынша анықталған.

Мекеме


Информация о работе Построение сети NGN