Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2015 в 18:59, реферат

Описание работы

Соңғы он жылда медициналық тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда. Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылығы мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады.

Содержание работы

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері.
2. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ком дағдылар.docx

— 34.82 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің саналуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кейде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.  Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А.Линкольн айтпақшы, әрбір есі кіріп, етек жапқан адам белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен қарым-қатынаста болады.           Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару – ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек. Дәрігердің әдептілігі мен сыпайылығы науқастың мінезіне, мәдени деңгейіне, сырқатының ауыр не жеңілдігіне, психикасының ерекшеліктеріне орай көрінуі тиіс. Уайымшыл науқастарға тап болғанда дәрігер шыдамдылық танытуы тиіс. Науқастың сеніміне ие болу, байқаусызда айтылған сөзбен не іс-әрекетпен сол сенімді үзіп алмау – дәрігердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Дәрігерлердің өзара қарым-қатынасының деонтологиялық қағидаларын қатаң сақтау, ұжым өміріне, оның күнделікті және келешекте табысқа жетуіне маңызды роль атқарады. Дәрігерлер арасындағы қарым-қатынас құрметке, жанашырлық пен өзара түсіністікке негізделуі тиіс. Әріптестің сәтсіздігін түсініп, көңілін жұбату керек, әсіресе ол кәсіби сәтсіздікке ұшыраған немесе қарауындағы науқас күйзелген кезде, қолдау көрсетудің ұжымдағы ұйымшылдық пен өзара көмек алудың негізі болады.             Дәрігердің өзара қарым-қатынасының деонтологиясы, ұжым өмірінде маңызды мәнге ие болып, тұрғындар арасындағы емдеу мекемесінің бетке ұстары мен беделін анықтайды. Сондықтан деонтологиялық қағидаларды қатаң сақтап, әріптестер арасындағы қарым-қатынасқа күш түсірмеу, бүкіл қызметкерлердің қажеттігі, борышы болып табылады. Дәрігерлердің өзара деонтологиялық үйлесімділігі ұжым татулығының негізін құрап, оның кәсіби беделі мен берекесін арттырады. Сонымен басшы дәрігер мен әріптестері арасында жақсы қарым-қатынастың орнауына әсер ететін факторларға мыналар жатады: ұжымның мақсаты мен міндетін жақсы түсіндіру, субординация қағидаларының нақтылы сақталуы, жалпы мақсат пен міндеттің болуы, өз үлесін қосып, орнаған жағдайға араласу, сене білу және компромиске келе білу, келіссөздерге, талассөздерге мән бермеу, қарама-қарсы екі жақтың да көзқарастарын сыйлай білу, ұжымның ең әлсіз мүшесін қорғай білу, әділетті басқара білу, өзіндік тұлғалық арман мен ұжымдық талаптар арасындағы байланысты тепе-теңдікте сақтау, өмірлік тәжірибе мен мәдени деңгейінің арасындағы сәйкестілікті теңестіру. Адамдармен қарым-қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну де керек. Ал дәрігер клиникада коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдаланғанда ғана философиялық концепцияларды терең түсінуге жол ашады. Дәрігер науқастардың әрқайсысына дұрыс қарым-қатынас орнату үшін жоғарыда айтылған дағдыларды ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе , кәсіптік деформация-тұлғаның кәсіби ортаға, кәсіби тәжірибе жинақтауға, қоғамның кәсіби қасиеттерін меңгеруге қарсылық үрдісі, сонымен қатар, сыртқы факторларға жауап ретінде, түрлі типте биімделу, әрекет барысында кәсіби тәжірибені белсенді жинау үрдісі.Кәсіптік деформация,кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Әрине, дәрігерге эмоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақта ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет. Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабылдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет.  Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, медициналық көрсеткіштерін басшылық етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Дәрiгерлiкте дағды» М.А.Әсем, Нұрмағамбетов С.А.Игнатьев Ю.В.Коммуникатив. А., 2008.

2. «Тұлға аралық қарым-қатынас» В.Н.Куницына, Н.В.Казаринова, Погольша. ЖОО-лар үшiн оқулық. СПб., Питер, 2001 жыл.

3. Б.Д.Клиникалық психология Карвасарский. Ұлттық дәрiгерлiк кiтапхана. Питер, 2004.

4. Ғаламтор желілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерийлері

Орындау критериі

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Рефератты рәсімдеу

     

2

Реферат  жоспары

     

3

Иллюстративті материал

     

4

Өзектілігі

     

5

Мазмұны

     

6

Қорытынды/ұсыныстар

     

7

Әдебиеттер

     

8

СӨЖ кестесіне сай дер кезінде тапсырылуы

     
 

Қорытынды

     



 

0-0,1 – критерий орындалмаған

0,2-0,3 - критерий ескертумен орындалған

0,4-0,5 - критерий орындалған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дәрігердің кәсіби деформациясы, себептері