Windows жүйесінің стандартты программалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 14:40, реферат

Описание работы

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы: — мәтіндік құжаттар дайындау;
- графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өндеу, түзету;
- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т. б.

Файлы: 1 файл

Windows жүйесінің стандартты программалары.doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

Windows жүйесінде сағат программасының Үнемі Алда (Всегда Впереди) деген командасы бар, ол сағаттын әрқашанда басқа терезелердің үстінде орналасуын қамтамасыз етед. Бұл өте ыңғайлы, сағат терезесін кішірейтіп, оны экранның ыңғайлы бір бұрышына орналастырсақ, үнемi дұрыс уақыт пен бүгін күн көз алдымызда көрініп тұрады (компьютердегi уақыт пен күн-ай мерзімінің дұрыс болуын қадағалаңыз).

Символдар Кестесі (Таблица Символов) программасы мәтiндік құжаттарға пернелерде көрсетілмеген арнайы символдарды, математикалық белгілер мен таңбаларды енгізуге арналған. Программаны іске қосқаннан кейiн соң әрбір шрифтер жүйесіне қондырылған символдардың толық жиынын қарап шығуға болады. Солардың ішінен қажетті символды таңдап және оны алмасу буферi арқылы құжатқа көшіруте болады.

Дыбыс жазу (Звукозапись) - дыбыс платасының көмегімен неше түрлі дыбыс сөздер тіркесін WAV форматындағы файылдарға жазуға, ойнатуға және өңдеуге мүмкіндік беретін программа.

Медиаплеер - дыбыстар жазылған MIDI - файлдарды, әуендер сөздер жазылған компакт-дискілерді және жылжымалы бейнелері бар дискілерді оқуға арналған мультимедиа мүмкіндіктерін іске асыра алатын программа.

Терминал - қашықта орналасқан компьютерлермен модемдік байланыс орнатуға арналған программа.

 

Қолданылған әдебиетi:

 

  1. Е. Қ. Балапанов "Жаңа ақпараттық техникалар". Алматы 2001 ж.
  2. Е. Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б.дәулетқұлоа

«Жаңа информациялық  технологиялар: Информатикадан 30 сабақ» Алматы 2004ж

 

 

 




Информация о работе Windows жүйесінің стандартты программалары