Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Августа 2015 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жүйелерді құруды қарастырған кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1. Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйелері…………………….5
1.1 Мәліметтер қоры туралы жалпы ақпарат……………………………………5
1.2 Мәліметтер қорын жобалау және оны іске асыру ………………………….9
1.3 SQL сұранымдарды құру тілі…………………………………………….…13
2. Қосымшаны құруға арналған орталар туралы………………………………19
2.1 Microsoft SQL Server МҚБЖ………………………………………………..19
2.1.1 Microsoft SQL Server 2008 ортасы………………………………………..19
2.1.2 Мәліметтер қорын құру…………………………………………………...20
2.1.3 SQL Server серверіндегі мәліметтердің типтері…………………………21
2.1.4 SQL Server ДҚБЖ және Oracle ДҚБЖ салыстырмалы талдау………….23
2.2. Delphi бағдарламаларды құру ортасы……………………………………..25
2.2.1 Delphi туралы түсінік……………………………………………………..25
2.2.2 Object Pascal тілі………………………………………………………....27
2.2.3 Клиент/сервер және көпдеңгейлі мәліметтер қоры…………………….31
2.2.4 Delphi - де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру……………31
3. Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру………………………………………………………………..39
3.1 Пәндік облысты талдау……………………………………………………...39
3.2 Мәліметтер қорының құрылымын анықтау………………………………..41
3.3 Қосымша жұмысын жоспарлау…………………………………………...43
3.4 Delphi ортасында MS SQL SERVER мәліметтер қорын басқару жүйесімен байланыс орнату ……………………………………………………………….44
3.5 Бағдаpламаны сипаттау……………………………………………………49
Қорытынды………………………………………………………………………61
Пайданылған әдибиеттер тізімі…………………………………………………62

Файлы: 1 файл

1.docx

— 1.51 Мб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………...3

1. Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйелері…………………….5

1.1 Мәліметтер қоры туралы жалпы ақпарат……………………………………5

1.2 Мәліметтер қорын жобалау және оны іске асыру ………………………….9

1.3 SQL сұранымдарды құру тілі…………………………………………….…13

2. Қосымшаны құруға арналған  орталар туралы………………………………19

2.1 Microsoft SQL Server МҚБЖ………………………………………………..19

2.1.1 Microsoft SQL Server 2008 ортасы………………………………………..19

2.1.2 Мәліметтер қорын құру…………………………………………………...20

2.1.3 SQL Server серверіндегі мәліметтердің типтері…………………………21

2.1.4 SQL Server ДҚБЖ және Oracle ДҚБЖ салыстырмалы талдау………….23

2.2. Delphi бағдарламаларды құру ортасы……………………………………..25

2.2.1 Delphi  туралы түсінік……………………………………………………..25

2.2.2 Object Pascal тілі………………………………………………………....27

2.2.3 Клиент/сервер  және көпдеңгейлі мәліметтер қоры…………………….31

2.2.4 Delphi - де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру……………31

3. Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру………………………………………………………………..39

3.1 Пәндік облысты талдау……………………………………………………...39

3.2 Мәліметтер қорының құрылымын анықтау………………………………..41

3.3 Қосымша жұмысын жоспарлау…………………………………………...43

3.4 Delphi ортасында MS SQL SERVER мәліметтер қорын басқару жүйесімен байланыс орнату ……………………………………………………………….44

3.5 Бағдаpламаны сипаттау……………………………………………………49

Қорытынды………………………………………………………………………61

Пайданылған әдибиеттер тізімі…………………………………………………62

 

 

Кіріспе

Ақпараттық технологиялардың дамуы мен кең қолданылуы әлемдік бірлестіктің даму үрдісінде маңызды роль атқарады. Қазіргі заманғы технологияларды ақпаратты өңдеу үшін пайдалану бәсекеге қабілеттілікті арттырады, әлемдік жүйеге ықпалдауды кеңейтуге әсерін тигізеді, басқару процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға маңыздылығын білдіреді.

Ақпараттық жүйелерді құруды қарастырған кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше.  Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де құруға болады. Ақпараттық жүйені құрмас бұрын онда қолданылатын деректер қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс

Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақтай алады сол себепті дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау барысында мен казіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі «Тұтынушыларды қолдау орталығының» клиент-серверлік қосымшаны құруға негізделдім.

Дипломдық жұмыстың мақсаты тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығындағы қызметкерлердің жұмыстарының өзара әрекетін өңдеуге арналған қосымшаны құра отырып клиент-серверлік қосымшаларды құруға дағдылану болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі мәселелерді зерттеуден тұрады:

  • Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері, мәліметтер қорын жобалау  және құру мәселелерін зертеу;

  • клиент-серверлік МҚБЖ-інің түрлерін салыстырмалы талдау жіне таңдау;

  • Delphi ортасында ADO технологиясын қолданып қосымшаларды құруға арналған әдебиеттерді зерттеу; 

  • Мәліметтер қоры серверін ұйымдастыру принциптерін зерттеу;

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, тақырыптық тараулардан, қосымшаның сипаттамасынан,қорытындыдан және қолданылған әдибиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік және оның басқару жүйелері туралы мағлұматтар жазылған.

Екінші тарауда қосымшаны құруға арналған орталар туралы, негізгі деректер бар.

Үшінші тарауда қосымша жұмысын жоспарлау,оның құру кезеңдері және құрылуы туралы мәліметтер қарастырылған.

 

1 Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйелері

 

1.1 Мәліметтер  қоры туралы жалпы ақпарат

 

Мәліметтер қоры (МҚ) – белгілі бір арнаулы аумаққа қатысты мәлімететтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.

Егер, мысалы, оқу процессін алатын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады, мұнда оқылатын пәндер, олардың неше кредиттен тұратындығы, сол пәндерге қатысты сабақ беретін оқытушылар, ол пән таңдау пәндер қатарына жатады ма және т.б. көптеген мәліметтер сақталады. Бұл базаға оқу процессіне қатысты көптеген қызметкерлер кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.

Мәліметтер қоры түсінігімен мәліметтер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базаның құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуалдау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Әлемде көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындығына қарамастан МҚБЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МҚБЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.

  МҚ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

– нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;

– әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер қорын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

– ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары және қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру – бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;

– техникалық және программалық қамтымасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді МҚ-н құруға мүмкіндік береді.

Мәліметтер қорымен оның құру мен функционалдау процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды.

Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер қоры құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер қорының ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола алады. Бұл мәліметтер қорына мезгіл өткен сайын көңіл аударатын кездейсоқ пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы білім талап етілмеуі керек.

Мәліметтер қорын функционалдау мәліметтер қорын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтымасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың мұндай тобы мәліметтер қорының администраторлары (МҚА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы мәліметтер қорының құраушы бөлігі болып есептелінеді.

Мәліметтер қорының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі мәліметтер қорының масштабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына, мәліметтер қорының түріне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі-бір дәрежеде тәуелді болады.

Мәліметтер қорының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер қорына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық мәліметтер қоры жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.

Мәліметтер қорының администраторлары жан-жақты функциялардың үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады. Бұл функциялардың негізгілері келесідей:

1) пәндік облыс талдауы: пәндік  облысты жазбаша суреттеу, толықтылықты  шектеуді табу, ақпарат статусын  анықтау, пайдаланушылар қажеттіліктерін  анықтау, пайдаланушылар статусын  анықтау, "мәліметтер – пайдаланушы" сәйкестігін анықтау, мәліметтерді  өңдеудің уақыттық - көлемдік мінездемесін  анықтау.

2) мәліметтер қорының құрылымын  жобалау: мәліметтер қорының файлдарының  құрамы мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы байланыстарды  анықтау, мәліметтерді тәртіптеу  әдістері мен ақпаратқа енуі  әдістерін таңдау, мәліметтер қоры  мен мәліметтерді жазбаша суреттеу  тілдерінің құрылымын жазбаша  суреттеу.

3) мәліметтер қоры мен МҚ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік аумаққа жататын толықтылықты шектеуді беру, мәліметтер қорының құрылымымен шақырылған толықтылықты шектеуді анықтау, мәліметтерді енгізу мен түзетулерде МҚ-ң толықтылығын қамтамасыз ететін шараларды құру, көп пайдаланушылар режимінде пайдаланушылардың параллельді жұмысында толықтылықты шектеуді қамтамасыз ету.

4) мәліметтер қорын алғашқы жүктеу  мен жүргізу: мәліметтер қорын  алғашқы жүктеу мен жүргізу  технологиясын жасау, енгізу формаларын  жобалау, мәліметтерді дайындау, енгізу  және енгізуді бақылау.

5) мәліметтерді  қорғау:

– жүйеге пароль арқылы кіруді қамтымасыз ету: пайдаланушыларды тіркеу, парольдарды тағайындау және өзгерту.

– нақты мәліметтерді қорғауды қамтымасыз ету: пайдаланушылар топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке пайдаланушылар үшін мәліметтерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды анықтау, мәліметтерді қорғаудың программалық - технологиялық жабдықтарын таңдау/құру.

– мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.

– ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау/тіркеу.

– мәліметтерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын зерттеу және оларды жою мен алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу.

6) МҚ-н қайта қалыптастыруды қамтымасыз ету: МҚ-н қайта қалыптастырудың программалық-технолгиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды жүргізуді ұйымдастыру.

7) МҚ-на пайдаланушылардың жолдауның талдауы: пайдаланушылардың МҚ-на жолдауының статистикасын жинау, оны сақтау және талдау.

Информация о работе Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру