Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 18:50, реферат

Описание работы

Сіздердің назарларыңызға құс шаруашылығы жағдайында зоофильді шыбындармен күрестегі дезинсектанттардың салыстырмалы түрдегі тиімділігін зерттеудің нәтижелерін ұсынамыз.
Дезинсекция – бұл түрлі аллергиялар мен тері ауруланы туғызатын, сол арқылы экономикалық зиян келтіретін жұқпалы аурулардың тасығышы болып табылатын жәндіктерді жоюға арналған санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешені. Мұндай алдын алу шаралары зиянкестердің өмірі мен көбеюі үшін қолайсыздықтар туғызып, керісінше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту үшін жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

бизнес.docx

— 310.15 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, сәнді-жауынгер құс түрі де бар, алайда олардың ауыл шаруашылықы мақсаттылығы жоқ. Тауықтардың бұл түрінің құндылығы олардың көрме немесе «әтеш жекпе-жегін» өткізу үшін қажетті сыртқы келбетінде. 

Бұған дейін айтылып өткендей, әр елде ондағы ауа-райының ерекшелігіне байланысты, тауықтардың жекелеген түрлері ғана бейімделіп кетеді. Атап айтқанда, Қазақстанда «Хайсекс – Уайт» (Голландия), «Родонит» (Ресей), «Иза Браун» (Франция), «Омск-88» (Ресей), «Ломан белый» (Германия), «Хайсекс Браун» (Голландия), «ЛСД классик» (Германия), «Яффа» (Израиль) және т.б. жұмыртқа әкелетін түрлері бар. 

Осы мақалада Қазақстанда мекендейтін етті бағыттағы құстарға тоқтала кетеміз. Оларға жатады: 

«Росс-308» (Шотландия) – осы тұқымды тауықтар бройлер балапандарын әкелудің жоғарғы пайыздылығымен ерекшеленеді. «Росс – 308» бройлерінің ерекшелігі тез өсуінде және бойының аласа болуында, бұлшық еттілігі, тұрақты өнімділігінде және т.б. көптеген қасиетінде. 

«Кобб 500»  (Голландия) – бұл етті бағыттағы құс, қанаттары ақ және терісі сары түстес. Егер де бұл құстың азығына пигмент қоспаса, онда бұл құстың денесі ашық-сары түстес болады. Тауық-бройлердің өзге де түрлерімен салыстырғанда «Кобб 500» тауығы ерекше өнімді және тамақтандыру уақытының аздығымен ерекшеленеді. Мысалы, тауықтың орташа салмағы шамамен 35 күнде 2 кг және 42 күнде 2,5 кг жетеді. 

«Хаббард» (Франция) кроссы. Бұл тауық түрі тез өседі, әдетте сирақтары қысқа келеді. Бұл тауықтарды азыққа пайдалану мерзімі 35-39 күнде жүзеге асырылады, ол кезде олардың салмағы 1,7 кг жетеді. Бұл түрдің әтештері әдетте баяу ұрықтанады, ал тауықтары тез жетіледі. Бұл тауық түрлерінің жүні тығыз және кеудесі кең етті.  

«Смена-7» (Ресей)–өзінің генетикалық әлеуеті бойыншабәсекеге қабілетті құс түрі, ол дүниежүзілік талаптарға жауап береді. Құстың бұл түрі тез өсуімен ерекшеленеді, 5-6 аптада 80-100 гр жетеді. 40 күнде құстың салмағы 2,3 кг болады. 

«Смена 8» (Ресей).Құстың бұл түрітез қарқынды өсу қабілеттілігімен ерекшеленеді, әсіресе өмірінің бастапқы кезеңінде.Бұл ерекшелігі құсты өсірудің мерзімін айтарлықтай қысқартады. Тауықтың бұл түрі жоғары өмірге қабілеттілігімен, біртектілігімен ерекшеленеді, сонымен қатар сирақтары мен кеуде тұсы етті болып келеді. Тауықтың бұл түрі республиканың барлық өңірінде өсіріледі және кәсіпорындардың экономикалық жағдайына оңтайлы ықпал етеді. 

Сибиряк (Ресей) – ұстаудың әртүріне жақсы бейімделеді. Бұл құс табиғи факторлардың қолайсыз ықпал етуін жақсы өткереді. Құс шамамен 47-49 күн қоректендіріледі, сондағы орташа тәулік бойғы өсуі 35-37 гр құрайды. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта республикада тұқым өсіру зауыттары және өзіндік тауық тұқымы жоқ. Құс фабрикалары әр өңірде 16-17 түрімен жұмыс атқарады, олар шетелдерден әкелінеді. Олар негізінен тұқымды жұмыртқа түрінде немесе жұмыртқа әкелетін тауық түрінде әкелінеді.  Тұқымды материалдың қымбаттылығы өнімнің өзіндік құнына кері ықпал етеді, сонымен қатар Қазақстанда тіркелмеген жұқпалы ауру түрлерін әкелу қаупі бар. 

Етті құс шаруашылығын жетілдіру үшін республикада жоғары технологиялық өндірісті дамытумен қатар, асыл тұқымды жұмыс жүргізу үшін өз орталықтарын құру қажет. 

Қазақстан Республикасындағы күркетауық етін дамытудың әлеуеті

Отбасымды бір ерекше тағаммен қуанту үшін, интернеттен аспаздық бір сайтты қарап отырып, бір жазбаға көңіл аудардым: «… Александр Дюма қонақ үйде тұратын  екеудің қызықты әңгімесін естіп қалады. «Біз жаңа ғана үлкен күркетауық етін жеп рахаттандық:  тұмсыққа дейін жерқұлақпен толтырылған, балапан сияқты нәзік, татымды әрі хош иісті, ол сондай  тамаша болды!» — дейді біреуі. Ал сендер нешеу болдыңдар?» — деп сұрайды екіншісі. «Екеу болдық, мсье, — мен және күркетауық!» 

Тамақ талғампазы, күркетауық етін әлемдегі ғажайып тағамдардың бірі деп санаған  атақты жазушының айтқан сөзі маған Қазақстандағы күркетауық еті нарығын шамалап зерттеуіме түрткі болды.

Сонымен, күркетауық шаруашылығы бройлер өндіруден кейінгі құс шаруашылығының екінші саласы болып табылады. Аталған бағыт күркетауықтың жоғары сапалы етін алатын Америкада ең көп таралған.

Күркетауық еті  28%  жеңіл сіңірілетін протеині бар, аз калориялы және диеталық ет болып табылады, сонымен қатар ет жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді және 95%-ға дейін сіңімді ақуызы бар.  Сонымен қатар күркетауық еті жүйке жүйесі ауруларының алдын алатын темірге, магнийге , бұдан басқа жастықты сақтайтын әрі рак ауруларының дамуының алдын алатын селенге, сүйек, шаш пен тырнақты жақсы күйде сақтайтын фосфорға, кальцийге, сонымен бірге  PP, B6, B12, B2 және т.б. дәрумендерге бай.

Күркетауық етінің негізгі тұтынушысы - бөлшек сауда сатып алушысы. Сондықтан күркетауық етін өндіру ең табысты болып табылса да, оның даму жағдайы өте төмен деңгейде. Бүгінгі күні Қазақстанда күркетауық етін өндіру бойынша жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын «Ордабасы Құс» ЖШС болып табылады (шағын ғана үлес, атап айтқанда 22% үй шаруашылығына келеді).

«Ордабасы Құс» ЖШС  - бұл өнеркәсіптік негізде күркетауықты өсіру бойынша бірінші пилоттық қазақстандық жоба. Агроөнеркәсіптік кешенде жаңа өндіріс ҚазАгроҚаржы лизингтік компаниясымен  жобаның жалпы құнынан 80% -ды құрайтын 3 090 млн теңге сомасында қаржыландырылған болатын. Құс фабрикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылында орналасқан және қазіргі уақытта аталған жоба 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустриализациялау картасына енгізілген. 2011 жылы кәсіпорын 1500 тоннадай күркетауық етін берді, бұл еліміз бойынша өндірудің жалпы көлемінен 78% -ды құрайды.

Еліміздегі барлық қалған тұтынулар импорттық өнімге келеді. Қазақстандағы күркетауық етінің импорты құндық көрінісінде өсудің тұрақты емес  динамикасы бар, 2007жылы импорт көлемінің өсуі 65%-ға өскені байқалды, ал 2008-2010 жылдары оның көлемі едәуір азайды. Мысалы 2008 жылы импорт 23%-ға, 2009 жылы 62%-ға, 2010 жылы 61%-ға төмендеді. 2011 жылы импорт 59,2%-ға өсті, сонымен қатар мұндай едәуір өсуге қарамастан, құндық көлемнің өзі мардымды болған жоқ және АҚШ долларының 0,2 млн ғана құрады. Импорттың жиынтық көлемі 2007-2011 жж кезеңінде 1,1 АҚШ  долларын құрайды (1-диаграмма)

 


Информация о работе Құс шаруашылығындағы шыбынмен күрес