Қолданбалы программалық құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 17:35, реферат

Описание работы

Қолданбалы программалық құралдар - қолданбалы программа дестелері мен қолданбалы программаны пайдаланушылардан құралған. Қолданбалы программалық құралдар қазіргі заманғы есептеу жүйелерін программалық жабдықтауды дамытуда басты міндеттер атқарады, есептегіш құралдарын әртүрлі пайдалану орталарына енгізуді тездетеді және оңайлатады. Қолданбалы программалар программалық құралдарын іске қосу арқылы пайдаланушымен жасалады.
Қолданбалы деңгейдегі программалық жабдықтау – қолданбалы программалардың жиынтығын құрайды, яғни олардың көмегімен нақты жұмыстар атқарылады. Бұл тапсырмалар ауқымы өте үлкен – өндіріс және шығармашылықтан бастап түрлі электрондық оқулықтарға дейін кең таралған. Есептегіш техникалық құрылғының өте үлкен функционалдық диапазонының мүмкіншілік қосымшалары әр түрлі ықпалдағы қолданбалы программалардың болуына себепті.

Файлы: 1 файл

ИВТ-СРС-КОЛДАНБАЛЫ.docx

— 986.22 Кб (Скачать файл)

   \textbf{Нормальное распределение}, также называемое \textbf{распределением

   Гаусса}, «--- распределение вероятностей, которое играет важнейшую роль во

   многих областях знаний, особенно в физике. Физическая величина подчиняется

   нормальному распределению, когда она подвержена влиянию огромного числа

   случайных помех. Ясно, что такая ситуация крайне распространена, поэтому

   можно сказать, что из всех распределений в природе чаще всего встречается

   именно нормальное распределение «--- отсюда и произошло одно из его названий.

 \end{document}

4- сурет. LaTeX мәтіндік құжатының денесі.

 

5-сурет. LaTeX мәтіндік құжатының  түрі

 

\documentclass[12pt]{article}

% Эта строка — комментарий, она не будет показана в выходном файле

\usepackage{ucs}

\usepackage[utf8x]{inputenc} % Включаем поддержку UTF8

\usepackage[russian]{babel}  % Включаем пакет для поддержки русского языка

\title{\LaTeX}

\date{}

\author{}

\begin{document}

  \maketitle

  \LaTeX{} "--- это своего рода препроцессор текста для \TeX{} "---

  программы компьютерной вёрстки. \LaTeX{} является программируемым и

  расширяемым, что позволяет автоматизировать большую часть аспектов

  набора, включая нумерацию, перекрёстные ссылки, таблицы и изображения

  (их размещение и подписи к ним), общий вид страницы, библиографию и

  многое-многое другое. \LaTeX{} был первоначально написан Лэсли Лампортом

  в 1984-м году и стал наиболее популярным способом использования \TeX{}а;

  очень мало людей сегодня пишут на оригинальном \TeX{}е. Текущей

  версией является \LaTeXe.

  \newline

  \begin{eqnarray}

    E &=& mc^2\\

    m &=& \frac{m_0}{\sqrt{1-\frac{v^2}{c^2}}}

  \end{eqnarray}

\end{document}

6-сурет. LaTeX мәтіндік құжатының  командалармен орындалған алғашқы  түрі.

 

Қазіргі таңда LaTeX’а мәтіндік құжатының— LaTeX2e нұсқасы

қолданысқа ие. 2008 жылы келесі нұсқасының аты LaTeX3 деп аталатыны белгілі болды.

 

    1. . Электрондық кесте

Мәтіндерді өңдеу құалдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте процессорлары жатады.

Электрондық кестелерді өңдеу құралдары

Электрондық кесте – магниттік тасуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиындары, яғни кестелер.

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы.

Алғашқы кестелерді өңдеу программалары 80-жылдардың басында пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады. Электрондық кестелерді қолдану мәліметтермен есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу қортындыларын арнаайы программалаусыз алуға мүмкіндік береді. Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.

 

 

 Электрондық кестелер

- мәліметтердің үлкен  жиынтықтарымен бір типті есептеулер  жүргізу үшін;

- қорытынды есептеулерді  автоматтандыру үшін;

- есептеулерді параметрлердің  мәндерін таңдау және формулаларды  табуляциялау арқылы шешу үшін;

-   тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;

-   параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;

-   кестелік құжаттар дайындау үшін;

- берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер  және диаграммалар тұрғызу үшін  кеңінен қолданылады.

Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.

Microsoft Excel – мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған. Электрондық кестелер құруда  келесі қадамдар орындалады:

-  мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;

-  редакциялау;

-  пішімдеулер жүргізу;

-  қағазға басу (жариялау).

Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.Microsoft Excel программасы Windows жүйесінде программаларды іске қосудың және жабудың тәсілдеріне сәйкес іске қосылады және жабылады.

                                                   Формула

                                    Жұмыс кітабы                        Баған аты     жолыАктивті ұяшық

                                          Бет жарлығы       Жол нөмірі Автотолтыру маркері

7-сурет.MS Excel терезесінің негізгі элементтері

 

MS Excel құжаты Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін).  Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.

Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.

Ұяшықтар диапазондары.Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.

Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.

Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:

1) бағанды ерекшелеу үшін қажетті баған тақырыбы аумағына тышқанмен түрту керек;

2)  жолды ерекшелеуүшін қажетті жол нөмірі орналасқан ең шеткі жол аттарына тышқанмен түрту керек;

3) ұяшықты немесе диапазондыерекшелеу үшін тышқанды (немесе жылдам ерекшелеу үшін SHIFT және курсорды жылжыту батырмаларын) қолдану керек;

4) егер іргелес емес бірнеше ұяшық диапазондарынерекшелеу қажет болса, мысалы А1:А5 және С1:С5, онда А1:А5 ерекшелеп, сонан кейін CTRL батырмасын басып отырып екінші С1:С5 диапазонын ерекшелейді;

5) жұмыс бетін ерекшелеуүшін бағаналар аты мен жол нөмірі орналасқан жол мен бағанның қиылысуында кестенің сол жақ жоғарғы шетіндегі ұяшықтытышқанмен түрту керек.

Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б)  енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін:

  • бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы;
  • автотолтыру (автотолтыру маркері арқылы);
  • прогрессиялы толтыруды

қолданады.

MSExcel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарғ асілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=)  теңдік белгісін енгізуден  басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе,  онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау  командасы да бар. Берілген  бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық  диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.

Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмелегенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің  орналасуына сәйкес автоматты өзгереді. Көшірмелеуде ұяшық адрестері өзгермеу үшін абсолютті сілтеме қолданылады, ол жолдың немесе бағанның аты алдына (аралас сілтемеде) немесе екеуінің алдына да $ белгісін қоюмен ерекшеленеді.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық  пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың  біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері  нұсқауларымен жүзеге асады.

Excel – дегі кітап оның  беттерін көркемдеуге  ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.

Excel тек мәтіндік  және графикалық жүйелермен ғана «достық қарым - қатынаста» емес, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйелерімен негізгі  әрекеттерді қолдайды. Қазіргі кезеңдегі  электронды кестелер (Excel, QuattroPro, Lotus)  интегралданған  программалық жүйелер  болып табылады. Сонымен қатар  оларда  басқа программалық жүйелерден мәліметтерді  импорттау және экспорттау аппараттары жақсы дамыған.

Сонымен қатар Excel мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы құралдар – қондырғылар бар. Олар – Талдау дестесі, Автосақтау, Шешім іздеу, т.б.

 

    1. . Графикалық редактор

 

Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және  дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр. Томас түстер мен оларды коррекциялау негіздерін үйренсе, Джон компьютермен әуестенген. 1984 жылы Макинтоши маркасындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері ағайындылардың көңілдерінен шықпады. Бұл болашақта миллиондаған доллар пайда әкелетін программаның шығуына себеп болды.  

Осы уақыттан бастап Томас пен Джон графика мен компьютерді байланыстырып, компьютерлік графиканың программасын құра бастады. Программаның дамуына ықпал жасауға инвесторлар іздестірді. Photoshop деп аталудың нақты себебін ешкім білмейді.  Сол уақыттарда программалық жабдықтарда  экранда «Photoshop» жазуы тұруына байланысты қойылған деген болжам бар.

Бұл бағдаламаның қарқынды дамуы бірнеше компаниялардың компьютерлік графикаға бет алуына себеп болды, бірақ Adobe компаниясы ғана Photoshop –пен жұмыс жасауға мүмкіндік алды.  Adobe Photoshop бағдарламасының ресми болжамы  1990 жылдың ақпанында шыға бастады.

Adobe Photoshop CS2 программасын  іске қосқанда «Welcome Screen» атты терезе шығады.Кейін ол терезені «х» батырмасы арқылы жауып, программамен жұмысты бастай беруге болады. Жұмыс терезесін іске қосқан кезде онда көптеген мәзірлер көрінеді.Ол мәзірлер бірнеше топқа бөлінген.

 

8-сурет. Adobe Photoshop CS2 программасының жұмыс терезесі.

 

А. Горизонтальды (көлденең) меню - түрлі тапсырмаларды орындайтын негізгі мәзір жолы.

Б. Баптаулар панелі –таңдалған құралға қажетті баптаулардан тұрады.

С.Аспаптар панелі – Photoshop құралдарында кең қолданыста, сонымен қатар түрлі түстерді қолдануға мүмкіндік береді.

D.Құжаттар терезесі – Photoshop-қа енгізілген құжатты редактрлеуге  арналған терезе.

Е.Суреттің активті алаңы – суретпен жұмыс істейтін алаң.

F.Навигатор – үлкен  суреттермен немесе суреттерді  үлкейткен кезде қолданылады.

G.Түстер панелі – суретпен  жұмыс істеу барысында және  артқы фонына қолданылатын панель.

H.Тарихы – жұмыс істеп  отырған суреттің алдында болған  құжаттар сақталатын орын.

I.Қабат – Photoshop программасында күрделі суреттермен жұмыс жасау үшін арналған.

Жаңа құжат құру

Жаңа құжат құру үшін Горизонтальды менюдан File > New батырмасын таңдау керек. Кейін диалогты терезе көрінеді.

 

9-сурет. Adobe Photoshop CS2 программасының диалогты терезесі.

 

А.Құжаттың аты

В.Орнату – құжаттың көлемін таңдау керек.

С. Құжаттың көлемі – мұнда құжаттың ені мен биіктігі көрестетіледі.

D.Құжатты өлшеу бірлігі – мұнда құжаттың бірлігі көрсетіледі(писельді таңдау қажет).

Е.Кеңейтілуі – суреттерді баспаға шығраған кезде анық көрінуі үшін кеңейтілу арқылы пиксель немесе дюймды енгізу қажет.Экранда құжатпен жұмыс жасау үшін қалыпты кеңейтілу 72-ге тең.

F.Түстер режимі – қалыпты жағдайда суреттермен жұмыс жасағанда RGB Color (Red/Green/Blue) режимін таңдаған жөн.

G.Фон құрамы – құжаттың фонын таңдау қажет.

Жоғарыда көрсетілген диалогты терезеде (4-сурет) 800х600 писель мөлшеріндегі ақ фонды құжат құрылады. Құжатты аты "Document Name", кеңейтілуі 72-ге тең.

Photoshop құжатының сақтау және жабу.

Photoshop құжатын сақтау үшін Горизонтальды менюдан File > Save батырмасын таңдау қажет.Сақталған құжат "Photoshop (png, .jpg  или .gif)" форматында болу керек.

Құжатты жабу үшін горизонтальды менюдан File > Close немесе барлық ашылған құжаттарды жабу үшін File > Close All.

Мысал ретінде бір құжатты келтірсек, төмендегі суретте көрсетілген(5-сурет).

10-сурет. Adobe Photoshop CS2 программасындағы құжат.

 

1.Жоғарыда көрсетілген  суретті өңдеу үшін алдымен оның шетін қиып алу қажет(қоңыр рамкасын қалтыру керек болса).Ол үшін тышқанның көмегімен аспаптар панелінен қиып алу батырмасын басу керек.Ағылшынша crop деп аталады.Енді тышқанның курсорын суреттің бір шетінен екінші шетіне созып апарып, шекарасын белгілеп алған соң тышқанның курсорын жіберу қажет.

Информация о работе Қолданбалы программалық құралдар