Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:20, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде компьютерлік сауаттылықпен қатар жоғары деңгейлі программалау тілдерін қолдана білу- ең өзекті жұмыс дағдысы болып есептеледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес, кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толыққанды пайдалана білуі тиіс. Ал, ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруде және оларды дамытуда жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің рөлі ерекше.

Содержание работы

Кірспе
І бөлім. Объектілі бағытталыған бағдарламалау негіздері
ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы
2.1 Delphi бағдарламасымен танысу
2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері
2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері
ІІІ бөлім. Visual C++ бағдарламасы туралы негізгі түсініктер
3.1 C ++ Builder әзірлеу ортасы
3.2 C ++ Builder компоненттері
3.3 C ++ Builder - де сұраулар құру
IV бөлім. Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дипломная работа .docx

— 472.72 Кб (Скачать файл)

Insert, Edit, Delete, Append – кестені жазба енгізу,  сәйкесінше жазбаны редакциялау, алып тастау, қосу режимдеріне ауыстырады.

Post - өзгертілген деректерді физикалық сақтауды жүзеге асырады. Мысалы:

Table2->Insert();

Table2->Fields[0]->AsInteger = 100;

Table2->Fields[1]->AsString =Edit1->Text;

Table2->Post();

Cancel – Физикалық сақталмаған енгізілген өзгерістерді жояды.

FieldByName - өрістерде деректерге өрістің аты бойынша қатынау мүмкіндігін ұсынады: S=Table1->FieldByName("area")->AsString;

SetKey – кестені іздестіру  режиміне ауыстырады.

GotoKey Fields[n] мәні таңдалынғанға  тең жолды іздеуді бастайды, онда n – 0-ден бастап кесте бағанының  нөмірі:

Table1->SetKey();

Table1->Fields[0]->AsString=Edit1->Text;

Table1->GotoKey();

SetRangeStart, SetRangeEnd, ApplyRange қандай да бір өрістің мәндер диапазоны негізінде қажетті жолды таңдауға мүмкіндік береді.

Table1->SetRangeStart();

Table1->Fields[0]->AsString = Edit1->Text;

Table1->SetRangeEnd();

Table1->Fields[0]->AsString = Edit2->Text;

Table1->ApplyRange();

FreeBookmark, GetBookmark, GotoBookmark- кестеде белгіленген жолды құруға және содан кейін оған кейін оралуға мүмкіндік береді. Bookmark әдістері TBookmark класын пайдаланады. GetBookmark әдісі кестенің ағымдағы бетінде белгі орнатады. GotoBookmark кестеде бұрын белгі қойылған жолға  ауысуды жүзеге асырады. FreeBookmark әдісі TBookmark типті объектілерді жою үшін қолданылады:

TBookmark Marker =Table1->GetBookmark();

Table1->GotoBookmark(Marker);

Table1->FreeBookmark(Marker);

TTable компонентінің оқиғасы ДБ қосымшаларының бағытын бақылауға және оларды құруға мүмкіндік береді. Мысалы, BeforePost оқиғасы жазбаны енгізу немесе өзгерту алдында, AfterPost оқиғасы – енгізілген немесе өзгертілген жазбаны сақтағаннан кейін, AfterDelete оқиғасы жазбаны алып тастағаннан кейін және т.б. болады.

Формаға TTable компонент енгізу үшін төмендегілерді орындау қажет:

Компоненттер палитрасының Data Access бетін пайдалана отырып, TTable компонентін формада немесе деректер модулінде орналастыру.

DatabaseName қасиетіне ДБ болатын каталогтің атын, немесе ДБ псевдонимін беру.

TableName қасиетіне кестенің атын беру немесе түсетін тізімнен кестені таңдау.

Формаға DataSource компонентін енгізу және DataSet қасиетінің TTable компонентінің атына тең мәнін белгілеу.

DataControls компонентттерін  енгізу және оларды экранда  ДБ кестесінен деректерді бейнелеу  үшін DataSource компонентімен  байланыстыру.

TField компоненті

     TField класының  объектілері TDataSet объектісінің қасиеті  болып табылады (объектілердің кейбір  қасиеттерінің өздері олардың  өзіндік қасиеттер жиынтығымен  бірге объектілер болып табылатынын  және TField – олардың бірі екенін  еске саламыз).

    TDataSet типті объектінің Fields қасиеті деректер жиынтығының  кейбір өрістеріне қатынауға  мүмкіндік береді. Fields қасиеті массив  немесеқосымшаларды орындау кезінде  динамикалық құрылатын  TField объектілерінің  жиынтығы болып табылады. Массивтің  элементтері кестенің бағандарына  сәйкес келеді.

    TField объектісі  өзі байланысқан деректер типтеріне  қатысты ешқандай болжамдар жасамайды.  Оның өрістің кері мәнін, мысалы,  AsString, AsBoolean, AsFloat, AsInteger белгілеуге немесе  қайтаруға мүмкіндік беретін  бірнеше қасиеті болады. Text қасиеті  (осы өріспен байланысты  интерфейстік  элементке шығарылатын мәтіннің  жолы) және FieldName (деректер базасы  өрісінің аты) мейілінше жиі  қолданылады. 

    Fields Editor форма  класының сипаттамасына қосылатын  кесте өрістерінің статикалық  тізімін құруға мүмкіндік береді.  TTable немесе TQuery компоненттері сияқты TDataSet компоненті алғаш пайдаланылған  кезде олар үшін өрістер тізімі  кестенің бар  бағандары немесе SQL-сұранысының нәтижелері негізінде  қосымшаларды орындау процесінде  динамикалық генерацияланады. Fields Editor қосымшаларды жобалау сатысында  Field компоненттерінің статикалық  тізімін анықтауға және содан  кейін модификациялауға мүмкіндік  береді.  Fields Editor пайдалана отырып,  TDataSet-ке қосылған өрістердің әрқайсысы  үшін бағандар енгізу кезінде  TField объектісі туындайды, содан  кейін бұл өрістерді объектілер  инспекторында көруге және қосымшаларда  олардың қасиеттерін, оқиғалары  мен әдістерін пайдалануға болады. Fields Editor келесідей түрде  пайдалану керек:

TTable немесе  TQuery компонентін  формада орналастыру. 

TTable немесе TQuery үшін DatabaseName қасиетін орнату.

TTable компонентінің TableName қасиетін немесе TQuery компонентінің  SQL қасиетін белгілеу.

Формада TDataSet компонентін  таңдау және тышқанның оң жақ батырмасын басу керек, содан кейін  контекстік меню пайда болады.

Контекстік менюден Fields Еditor таңдап алу.  TTable компонентінің атымен сәйкес келетін тақырыбы бар бос  терезе пайда болады.

Тағы да тышқанның оң жақ  батырмасын бос терезе үстінде басу және контекстік менюден  Add Fields опциясын таңдау.

Кестенің барлық бағандарының немесе сұраныстың аты  Add Fields диалогтік  панелінде пайда болады (7-сурет)

7-сурет. Өрістер тізімін қалыптастыру

Объектілер тізіміне  енгізу қажет өрісті таңдап, OK басу.

8-сурет. Жобалау

    Егер бар өрістер негізінде есептелетін өріс құру талап етілсе, тышқанның оң жақ батырмасын басу және контекстік менюден бар өрістің негізінде жаңа өріс құру үшін немесе есептелетін өріс құру үшін  New Field таңдау (алға қарай TTable компонентінің OnCalcFields оқиғаларды өңдеуіш кодын құрған жөн, онда қажетті есептеулер жүргізіледі). Егер деректер жиынтығында өрістер тізімінен статикалық өрісті алып тастау қажет болса тышқанның оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден Delete таңдау керек.

Fields Editor-ге  өріс қосылғаннан  кейін  олар объектілер инспекторында,  ал оларға сілтемелер – форманың  h-файлында пайда болады.

     Егер енді  Fields Editor-те бөлінген өрістерге  оларды формаға ауыстыра отырып,  drag-and-drop операциясын қолданса, онда  интерфейстік элементтердің қажетті  жиынтығымен бірге дайын форманы  алуға болады (біздің жағдайымыздамәндері  символдар жолдары түрінде берілетін  жолдық, сандық, ақшалай және басқа  да өрістерді бейнелеуге және  редакциялауға мүмкіндік беретін  – DBEdit және графикалық өрістерді  бейнелеуге және оларды редакциялау  үшін  Clipboard пайдалануға мүмкіндік  беретін DBImage). Егер мұндай  формаға  TDBNavigator компонентін қосса (бұл  компонент деректерді редакциялаумен  байланысты TTable және TQuery негізгі әдістерін  іске асырады) және оны бар  TdataSource компонентімен  байланыстырып,  ал содан кейін, жобаны компиляциялап,  кестеде деректерді қарау және  редакциялау үшін қосымшалар  аламыз.

9-сурет. Fields Editor-ден өрістерді  формаға ауыстыру нәтижесі

    Fields Editor жұмысы  кезінде объектілер инспекторында  көрінетін өрістерге сәйкес келетін  объектілер құрылады.  Бұл объектілер  TField объектілік типінің ұрпақтары  болып табылады. 1-кесте мұндай  объектілердің қолданыстағы кластарын  сипаттайды:

1-кесте. TField ұрпақтары

Ұрпақ

Сипаттамасы

TStringField

8192 символға дейін бекітілген ұзындықтағы мәтіндік деректер.

TAutoIncField

2,147,483,648-ден 2,147,483,647-ге дейінгі тұтас сандар. Деректер жиынтығында жолдарды нөмірлеуге арналған. TIntegerField ұрпағы.

TIntegerField

2,147,483,648 –ден 2,147,483,647-ге дейінгі тұтас сандар.

TSmallIntField

32768 -ден 32767-ге дейінгі тұтас сандар.

TWordField

0 -ден 65535-ге дейінгі тұтас сандар.

TFloatField

1.2x10e-324 -ден 1.7x10e308 –ге дейінгі 15-16 цифрге дейінгі дәлдіктегі абсолютті шамасы бар нақты сандар.

TCurrencyField

1.2x10e-324 -ден 1.7x10e308 –ге дейінгі 15-16 цифрге дейінгі дәлдіктегі абсолютті шамасы бар нақты сандар.

TBooleanField

true немесе false мәндері.

TDateTimeField

Күні мен уақытының  мәндері.

TDateField

Күнінің мәні

TTimeField

Уақытының мәні

TBlobField

Өлшемі шектеусіз деректердің  кез келген өрісі.

TBytesField

Өлшемі шектеусіз деректердің  кез келген өрісі.

TVarBytesField

Алғашқы екі байтта берілген нақты ұзындығы бар 65535 символға дейінгі  деректердің кез келген өрісі

TMemoField

Кез келген ұзындықтың мәтіні

TGraphicField

Кез келген ұзындықтың графикалық өрісі, мысалы, биттік массив


 

TDBGrid компоненті

      TDBGrid компоненті TTable немесе TQuery компоненттерінен деректер  жолын экранда бейнелеудің кестелік  тәсілін қамтамасыз етеді. Қосымша  ДБ деректерін бейнелеу, енгізу, жою, редакциялау үшін  TDBGrid пайдалануы  мүмкін. Әдетте DBGrid DBNavigator –мен үйлесімде  пайдаланылады, алайда басқа интерфейстік  элементттерді, олардың оқиғаларды  өңдеуіштеріне First, Last, Next, Ptior, Insert, Delete, Edit, Append, Post, Cancel әдістерін TTable компонентін қоса отырып, пайдалануға болады.

    Кестенің сыртқы  түрі (мысалы, бағандардың тақырыптарындағы  жазбалар)  Columns Editor қасиеттер редакторының  көмегімен өзгертілуі мүмкін. Columns Editor шақыру үшін  DBGrid компонентінің  контекстік менюінде сәйкес опцияны  таңдау немесе объектілер инспекторында  Columns қасиетіне қарсы мәндер бағанында  тышқанмен шерту қажет. 

10-сурет. Columns Editor көмегімен DBGrid бағандарының қасиетін  белгілеу

 

     DBGrid немесе басқа да компоненттердің сипаттамаларына бақылау алудың екінші тәсілі жоғарыда сипатталған тәсілмен TField компоненттерінің статикалық жиынтығын құру болып табылады. Деректер жиынтығында өрістердің әрқайсысы үшін құрылған TField, типті компонентке ие бола отырып, DBGrid –де басқа да сипаттамаларды бейнелеу үшін енін, форматын, маскасын, орналасуын, белгіні орнатуға болады.

    Float, Integer және Date өрістері  DisplayMask қасиетіне ие. Бұл қасиетті  DBGrid немесе басқа да Data Controls компонентінде  деректерді пішімдеу үшін пайдалануға  болады. Мысалы,  mm-dd-yy экрандық форматы  күні типіндегі өрістерді орналастыру  үшін пайдаланылуы мүмкін.

    Кейбір TField компоненттер (мысалы, TStringField) деректерді  DBGrid және  басқа да Data Controls компоненттерге  енгізе отырып, орнатуға болатын  EditMask қасиетіне ие болады. EditMask қасиетін  орнату үшін  Object Inspector-де  Field компонентін  орнату және  EditMask қасиетін таңдау  керек, содан кейін 5—суретте  берілген Input Mask Editor диалогтік панелі  пайда болады. Редакциялау маскасын  тексеру үшін  Test Input өрісіне мән  енгізу қажет. 

11-сурет. Input Mask Editor диалогтік панелі

 

3.3 C ++  Builder - де сұраулар  құру

TQuery компоненті

      TQuery компоненті, TTable компоненті сияқты, TDataSet компонентінің  барлық қасиеттеріне ие. TTable компонентімен  жағдайдағыдай, TDataSource компоненті Data Controls компоненті мен TQuery компоненті  арасындағы әрекеттестікті басқарады.  Әдетте қосымшаның әрбір TQuery компоненті  үшін  DataSource компоненті болады.TQuery компонентінің келесідей қасиеттері  неғұрлым жиі қолданылады:

Active – осы сұратуды  ашу (true) немесе жабуды (false) көрсетеді 

Eof, Bof – бұл қасиеттер  ағымдағы жазбаның нұсқағышы  сұратуды орындаудың нәтижесі  болып табылатын деректер жиынтығының  соңғы немесе сәйкесінше бірінші  жолында орналасқан кезде true мәнін  қабылдайды.

DatabaseName – каталогтың аты  немесе сұрату жүзеге асырылатын  алынып тасталған ДБ псевдонимі (alias).

DataSource – параметрленген  сұратулар үшін деректер көзін  көрсетеді (яғни мәні алдын  ала белгісіз параметрлері бар  сұратулар).

Fields – орындау кезінде  ғана қолжетімді қасиет (run-time only) және реттік нөмірі бойынша  анықталатын өрістерді оқу немесе  модификациялау үшін пайдаланылады. 

Params – параметрленген  сұратуға арналған параметрлерден  тұрады, келесі мысалдағы SomeNo сияқты:

Select * from Orders where CustNo=:SomeNo

SQL – SQL сұратуы операторының мәтінінен тұратын жолдық массив.

     Серверлік СУБД-мен жұмыс кезінде дәстүрлі қолданылатын SQL (Structured Query Language) сұратулар тілі dBase және Paradox форматты кестелермен жұмыс кезінде де пайдаланылуы мүмкін екенін атап көрсетеміз. Бұл тілдің синтаксисін егжей-тегжейлі сипаттауға тоқталмай (онымен басқа көздерден танысуға болады, мысалы М.Грабердің " SQL-ге кіріспе" кітабында) оның бір ерекшелігін атап өтеміз. SQL –процедуралық емес тіл. Онда сұрату нәтижесінде нені алу керектігін жазуға болады, алайда мұнай қалай жасауға болатынын жазуға болмайды,  яғни сұратуды орындау процедурасының өзін сипаттауға болмайды. Деректер базасының SQL серверлерімен қандай да бір операторларды  орындауды іске асыру түрліше болуы мүмкін және көптеген жағдайларда С++ Builder көмегімен құрылатын клиенттік қосымшаға қызық емес. dBase немесе  Paradox кестелері жағдайында SQL-ді іске асыруды Borland Database Engine кітапханасы өзіне алады.

    TQuery компоненті  экранда бейнелеуге, жолдарды енгізуге, алып тастауға және редакциялауға   болатын деректер жиынтығын анықтау  немесе құру үшін SQL операторын  пайдалануға мүмкіндік береді.

RequestLive – егер бұл қасиеттің  true мәні болса және сұратулар  синтаксисі оның нәтижелерін  модификацияланатындай болса, пайдаланушы  деректерді деректер  базасында  сақтай отырып, редакциялай алады.  Егер  RequestLive-тің false мәні болса,  сұрату нәтижесі read-only күйіне қайта  оралады. 

TQuery компонентінің келесідей  әдістері неғұрлым жиі пайдаланылады: 

ExecSQL – егер сұрату  деректерді қайтармаса SQL қасиетінде  болатын SQL-сұратуды орындайды.  Бұл әдісті деректерді енгізу, редакциялау немесе алып тастау  кезінде қолданған жөн. SELECT (деректерді  таңдау) операторын орындаған кезде  Open әдісін қолданған дұрыс. Келесі  мысал ExecSQL әдісін қолдануды көрсетеді: 

Информация о работе Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасының жобалау мүмкіндіктерін салыстыру