MS DOS операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июля 2015 в 09:20, реферат

Описание работы

MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:
1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.
2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.

Содержание работы

1. MS DOS және NORTON COMMANDER
2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.
4. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.
5. MS DOS-та дискілермен жұмыс.
6. NC программасына жалпы түсінік.
7. Norton Commander: каталогтармен және файлдармен жұмыс

Файлы: 1 файл

MS DOS операциялық жүйесі.doc

— 84.50 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

 

1. MS DOS және NORTON COMMANDER

2. MS DOS-та каталогтармен  жұмыс.

3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.

4. COPY CON – мәтіндік файл  құру командасы.

5. MS DOS-та дискілермен жұмыс.

6. NC программасына жалпы түсінік.

7. Norton Commander: каталогтармен және файлдармен жұмыс

 

 

MS DOS операциялық жүйесі

MS DOS операциялық жүйесін  1981 ж. Microsoft  фирмасы IBM PC компьютерлері үшін  IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе.

MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:

1.Енгiзiп шығарудың базалық  жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының  жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.

2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы  бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен  информацияны алмастырудың барлық  операцияларын да орындайды.

3.COMMAND.COM – қолданушының  программалары мен берілгендерді  жадқа енгізу және оларды өңдеу.

4. CONFIG.SYS – үйлестіруші  программа. Оның қызметі – жаңадан  қосылатын сыртқы құрылғылардың  драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ  әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.

5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын  экранға шығару, қажетті программаны  каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн  және уақытты көрсету.

Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.

Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.

Мысалы,     COMMAND.COM

Файлдардың қосымша бөлiгi оның түрiн (типін) анықтайды.

Мысалы:

.exe, .com – бiрден орындалатын  файлдар;

.Вак – файлдың көшiрмесi;

.Bat – командалық файл;

. sys – жүйелiк файл;

.рas – Паскаль тiлiнде  жазылған файл;

.вas – Бейсик тiлiнде  жазылған файл;

.txt  — текстік редакторда жазылған файл;

.arj – архивтiк файл.

Файл аты мен кеңейтілмесі нүкте арқылы ажыратылады.

MS DOS-та каталогтармен  жұмыс.

Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.

Мысалы: Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic \ kin 1. Bas

Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.

MS DOS операциялық жүйесiнда  каталогтармен жұмыс істеу командалары:

1.MD (Make Directory – каталог  құру) – жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,

1)MDVSTUD – STUD атты жаңа каталог ашу.

2)Md XXX – ХХХ ішкі каталогын  ағымдағы каталогта құру;

3)md A:\ Tekst –A: дискісінің негізгі  каталогында  Tekst ішкі каталогын құру.

2.CD (Change directory – каталогты  өзгерту) – каталогтың iшiне кiру  командасы. CD.. – түрінде берілсе  ағымдағы каталогтан шығу командасы.

Мысалы:

1)CDVSTUD – STUD атты каталогтың iшiне кiру;

2)CD \ — ағымдағы дискінің  негізгі каталогына көшу.

3.RD (Remove directory – каталогты  жою) – каталогтi жадыдан өшiру  командасы.

Мысалы, RDV STUD – STUD атты каталогты жадыдан өшiру.

4.DIR – каталогтың мазмұнын  экранға шығару командасы.

Мысалы: 1)dir – ағымдағы каталогтың тарауларын көрсету;

2)dir *.exe —  кеңейтілмесі .EXE болатын ағымдағы каталогтағы файлдар туралы мәліметтер беру;

3)dir a: — ағымдағы A: дисководындағы каталог тарауларын көрсету ;

4)dir / P – ағымдағы каталог  туралы мәліметтерді экранның  толуына байланысты үзіліспен  беру;

5)dir /W – ағымдағы каталогтағы  мәліметтерді кең форматта беру;

6)dir /o /p – ағымдағы каталогтың  мәліметтерін сорттау арқылы  беру (ең алдымен ішкі каталогтар, сонан соң файл аттары және кеңейтілмесі).

3.3.MS DOS-та файлдармен жұмыс iстеу командалары.

4.COPY CON – мәтіндік  файл құру командасы.

Мысалы, Copy con Kniga1.txt – Kniga1.txt мәтіндіік файлын құру командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады. Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң  Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы

1 file(s) copied

(Бір файл көшірілді)

деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.

2. REN – файлдың атын  өзгерту командасы.

Мысалы, REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas – kin 1.bas файлдың атын Saule.bas деп өзгерту.

3.COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.

Мысалы, COPYV kin 1.bas V tab 1.bas – kin 1.bas файлының көшiрмесi tab 1.bas файлында шығады.

4.DEL – файлды жадыдан  өшiру командасы.

Мысалы, DEL V  kin 1. bas – kin 1.bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *.bas – қосымшасы  bas  болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi.

5.MOVE – файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы:

MOVE (/Y) файл – аты    каталог – аты

Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы:

MOVE (/Y) файл-аты  (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты

Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді.

Мысалы:

1) MOVE *.doc d: — кеңейтілмесі  .doc  болатын барлық  файлдарды негізгі дискіден D: дискісіне көшіру.

2) move  /y */.doc ARC – негізгі каталогтан кеңейтілмесі .doc файлдарды  ARC  ішкі каталогына көшіру. ARC – каталогы бұрыннан бар болуы керек және аттас файлдар автоматты түрде ауыстырылады.

3)move thesis.bak  a:\thesis.old – thesis.bak файлын  A: дискісіне thesis.old деген атпен көшіру.

4)move .bak a:\.old – бұл команда жалған, өйткені файлдар жиынтығының кеңейтілмесі тек біртіндеп ғана ауыстырылады.

6.FILEFIND  — файлдағы символдар қатары немесе файл аты бойынша дискідегі файлды іздеу командасы. Команда форматы:

filefind  файл-аты (символдар қатары) (универсальды режимі)

Іздеу барысында * және ? символдарын қолдануға болады.

Егер файлды іздеу барысында қандай да бір каталог немесе диск көрсетілмесе дискідегі барлық  каталогтарда іздеу жұмыстары жүргізіледі.

Мысалы:

1)filefind  digger.* — кеңейтілмесі әртүрлі digger атты барлық файлдарды іздестіру;

2)filefind :t.doc – t әрпінен басталатын  және кеңейтілмесі .doc болатын барлық  файлдарды барлық дискілерден  іздестіру;

3)filefind *.doc “Иванов” /c – негізгі  С каталогындағы кеңейтілмесі .doc болатын, “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды іздестіру;

4)filefind *.doc  “Иванов” /s /c /sc – кеңейтілмесі  .doc  болатын “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды барлық каталогтардан іздеу.

7.Файлдарды біріктіру (файлдар  конкатенациясы) — COPY командасы тек қана көшіру командасы ғана емес, сонымен бірге бірнеше файлдарды бір файлға біріктіретін команда.Команда форматы:

Copy файл-аты  (+файл-аты) …  файл-аты

Біріктірілетін файлдар қосу (+) таңбасы арқылы көрсетіледі, сонан соң барып соңғы файл аты жазылады.

Мысалы:

Copy *.lst + *.ref *.prn – ағымдағы  каталогтағы кеңейтілмесі .lst  болатын әрбір файлға нақ осындай атпен, бірақ кеңейтілмесі .ref болатын екінші бір файл қосылады, ал нәтижесі аты өзгерссіз қалатын, бірақ кеңейтілмесі .prn болатын файлға ауыстырылады;

Copy file1.dat + file2.dat all.dat – file1.dat және file2.dat файлдарының конкатенациясы.  Соңғы файл  all.dat деген файл атымен ауыстырылады.

5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.

Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.

Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:

1.Format  a: — A: — дискісін форматтау.

2. Format  a: /s – А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.

Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды  дискiге  көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына —  COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.

Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де  DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:

diskcopy  (дискжетекJ  (дискжетекJ  (/V) (/M)

Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.

Көшірілу режимдері:

/V – көшірілудің дұрыстығын көрсетеді;

/M – қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды.

Мысалы:

diskcopy  a:  b:  /v –A: дискжетегін  B:  дискжетегіне көшірілудің дұрыстығын тексере отырып көшіреді;

6.NC программасына жалпы түсінік.

MS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған түрлi жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатын NC пакетi. NC (сыртқы қабықша) жетекшi программа.

Бұл программаның негізін 1992 жылы П. Нортон құрған. Бұл программа жүктелгенде экранға көк түстi екi терезе шығады (3.5.1-сурет). Оның орындайтын iс–әрекеттерi файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету.

Терезелерде файлдардың және каталогтардың аттары орналасады. Олардың қажеттiсiн курсор немесе тышқан бағыттаушысы арқылы таңдап алу мүмкiн. Бiр терезеден екiншi терезеге <Tab> пернесi арқылы өтуге болады.

Экранға шыққан терезелердің бiрiнде не каталог немесе файл аты сұр түстi тiк төртбұрыш iшiнде орналастырылып қойылады. Ол NC-тiң осы каталогты немесе файлды ағымдық етуге дайындалған белгiсi, әдетте оның NC-тің панель белгiлемесi немесе курсор деп атайды. Курсорды басқару пернелерiн (¬, , ®, ¯) пайдаланып курсорды сол панельде жоғары-төмен жылжытуға болады. Терезеде көрiнген каталогтың мазмұнын экранға шығару үшiн курсорды осы каталогтың үстiне әкелiп <Enter> пернесiн басса болғаны. Ішкi каталогтан 1-шi деңгейлiк каталогқа шығу үшiн курсормен оның сол жақ жоғары бұрыштарында көрiнiп тұрған (..) белгiлемесiн белгілеп  <Enter> пернесiн басу қажет.

Қандай да бір файлды немесе каталогты таңдау үшін “INS” пернесі басылады, INS пернесін қайта басу тапсырмадан бас тарту. Белгілі бір кеңейтілмеден тұратын файлдар тобын белгілеу үшін оң жақ клавиатурадағы “+” таңбасымен бірге қажетті кеңейтілме көрсетіледі. Мысалы, .doc кеңейтілмелі файлдар тобын белгілеу үшін сандық пернетақтадан «+» — ті басамыз және шыққан сұхбаттық  терезеде төмендегідей тапсырыс береміз:  +.doc ¿  .  Белгілемеден бас тарту үшін оң жақ клавиатурадан – «-» (минус) пернесін бассақ болғаны.

Ішкi каталогтардан көрiнген .com, .exe, .bat типтi файлдарды iске қосу үшiн курсорды осы файлдардың үстiне әкелiп  <Enter>-дi басамыз. Мысалы: C:\nc.exe

NC үшiн функционалды  пернелердiң орындайтын iс-әрекеттерi зор. Атап айтқанда:

F1 – NC туралы мәлiметтер;

F2 – пайдаланушы мәзiрiн iске қосу;

F3 – файлды оқу;

F4 – файлды редакциялау;

F5 – файлды не каталогты  көшiру;

F6 – файлдың не каталогтың атын өзгерту;

F7 – жаңа каталог құру;

F8 – файлды не каталогты  жою;

F9 – жұмыс тәртiбiн өзгертетiн  мәзiрдi шақыру;

F10 – NC  программасынан шығу.

7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және дискілермен жұмыс.

F7 – жаңа каталогты  құру командасы. Құрылған каталогтың ішінде ішкі каталог құру үшін де F7 функционалдық пернесін басу қажет. NC-те  Create the directory (Каталогты құру) деген сұхбаттық терезе шығады. Каталог атын жазып Enter-ді басу қажет. Егер каталогты құру мүмкін болмаса NC- те Can/t create directory (Каталогты құру мүмкін емес) деген хабарлама шығады. Каталаогты құру мүмкін емес жағдайлары:

1.Каталог атының дұрыс  берілмеуі;

2.Дәл осы атпен файл  немесе каталогтың болуы;

3.Ағымдағы дискіде орынның  болмауы.

Сондай-ақ каталогтардың атын ауыстыруға, өшіруге, орнын ауыстыруға болады. Мұның барлығы да файлдарда орындалған сияқты іске асады.

NC-те каталогтарды тармақталған  түрде көруге болады. Ол үшін  қажет дискіні таңдайсыз, яғни F9+L+T – оң панель үшін, F9+R+T – сол  панель үшін. Шыққан сұхбаттық терезеден Дерево папок (CTRL+T) деген команданы таңдайсыз да Enter-ді басасыз. Командадан шығып кету үшін сол жақ панель үшін ALT+F1- ді, оң жақ панель үшін ALT+F2- ді, содан соң Enter-ді  басасыз.

NC-те каталогтарды тез  арада іздестіруге болады. Ол  үшін Alt пернесін басып тұрып өзіңізге қажетті каталог атының бастапқы әрпін тересіз. Бұл режимнен шығып кету үшін Esc пернесін басамыз.

NC-те мәтіндік файлды  құру үшін: Shift+F4 пернелер комбинациясы  басылады.

NC-те файлдар тобын көшіруге, өшіруге, жылжытуға және т.б. болады. Файлдар тобын белгілеу үшін <INS> пернесі пайдаланылады. Каталогтағы файлдардың барлығын белгілеу үшін сандық пернетақтадағы “+” (сұр түсті) пернесі басылады. Сол кезде экранға шыққан “*.*” шаблонын мақұлдау үшін <ENTER> пернесін басамыз. Қос жұлдызшаны файлдың аты және типі бойынша өзгерте отырып, файлдар тобын қажетімізше таңдауымызға болады. Таңдап алынған файлдар тобын бастапқы қалпына келтіру үшін сандық пернетақтадағы “-” (сұр түсті) және <ENTER> пернелерін басамыз.

Экрандағы каталогтан қажетті файлды жылдам табу үшін <ALT> пернесі басылып тұрған сәтте пернетақтадан айрықшаланатын алғашқы әріптер тізбегі енгізілген болса, NC  керекті файлды курсормен белгілеп, экранға шығарады.

Қажетті файлды дискінің басқа каталогтарынан жылдам іздеу үшін <ALT>+<F7> пернелер комбинациясы басылады. Шыққан сұхбаттық терезеде ізделінді файл атауы енгізіліп <ENTER> пернесі басылады. Ізделінді файл атауында * және ? символдарын пайдалануға болады. Бұл жағдайда NC программасы көрсетілген белгілердің орнына әртүрлі таңбалар қойылған бірнеше файлдарды экранға шығарып береді.

NC программасының бас мәзір  командаларына <F9> пернесi арқылы өтуге болады. Экранға келесi командалар шығады: LEFT, FILES, COMMANDS, OPTIONS, RIGHT.

LEFT  (сол) – сол жақтағы тереземен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.

RIGHT (оң) – оң жақтағы  тереземен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.

Бұл командалардың iшкi командалары  бiрдей:

BRIEF (қысқа формат) – берiлген  терезеге файлдарды қысқа түрде  шығарады (экранға тек файлдардың  аттары шығады);

FULL (толық формат) – берiлген терезеге файлдарды толық түрде шығарады (экранға файлдардың аттары, өлшемдерi, құрылған уақыттары шығады);

ON/OFF – берiлген терезенi экраннан өшiру және қайта шығару;

Информация о работе MS DOS операциялық жүйесі