MS Access бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 10:38, реферат

Описание работы

MS Access - ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
• 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
• 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
• 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
• 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)

Содержание работы

Кіріспе
MS Access бағдарламасы
MS Access –тің мәліметтер қоры
МҚБЖ
Деректер базасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Баяндама.docx

— 29.41 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. MS Access бағдарламасы
  3. MS Access –тің мәліметтер қоры
  4. МҚБЖ
  5. Деректер базасы
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

MS Access - ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады: 
• 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті) 
• 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті) 
• 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті) 
• 2001 Access 2002 (Office XP пакеті) 
• 2003 Access 2003 (MS Office 2003) 
• 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007) 
• 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010) 
Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі туралы  мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайыдап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. 
Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құралы ретінде кеңірек пайдаланылуда. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады.

Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау,  типография-лық және топографиялық,  жалпы инженерлік саланың бәрін  де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. 
MS Accessақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). 
MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access.

MS Access-те бүкіл ақпарат  кестелерде беріледі.

Кесте - деректер қорының негізі болып табылады. 
Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді.  
Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларға сәйкес өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. 
Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. 
Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. 
Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.

Мәліметтер  қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың  өзара байланыстағы жиынтығы.

МҚ-ның негізгі мақсаты  – нақты өмірдің объектілері  туралы өте үлкен мәліметтер санын  олардың арасындағы байланыстарды  ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.

Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.

Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.

Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.

Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.

Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.

Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.

Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар:

- мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;

- мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.

МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.

МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде

- мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;

- дербес МҚБЖ

деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orаcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.

Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық.

Олар : FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.

MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

- кестелер арасында байланыстар орнату;

- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

- туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.

әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардантұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.

 

Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). 
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. 
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. 
Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. 
Деректер базасын құрастыру: 
1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 
2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. 
Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады. 
Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері 
Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді.

Кестені құрастырудың 5 мүмкін тәсілі көрсетілген: 
1. Режим таблицы – кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына енгізу арқылы құрылады. 
2. Конструктор – кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің қасиеттерін көрсету арқылы құрылады. 
3. Мастер таблиц – автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің шаблондары берілген. 
4. Импорт таблиц – кесте деректерді басқа деректер базасынан немесе электронды кестеден көшіру арқылы құрылады. 
5. Связь с таблицами – кесте басқа деректер базасында орналасқан кестемен байланыс жасау арқылы құрылады. 
 
Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады. 
Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады. 
Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы.

Құру тәсілдері: 
1. автоматты түрде – Автоотчет. 
2. шебер арқылы – Мастер отчета. 
3. өз қолымен – Конструктор. 
Есептің құрылымы: 
1. тақырып жол бөлімі– есептің жалпы атауын жазуға арналған; 
2. жоғарғы колонтитул бөлімі – егер есептің құрылымы күрделі болса және бірнеше беттерден тұрса, онда ішкі атауларды жазу үшін қолданылады; 
3. деректер аумағы – база кестелер өрісінің мазмұнымен байланысты, басқару элементтер орналасқан; 
4. төменгі колонтитул– құру мерзімі және беттерді нөмірлеу; 
5. ескерту бөлімі – қосымша ақпарат орналастыру; 
6. топтың тақырып жолы – әрбір берілген топтың жоғарғы бөлігінде шығады.

 
Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады. 
Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа. 
Жұмыс жасаудың режимдері: 
1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу, яғни ақпаратты қарап шығу, өзгерту, таңдау 
2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту. 
Деректер түрлері. 
• Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін). 
• Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер. 
• Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау. 
• Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер. 
• Memo – көп көлемді мәтінді сақтау. 
• Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді. 
• Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ). 
• OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект. 
• Гиперсілтеме — әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол. 
• Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс. 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе MS Access бағдарламасы