Microsoft Еxcel

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 22:27, реферат

Описание работы

1. MS-Excel-де көшіру және тасымалдау инструменттер панелі.
2. Деректерді енгізу және форматтау әдістері.

Файлы: 1 файл

кратко о реферате.docx

— 30.71 Кб (Скачать файл)

Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон  үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. сондықтан Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.  Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделіфункциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.

Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады(отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы). Excel бухалтерияда қарқынды қолданылады – көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажеттің барлығы бар.

EXCEL программасын  іске қосу үшін «Пуск» менюінің  «программы» тобынан «Microsoft Excel»  таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel: 
1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б. 
2- Стандартты аспаптар тақтасы 
3- Форматтау аспаптар тақтасы 
Excel-де құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады қолданылады.

Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да, көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады. 

2. MS-Excel-де көшіру  және тасымалдау.

MS-Excel-ге бірінші сан, мерзім немесе формула енгіземіз. Осы енгізген санымыз, не  формуламыз, не мерзім айтайык, екінші ұяшыққа да дәл осыны жазу керек. Соны қайта жазбай уақытымызды үнемдесек болады. Ол функция көшіру инструмент панелімен жүзеге асады. Мысалы, «дүйсенбі» деген сөзді 1 ұяшыққа жаздық дейік, оны астынғы ұяшыққа қайта жазбай, оны көшіру инструменттін қолданып, көшірсе болады. Ол үшін:

-тышқанның он жағын  басамыз. Содан шыққан терезенің  ішінен копировать деген сөзді тауып,Сосын керек ұяшыгымызға тышқанның көмегімен курсорды апарамыз. Енді қайтадан тышқанның оң жақ кнопкасын басып, вставить функциясын басамыз.

-немесе тағы бір нұсқасы, ең онай деп айтса болады. Яғни курсорды апарып CTRL мен C кнопкаларын бірге басып, сөйтіп астынғы ұяшыққа кусорды қойып, CTRL мен V кнопкаларының көмегімен көшіреміз.

Бүтін ұяшықтарды тасымалдау және көшіру.

Тасымалдау және көшіру кезінде Excel бүкіл ұяшықты формуласымен, есептелген шығынымен, ұяшықтың пішінімен көшіреді не тасымалдайды.

Ол үшін тасымалдау не көшіру керек ұяшықтарын белгіленіз. Главная инструментінде буфер обменадан мына тәсілдің біреуін орындаңыз:

  1. Ұяшықтарды тасымалдау үшін, Вырезать командасын басыңыз жылдам қолдану пернесі ,CTRL + X;
  2. Ұяшықтарды көшіру үшін, копировать командасын басыңыз жылдам қолдану пернесі ,CTRL + С;

Тышқан көмегімен көшіру тәсілінің алгоритмі:

  • көшірілетін объектіні белгілейміз;
  • курсорды объектінің шетіне апарамыз;
  • “Ctrl”-батырмасын басып жібермейміз. Экранға, курсор стрелкасына  «+» белгісі қосылады
  • Тышқанның сол жақтағы батырмасын басып, жібермей, курсорды көшірілетін ұяға дейін жылжытамыз;
  • Тышқанның және  “Ctrl” батырмаларын босатамыз. Экранда көшірілген объект жаңа орнында;
  • Белгіні алып тастаймыз
  • Сүйретіп көшіру алгоритмі, бір ұядан тексті немесе санды
  • (мысалға, №5) көрші келесі ұяларға көшіргенде қолданылады. Көшірілетін объектіні оңға немесе төмен сүйреткенде, онда тұрған санға, əрбір көрші жаңа ұяда 1 қосылып отырылады (мысалға, №6, №7, ...), ал солға немесе жоғары сүйреткенде, керісінше 1 кемиді (мысалға, №4, №3, ...)
  • – көшірілетін ұяны белгілейміз;
  • – белгіленген ұяның төменгі оң жақ бұрышына курсорды
  • апарамыз. Экранда курсор ұшында қара крест пайда болады;
  • – тышқанның сол жақтағы батырмасын басып, жібермей,
  • ақырғы көшірілетін ұяға дейін жылжытамыз;
  • – тышқанның батырмасын босатамыз. Экранда барлық
  • көрші жəне ақырғы ұяларда сандары бірге өзгерген, көшірілген объекті.
  • Адрестерін сақтап көшіру. Оңтайластыру есептерін шыға-
  • руда, аргументтері ұялардың адрестері болып есептелінетін
  • функциялар жиі қолданылады. Мысалға, А1 ұяда мына формула тұрсын:
  • А1=В1+5.
  • Егер осы ұяны Е2 ұяға көшіретін болсақ, онда мынаны
  • көреміз:
  • Е2=А2+5.
  • Ұялар адрестерінің көшіру кезінде мұндай өзгерісі, олардың жаңа адреске автоматты түрде бейімделуі делінеді.
  • Егер көшіру нəтижесінде ұяның адресі ешқандай өзгерізсіз сақталынатын болса, мұндай жағдайда көшірлетін ұяның адресіне $ символын енгізу керек. Бұл кезде мына ережелер ескерілгені жөн:
  • – символ мына түрде жазылса $A1, көшіру нəтижесінде
  • бағананың ғана аты сақталады;
  • – символ мына түрде жазылса A$1, көшіру нəтижесінде
  • жолдың нөмірі сақталады;
  • – символ мына түрде жазылса $A$1, көшіру нəтижесінде
  • бағананың аты жəне жолдың нөмірі сақталады.

3. Деректерді енгізу.

Microsoft Excel кестесінің ұяшығында  не мәтін, не сан, не өрнек орналасуы  мүмкін, бірақ ұяшық мазмұнының  аралас болуына жол берілмейді.

Егер кесте ұяшықтарындағы мәліметтер мәні өзге ұяшықтар мазмұнына тәуелді болмаса, олар негізгі деп аталады, керісінше болғанда бұл мәліметтер туынды деп аталады. Ұяшық мазмұнымен жұмыс істеу үшін оны белсенді етіп алу (үстінен тышқанның сол жақ пернесімен шерту) қажет. Ұяшық мазмұнын жою үшін оны белсенді етіп алып, <Delete> пернесін шерту керек.

Белсенді ұяшықтың мазмұнын өңдеу үшін мына амалдардың бірін орындау қажет:

  • Ұяшықты тышқанның сол жақ пернесін екі рет шерту
  • Ұяшық мазмұнын өрнектер жолагында өңдеу
  • <F2> пернесін басу
  • Егер сіз осы амалдардың бірін де таңдамай, ұяшыққа жаңа деректер енгізсеңіз, ұяшықтың алдыңғы мазмұны өз бетімен жаңа ақпаратпен алмасады.
  • Excel бағламасында жол/баған тақырыбын шертсеңіз, бір жол не баған тұтастай бөлектенеді.

 

4. MS-Excel-де Поиск решения құралын қолдану әдістемелері.

MS Excel-де құрылған математикалық модельмен қандайда бір есептеулерді орындаудан бұрын, оны Excel-дің жұмыс бетіне бір ретпен ауыстырады (жазады). Ол үшін қандай ұяларда айнымалылар орналасатынын анықтап, мақсат функцияны және шектеулер функцияларын (сол жағын) есептейтін формулаларды керекті ұяларға жазып, сонымен қатар бөлек ұяларға шектеулердің оң жағын жазу керек. Excel-дің жұмыс бетінде ұяларда белгіленген мәндер және жазылған белгілер мен формулалардың барлығы бірге кестелік модель деп аталады. Кестелік модельде келтірілген тексттер оқырмандарға түсінікті болу үшін комментария ретінде жазылады. Олар есептің шешіміне ешқандай да əсер етпейді. Түсі боялған ұяларда мəндері ізделініп отырған белгісіздер, мақсат функция жəне шектеу шарттарының орындалуы, сонымен қаттар теңсіздіктердің оң жақтарындағы мəндерімен сол жақтағы табылған мəндері арасындағы айрымы анықталынады.Келесі кезекте F5 ұядағы формуланы автоматтық тəсілмен көшіру арқылы шектеулердің сол жағының байланыстарын F8, F9 жəне F10 ұяларға жазамыз. Осыдан кейін F8, F9 жəне F10 ұяларда сəйкесінше мына формулалар:

=СУММПРОИЗВ($B$4:$E$4;В8:Е8);

=СУММПРОИЗВ($B$4:$E$4;В9:Е9) жəне

=СУММПРОИЗВ($B$4:$E$4;В10:Е10)

жазылады. Осымен есептің мəліметтерін енгізу жұмысы аяқталды. Мақсаттық ұяға, мақсат функция адресін – $F$5, бағытын (Максимальному значению) енгіземіз. Изменяя ячейки полясына оңтайлы мəндері ізделінетін айнымалыларды: $B$4:$E$4 жазамыз. Добавить батырмасын басып, экранда Добавление ограни-

чения сұхбаттасу терезесін (1.6-сурет) аламыз да, бірінші шектеулердің сол жағын (мысалда, F8, F9 жəне F10 ұяларындағылар), екінші кезекте теңсіздік немесе теңдік белгілері (мысалда, “<=”) жəне соңғы кезекте шектеулердің оң жағын (мысалда, H8:H10) енгіземіз. Біздің мысалда барлық шектеулер тек теңсіздіктер түрінде жəне барлығыда «көп емес» (“<=”) болғандықтан, шектеулерді енгізу өте жеңіл жəне аз əрекеттер жасау арқылы жүргізілді, яғни ұялар адрестерінің тек аралық адрестерін көрсету арқылы барлық шектеулер енгізілді. Осымен есептің шартын енгізу аяқталады, ендігі кезек есепті шешуге беріледі. Поиск решения-ның сұхбаттасу терезесінен Парамеры-ге өтемізБірнеше сынып оңтайластыру есептері болатыны белгілі. Осы есептердің барлығында, олардың шартын Поиск решения құралының сұхбаттасу терезесінде тұрған бұйрықтар көмегімен енгізу арқылы шешуге болады. Выполнить бұйрығынан кейін экранда Поиск решения-ның сұхбаттасу терезесінде есеп шешілгені туралы мəлімет беріледіСөйтіп, есептің шешімі табылды жəне ізделініп отырған көрсеткіштердің оңтайлы мəндері мына суретте, кестеде берілген.

  1. Есептің шығымымен бірге диаграммаларды құру тәсілдері.

Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағының азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.).

Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі.

Берілген кестедегі көпірлердің ұзындығын салыстыру ыңғайлы болу үшін диаграмма құрамыз. Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.  
Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар:  
Бағандық  
Жолақты  
Графиктік  
Дөңгелек  
Нүктелік  
Аумақты  
Сақиналы  
 
Жапырақты  
Беттік  
Көпіршіген  
Биржалық  
Цилиндрлік  
Конустық  
Пирамидалық 

Диаграмма құру үшін:  
1. диаграмма тұрғызуға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеп (мәліметтерді Диаграмма шеберінің жұмыс барысында да енгізуге болады),  
2. Кірістіру мәзіріндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандартты құралдар үстелінде орналасқан Диаграммалар шебері батырмасын шерту қажет; 

Excel-дің бұл функциясы  төрт қадам арқылы диаграмма  тұрғызады. 

Шебердің 1-қадамында диаграмма түрі таңдалып алынады

2-қадамда деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады. Жұмыстың 3-қадамында диаграмма параметрлерін баптауға болады.  
Диаграмма шебері жұмысының үшінші сатысы диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмаларына төмендегі параметрлер енгізіледі:  
• диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары (Заголовки) қыстырмасында);  
• координаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);  
• координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар (Линии сетки) қыстырмасында);  
• тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама (Легенда) қыстырмасында);  
• графиктегі мәліметтердің жеке элементтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу (Мәліметтер қолтаңбасы (Подписи данных) қыстырмасында);  
• графикті тұрғызуда пайдаланылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету (Мәліметтер кестесі (Таблица данных) қыстырмасында).  
4-қадамда диаграмманы орналастыру орны таңдалады.  
Диаграмма шебері жұмысының соңғы сатысында диаграмманы жаңа параққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарының біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап беруіміз керек.  
Диаграмманы редакциялау.  
Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементтердің жиынтығынан тұрады: тақырып, координаттық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлері, сандық мәліметтері және т.б.  

 

 


Информация о работе Microsoft Еxcel