Ұйымның(мекеменің) структурасын, функциясын және тапсырмаларын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июля 2013 в 19:10, контрольная работа

Описание работы

Өндіріс тәжірибесі 2013 жылдың 3 маусымынан осы жылдың 5 шілде аралығында «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ЖШС «КазСервисКран» кәсіпорынында өтілді. Кәсіпорынның өндірістік айналымымен танысу. «КазСервисКран» ЖШС. Кәсіпорын меншігі жеке меншік болып табылады. «КазСервисКран» ЖШС-гі 2006 жылы негізін қалады. Негізгі қызмет көрсету бағыты болып, жүк көтергіш механизмдер тексерісі, жүк көтергіш механизмдерді жөндеу, жүк көтергіш механизмдерді дайындап шығару сонымен қатар, жүк көтергіш механизмдерді монтаждау, техникалық құрылғыларды жөндеу мен дайындап шығару. Жүк көтергіш механизмдерді жөндеу жұмыстарының өндірісі үшін кәсіпорын мемлекеттік лицензияға (көтергіш құрылғыларды жөндеу, монтаждау мен дайындап шығару ГЛ № 001860) иелік етіп отыр.

Файлы: 1 файл

ТОО (Автосохраненный).docx

— 600.05 Кб (Скачать файл)

 

 1.Ұйымның(мекеменің) структурасын, функциясын және тапсырмаларын зерттеу.

     Өндіріс тәжірибесі 2013 жылдың  3 маусымынан осы жылдың 5 шілде аралығында «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ЖШС «КазСервисКран» кәсіпорынында өтілді. Кәсіпорынның  өндірістік айналымымен танысу. «КазСервисКран» ЖШС. Кәсіпорын меншігі жеке меншік болып табылады. «КазСервисКран» ЖШС-гі 2006 жылы негізін қалады. Негізгі қызмет көрсету бағыты болып, жүк көтергіш механизмдер тексерісі, жүк көтергіш механизмдерді жөндеу, жүк көтергіш механизмдерді дайындап шығару сонымен қатар, жүк көтергіш механизмдерді монтаждау, техникалық құрылғыларды жөндеу мен дайындап шығару. Жүк көтергіш механизмдерді жөндеу жұмыстарының өндірісі үшін кәсіпорын мемлекеттік лицензияға (көтергіш құрылғыларды жөндеу, монтаждау мен дайындап шығару ГЛ № 001860) иелік етіп отыр. Кәсіпорын жоғарғы сапаны жетілдіру мақсатында көпжылдық жұмыс тәжірибелі техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етілген, кәсіптік базаға қажет етілетін  жүк көтергіш механизмдерді жөндеу өндірісінің негізі мен құрылғыларына   иелік етіп отыр. «КазСервисКран» ЖШС-гі  қаржылық және өндірістік қызмет көрсетуі өз алдына шаруашылықпен айналысу негізінде жүзеге асады.   «КазСервисКран» ЖШС-гі өз алдына жеке балансты,банктерде  есептік және де басқада есепшоттарға ,кәсіпорынның өз атауымен мөріне (қазақ және де орыс тіліндегі) иелік етіп отыр.

     Кәсіпорын мекен-жайы: Казақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.

     «КазСервисКран» ЖШС-гі заңды тұлға болып табылады сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасына сәйкес өзінің қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп отыр. «КазСервисКран» ЖШС-гінің мақсаты болып,өзінің және де қоғамдық тұтыну мен табысты қызмет көрсету нәтижесіне қол жеткізуді қанағаттандыру үшін  кәсіпкерлік қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады. 

     «КазСервисКран» ЖШС-гі  осы мақсаттарға қол жеткізу үшін, келесі қызмет көрсету түрлерін жетілдіріп отыр: 

  • жүк көтергіш механизмдер тексерісі;
  • жүк көтергіш механизмдерді жөндеу;
  • жүк көтергіш механизмдерді дайындап шығару;
  • жүк көтергіш механизмдерді монтаждау;
  • техникалық құрылғыларды жөндеу;
  • техникалық құрылғыларды  дайындап шығару ;
  • кәсіпорындар мен халыққа делдалдық, коммерциялық, транспорттық, заңды қызметтерді  көрсету;
  • басқа  да Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін  қызмет көрсету түрлері.

    

     Кәсіпорын қолданыстағы  Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын  есепке ала отырып, өзінің қызмет көрсетуінің кадрлық қамтамасыз етілуімен барлық сұрақтар мен мәселелерді шеше алады, ұйымның формасы  мен тәсілдерін, төлемдер мен еңбекті материалды ынталандыруды , тарифтік айлық табыс мөлшерін, үстемелерді, сыйақыларды, кәсіпорын қызметкерлеріне төлесақыларды , жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағаттық уақытты (9-00-ден 18-00-ге дейін) және де қызметкерлерді жыл сайынғы демалыспен қатар, басқа демалыстарды қамтамасыз етуді өз алдына  анықтайды.

     «КазСервискран» ЖШС-гі жұмыскерлерді қызметке алу үшін кәсіпорын мен жұмыске арасында екі жаққа да тиімді шарттармен жасалған еңбек келісім шарты жасалады.Ұйымдық құрылымды жалпы екі тарапқа бөлуге болады: өндіріс және  басқару блоктарынан тұрады. Басқару функцияларын орындау құқығын иелік ететін тұлғалар болып табылады:

  • «КазСервисКран» ЖШС директоры;
  • «КазСервисКран» ЖШС директоры орынбасары;
  • «КазСервисКран» ЖШС бас инженері.
  • Жоспарлы-экономикалық бөлім.
  • Заң қызметкері.
  • Әкімшілік-шаруашылық бөлім.
  • Кадрларды дайындау және негізгі кадр бөлімі.
  • АЖ бөлімі.
  • Қорғау бөлімі.

 

 «КазСервисКран» ЖШС басқару құрылымының  негізгі өндіріспен етене байланыса отырып сызықтық құрылымды көрсетеді. Кәсіпорын тұрақты және де қаржылық төзімді.

 Жеткізу мен төлем шарттары:

Жеткізу түрлері: 

  • Өздігінен тасып шығару;
  • Транспорттық серіктестік;

Төлем түрлері: 

  • Қолма қол төлем ақы;
  • Қолма қол төлемсіз ақы;
  • Салынған төлем ақы; 

 

Жеткізу аймақтары: Молдова, Грузия, Тажікстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Армения, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Түркіменстан елдерінің барлық аумақтары.

 

 

 

ЖШС «КазСервисКран» ұйымдық құрылымы (Сурет 1):

 

   

Бас директор

   

 

   

Директор

     

Бас бухгалтер

         
         

Бас инженер

     

Бухгалтер

         
         

     

   

Инфрақұрылым бойынша 

   
       
   

директор

   
   

   

Бас экономист 

 

Инфрақұрылым және

 

Өндіруші бөлім 

 

транспорт қызметі

   
   

   

Ақпараттық жүйелер

       
   

Бас механик бөлімі

   
   

   
         
   

Әкімшілік бөлім 

   
   

   
   

Кладовщик

   
   

   
   

техперсонал, охрана

   
         

Сурет 1. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

 

 

 

3.Машина сыртқы және машина ішкі ақпараттық қамтамасыз етуді зерттеу.

Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс  істеуде қолданылатын реттелген  ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.Машинадан тыс  ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс  істетуде құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат  базасының бөлігі. Машинадан тыс  ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты  есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда  өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш  мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа  да мәліметтерді құрайды.

Машина ішіндегі ақпарат массивтері тұрақты, сақтаулы, жедел және қызмет көрсететін болып келеді. Тұрақты  ақпарат массиві мөлшерлік құжаттар мен анықтамалардан алынып, мәліметтерді өңдеуге дейін қалыптасады және ол АЖ есептерін шешуде пайдаланылады. Тұрақты ақпарат массивіне жіктегіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпараттар қатысты болады.

Сақтаулы массивтер өзара байланысқан  басқа есептерді шешу үшін қолданылатын ақпаратты жазады. Мысалы, кварталдық есеп беруді алу үшін, осы кварталға  кіретін айлардағы ақпаратты  жинау қажет.

Жедел массивтер жедел құжаттар негізінде құрылады, яғни біртіндеп  жиналған айнымалы ақпаратты құрайды. Сондықтан, жедел массивтер әр өңдеу  аралықтарында өзгеріп отырады.

Қызмет көрсететін  массивтер, массивтерді  автоматты өңдеуде қажетті қызмет көрсету ақпаратын құрайды.

Машина ішіндегі ақпарат базасы жергілікті есепке, немесе есептер  жиынтығына бағыталған массивтер түріндегі  тәсілмен немес мәліметтер базасына массивтерді қалыптастыру жолының  тәсілімен ұйымдастырылады.

Мәліметтер базасы, ол тікелей мәлімет  алуға болатын жадыда, сақтағыш құрылғыларда сақталып, өзара байланысқан ақпарат  массивтерінің бірігуін бейнелеп және АЖ-нің басқару фукциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мәліметтер базасын тұрғызудың себептеріне – мәлімет өңдеу  уақытын қысқарту, сақтаулы мәліметтердің  артықшылығын азайту, мәліметтердің  сыйыспаушылығын және қарама-қарсылығын жою, есептерді шешу үшін мәліметтерді кең көлемдегі қолданушылардың  бірігіп қолдануы, есептерді шешу программасынан мәліметтердің тәуелсіздігі, мәліметтер базасындағы мәліметтерді сақтаудың сенімділегі жәнге  т.б. жатады.

Мәліметтер базасын қолдану, ондағы мәліметтерді басқарудың программалық жабдығының бар болуын қажет етеді. Оны мәліметтер базасын басқару  жүйесі (МББЖ) деп атайды.

МББЖ – бұл АЖ-ны қолданушылардың  қолданбалы есептерден мәліметтерге енуін  қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру-шығу, оны тиеу, жөндеу үшін қажетті  жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер базасын МББЖ-мен біріктіріп, мәліметтер банкісі деп атайды. Мәліметтер банкісінің құрамы – мәліметтер қоймасы  мен МББЖ-дан тұрады.

Машинадан тыс ақпараттық база:

Машинадан тыс  ақпараттық база – адамның есептеу  техникасы құралдарын қолданбай  қабылдайтын, АЖ функциялау үшін қолданатын мәліметтер жиынын ұсынатын ақпараттық базаның бөлігі. Машинадан тыс  ақпараттық классификация мен кодтау жүйесінен, нормативті анықтамалық  құжаттан және жедел ақпараттан тұрады [В.В. Дик. Экономикадағы ақпарттық  жүйелер].

Классификация мен  кодтауды анықтау жүйесі ақпараттық есептеуіш жүйесінің жадысында  мәліметтерді сипаттау, тиімді іздеу  және идентификациялау үшін қолданылады.

Нормативті-анықтамалық  құжаттар шартты-тұрақты ақпарат  категориясына жатады, олар ұзақ уақыт  бойы есепте өзгерілмей қолданылатын регламенттік норматив, норма және басқа мәліметтерден тұрады. Берілген дипломдық жұмыста нормативті-анықтамалық  құжат болып: нормативтік актілер, бағалы зат кодтарының каталогі валюта кодының каталогі, ҚР Ұлттық банкінің әр валюта түрі үшін ресми курсы  жатады.

Жедел ақпарат  нақты уақыттағы объект жағдайын, яғни алғашқы, өңделген ақпаратты сипаттайды. Оған клиент құжатынан (паспорт, жеке құжаты, әскери билет, шетелдік паспорт) алынатын мәліметтер жатады.

Кодтау мақсаты  мәліметті құжатқа толтыруға, оларды машина тасығыштарына ауыстыруға, өңдеуге, жіберуге және басқа операцияларды  орындау үшін қажет ақпаратты  ықшам және ыңғайлы формаға келтіру.

Ақпараттың сыныпталуы ақпаратты мәлімет базасынан  өңдеу және іздеуді жеңілдету  үшін қажет. Сыныпталу белгілі бір  ұқсас немесе әртүрлі ұқсастық белгісіне  сәйкес көптеген объектілерді (пән, оқиға, үрдіс, түсінік) бөлу.

Сыныпталудан  кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірлікті кодтау орындалады.

Кодтау дегенде  объектіні ықшамдалған нысанда  ұсыну мақсатымен объект сыныпталуына символдық мән (код түрінде) беру үрдісін түсінеміз.

Кодтау жүйесі деп объект сыныпталуына кодтық мән (кодтарды) беру ережелер жиынтығы.

Код – белгілі  бір ережелер бойынша тұрғызылған  шартты белгілеуді тұрғызу немесе орнатудың  барлық номенклатуралар үшін жалпы  жүйе. Әрбір код үшін төмендегілер анықталады:

  • код ұзындығы (код белгілеуіндегі белгілер саны);
  • код тобы (код белгілеуіндегі белгілердің орны);
  • код алфавиті (кодтық белгілеудегі болатын белгілер, олар цифрлық, әріптік және әріптік-цифрлық бола алады);
  • код құрылымы (код белгілеуіндегі белгілердің орналасу орны).

Кодтарды қолдану  ақпарат өңдеуінің еңбеккөлемдігін  төмендетуге, мәліметтер топтамасын жеңілдетуге; машиналық тасығыштарға ақпаратты  жазуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Кодтау жүйесінің  тізімдік, сериялық-тізімдік, тізбектей, комбинирленген, шахматтық және басқа  жүйелері бар.

Мәселені шешу үшін кодтаудың тізімдік жүйесі қолданылады  да, бағалы заттарды кодттау мен  валютаны кодтаудың келесілері өңделеді. Бағалы заттарды кодтау құрылымы екі  белгіден; валютаны кодтау құрылымы үш белгіден, айырбастау пунктінің номерінің  тіркеу кодының құрылымы бес белгіден тұрады.

Ішкі машиналық  ақпараттық база:

Ішкі машиналық  ақпараттық база – белгілі бір  белгілер бойынша бапталған машиналық  тасығыш жүйесінің (қатты магниттік  диск, дискета, магниттік карта, т.б.) АЖ-да қолданылатын мәліметтер жиынтығын  сипаттайтын ақпараттық база бөлігі [В.В. Дик Экономикадағы ақпарттық  жүйелер].

АЖ ішкі машиналық  ақпараттық базаның құрылымы араларында ақпарат ауыса алатын жеке мәліметтер базасы түрінде сипатталынады, ол арқылы ақпараттық базаны құру мен мәліметтер дұрыстығын жоғарылатуды оптималдауға болады.

 

 

 

4. Ұйымдағы сақтау, өңдеу және мәліметтерді берудегі техникалық әдістерін зерттеу.

      Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.  
Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.  
Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.  
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.  
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.  
Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен өрнектеліп, шамамен сипатталуы.  
Ақпараттық модель – объектінің, процестің, құбылыстың күйін және қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттың жиынтығы.  
Ақпараттық модель былай жіктеледі:  
• Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).  
• Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген формальді тіл арқылы).                                                                                Ақпаратты сақтаудың және тасымалдаудың жай амалдарымен бірге қазіргі уақытқа дейін, әдейі қол жеткізуден қорғайтын келесідей тәсілдері бар және әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ:

Информация о работе Ұйымның(мекеменің) структурасын, функциясын және тапсырмаларын зерттеу