Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 14:32, лекция

Описание работы

Қазіргі кезеңдегі қоғам ақпараттық қоғам деп аталады. Мұның өзінде қоғамның елеулі бөлігі ақпаратты, сондай-ақ оның ең жоғарғы нысаны – білім шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады екен. Ал қоғамның ерекшелігіне ақпараттың үздіксіз алмасуы жатады.
Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың кеңінен дамуы бұрынғымен
«Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» республикалық заңда ақпарат деп адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар мен процестер жөніндегі берілген түріне қарамастан мәлімет аталады. Әр түрлі теориялар мен тұжырымдамаларда, мысалы, экономист Фрэнк Найттың пайда теориясында, сондай-ақ инженер және математик Клод Шенноның ақпарат теориясында ақпаратқа белгісіздік пен тәуекелді төмендететін құрал деген анықтама беріледі.

Файлы: 1 файл

Жаңа ақпараттық технологиялар экономикада.doc

— 282.50 Кб (Скачать файл)

Дәріс № 1. Тақырыбы: Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі.

           Қазіргі кезеңдегі  қоғам  ақпараттық қоғам деп аталады. Мұның өзінде қоғамның  елеулі бөлігі ақпаратты, сондай-ақ оның ең жоғарғы нысаны – білім шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады екен. Ал қоғамның ерекшелігіне ақпараттың үздіксіз алмасуы жатады.

Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың кеңінен дамуы бұрынғымен

«Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» республикалық заңда ақпарат деп адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар мен процестер  жөніндегі берілген түріне қарамастан мәлімет аталады. Әр түрлі теориялар мен тұжырымдамаларда, мысалы, экономист Фрэнк Найттың пайда теориясында, сондай-ақ инженер және математик Клод Шенноның ақпарат теориясында ақпаратқа белгісіздік пен тәуекелді төмендететін  құрал деген анықтама беріледі.

Ақпараттың ең маңызды түріне экономикалық ақпарат жатады. Ол адамдардың ұжымын, материалдық игілік пен қызметтер өндірісін, оны бөлумен, айырбастаумен және тұтынумен тікелей байланысты. Экономикалық ақпаратқа еңбек, материалдық және ақша ресурстарының құрамы мен басқару объектілерінің межеленген уақыт мезетіндегі жай-күйі жөніндегі мәлімет кіреді.

Ақпарат экономикалық игіліктің қасиеттеріне  ие болып, экономикада шаруашылық қызмет процесінде пайдаланылатын ресурс, сондай-ақ тауар  (ақпараттық тауарлар, қызметтер) ретінде айналады.

Жалпы тұрғыдан ақпараттық ресурсқа кез-келген түрде материалдық тасымалдығышта жазылған, ғылыми, өндірістік, басқару және тағы да басқа мәселелерді шешу үшін уақыт пен кеңістікте беруді қамтамасыз ететін жинақталған ақпараттың жиынтығы деген анықтама беруге болады. Ақпараттық ресурс кітап, журнал, файл, фотосурет, есеп, күнделік және т.б. түрде болуы мүмкін.

Ақпараттық ресурстардың:

  • тақырыбы (қоғамдық-саяси, ғылыми, техникалық, құқықтық, экономикалық және т.б.);
  • меншік түрі (мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік);
  • қол жеткізілімділік (ашық, құпия, шектеулі түрде пайдаланылатын);
  • табыс ету нысаны (мәтіндік, бейне түрінде, дыбыстық);
  • тасымалдағышта (қағазда, электрондық түрде) болады.

Деректерді ұйымдастыру мен оларды өңдеу процесін басқару кіретін ақпараттық үдерістерді басқару жеке басқару қызметіне айналып келеді. Осының барлығы қоғамда ақпараттандыру деп аталатын үдеріспен байланысты.

Ақпараттандыру – ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен  пайдалану  негізінде жеке адамдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырпу үшін жағдай жасаудың  әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық ұйымдастыру процесі.

 

 

Ақпараттық жүйе ұғымы және оларды жіктеу

Пайдаланылатын ресурстардың көптігі мен операциялық ортаның  жылдам өзгеретінін ескере отырып, қазіргі заманғы  ұйымды тиімді басқару өте күрделі мәселе болып табылады. Басқарудың ерекше қызметіне ұйым қызметінің көп өлшемді әр түрлі салаларында жүзеге асырылатын жоспарлау, ұйымдастыру, ойдағыдай іске асыру, үйлестіру, бақылау мен талдау жатады. Жоғарыда атап өтілген атқарымдарды орындау барысында қалыптастырылатын басқару шешімдері нақты орындаушылар үшін бастапқы мезет болып табылады. Нарық жағдайында осы экономикалық объектінің біртұтас ақпараттық кеңістігін құрайтын толық, шынайы және уақытылы мәліметті иеленіп бәсекелік артықшылыққа жетуге болады. Мұндай кеңістікті тек басқару шешімін қолдайтын автоматтандыру құралдарын тартып электрондық құжат айналымының базасында  құруға болады.

Жалпы экономика мен оның жекелеген құрамдастары (кәсіпорындар,  компаниялар, мекемелер мен т.б.) динамикалық жүйеге жатқызуға болады. Мұндай жүйелердің жұмысы өзгеретін сыртқы ортаның әсерімен және өте  көп ақпаратты өңдеумен байланысты.

Жүйе – белгілі бір мақсатқа жету үшін атқарылатын жергілікті өзара байланысты құрамдастар жиынтығы.

Жүйені сипаттау үшін келесі ұғымдар пайдаланылады:

  • құрылым (көп элементтер мен олардың арасындағы өзара байланыстар);
  • кіріс пен шығыс (жүйеге кіретін және одан шығатын материалдық, қаржы және ақпараттық ағындар);
  • мінез-құлық заңдары (жүйенің кірісі мен шығысын байланыстыратын қызметтер);
  • мақсаттар мен шектеулер (бірқатар өзгермелі жүйенің жұмыс істейтін үдерістерді; жекелеген өзгермелілерге әдетте шектеу салынады).

Басқару – қойылған мақсаттарға жетуге жол ашатын жүйенің жай-күйінің өзгеруі.

Жүйені басқару үдерісі басқару мақсатымен, қоршаған орта мен ішкі жағдайлармен анықталады.

Кибернетика тұрғысынан осы үрдіс жүйенің элементтеріне мақсатқа қол жеткізу үшін мақсатты әсер ету үшін жасалады және оны сыртқы ортаны, объект пен басқару аппаратын байланыстыратын ақпараттық үдеріс түрінде көрсетуге болады.

Жүйені басқару үдерісі негізделетін ақпаратпен алмасуда келесі  рәсімдер  циклмен жүзеге асырылады:

  • басқарылатын объектінің ағымдағы жай-күйі жөнінде ақпарат жинау;
  • алынған ақпаратты талдау мен объектінің ағымдағы жай-күйін қажет жай-күймен салыстыру;
  • басқарылатын объектіні қажет жай-күйге көшіру мақсатында басқаратын іс-әрекет ойластыру;
  • объектіге басқару әсерін беру.

 Субъектіден басқарылатын объектіге жіберілетін  басқару ақпаратының және кері бағытта қол жеткізілген көрсеткіштер жөніндегі есеп жүргізу-есептік ақпаратының ағыны  басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы ақпараттық байланыс деп аталады. Басқарудың тиімділігіне кері байланыстың – басқарылатын объектінің ағымдағы жай-күйі жөнінде ақпарат алудың көмегімен қол жеткізуге болады.

Ақпарат ағындарын талдау негізінде тиісті басқару шешімдері  қабылданады.

        Шығыс ақпарат экономиканың басқа объектілеріне, есептік қаржы  ақпарат – мемлекеттік органдарға, инвесторларға, кредиторларға және т.б., маркетингтік ақпарат – әлеуметтік тұтынушыларға арналған.

Ұйымды басқару жүйесі құрылатын негізгі элементтерге келесі құрамдастарды жатқызуға болады:

  • мақсаттар мен стратегияны;
  • бизнес-үдерістерді;
  • ұйымдастыру құрылымын (басқару құрылымын);
  • өзара ықпалдасу тәсілдерін (ағындар мен коммуникациялар);
  • регламенттер мен  ынталандыруды  (қызметкерлер).

Басқару жүйесін дамыту, оның және бүкіл бизнестің тиімділігін арттыру үшін оның әрбір элементін  қажет  жағдайда ұстау қажет.

Қойылған мақсатқа жету мақсатында ақпаратты сақтау, өңдеу мен беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің, қызметкерлердің өзара байланысты жиынтығы ақпараттық жүйені (АЖ) құрайды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе – бұл компьютерлік және коммуникациялық жабдық, программалық қамтамасыз ету, лингвистикалық құралдар. Ақпараттық ресурстар мен жүйе қызметкерлері кіретін кешен. 

Жүйе пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру және шешім қабылдау үшін нақты әлемнің кейбір бөлігінің динамикалық ақпараттық үлгісін қолдауды қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған АЖ құрылымы 1.4-суретте келтірілген.

Ақпараттық технологиялар (АТ)– ақпараттық үдерістерді – ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу мен тарату процестерін іске асыруды қамтамасыз ететін инфрақұрылым (1.3-тармақты қараңыз). АТ ақпараттық ресурстарды пайдалану, олардың сенімділігі мен жеделдігін арттыру процестерінің еңбек сыйымдылығын төмендетуге арналған.

Атқарымдық ішкі жүйелер мен қосымшалар – АТ базасында нақты атқарымдық салада құжат дайындау, шешім қабылдау мақсатында ақпарат дайындау, шешім қабылдау мақсатында ақпаратты өңдеу мен талдауды қамтамасыз ететін арнайы мамандандырылған программалар.

АЖ-ні басқару – АТ, атқарымдық ішкі жүйелердің және олармен байланысты мамандардың өзара ықпалдасуын, АЖ өміршеңдік циклы ішінде дамуын қамтамасыз ететін құрамдас.

Әрбір автоматтандырылған ақпараттық жүйе сол немесе басқа пән саласына бағдарланған. Пән саласы деп белгілі бір маманданымдағы мәселелер, білім, адам қызметінің аясы және ондағы заттардың ауқымы аталады.

Қоғам өмірінде экономикалық объектілерді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне арналған экономикалық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) өте маңызды рөл атқарады. Осы ақпарат тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында есеп, бақылау, талдау, жоспарлау мен реттеу қызметтерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Экономикалық объектілердің қолданылу саласына сәйкес өнеркәсіптік-өндірістік сала мен өнеркәсіптік емес саланың ЭАЖ-не бөлінеді.

Шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) – талдамалы АЖ, басшының АЖ – межеленген уақыт бойы компанияның қызметінің нәтижелерін көрсететін деректерді талдау негізінде іс-әрекет жасаудың ықтимал нұсқаларының жай-күйін зерттеу, болжау, даму және бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйелер. Мұндай жүйелерде қазіргі заманғы дерекқор технологиялары, OLAR (Online Analytical Processing) – деректерді жедел талдап өңдеу, ДҚ (дерек қоймасы), терең талдау мен деректерді көрнекілеу.

Ақпараттық-есептеу жүйелері егер басқару шешімі күрделі есептерге негізделсе, онда аталмыш жүйе күрделі және көлемді есептеу үшін  ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде автоматтандырылған басқарудың шағын  жүйесі мен ШҚҚЖ ретінде пайдаланылады. Оған ақпараттық-есептеу жүйелері, САПР (автоматтандырылған жобалау жүйелері), имитациялық бақылау стенділері жатады.

Ақпараттық-анықтамалық жүйелер тұтынушыларға анықтамалық сипаттағы ақпаратты жинау, сақтау, іздеу және беру үшін арналған; кәсіби қызметтің барлық саласында пайдаланылады (Гарант, Кодекс, Референт, Консультант-Плюс; Бухгалтерлік кеңесші, Шоттардың сәйкестендірмесі, Бухгалтерлік есеп салығы, КонсультантПлюс; ВерсияПроф, Деловые бумаги, КонсультантПлюс: Эксперт және т.б.)

Білім беру АЖ негізгі түріне автоматтандырылған  дистанциялық оқыту  жүйелері, іскерлік ойындарды қамтамасыз ету жүйелері, тренажерлер мен тренажерлік кешендер жатады. Олар мамандар даярлауды автоматтандыруға арналған және оқытуды, оқыту процесін басқару мен оның нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.

Экономикалық объектінің ғылыми-зерттеу жұмысынан, өнімді жобалаудан, жасау мен шығарып, оны өткізуден бастап бұйымды пайдалануды талдауға дейінгі жұмыс істеуінің бүкіл циклын қамтитын барлық басқару қызметтерін автоматтандыруға арналған АЖ біріктірілген деп аталады.

Корпоративтік АЖ – бұл бөлімшелерінің, филиалдары мен кеңселерінің арасы алыс фирманы немесе корпорацияны басқарудың бүкіл қызметтерін автоматтандыратын АЖ.

АЖ пайдаланушыларды  келесі төрт санатқа бөлуге болады:

1. Жүйе әкімшісі – бұл жүйені пайдалану және оның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету үшін жауап беретін, түпкілікті пайдаланушылардың қажеттілігін түсінетін, олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін және дерекқорды анықтау, жүктеу, қорғау мен оның тиімділігі үшін жауап беретін маман.

2. Қолданбалы программалаушылар – қолданбалы міндеттерді, деректер қорына қойылатын сұратуларды іске асыратын программаларды әзірлеумен айналысады.

3. Жүйелік программалаушылар – ақпараттық жүйені қолдауды жүзеге асырады және оның жұмыс істеу қабілетін  қамтамасыз етеді, компьютерлік программалық қамтамасыз етуді  (операциялық жүйелерді, деректер қорын басқару жүйелерін, трансляторлар, жалпы тағайындалыстағы  сервистік программалар) әзірлеумен және сүйемелдеумен айналысады.

4. Түпкілікті пайдаланушы (ақпарат тұтынушы) – АЖ ның мүддесінде істейтін адам немесе ұжым.  Түпкілікті тұтынушы АЖ-мен күнделікті жұмыс істейді, шектеулі қызметі саласымен  байланысты және әдетте программалаушы болып жұмыс істемейді. Мысалы, ол бухгалтердің, маркетологтың, қаржы менеджерінің, бөлімше басшысының лауазымын атқаруы мүмкін.

Дәріс № 2. Тақырыбы: Экономикалық қызметті басқаратын АЖ құрудың әдістемелік негіздері.

Ақпараттық қамтамасыз ету (АҚ) деп АЖ-же айналатын ақпараттың көлемі,  орналасуы, ұйымдастыру нысаны бойынша жобалық шешімдердің жиынтығы аталады. Оған пайдаланушыларға автоматтық қызмет көрсету үшін  арнайы ұйымдастырылған  ақпарат элементтерінің  көрсеткіштерінің, жіктеуіштері мен кодтық белгілерінің жиынтығы, базалардағы, банктер мен дерекқорлардағы сәйкестендірілген құжаттама жүйелері, құжаттама ағындары, көлемді ақпарат, сондай-ақ ақпараттың сенімді сақталуы, уақытылы және сапалы жаңартылуы, оған бекітілген пароль бойынша қол жеткізу кіреді. Лингвистикалық қамтамасыз ету (ЛҚ) табиғи тілді ресмилендіру, пайдаланушылар  есептеу техникасы құралдарымен жұмыс істеу барысында ақпараттық бірліктердің үйлесімін құруға арналған тіл құралдарының жиынтығын біріктіреді. Лингвистикалық қамтамасыз етудің көмегімен адам машинамен  тілдеседі. ЛҚ-ге ақпараттық базаның (құжаттардың, көрсеткіштердің, деректемелердің және т.б.) құрылымдық бірліктерін  сипаттауға  арналған ақпараттық тілдер, ақпараттық-іздеу  жүйелерінің  тіл  құралдары, АЖ мен АТ жобалауды  автоматтандырудың тіл құралдары, арнайы диалог тілдері мен басқа тілдер, автоматтандырылған АЖ мен АТ әзірлеу мен олардың жұмыс істеу процесінде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар жүйесі кіреді.

Информация о работе Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі