Java бағдарламалау тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 21:15, контрольная работа

Описание работы

Java – бағдарламашылардың (программистердің) арасында кең таралған, танымал ОБ(объектіге бағытталған) бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0 версиясы бағдарламалауда жаңа стандарттар орнатып, революция жасады. Нәтижесінде Web нағыз интерактивті ортаға айналды. Әрине ғаламдық тордың дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Web пайда болмаған кезде көпшілік қолданушыларда бір-бірімен байланыспаған дербес компьтерлер болған. Ал қазіргі кезде компьтерлердің барлығына жуығы Интернетке қосылған, ал ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің жаңадан қалыптасуына және ақпатарты бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы мен Интернеттің дамуы бағдарламалауда Java-ға негізделген жаңа көз-қарас, шешім алып келді. Бұл тіл тек қана Web-бағдарламалауды жеңілдеткен жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы жаңа типке, аплетке, жол ашты.

Содержание работы

1. Java-ға кіріспе
JavaScript
Негізгі операторлар
Мәліметтер типі

Файлы: 1 файл

Java бағдарламалау тілі.doc

— 110.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 
Мәліметтер типі

Мәліметтер типі – белгілі бір мәндердің жиынтығы. Мысалы, бүтін сандардың жиынтығы (Z) немесе нақты сандардың жиынтығы (R). 

 

Java – қатты типтелген  бағдарламау тілі. Демек барлық  айнымалылардың анықталған типтері  болуы керек, ол өте маңызды.  Бұл жерде негізгі сегіз кірістірілген мәліметтер типі бар. Олардың көбісі сандарға арналған. Басқа типтерді системалық пакеттерден табуға болады және бағдарламалау барысында өзіміздің мәліметтер типтерімізді анықтауға болады.  

 

1. Бүтін сандар (Integers) 
2. Өзгермелі нүктесі бар типтер (Floating-Point) 
3. Символдар типі (Characters) 
4. Логикалық тип (Boolean) 
 

Бүтін сандар (Integers)

Математикадағыдай Java-да бүтін сандар бөлшек бөлігі жоқ сандар. Java тілінде бүтін сандар үшін 4 тип  қарастырылған. 

 

Тип

Жадтағы орны

Анықталу облысы, [ ]

int

4 байт

–2,147,483,648; 2,147,483, 647

short

2 байт

–32,768; 32,767

long

8 байт

-9,223,372,036,854,775,808; 9,223,372,036,854,775,807

byte

1 байт

–128; 127


Көп жағдайда int типі тапсырманы шешу үшін жеткілікті болады. Бірақ  егер бағдарлама үлкен сандармен жұмыс істейтін болса, онда long бүтін сан типін таңдасақ болады.

Өзгермелі нүктесі бар  типтер (Floating-Point)

Өзгермелі нүктесі бар  типтер, яғни нақты сандар, бөлшек бөлігі бар сандарды сипаттайды. Бұл мәлімет  типінің екі түрі бар. 

 

Тип

Жадтағы орны 

Анықталу облысы, [ ]

float

4 байт

шамамен ±3.40282347E+38F

double

8 байт

шамамен ±1.79769313486231570E+308


Байқасаңыз double типі float-қа қарағанда екі есе көп орын алады. Демек double типі санды екі есе  дәлдікпен көрсетеді.

Символдар типі (Characters)

Символдар типі char кілт сөзі арқылы белгіленеді және 1 байттық  символдар мен әріптерді сақтай алады.

Логикалық тип (Boolean)

Логикалық типтің екі  ғана мәні бар: true (ақиқат) және false (жалған). Бұл тип логикалық шарттарды  бағалау үшін қолданылады. boolean кілт сөзі арқылы белгіленеді.

Мәліметтер типтерімен танысқаннан кейін сол типтерге тиісті мәндерді сақтайтын айнымалылар керек. Ал кез-келген айнымалының өзіндік типі болу керек. Сонымен айнымалыны жариялау үшін алдымен оның типін содан кейін айнымалының атын жазамыз. Мысалы:

double zhalaky;

int demalysKunderi;

boolean bitti;

Естеріңізде болса барлық командалар үтір нүктемен аяқталады. 

 

Айнымалының аты кез-келген әріптерден, “_” және “$” символдарынан  басталуы мүмкін. Бірақ сандардан  бастап жазуға болмайды. Және кез-келген ұзындықта бола алады. $2, ComputeArea, area, radius және showMessageDialog деп айнымалыны атауға болады. Бірақ 2A және d+4 деп айнымалыны атай алмаймыз. Java символдардың регистріне сезімтал тіл болғандықтан x және X айнымалылары екі бөлек болады. 

 

Және айнымалылар келесі кілт сөздер бола алмайды. 

 

abstract        default        goto                   package      this

assert            do                if                         private          throw

boolean        double        implement       protected     throws

break             else             import               public           transient

byte               enum          instanceof        return           true

case              extends      int                      short              try

catch             false           interface           static             void

char               final            long                   strictfp          volatile

class             finally         native                super             while 

const            float            new                    switch

continue      for               null                     synchronized  

 

Айтқандай айнымалылар бағдарламада мәліметті сақтау үшін қолданылады. Мысалы келесі бағдарлама шеңбердің ауданын есептейді:

class ComputeArea {

    public static void main(String args[]) {

        int radius = 1;

  double area = radius * radius * 3.14159;

System.out.println("The area is " + area + " for radius " + radius);

    }

}

main() методының ішіндегі кодқа тоқталайық. Бірінші жолда radius деп аталатын бүтін сан типі айнымалыны жариялап оны 1-ге теңестірдік: radius айнымалысы 1 деген санды сақтайды. Келесі жолда бөлшек типті area айнымалысын жарияладық және шеңбердің ауданын табу формуласына теңестірдік. area айнымалысының типі неге double екендігі түсінікті шығар?! Десекте, шеңбердің ауданын табу формуласы (PI*R^2) нақты санды қайтарады (бүтін санды бөлшек санға көбейткенде бөлшек сан шығады). Ал егер шеңбердің ауданын сақтайтын айнымалы бүтін сан типті болса, онда есептеу нәтижесінің бөлшек бөлігін жоғалтамыз. Ал ол есептің жауабымен сәйкес емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Қолданылған әдебиеттер

1. Брюс Эккель. Философия  Java. 3-е изд. СПб.: Питер, 2003.

2. Жерздев С. B.Java 2 Micro Edition. ИТЛаб, ННГУ, ВМК, 2003.

3. Вартан Пирумян. Платформа  программирования J2ME для портативных устройств. КУДИЦ-Образ, 2002.

4. Кен Арнольд, Джеймс  Гослинг. Язык программирования JAVA. СПб.: Питер, 1997.

5. http://javapower.da.ru/

6. http://www.purejava.ru/


Информация о работе Java бағдарламалау тілі