Internet даму тарихы мен статистикалық мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2015 в 16:30, курсовая работа

Описание работы

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

Файлы: 1 файл

Интернет сервер.docx

— 31.39 Кб (Скачать файл)

 

Кіріспе

 

 

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қафрапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Internet  даму тарихы мен    статистикалық мәліметтер

 

INTERNET желісін алғашқы  дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс  министірлігінің APRANET компьютерлік  жүйесі болып саналады, онда соғыс  жағдайында байланыс желілерінің  жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің  үлкен аумақта шашырап жатқандығына  және олардың бір-бірімен қосылу  желілерінің күрделілігіне байланысты  оның аздаған бөліктері бұзылғанмен  сау желілердің өзара байланысы  жылдам қайта кұрылып, қалыпты  жағдайына келе алатыны айқындалды.Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол  — желілердің желісі. INTERNET көптеген  байланыс желілерін бір-бірімен  біріктіріп, дүниедегі ен үлкен  компьютерлер торабын құрайды.Оның  қарапайым желілік нүктелері  өкімет мекемелерінде. университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті  кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде  де орналасқан. 
INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз — баска жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлык информацияны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына  өте ұқсас, институт, мектеп терминалы  арқ6ылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін  теру керек. Мұнан кейін керекті  жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен  байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға  қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы  оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ кұпия  архивтерін де оқуыңызға болады  екен.

INTERNET желісін сипаттау  үшін оны телефон жүйесімен  салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон  компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік  телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім  де емес. Әрине, оның бөліктерін  біреулер иеленеді, бірақ жүйеге  толық ешкім ие емес, бұл жүйе  өзара келісім арқылы ортақ  пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі  ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны  жөнінде келісіп отырады, яғни  әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын -кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және  де әр елдің телефон жүйесінің  қосылу техникалық мәселелерін  бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі  де дәл осы телефон жүйесі  тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың  нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздіц Бурабайға барып дем  алғыңыз келіп отыр, сол жердегі  аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын  туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебист жөніндсгі анықтамалықты карап, Ресей журналдарыіі оқуыцызга болады.

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді дс  түгел айтып беру қиын. Оның  үстіне күнбе-күн оған жаңа  мәліметтер келіп түсіп жатады. 
lNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

— косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары); 
— тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары); 
— почталық байланыстар.

     Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.Тұрақты қосылып тұратын байланыс — мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol — жеткізуді баскару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Intranet — технологияның қолданылу аймағы

 

Intranet – бұл клиент-сервер  архитектурасы болып табылады, яғни Intranet-қосымшаларының мәліметтер  базасымен өзара әсерлесуге арналған  шешімдері клиент-сервер архитектурасына  негізделеді.

CGI интерфейсі мен HTML-да  диалогтык қасиеттердің болуы Intranet-қосымшаларының  мәліметтер базасына енуін құруға  мүмкіндік береді.

  Intranet-қосымшалардың мәліметтер  базасымен жұмыс жасауы кезінде URL адресін гипермәтін бетіне  емес, серверлік прграммаға бағыттайды. Серверлік процедура тұтынушымен  енгізілген мәліметтерді алады, SQL-сұранысын жібереді. Мәліметтер  базасы сервері сұраныс бойынша  мәліметтер базасына жазбаларын  жаңартады, жояды және таңдайды. Алынған нәтижелерді CGI-процедурасы HTML-форматына ауыстырады, кейін Web-сервер алынған HTML-бетті браузерге жібереді. Бұл процесс Web-технологиясына негізделген, клиенттік платформа ретінде Web-браузерде орындалатын кез-келген компьютер, ал серверлік платформа ретінде Web-сервердің басқаруындағы кез-келген электрондық есептеуіш машина бола болады. CGI-процедураларын қолданудың бірнеше кемшіліктері бар: ақпараттың статикалық көрсетілімі, есеп нәтижесінің HTML-файлға ауысуы, мәліметтер базасындағы ақпараттың өзгеруінің динамикалық көрсетілімінің болмауы, жұмыстың мұндай принципі коммуникациялық ортаны жүктейді.

 Бұл сызба клиет-сервердің архитектурасының үшбуынды архитектурасы болып табылады. Мұнда Web-сервер қосымшаның сервері ретінде қарастырылады. CGI-дің кемшіліктерін жою үшін Web-серверге API-дің арнайы мүмкіндіктерін қолданады және архитектураға қосымша «релейлі» буын қосады. Осылардың барлығы тек клиент-сервер архитектурасының алдағы дамуына әкеледі.

Java-технологиясын қолданумен ақпараттық қосымшаларды құру кезінде клиент-сервер архитектурасының классикалық екі немесе үш буынды архитектурасы алынады,ал гипермәтін артқы жоспарға кетеді. Мұндай технологияның артықшылығы – қосымшаның аппаратты платформадан тәуелсіздігі болып табылады.

 Құжатайналыммен және  электронды құжаттарды басқарумен, сонымен қатар ақпаратты өңдеу және ұжымдық дайындықпен байланысты офистік қосымшалар тек қана Intranet-те ғана дами алады.

Intranet-тің маңызды даму  бағыты – бұл Internet-тің корпоративті офистік қосымшалармен интеграциясы болып табылады.

Қазіргі заманғы жергілікті ортадағы спутниктік мәліметтерді өңдеу және алуға арналған спутниктік жергілікті геоақпараттық жүйе макетін жақсы серверге шыға алатын локальды есептік желіге біріктірілген институттың есептік құралдар базасында, яғни провайдер мен интернетте жүзеге асыруға болады. Бұл макеттің негізіне  WWW – технологиясында базаланатын геокеңістік ақпаратты өңдеу жүйесінің архитектурасы – аппаратты-программалық интранет кіру қажет.

Intranet – яғни ақпараттық жүйелерді өңдеудің жергілікті жүйе архитектурасы программалаудың жоғарғы деңгейіндегі объектілі-бағытталған тілдерінде, геоақпараттық жүйе және мәліметтер базасын басқару жүйесінің Web-интерфейстерінде және тұтынушылардың типтік геоақпараттық жүйе қосымшаларында модельденуі мүмкін.

 Қазіргі жағдайда жергілікті геоақпараттық жүйе макетінің архитектурасы – интранет жергілікті геоақпараттық жүйедегі атрибуттық мәліметтерді сақтауға арналған MS Access мәліметтер базасы мен Web-түйінді (http://loi.sscc.ru) қолдайтын Pentium_II/Windows_2000 платформасында жүзеге асырылған. Мәліметтер базасының желілік енуіне SQL мәліметтер базасының сұранысы тілінде және объектілі бағытталған HTML, ASP, Java, JavaScript, Vbscript тілдерінде қолданылатын арнайы Web-интерфейс өңделді.

Объектілі-бағытталған клиент-серверлік технологияның артықшылықтары – желілік анализ, картографиялық генерализация және үлкен топографиялық мәліметтер базасының бүтіндігін қолдайтын мәселелерді шешу кезінде байқалады. Мұндай технологияда геоақпараттық жүйенің негізі – геоақпараттық жүйенің сервері геокеңістік мәліметтерін өңдеудің негізгі фукцияларын орындап, интранет желісінің тұтынушыларымен стандартты Web-интерфейсін қамтамасыз етеді. Жергілікті геоақпараттық жүйенің өңдеу құралдары – объектілі-компонентті СОМ моделі негізінде өңделеді.

Электронды құжатайналым интранет жүйесінің негізг    артықшылықтары:

—         Электронды құжатайналым интранет жүйесі технологиялық жағынан Web-сайтты басқару жүйесімен тығыз байланысты болып келеді;

—         Тұтынушы ретінде қарапайым браузерді қолдану;

—         Электронды құжатайналымның күрделі жүйелеріне қарағанда интранет жүйелеріне қарағанда интранет жүйелері жұмысшы процедураларының қатаң қалыптасуын қажет етпейді;

—         Барлық құжаттар MS Word, MS Excel, MS Power Point, Adobe Acrobat және тағы басқа форматта сақталады;

—         Кәсіпорынның ішкі вэб түйіндерінің барлық html беттері визуальды режимде тұтынушымен құрылады.

Электронды құжатайналым интранет жүйесінің құрылымы:

1. Ақпараттық бөлігі:

—  Кәсіпорын мақсаты;

—  Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы;

—  Экономикалық нәтижелері;

—  өнімнің каталогы;

—  құрмет тақтасы;

—  іс-шаралар;

—  демалыс графиктері;

—  ұсыныстар мен ескертулер;

—  программалық жабдықтау;

—  өтініштер.

1. Модульдер:

—  Хатпен алмасу жүйесі;

—  Адрестік кітапша;

—  Күнделік;

—  Модульге енудегі тұтынушылардың ашық және жабық

топтарын құру мүмкіндігі;

—  Файлдық сақтау: құжаттармен ұжымдық жұмыс жасау түрі;

—  Ішкі форум.

Толық көлемде жүзеге асырылған интранет келесі функционалды компоненттерден құралады:

1. хабарландыру тақталары (жарғы, бұйрық, ведомстволық нормативті актілер, есеп берулер, жоспарлар, көрме және конкурс жөніндегі хабарландырулар);

2. фотоқұжаттар архиві;

3. кең таралған программалық жабдықтау архиві;

4. ақпаратпен оперативті алмасу құралдары (электрондық конференция, chat, электрондық почта клиенті);

5. анықтамалық ақпарат (электрондық почтаның телефондары мен адрестері);

6. кітапханалық және библиографиялық ақпарат;

7. ғылыми-ұйымдық қызметтің ішкі жүйелері (ғылыми жоспарлар және есеп берулер);

8. құжат алмасудың ішкі жүйелері.

Қазіргі кезде интранет ядро толықтай түрде жүзеге асырылды және жоғарыда аталған функционалдық компоненттерді жүзеге асыратын программалық жабдықтау өңделді. жүзеге асырылған қосымшаның мысалы келтірілген.

 

3.Intranet-технологияның артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Intranet-технологияның артықшылықтары  мен кемшіліктері www-технологияларын  құру кезіндегі ерекшеліктерге  байланысты болып келеді:

— гипермәтінді қолдану әртекті ақпараттың байланысын қамтамасыз етеді;

— браузер (www сервердің клиенттік программасы) тұтынушының біртұтас және қарапайым интерфейсін көрсетеді;

Артықшылықтары:

Intranet корпоративті желісі – бұл кәсіпорын ішіндегі ақпаратты жариялаудың бір түрі. Топтық жұмыстың программалық жабдықтаудың фирмалық тұтынушыларына қарағанда Web–браузер кез-келген тұтынушылық жүйе үшін тиімді болып келеді. Web–серверлер  LotusNotes типті топтық жұмыс үшін классикалық пакеттер сияқты көп қуатты аппараттық құралдарды қажет етпейді. Web–серверлерге арналған программалық жабдықтау нарығы – бәсекелестіктің жоғарғы деңгейімен сипатталады. Web-технологиясы ауқымды есептеу желілерінде қолданылады. Дербес компьютерге арналған қолданбалы программалыр кешенінде жаңа құралдар жаңа тұтынушыларға Web–серверлер үшін HTML-беттерін құруға жеңілдетеді.

 

Кемшіліктері:

Intranet-желілерге арналған қолданбалы жүйелер топтық жұмыс үшін дәстүрлі программалық жабдықтаудың мүмкіндіктеріне ие болмайды. Топтық жұмысқа арналған пакеттердегі сияқты бір қолданбалы жүйелерді ұйымдастыру және оларды қолдау қажет болады. Intranet-ті жүзеге асыру үшін TCP/IP желісінің бар болуы ғана жеткілікті. Intranet-желілерде тираждаудың құрылған құрылған құралдары болмайды, ал LotusNotes типті пакеттерде бұл құралдар бар. HTML тілі мен HTTP протоколы клиент-сервердің қолданбалы жүйелерін өңдеуге арналған жеткілікті қуатқа ие болмайды.

Информация о работе Internet даму тарихы мен статистикалық мәліметтер