Delphi ортасының мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 19:45, курсовая работа

Описание работы

Delphi негізінде қосымшаларды жылдам құру концепциясы (RAD – Rapid Application Development) жатқандықтан,жинақта Windows-та жұмыс істейтін қосымшаларды құруға арналған визуальды компоненттерді,формаларды, оқиғаларды,қасиеттерді пайдалануға көп көңіл бөлінген.Сонымен қатар жиі қолданылатын визуальды компоненттерді пайдаланып,Delphi ортасында бағдарламалауды үйрену мәселелері қамтылған.

Файлы: 1 файл

Курсавой информатика.docx

— 76.04 Кб (Скачать файл)

                                                КІРІСПЕ

 

 

Курстық жұмыстың мақсаты  жастарды қазіргі заманғы бағдарламалық  жасақтама жабдықтарының ішінде кеңінен қолданысқа ие болған Delphi ортасының мүмкіндіктерімен таныстыру.

Жұмыста жүйелік және инструментальды  бағдарламалық жасақтамалар-дың теориялық негіздері мен әдістері туралы,жүйелік жоба құрылымы туралы мағлұмат беріледі.Сондай-ақ,бағдарламалық өнімдердің жіктелінуі және олардың жүйелік көрсетілуі,жүйелік талдау әдістері,бағдарламалық жасақтамаларды құрылымдық жобалаудың теориялықнегіздері мен әдістері қарастырылады.

Delphi негізінде қосымшаларды  жылдам құру концепциясы (RAD – Rapid Application Development) жатқандықтан,жинақта Windows-та жұмыс істейтін қосымшаларды құруға арналған визуальды компоненттерді,формаларды,    оқиғаларды,қасиеттерді пайдалануға көп көңіл бөлінген.Сонымен қатар жиі қолданылатын визуальды компоненттерді пайдаланып,Delphi ортасында бағдарламалауды үйрену мәселелері қамтылған.

Мұндағы мәліметтерді оқу  барысында оқушылар бағдарламалаудың жаңа мүмкіндіктерімен танысып,динамикалық  массивтер,параллельді ағындармен жұмыс істеу дағдылырын қалыптастырады.Әрбір  жұмыстың сипаттамасында параметрлері мен қолданылатын іс-әрекеттері толық сипатталған тілдің операторлары келтірілген.

 

                  DELPHI ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

 

 

1.1.Borland Delphi

     Жаңа бағдарламалау жүйесінің негізгі өзгерістері ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады.

    -Object Pascal жаңа бағдарламалау тілі,Borland Pascal тілінің бұрынғы нұсқасының өңделген түрі болып табылады.

   - RAD (Rapid Application Development) өңдеу технологиясына бағытталған бағдарламалау ортасының компонентті модулі.

     Object Pascal бағдарламалау тілі өңдеу құралдарының нарығында C++,Java сияқты объектілік-бағдарланған тілдермен қатар пайда болды.Borland компаниясы объектілі-бағдарланған тілдерді дамытып,Object Pascal тілін құруда өз тәжірибелерінің жетістігін көрсете білді.Жаңа тіл синтаксис жағынан да,ұсынылатын мүмкіндіктер жағынан да сәтті шықты.Бұл тіл  объектілік-бағдарланған бағдарламалаудың барлық негізгі механизмдерін қамтыды.

          Borland Delphi бағдарламау жүйесі Windows  ОЖ-де орындалатын нәтижелеуші бағдарламаларды құруға арналған.

         Borland Delphi бағдарламалау жүйесінің және оның компоненттік үлгісінің негізін VCL (Visual Component Librari) кітапханасы құрайды.Бұл кітапханада операциялық жүйе интерфейсі мен басқаруының негізгі орындары компонент түрінде жүзеге асырылған.Сондай-ақ,мұның құорамына «клиент-сервер» құрылымындағы нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу үшін Boland Delphi құрамындағы BDE (Borland database engine) еніп отыр.Енді ол нәтижелеуші бағдарламалар VCL кітапханаларының көмегімен ДҚ серверлер диапазонына шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. BDE көмегімен нәтижелеуші бағдарламалар  Microsoft SQL,Server,Interbase,Sybase,Oracle және тағы басқа типті ДҚ серверлермен өзара жұмыс жасайды.

         Borland Delphi бағдарламалау жүйесі бірнеше рет жаңарып, қолданушыларға бірнеше жаңартылған нобайларды ұсынды.Жүйенің соңғы нобайында (4,5 нобайлары) қосымшаның үш деңгейлі құрылымдық нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу тәсілдерінің жинағы қамтылған.Borland Delphi бағдарламалау жүйесі берілген құрылымның серверлік,сондай-ақ клиенттік бөлімін өзгертуге мүмкіндік береді.Онда  COM/DCOM технологияларын (Mic.Win типті ОЖ көп тараған),сонымен бірге COBCA технологиясын (тек қосымшаның клиенттік бөлімін өңдегенде ғана) қолдануға болады.

         Dlphi-ге өте қарпайым түрде Borland  Delphi 7 менюінен Delphi 7 командасын таңдау арқылы кіруге болады.

 

  1.2. Delphi-мен жұмысты бастау

 

 

      Экрандағы Delphi көрінісі өзгешелеу.Экранда бір терезенің орнына 5 терезе пайда болады:

   - Басты терезе (Delphi 6);

   - Стартты форма терезесі (Form 1);

   - Объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector)    (объектілер инспекторы);

    - Объектілер тізімін қарау терезесі  (Object Tree View объектілер бұтағын құру);

   - Код редакторы (Unit 1.pas).

      Басты терезеде меню командалары,инструменттер панелі және компоненттер палитрасы орналасқан.

           Ескерту:Бағдарламалық жасақтаманың жүйелік бағдарламалық жасақтама және қолданбалы бағдарламалық болып бөлінетіні белгілі.Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға – барлық операциялық жүйелер кірсе,алқалған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жасақтамаға жатады.Қолданбалы бағдарламалар қысқаша қосымшалар деп аталады.

          Object Inspector терезесі – объектілер қасиеттерінің ьәндерін редакциялауға арналған.Визуальды жобалау терминологиясында объект дегеніміз,бұл – сұхбаттық терезежәне басқару элементтері (енгізу/шығару өрісі,командалық батырмалар,ауыстырып-қосқыштар және т.б).

          Объект қасиеттері – объект түрін сипаттайтын,орналасу жағдайларын көрсететін  сипаттамалар.

      Мысалы, width – форма енінің өлшемі;

      Height – форма биіктігінің өлшемі;

      Top және left – форма экранға орналасуы.

      Caption – тақырып аты.

      Код редакторы терезесінде форма терезесін бір шетке ысырып қойып,бағдарлама мәтінін жаза беруге болады.Жаңа жобамен жұмысты бастауда код редакторы терезесі Delphi бағдарламасының үлгісін (шаблонын) қабылдайды.

 

1.3. Бірінші жоба

 

 

         Delphi мүмкіндіктерін және визуальды жобалау технологиясын көрсету үшін спортшыныңбелгілі бір аралықты жүгіріп өту жылдамдығын есептейтін бағдарлама құрастырамыз.

          Жаңа бағдарламамен жұмысты бастамас бұрын  Delphi-ді жүктеңіз.Егер сіз ол ортада жұмыс отырған болсаңыз және сізде басқа жоба таңдалған болса,онда File (файл) менюінен New/ Application (құру/қосымша) командасын таңдаңыз. 

 

            1.3.1.Форма

 

 

         Delphi-де жаңа жобамен жұбамен жұмыс жасау стартты форманы құрудан басталады.

         Бағдарламаны өңдеу кезеңіндегі сұхбаттық терезе форма деп аталады.

         Форманың және оның компоненттерінің қасиеттік мәндерін өзгерту және қарау үшін  Object  Inspector терезесі қолданылады.

     Форма қасиеттері:

    Name – форма аты.

    Caption – тақырып мәтіні.

    Width – форма ені.

     Height – форма биіктігі.

     Top – форманың жоғарғы шекарасынан экранның жоғары шекарасына дейінгі арақашықтық.

      Left – форманың сол жақ шекарасынан экранның сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.

      BorderStyle – шекара түрі (қарапайым,жіңішке болуы да,шекараның болмауы да мүмкін).

      BorderIcons – терезені басқару батырмасы.

      Icon – сұхбаттық терезеніңбас жағындағы жүйелік менюді шығару батырмасын белгілейтін белгі.

      Color – өң түсі.

      Font – қаріп.

     Форма көлемін меңзепрді (курсорды) қойып,тінтуірді (мышь) жылжыту арқылы өзгертуге болады.

         Форма құру үшін,алдымен қасиет мәнін Caption (тақырып) өзгертуге тура келеді. Біздің мысалымызда Form1 мәтінін «жүгіру жылдамдығына» ауыстыру қажет. Ол үшін Object Pascal терезесіндегі Caption жолына тінтуір батырмасыни әкеп шерту керек.

          Ескертпе! Экранндағы форманың орналасу тәртібі мен өлшемі және тағы да басқабасқару элементтері өлшемдері пиксель,яғни экранда нүкте түрінде көрсетіледі.

         Форма – бұл қарапайым терезе. Сондықтан оның көлемін басқа терзелердей тінтуір батырмасын басу арқылы шекарасынан ұстап алып жылжытып немесе орынын ауыстырып өзгерте аламыз.Өзгертіп болысымен  автоматты түрде Height  және Wigth қасиеттері мәндерінің  өзгеріп шыға келгенін байқаймыз. Олар форманың орнатылған өлшеміне сәйкес болмақ.Бағдарламаны жүктегеннен кейінгі сәйкес келеді,бұл Top мәнінің қасиетімен (экранның жоғарғы шекарасынан шегініс) және Left (экранның сол шекарасынан шегініс) қасиетімен анықталады.Бұл қасиеттердің мәндерін сонымен қатар форма терезесін тінтуірдің көмегімен ауыстыру арқылы беруге болады.

         Кейбір қасиеттерді таңдағанда,мысалы: BorlandStyle,қасиеттің ағымдағы мәнінің оң жағында тізімді ашатын белгтыі пайда болады.Мұндай қасиеттер мәндерін тізімнен таңдау жолымен беруге болады.Кейбір қасиеттері күрделі болады,яғни олардың қасиеттері басқа мәндер жиынтығының қасиеттерімен анықталады.Күрделі қасиет мәндерінің аттрының алдында «+» белгісі тұрады бұл белгіні басқан кезде қасиеттерді анықтайтын  тізім ашылады.

          Мысалы: BorderIcons қасиеті бағдарламамен жұмыс кезінде терезелерді қандай пернелердің басқаратынын анықтайды.Егер  biMaximize қасиетіне False мәнін меншіктесек,онда бағдарлама жұмысы кезінде «ашу» (жаю) батырмасы терезе басында көрінбейтін болады.

          Кейбір қасиеттер мәндерінің қатарынан үш нүктелі командалық батырмаларды көруге болады.Бұл деген сөз,қасиеттер мәндерін беру үшін қосымша сұхбаттық терезелерді пайдалануға  болады деген ұғым.

 

 

             1.3.2. Компоненттер

 

 

         Жүгіру жылдамдығын есептеу бағдарламасына қолданушы мынадай бастапқы деректерді енгізу керек: арақашықтық ұзындығы және уақыт.Мұндай бағдарламаларда деректер кілтжиыннан редакциялау өрісіне енгізіледі: сондықтан да  Edit  редакциялау өрісінің компонентін формаға қою қажет.

     Көп пайдаланылатын компоненттер Standart салымында орналасқан.

      Формаға компонент қосу үшін компоненттер политрасынан сол компонентті таңдап, оның пиктограммасында тінтуірдің сол жақ пернесін басамыз. Әрмен қарай тінтуір көрсеткішін форманың сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырып,тағы бір рет шерту керек. Нәтижесінде формада стандартты өлшемді компонет пайда болады.

          Компонет өлшемін формаға қосылу барысында беруімізге болады. Ол үшін палитрадан компонентті таңдап алғаннан соң тінтуір көрсеткішін форма компонентінің сол жақ жоғарғы бұрышына басып, тінтуір батырмасынан қолды алмастан компоненттің оң жақ төменгі бұрышындағы нүктеге апарып батырманы жіберу қажет. Сонда формада керекті өлшемді компонент пайда болады.

           Delphi-дегі әрбір компонентке ат беріледі,ол  өз кезегінде компонент және оның реттік нөмірінен тұрады. Қолданушы Name  қасиетінің мәнін өзгерту арқылы компонент атын өзгерте алады. Қарапайым бағдарламаларда компоненттің аттары өзгертілмейді.

           Edit редакциялау өрісінің екі компоненті қосылғаннан кейінгі форма түрі берілген. Компоненттердің бірі ерекше белгімен белгімен белгіленген. Белгіленген компонент қасиеті  Object Inspector  терезесінде көрсетіледі. Басқа компонент қасиетін көргіңіз келсе, тінтуірдің сол жақ батырмасын компонентке апарып шерту керек. Компоненттер аттарын  Object TreeView терезесінде немесе Object Inspector терезесінен таңдауға болады.

     Компоненттің  орналасуын және өлшемін тінтуір  арқылы өзгертуге болады.

     Компоненттің  жайын өзгерту үшін,тінтуір көрсеткішін  оның көрінісіне орнату керек,  тінтуірдің сол жақ батырмасын  басып тұрып, компоненттің контурын  форманың қажетті нүктесіне орнатуға  болады. Сол кезде Left және Top  қасиеттерінің мәндері (компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышының координатасы) көрсетіледі.

          Компоненттің өлшемін өзгерту үшін, оны белгілеп алу керек, тінтуірді маркердің үстіане апарып, сол жақ батырмасын басу арқылы компонент шекарасын өзгертуге болады. Нәтижесінде  Height және Width  қасиеттерінің ағымдағы мәндері көрсетіледі.  

         Object Inspector  арқылы компоненттің қасиетін және форма қасиетін өзгертуге болады. Object Inspector  терезесінде керекті компоненттің қасиеті пайда болуы үшін, бұл компонентті белгілеп алу керек (тінтуірді оның бейнесіне әкеліп басу қажет). Сондай-ақ, Object Inspector терезесінің жоғарғы жағындағы құлап ашылатын тізімнен  Object  TreeView терезесінен компонентті таңдауға болады.

          Компонент өлшемдерін өзгерткенде Height және Width  қасиеттерінің ағымдық мәні өзгеріп шығады.

   Edit1 компоненті – арақашықтық ұзындығын енгізуге арналған.

    Edit2 компоненті – уақытты енгізу үшін белгіленген. Екі компоненттің де Text қасиетінің мәні бос жол болып қалады.

          Бағдарламаның терезесінде редакциялау өрісінен басқа, бағдарлама туралы және енгізу өрісінің қызметі туралы қысқаша мәлімет болуы керек. Формаға мәтінді шығару  үшін  шығару өрісі пайдаланылады. Мәтінді шығаратын өріс – бұл Label компоненті. Label компонентінің белгісі  Standart  салымында орналасқан. Label – дің төрт компонентін қосу қажет.

          Бірінші өріс – ақпараттық хабар шығаруға арналған,екінші және үшінші өрістер – енгізу өрістерінің қызметтері туралы мәлімет шығаруға арналған, төртінші өріс – жылдамдық туралы нәтижені шығару үшін белгіленген.

         AutoSize және WordWrap қасиеттеріне назар аударыңыз. Егер де шығару өрісі бірнеше қатарды қамтитын болса, осы қасиеттерді пайдаланған жөн. Label  компонентін формаға қосқаннан кейін  AutoSize  қасиетінің мағынасы True мәніне теңеледі, яғни өріс өлшемі Caption қасиетінің мәнін өзгерткен кезде автоматты түрде өзгереді деген сөз. Егер де шығару өрісіндегі мәтін бірнеше жолды қамтысын десеңіз, онда  Label  компонентіне қосылғаннан кейін   AutoSize қасиетіне False мәнін, WordWrap қасиетіне – True мәнін беру керек. Сонан кейін Width және Height қасиеттерінің мағыналарын өзгертуге қажетті өлшемді беру қажет. Осы әрекеттерден кейін ғана Caption қасиетіне өріске шығатын мәтіндерді енгізуге болады.

           Форма құру кезінде – формаға  Есептеу (Вычислить) және Аяқтау (Завершить)  командалық екі батырмаларын  қосуымыз керек. Button командалық  компоненті формаға басқа компоненттер секілді қосыла бастайды. Button компонентінің белгісі Standart  салымында орналасқан.

          Форма қосымшасын құруды аяқтаған соң бағдарлама мәтінін жазуға кірісеміз. Алдымен бағдарламалау үшін өте қажет түсініктерді талдауымыз керек:

Информация о работе Delphi ортасының мүмкіндіктері