Архитектура компьютера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 13:45, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңде дербес компьютердің ғылымда, техникада, экономикада тіпті өндірістің кез-келген саласында кеңінен қолданыла бастауымен оның маңызы туралы айтып, ешкімді таңқалдыра алмайсың. Бұл салада тек білікті мамандар дайындау мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) және жүйелер адамның ойлап тапқан ең қиын аппартатық және программалық қамсыздандыруы.

Содержание работы

Кіріспе.
І. Сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері.
1.1 Есептеуіш техниканың даму тарихы, қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері.
1.2. Санау жүйесі, сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
1.3. Ақпаратты кодтау тәсілдері, компьютерде ақпараттың берілуі. Негізгі логикалық элементтер. Алгебра логикасының негіздері. Логикалық құрылымды синтездеу.
ІІ. ЭЕМ элементтері және түйіндері.
2.1 Элементтер құрылымы және қызметі. Орталық процессордың жалпы құрылымы. Орталық прцессордың негізгі элеметтері және қолданылуы.
2.2. Жады құрылымы және оны ұйымдастыру. Жады элеметтері, олардың қолданылуы, мүмкіндіктері және жұмыс жасау принципі. Компьтерлік жады құрылымы.
2.3.Үзіліс жүйесі. Үзіліс жүйесінің қолданылуы, жұмыс жасау принципі және ұйымдастырылуы. Енгізу-шығару жүйелері.
2.4. Интерфейс қолданылуы және мүмкіндіктері, компьютердің негізгі интерфейсі.
ІІІ. Перифериялық құралдары.
3.1 Перифериялық құралдарың техникалық мүмкіндіктері, құрылымы, қолданылуы. Перифериялық құралдар.
3.3. Ақпаратты бейнелеу құралдары.
3.2. Ақпаратты енгізу құралдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

2 курсовая готова.doc

— 7.41 Мб (Скачать файл)

 

 

Сурет – 3.5. Қақпағы ашылған қатқыл дискінің сыртқы көрінісі

Сурет – 3.6. Қатқыл дискінің құрылғыларының схемасы

 

Қатты магниттік дискі немесе винчестер, компьютермен жұмыс істегенде пайдаланатын информацияларды үнемі сақтауға арналған, оларға операциялық жүйе программалары, жиі пайдаланатын программалар пакеті, әртүрлі редакторлар жатады. Қазіргі винчестерлердің айналу жылдамдығы 3600-ден 7200-ге дейін айн/мин. Бұл беті жұқа металл пленкамен жабылған (мысалы, кобальт ) әйнек диск. Информацияның сиымдылығы 800 Мб-9 Гб. Кез-келген диск алғашында жұмысқа дайын болмайды. Оны жұмысқа дайындау үшін форматтау қажет.

Принтер. Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, техникалық мінездемесі.

Принтер ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша-ақ қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.

Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы – тек басу басиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бӛлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығады.

 

 

Сурет – 3.7. Сия бүріккіш (струйный) принтерлер түрлері

 

Матрицалық (инелі) принтер - басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетіне із қалдырады. Мұндай принтердің жұмыс принципі - металл инелерден тұратын басу головкасы басылатын жолдың бойымен қозғалуға негізделген. Инелер қажетті мезетте лента арқылы қағазды соғу нәтижесінде бейне алынады. Әрбір бейне жеке нүктелерден құралады. Боялған лента катушкаға оралған немесе арнайы қорабқа салынған болуы мүмкін. Матрицалық принтерлер арзандау, басу сапасы жоғары емес. Басу жылдамдығы орташа есеппен 1бет -1 минутта басылады. Матрицалық принтерлер түрлі-түсті емес, тек ақ және қара түсті болады.

 

Сурет – 3.8. Матрицалық принтер

 

Лазерлік принтердің басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Басу жылдамдығы орташа есеппен 1 минутта - 4 беттен 15 бетке дейін басып шығара алады. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.

 

Сурет – 3.9. Лазерлік принтерлер түрлері

 

CD-ROM ақпаратты енгізу құрылғысы. Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, техникалық мүмкіндіктері.

 

  СD- ROM ( Compact Disk Read Only Memory) – сиымдылығы 3 Гбайтқа дейін. Информацияны өте жоғары сенімділікпен сақтайды. (сақтау мерзімі 30- 50 жылға дейін). Дискінің диаметрі 5,25 және 3,25 дюим. Дайындау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен информация мастер дискіге дайындалады, тираждау матрицасын дайындайды. Жазу мен оқу принципі оптикалық. Магниттік дискінің жолдары концентрлік шеңберлерден тұратын болса, CD-ROM дискінің сыртқы шетінен ішіне қарай бағытталған спираль түріндегі бір ғана физикалық жолы бар. Компакт дискіден информацияны оқу лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асады.

 

 

Сурет – 3.10. CD-ROM ақпаратты  енгізу құрылғысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Песков С.А., Кузин  А.В. «Архитектура ЭВМ» М., Форум  – Инфра-мМ, 2006г. 

2. Тынымбаев СТ. Вычислительные машины, системы, комплексы и сети. Учебник для вузов. 2-ое издание. - Алматы: Рауан, 1997,-Зббс.

3. Жапарова Г.Ә. «Информатика негіздері» Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2006.

4. Симонович С, Евсеев  Г, Алексеев А. «Общая информатика» Инфорком-Пресс,1998

5. Камардинов О. «Информатика» Оқу құралы. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004.

6. Андердал Б. «Самоучитель WINDOWS 98» Изд. 2-е Питер 1999

7. Блэк Ю. Сети ЭВМ:  Протоколы, стандарты, интерфейсы. -М: Мир, 1990, -506 с.

8. Ларионов A.M., Майоров  С.А., Новиков Г.И. Вычислительные  комплексы, системы и сети. - Л.: Энергоатомиздат, 1987.

9. Новиков Ю.В., Карпенко  Д.Г. Аппаратура локальных сетей.  Функции, выбор, разработка. - М.: ЭКОМ, 1998, -228с. 

10. Олифер Н.В., Олифер В.Б. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. - СПб.: Издательство "Питер", 1999,-672с.

11. Пятибратов А.П., Гудыно  Л.П., Кириченко А.А. Вычислительные  системы, сети и телекоммуникации. Учебник - М.: Финансы и статистика, 2001, -512с. 

12. Сарыпбеков Ж.С., Трумов А.Ч., Курманов Б.К. Модели и методы проектирования ЛВС. Уч. пособие. - Алматы, КазПТИ, 1989, -106с.

13. СуперЭВМ. Аппаратная  и программная организация. Под  ред. С.Ферибаха. -М.: Мир, 1991,-320с. 

14. Тимоти Паркер. TCP/IP. Освой самостоятельно. - М.: БИНОМ, 1997.

 

 


Информация о работе Архитектура компьютера