Тунгус метеориті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:38, реферат

Описание работы

Тунгус метеороиды немесе Тунгус метеориті - гипотикалық дене, мүмкін шығу тегі кометалық, 1908 жылы 30 маусымда, жергілікті уақытпен сағат 7-ден шамамен 14,5 минут кеткенде Подкаменная Тунгуска өзенінің ауданындағы Ванавара ауылынан солтүстікке 60км, батысқа 20 км қашықтықта ауада жарылады және оның жарылыс қуаты 40-50 мегатонна болды. Бұл дегеніміз жарылыстың энергиясы қутты сутектік бомбаның күшіне тең.

Файлы: 1 файл

Тунгус метеороиды немесе Тунгус метеориті.doc

— 201.00 Кб (Скачать файл)

Тунгус метеориті

 

     

 

   Тунгус метеороиды  немесе Тунгус метеориті - гипотикалық дене, мүмкін шығу тегі кометалық, 1908 жылы 30 маусымда, жергілікті уақытпен сағат 7-ден шамамен 14,5 минут кеткенде Подкаменная Тунгуска өзенінің ауданындағы Ванавара ауылынан  солтүстікке 60км, батысқа 20 км қашықтықта ауада жарылады және оның жарылыс қуаты 40-50 мегатонна болды. Бұл дегеніміз жарылыстың энергиясы қутты сутектік бомбаның күшіне тең.

  

    

 

 

                                      Тарихы

 

 

   Азанда шамамен сағат 7-де Енисей бассейнінің территорясынан оңтүстік шығыстан солтустік батысқа қарай отты шар ұшып өтеді. Метеорит жермен соқтығыспай атмосферада  7-10 км биіктікте, тайганың адам қоныстанбаған ауданында жарылады. Жарылыс толқыны бүкіл дүние жүзіндегі обсерваториялармен бекітілді, олардың ішінде батыс жарты шар обсерваториялары да бар. Жарылыс    нәтижесінде 2000  км²[ астам территориядағы талдарды жермен жексен етеді. Жарылыс эпицентрінен бірнеше 100-ген км қашықтықтағы үйлердің терезелері сынады. Бірнеше күн бойы Атлантикадан орталық Сібірге дейінгі территорияда аспанның қарқынды сәуле таратуын және жарық беріп тұрған бұлттар бақыланды. Апат болған ауданға бірнеше зерттеу экспедициялары жіберілді. Экспедициялар 1927 жылы Л. А. Кулик бастаған экспедициядан бастау алады. Тунгус метеоритінің гипотикалық бөлшектері мардымсыз мөлшерде табылады. Бірақ микроскопиялық силикатты және магнетитті шариктер анықталады, және кейбір элементтердің көп мөлшерде болуы, оның  шығу тегі космостық екенін көрсетеді.

                       

                             Апаттың барысы

 

 

   Апаттың болуына 3 күн қалғанда, 1908 жылдың 27 маусым айынан бастап, Европада, Ресейдің Европа бөлігінде және Батыс Сібірде ерекше атмосфералық құбылыстар байқала бастаған: күмістей бұлттар, жарық алакөлеңкелер, күннің айналасында жарқыраған сақиналар. Британ астрономы Уильям Деннинг былай жазған: маусым айының 30 күні түнде Бристол қаласының аспаны жарық болғаны соншалық, жұлдыздар мүлде көрінбеді;  аспанның солтүстік бөлігі қызғылт түске боялды, ал шығыс бөлігі жасыл түске боялды дейді. 1908 жылы 30 маусым күні азанда Орталық Сібірдің үстінен солтүстік бағытқа қарай отты шар ұшып өтті. Оның ұшқаны сол жердегі көптеген ауылдарда бақыланды және найзағай секілді күркіреген дауыстар естілген. Дененің пішіні домалақ секілді суреттеледі, сфералық немесе цилиндрлі пішінде. Түсі – қызыл сияқты, сары немесе ақ. Түтін ізі болмаған, бірақ кейбір көргендердің айтуы бойынша дененің артынан түрлі түсті жолақтар жазылып  жатқан. Жергілікті уақытпен сағат 7-ден 14 минут кеткенде Подкаменная Тунгуска өзеніне жақын Оңтүстік батпақты даланың үстінде дене жарылады.

 

 

                        Апаттың зардаптары

 

 

   Тунгус метеоритінің жарылысы эпицентрдан 800 км қашықтықта естілді. Жарылыс толқынымен 2100 км² жерді алып жатқан орманды құлатты. Радиусы 200 км қашықтықтағы үйлердің терезелері сынды. Жарылыстан кейін көп ұзамай магнитті дауыл басталады, дауыл 5 сағаттан кейін ғана тынышталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тунгус метеориті