Ғылыми прогресс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 14:14, реферат

Описание работы

Ғылыми прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

Файлы: 1 файл

Ғылыми прогресс.docx

— 27.52 Кб (Скачать файл)

     Ғылыми прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

    16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.    Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.

       Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.[1] [2]

    Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

       Қоршаған ортаның ластануы- дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да  жатады.

   Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері  бойынша  жіктеледі:

•    шыгу  тегі  бойынша:

табиғи  және  жасанды  (антропогенді);

•    пайда  болу   көзіне  байланысты:

а) өндірістік,   ауыл   шаруашылық,   транспорттық және  т.б.;

б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсін орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар  мен  мемлекеттерден  енетін);

• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

• қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және   оның   әр   түрлі   құрам   бөліктері   (әлемдік   мұхит,   тұщы   су, жер  асты  сулары,  өзен  сулары  және  т.б.);

•   әсер   ететін   жеріне   байланысты:   қала   ортасы, ауыл   шаруашылық   ортасы,   өнеркәсіп   орындарының  ішінде,  пәтер  ішінде  және  т.б.;

•   әсер  ету   сипатына   байланысты:   химиялық   (химиялық    заттар    мен    элементтер),    физикалық (радиоактивті,      радиациялық      жылулық,      шу, электромагниттік),  физико-химиялық   (аэрозолдер), биологиялық  (микробиологиялық  және  т.б.);

•   әсер   етудің   периодтылығына байланысты: бірінші ретті     (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты  құбылыстардың  өнімдері); тұрақтылық  дәрежесі   бойынша:  өте  тұрақты   — жүз   және   мың  жыл  тұратын   (азот,  оттегі,  аргон  және  басқа  инертті  газдар), тұрақты  —  5—25 жыл  (көмірқышқыл   газы,  метан,  фреондар),  тұрақсыз  (су   буы,  көміртегі  тотығы,  күкіртті   газ, күкіртсутек,   азоттың   қостотығы,   озон   қабатындағы  фреон).

     Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалуға болады: қоршаған ортаға, түсетін көлеміне,  тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы:    көмірқышқыл    газының    қолайсыз    эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлемше және үш сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы  қамтамасыз  етеді.

      Өндірілетін ресурстардың тек 2—3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар  (бос  жыныс,  шлактар  және  т.б.).

    Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын  олардың  саны  бірнеше  мыңға  артып  отырады.

     Жер бетіндегі адам мекен ететін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхит бетінің 15—25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қаупін төндіріп отыр.

    Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңын кеңістігінде қосымша энергияның  жиналуымен  байланысты.                                                                                                                                                                

   Биосфераның жылу балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20—30% — ға жейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1—30С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе   жылулық   дағдарыс   жағдайына   өтуіне  соқтыруы  мүмкін.


Информация о работе Ғылыми прогресс