Экология және тұрақты даму пәнінен бақылауға дайындалу кезінде көмектесетін анықтама құрал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 16:18, контрольная работа

Описание работы

Экология ( лат.оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экологияғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды.

Файлы: 1 файл

Ekologia-Ekzamen.docx

— 286.28 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк— ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

 

  1. Гені модификацияланған организмдердің пайдалы, зиянын жақтарын  және  ҚР орнын көрсетіңіз;

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып  табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін  қосу нәтижесінде  біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе,  күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған  солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге  не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі  колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге,  бір пішінді  бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді  қосуға болады. Сонымен,  ғалымдар  дақылдардың  өнімділігін арттыру үшін  олар зиянкестерге төзімді болу үшін  аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.Ең кең таралған  гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады. ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп , адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша  ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша  ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады. Қазіргі кезде  гендерді орналастырудың кең таралған  түрі бар. Біріншісі-биобаллистикалық пушка. Онда  алтынның микробөліктерін немесе гендер жағылған  гендермен жасушаны атады. Мұндай жағдайда қанша жаңа гендер орын ауыстырғанын білу мүмкін емес. Екіншісі-ең кең таралған  және өте қауіптісі плазмид арқылы генді енгізу. Онда ісік түзуші бактериялар қолданылады. Неміс ғалымдары ГМ азықтан плазмидалардың тұқым қуалайтынын анықтаған.

 

  1. Техногенезді дамудан тұрақты даму типіне көшудегі негізгі қажеттілікті Каспий көлінің жағдайымен түсіндіріңіз

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің  шаруашылық саласында атқаратын  маңызы өте зор. Сонымен қатар  сол маңдағы шөлді алапқа ылғал  әкелуші су айдыны ретінде де үлкен  рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ


Информация о работе Экология және тұрақты даму пәнінен бақылауға дайындалу кезінде көмектесетін анықтама құрал