Биологиялық және ландшафттық түрлілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 18:29, реферат

Описание работы

Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.
Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.

Файлы: 1 файл

Биологиялық және ландшафттық түрлілік.docx

— 43.45 Кб (Скачать файл)

Республика территориясындағы аласа таулы аймақтарға онша биік емес тау сілемдері мен Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 1900 – 2100 м – ге дейінгі бөліктері жатады. ласа тау сілеміне Маңғыстау, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Қызылтас, Баянауыл, Ерейментау, Шыңғыстау, Қаратау, Шу Іле Қалба тау жоталары да кіреді.Бұлардың Маңғыстаудан басқасы палеозой эрасында өткен каледон және герцин қатпарлану кезеңдерінде түзілген.Мезозой мен кайнозой эраларында сыртқы күш әрекетінен үгіліп,мүжіліп тегістелген,қазіргі Сарыарқа тау жоталарының жүйесі қалыптасқан. Маңғыстау тауы мезозой эрасындағы киммериялық қатпарлануда түзілген. Ол да бор, палеоген дәуірлерінде тегістелу процесіне ұшыраған.Неогенде басталған альпілік орогенез Қазақстандағы барлық таулардың жаңарып қайта көтерілуіне себепші болады.Бірақ неотектоникалық қозғалыстардың қарқыны аласа тауларда өте баяу өтуде.Қазақстандағы аласа таулардың геологиялық құрылысы бір – біріне өте ұқсас,көбіне метаморфтанған палеозойлық тақтатастан,құмтастан,кварциттен,мәрмәрленген әктастан,гранитті,гранитоидты интрузиядан,жанартаулы эффузивтерден тұрады.Тек Маңғыстау таулы ғана пермь,триас дәуірлерінің метаморфтанған құмайтты,тақтатасты және конгломератты жыныстарынан түзілген.Бұлардың қазіргі жер бедері аридті денудациялық жолдармен түзілген,ұсақ шоқылы тау бастарының,текшеленген беткейлердің және тау алды еңісті жазықтардың тізбегінен тұрады.35 Аласа таулардың шөл типтес ландшафтылар Маңғыстау таулары мен Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500-700 м-ге дейінгі тау жоталарында, тау алды, тау іші жазықтарында тараған. Бұл жерлерде табиғи ландшафтылар өте құрғақ континентті климат жағдайында қалыптасқан мен эфемероиттардың ғана көктеп, өсуіне қолайлы. Жазы ыстық, құрғақ, ұзаққа созылады. Ол кейбір жылдары екпе дақылдарға орасан зор зиян келтіреді. Климаттың құрғақшылығын орташа жылдық жауын –шашынның 150 мм-ден аспайтындығы дәлелдейді. Жауын – шашыны көбіне жерортатеңіздік сипатта түседі. Энергиялық байлықтың мол қоры болғанымен, ылғал баллансының кемдігіне байлан,ысты ландшафтының құрамдас бөліктері онша жақсы жетілмейді. Рас, таудан бастау алатын, Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепесі сияқты өзендер шөл зонасындағы суармалы егістіктің көлемі кеңейіп, оазисі ландшафтының түзілуіне себепші болып отыр. Олар, әсіресе, соңғы жылдарда ғана шөл зонасының ландшафт құрылымынан орын алады.

Аласа таулардың шөл типтес ландшафтысының таралуына жер бедері мен топырақ жамылғысын түзуші жыныстардың литологиялық құрамы үлкен ылпал етеді. Жыныстарының литологиялық құрамына қарай саз балшықты, саздақты және тасты шөлдер болып бөлінеді. Ландшафттық карта жасау кезінде аласа таудағы шөл типтес ландшафт доминанттарының төмендегідей тізбектерден тұратыны анықталды. 1) Сұр қоңыр және сұр топыраққа өсетін сораң шөпті, жусанды эфемерлі – жусанды, баялышты – жусанды, бұйырғынды өсімдік жамылғылары тараған тау іші саз балшықты көлтабанды, көлтабанды – аллювийлі жазықтар; 2) теріскен, шағыр, жүзгін, жыңғыл және сексеуіл өскен құм бұйраттары мен шағылдар; 3) көкпекті, қара жусанды – көкпекті, бұйырғанды – көкпекті, эфемерлі –көкжусанды, баялышты –көк жусанды, күйреуікті – көк жусанды және изенді өсімдік топтары тараған сұр топырақты тау алдындағы еңіс келген саздақты жазықтар;4) тас бұйырғанды, бұйырғанды, сексеуілді жамылғылар өскен сұр қоңыр топырақты малта тас аралас саздақты адырланған тау бөктерлері;5) көк жусанды, эфемерлі – көк жусанды, баялышты - көкжусанды, күйрекікті – көкжусанды изенді жамылғылар өсетін сұр топырақ дамыған малта тас аралас саздақты төбелі - жонды тау бөктері; 6) баялышты – қара жусанды, баялышты – бұйырғанды, қара жусанды өсімдік тараған топтары тарайтын қоңыр түсті топырақ дамыған қиыршық тасты аласа таулар. Аласа таулардағы көл маңында, өзен өренінде, ыза сулы жерлерінде және басқа су көздерінде гидроморфты сипаттағы интразональды ландшафты тараған. Оларға жататындар: 1) дәнді шөптесіндер мен көк жусанды шилі, ажырықты өсімдік жамылғылар өсетін шалғын топырақ дамыған саздақты аллювийлі жазықтар; 2) қамысты қона ; 3) әр түрлі шөптесіндер мен дәнді шөптесінді шалғындар, қорысты тоғайлар өсетін аллювийлі топырақ дамыған саздақты өзен жайылымдары; 4) өзен бойындағы шұраттар мен тартпа сорлар, борықты сорлар, қатқылды сорлар және тақырлар. Аласа таулардың шөл типтес ландшафтысы өрісті мал жайылымына қолайлы. Гидроморфты шалғындарда шалғындықтар бар. Тау іші, тау алды жазықтарының суармалы егістікке жарамды жерлерін толығынан оазисті ландшафты алып жатыр.

Аласа таулардың дала және орманды дала типтес ландшафтылары. Мұғалжар, Ерейментау сілемдері мен Алтай, Сауыр,Тарбағатай, Жоңғар Алатау, Тянь – Шань тауларының 1600-1800 биіктігіне дейін тараған. Қаратауда, Шу - Іле, Қалба тау жоталарында 1200-2100 м биіктікке дейін көтерілген. Жер бедері ұсақ шоқылардан, тау жоталарынан және текшелі тау бөктерінен тұрады. Өсімдіктері әртүрлі шөптесіндер, дәнді шөптесіннен, қараған, тобылғы, ырғай, итмұрын сияқты бұталардан құралған. Тау шатқалдарына орман шоқтары өскен. Жануарлар дүниесінде түрлі тышқан, борсық, қасқыр, түлкі жиі кездеседі, үкі, ителгі, бөктергі құстары тіршілік етеді. Аласа тауларда дала ландшафтысымен орманды дала қатар дамыған. Дала ландшафтысы тип құрайтын доминанттар болып саналады. Оларға жататындар: таулы қара топыраққа әр түрлі шөптесін мен дәнді шөптесін топтары тараған саздақ жынысты жамылғысы бар таулы жоталар; күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа көделі – бетегелі, бұталы - бетегелі – селеулі өсімдік топтары дамыған лесс немесе саздақ жыныс қабаты мен жамылған қиыршық тасты төбелі – жонды тау бастары; жұқалтаң таулы қызыл қоңыр топыраққа бұталы - селеулі - бетегелі өсімдіктер өскен қиыршық тасты, жар тасты ұсақ шоқылар; күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа көделі – бетегелі , бұталы – бетегелі жамылғы тараған малта тас пен саздақтан түзіліп сай –саламен тілімденген текшелі тау бөктері; қызыл қоңыр топыраққа бұталы – жусанды – бетегелі өсімдіктер саздақпен көмілген жартасты, қиыршық тасты, сай-салалы жонды бұйраттар; таулы қара топыраққа өскен жусанды - бетегелі жамылғысы бар малта тасты, қиыршық тасты және саздақты тау іші жазықтар. Аласа таулардың шатқалдары мен сай - салаларында тал, терек, қайың және жеміс ағаштары аралас, бұталы, қорысты тоғайлар өскен субдоминантты ландшафт кездеседі.

Биіктігі орташа таулардың далалы ландшафт типінің таралу шегі 800 – 1300 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі абсолют биіктігі бойынша анықталады.Ландшафты белдеуі шектерінің биіктігіндегі көріністің айырмасы 200 – м – ге тең.Ландшафтының бұл типі жусанды дәнді шөптесін өскен құрғақ далалы және дәнді шөптесін мен түрлі шөптесін өскен қоңыржай ылғалды далалы белдеуден тұрады.

Қоңыржай ылғалды далалы ландшафт белдеуі абсолют биіктігі 2000 – 2200 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі тау беткейлеріндегі, тау жоталарында және тау іші жазықтарында орналасқан.Бұл жерлерге жауын – шашын мол түседі, кейде 500 – 600, 600 – 800 мм – ге дейін жетеді.Қоңыржай ылғалды далалы ландшафт белдеуінің күнгей беткейлі және теріскей беткейлі түрлері бар.Күнгей беткейлі түрі Талас және Қырғыз Алатауында дамыған. Ландшафтыларының биогенді құрамдас бөліктерін қиыршық тас араласқан саздақты негізде қалыптасқан қара сұр және таулы – далалы топырақта өсетін әр түрлі шөптесін мен қырғыз бозынан, жүлгелі бетегеден құралған өсімдік жамылғысы құрайды.Теріскей беткейлі қоңыржай дала ландшафт белдеуі Қазақстанның таулы аймақтарының бәріне де дамыған.Ландшафтысының құрылымдық бөліктері қиыршық тас араласқан саздақты жынысты негізінде қалыптасқан күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа өскен бетегелі – бұталы әр түрлі шөптесін және бетегелі бозды әр түлі шөптесін өскен төбелі қырқадан, тау жотасының жонынан, таудың қара топырағына өскен дәнді шөптесінді - әр түрлі шөптесін, бұталы әр түрлі шөптесін өскен жатық беткейлерден, жонды қырқалардан, таулы – далалы және таулы – шалғынды қара топыраққа өскен әр түрлі шөптесінді – дәнді шөптесін өскен тау іші жазықтарынан тұрады.

 


 

 

  • Қазақстан Республикасының қорықтары


Информация о работе Биологиялық және ландшафттық түрлілік