Қазақстандағы өнеркәсіп орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 16:46, реферат

Описание работы

Азот түк зауыты – Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорын. Қазақстандағы аммиакты және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз өндіруші зауыт. 1969 жылы пайдалануға берілген. 73 ғимараттан тұратын алаңының аумағы 1,15 миллион. м2. Зауыт аммиакты, көмірқышқыл газын, жеңіл азот қышқылын, аммиакты селитра өнімдерін шығарады. Құрамына аммиак, азот қышқылы және күрделі минералды тыңайтқыштар өндірістері, сонымен қатар қосымша цехтар мен қызметтер (энергия цехы, бақылап-өлшейтін құралдар және автоматика цехы, жабдықтарды орталықтандырып жөндеу цехы, көлік жөндеу, су дайындайтын цехтар) кіреді. Аммиак цехы 1978 жылы іске қосылды.

Файлы: 1 файл

Атырау мұнай және газ институты.docx

— 27.67 Кб (Скачать файл)

  Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол   Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды [1]. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.  Соңғы зерттеу деректеріне сүйенсе кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81 %), «ҚазМұнайГаз» (16,81 %), Total (16,81 %), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81 %), ConocoPhilips (8,4 %), INPEX ( 7,56 %) компаниялары кіреді. 

Кен орнына ХІХ ғасырда Маңғыстау  облысында дүниеге келген қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген.

Өзен газмұнай кеніші — Маңғыстау облысы Ерәлиев ауданында орналасқан кеніш. Кеніш 1961 жылы Өзен-Жетібай тектоникалық сатысының арқа бет бөлігінде ашылған. Ол ірі брахиантиклинальдық қатпармен ұштасқан. Мұнайындағы күкірт құрамы жоғары (0,2%)

 1.Атырау мұнай өңдеу зауыты .

Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай  өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық Компаниясы» акционерлік  қоғамының еншілес кәсіпорны  болып табылады. Ол Каспий теңізінің  солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта  өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан  «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар  негізінде салынды. Зауыт негізінен  парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

2. Иманқара мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші — Атырау облысы Жылыой ауданында, аудан орталығы Құлсары поселкесінен солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым қашықтықта орналасқан. Алынған деректер бойынша кеніштегі пайдалы қазбаның мөлшері 1 миллион тонна шамасында.

3.Мартыши газмұнай кеніші — Атырау облысының Исатай ауданында, Атырау қаласынан батыста 76 шақырым қашықтықта орналасқан. Газмұнай кеніші тұзкүмбез құрылымында жинақталған. Мартыши газмұнай кеніші 1962 жылы ашылып, 1968 жылы «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына пайдалануға берілді.

4. Орталық және Шығыс  Прорва мұнайгазконденсат кеніші — Атырау облысы Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта Батыс Прорва кенішінің қасында орналасқан. Кеніш 1961 жылы Өзен-Жетібай тектоникалық сатысының арқа бет бөлігінде ашылған. Ол ірі брахиантиклинальдық қатпармен ұштасқан. Мұнайындағы күкірт құрамы жоғары (~1%)

5. Теңіз мұнай кеніші — Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі. Атырау облысының Жылыой ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылғы 18 желтоқсанда ашылып, 1991 жылы сәуір айында пайдалануға берілді. Кеніш төбесі жайпақ антиклинальдан тұрады. Мұнайы күкіртті. Геологиялық құрылымы әлі толығымен зерттеліп біткен жоқ. Еркін газы 603 м3/т. Мұнайдың тығызд. 0,817 г/см3, күкірті 0,5%, парафині 22%, күкірт қышқылды шайыры 4%.

6. Қарамұрат мұнайтаушайырланған жыныстар кеніші — Атырау облысының Жылыой ауданында, Иманқара тауынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан кеніш. 1927-1981 жылдары зерттеу жұмыстары жүргізілген, бірақ құрылымы әлі толық анықталып біткен жоқ. Кеніштегі таушайырланған жыныстардың жалпы көлемі 1,2 миллион тоннаны құрайды.

7. Қарашүңгіл мұнай кеніші — Атырау қаласының оңтүстік-шығысында 310 шақырым қашықтықта орналасқан. Жылыой ауданының орталығы Құлсарыдан 70 шақырым жерде. Алғашқы геологиялық зерттеулер 1860 жылдары жүргізілген. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тарихы осы Қарашүңгілден бастау алады.

 8. Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол   Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды [1]. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.  Соңғы зерттеу деректеріне сүйенсе кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81 %), «ҚазМұнайГаз» (16,81 %), Total (16,81 %), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81 %), ConocoPhilips (8,4 %), INPEX ( 7,56 %) компаниялары кіреді. 

Кен орнына ХІХ ғасырда Маңғыстау  облысында дүниеге келген қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген.

9.Өзен газмұнай кеніші — Маңғыстау облысы Ерәлиев ауданында орналасқан кеніш. Кеніш 1961 жылы Өзен-Жетібай тектоникалық сатысының арқа бет бөлігінде ашылған. Ол ірі брахиантиклинальдық қатпармен ұштасқан. Мұнайындағы күкірт құрамы жоғары (0,2%)

10. Атырау машина жасау зауыты , Петровский атынд. — мұнай кәсіпшілігіне және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті аспаптар мен қосалқы бөлшектерді, насостар, балшық араластыратын машиналар, тракторлардың қосалқы бөлшектерін т.б. шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1921 ж. “Ембімұнай” тресінің мех. шеберханасы негізінде мех. зауыт болып құрылған. 1941 ж. қазан айында Донбастан көшірілген Петровский атынд. зауытпен біріктірілді. Зауытта токарлық станоктар, 8 шпиндельді оймалауыш, жартылай автоматты станоктар, сегментті араларды қайрайтын жартылай автоматтар, жоғары өнімді престер т.б. жабдықтар өндіру игерілген. 1985 жылдан бастап автоматтандырылған желілер, металл өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары (престеу, қалыптау, автоматты түрде пісіру, металдарды дайындау мен дәл пішу тәсілі) енгізілді. Зауытта 1995 ж-дан бастап еліміздің мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-саймандарды шығару қолға алынды.

11.Полипропилен (Атырау  химия зауыты) - мұнай химиясы саласындағы кәсіпорын, акционерлік қоғам. Құрылысы 1950 ж. басталып, 1966 ж. алғашқы полиэтилен шығара бастады. Негізгі шығаратын өнімдері: полиэтилен мен төменгі қысымды полипропилен, халық тұтыну тауарлары, пиролиз шайыры т.б. 1977 ж. тұңғыш рет полипропилен өндіру жүзеге асырылды. 1966-95 ж.ж. өндіріске полимерлі композицияның жаңа 30 түрі енгізілді.

 


Информация о работе Қазақстандағы өнеркәсіп орындары