Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 12:27, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. «Қоршаған ортаның ластануы» ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар
1.1 Қоршаған ортаның ластануы
1.2 Табиғи ортаның ластануы мен классификациясы
2 Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы
2.1 Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар
2.2 Атмосфералық ауаның ластануы
2.3 Су ресурстарының ластануы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая Ризагуль.doc

— 589.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар

 

1.1

Қоршаған ортаның ластануы

5

1.2

Табиғи ортаның ластануы мен классификациясы

7

2

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы

 

2.1

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар

15

2.2

Атмосфералық ауаның ластануы 

16

2.3

Су ресурстарының ластануы

19

 

Қорытынды

23

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Тақырыптың өзектілігі. «Қоршаған ортаның ластануы» ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады.

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.

Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.

Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:

- төтенше жағдайлардың алдын  алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  жүйесін дамыту;

- 2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында  қызған газдардың шығарындыларын  төмендету;

- су үнемдеу;

- шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;

- халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық  апат аймақтарының жерлерің шаруашылық  мақсатқа пайдалану;

- байырғы ластануларды жою;

- өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды  басқаруды жетiлдiру;

- әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық  жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды  іске асыру жоспарланғанын айта  кету керек.

Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген. Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) көрініс тапты.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде:  қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, қоршаған ортаны ластайтын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол жетімді технологиялар негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде басшылыққа алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру жолымен жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қолайлы деңгейге қол жеткізу көзделген.

Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар нормативтер әзірлеп бекіту қарастырылған.

Жұмыстың мақсаты - қоршаған ортадағы ластаушы заттар негізделген ұсыныстар беру.

Зерттеудің міндеттері:

- қоршаған ортаға түсіп жатқан  немесе адам мен табиғатқа  зиянды әсерлердің нәтижесінд  пайда болып жатқан заттарді ашып көрсету;

- Қазақстан Республикасында қоршаған  ортаның жағдайы туралы анықтау.

 

 

 

 

 

1 Қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар

 

 

1.1 Қоршаған ортаның ластануы

 

Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор.

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Қоршаған орта әлеуметтік қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы табиғи шарттарымен түсіндіріледі. Қоршаған табиғи ортаның элементтері болып – атмосфера, гидросфера, литосфера (Жердің жоғарғы қабаты, жерасты сулары, пайдалы қазбалар), флора және фауна саналады. Қоршаған орта элементтерінің бір бөлігі олардың мүмкіншіліктерінің қолдануын есепкеалынуымен қоса қоғамның табиғи ресурстарын құрайды. Табиғи ресурстармен қамтылу – бұл ел экономикасы жағдайын бейнелейтін, маңызды көрсеткіштердің бірі саналады. Табиғи ресурстар қоғамдық өндірістегі айналымға араласқанын және араласпағанын анықтайды. Араласпаған табиғи ресурстар қоғамның потенциалдық байлығына қатысты болады. Экономикалық айналымға араласқан табиғи ресурстар улттық байлықтың құрамына кіреді және еңбек ресурстарымен бірге өндірістің маңызды факторы саналады. Табиғи ресурстардың болмауынан немесе сапаның нашарлығынан, кейбір ресурстардың тоқтамастан көп жұмсалып отыруының өсуі байқалады.

Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді.

Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады.

Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.

Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:

- қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;

- қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).

Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді.

Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды.

Бұл классификациялау - ластаушы заттарін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

  • сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
  • инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
  • өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
  • органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
  • шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
  • радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді  деп атайды.

Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды.

Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.

Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды.

Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогенді де (қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.

Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы).

Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;

- адамдардың іс - әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар;

- бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:

  • биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
  • механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің 
    нәтижесінде ластануы.

Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі.

Физикалық ластану - бұл бес түрге бөлінеді:

- өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы 
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды;

- жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілік ету жағдайының өзгеріске үшырауы;

- шу, дабыл нәтижесінде;

- электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

- радиоактивті ластану.

Микробиологиялық ластану - адамның тіршілік етуі барысында, 
антропогенді  жүйелерде  немесе  ортада  әр түрлі ауру тарататын  зиянкес 
организмдердің көбеюі.

Қоршаған ортаның ластануы - кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесе құрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің - зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.

 

 

Информация о работе Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның жағдайы туралы