Ұжымдағы жеке адам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 12:38, статья

Описание работы

Ұжымдағы жеке адамның тұлға ретінде дамуы оның «өмірлік жолының» жалпы контексінде жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол «белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының» тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан өзгерістермен байланысты. «Өмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас ерекшеліктік сатыларына өз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама, қазіргі уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар өмірлік жолдың кезеңдері сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі және мектеп шағындағы балалық».

Файлы: 1 файл

ұжымдағы жеке адам тұлғасы.docx

— 23.72 Кб (Скачать файл)

                                  Ұжымдағы жеке адам

Ұжымдағы жеке адамның тұлға ретінде дамуы оның «өмірлік жолының» жалпы контексінде жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол «белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының» тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың  белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан өзгерістермен байланысты. «Өмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас ерекшеліктік сатыларына өз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама, қазіргі уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар өмірлік жолдың кезеңдері сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі  және мектеп шағындағы балалық».

  Ұжымдағы жеке тұлғаның  «индивидті әлеуметтендіру» процесі  ретінде дамуы отбасының, жақын  қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік  жағдайында, аймақтың, мемлекеттің  белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық  жағдайында,  өзі соның өкілі  болып табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің  жағдайында жүзеге асырылады.  Бұл  тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, өмірлік жолдың  әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап  өткендей,   баланың өзіндік  қатынасы мен оны қоршаған  әлеуметтік өмір шындығының қатынасы  ретінде дамудың белгілі әлеуметтік  жағдаяттары қалыптасады. Л.С. Выготский  бойынша, дамудың әлеуметтік жағдаяты  «тұлғаның жаңа қасиеттерін бойына  сіңіру үшін бала бағыт ететін  жолдар мен формаларды толығымен  анықтайды, ол оны дамудың негізгі  көзі - әлеуметтік өмір шындығынан  алады, бұл әлеуметтіктің индивидуалды  болатын жолы».

Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. Л.И. Божович баланың тұлғалық дамуының бес жас ерекшеліктік кезеңдерінің ішінде  талдауын келтіреді. «Бірінші өмір жылында ең басты, яғни тұлғалық жаңа қасиеттер болып қоршаған ортаның әсер етуіне қарамастан баланың мінез-құлығын тудыратын аффектті қуатталған көріністердің пайда болуы саналады» Л.И. Божович бұл көріністі «түрткі болушы» деп атаған. Оның әсері баланы «сыртқы әсерлердің тегеуірінен» босатады. Алайда, ол оны әлі түсінбейді, бірақ ол субъект бола бастайды. Үшінші өмір сүру жылында, яғни ерте балалық шақтың аяғында «маңызды жаңа қасиет …«МЕН» жүйесі болады және осы жаңа қасиеттен туатын өзі әрекет жасау  қажеттілігі болады», ол «Мен өзім» формуласы бойынша беріледі. «Жүзеге асыру қажеттілігі мен өзінің Мен дегенін бекіту … басымды  болады». Бұл кезеңде – «келеді» және «керек» деген екі күш бетпе-бет келеді. Өзіндік сана сезімнің  қалыптасуы жүреді.

7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л.И. Божович баланың «әлеуметтік индивид» ретінде қалыптасуымен байланыстырады. «Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады». 12-14 жасқа таман «нысананы көздеу қабілеттілігі» қалыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - «өмірлік болашақ» қалыптасады.

Л.И. Божовичтің қарастырған жас ерекшеілік кезеңдері 1-ші және 3-ші жылдардағы өмірдегі, 7 жастағы және жасөспірімдік жастағы  дағдарыстармен сәйкес келеді. Педагогикалық тәжірибе үшін Л.С. Выготскийдің жоғарыда келтірілген ережелерін ескеретін  негізгі және маңызды қорытынды  - педагог оқушылардың тұлғалық дамуының осы ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл мектеп оқушыларының жас ерекшелік дағдарыстарының шиеленесуін шешуге, фрустрацияның (психикалық шиеленіс, алаңдаушылық және т.б.), жүйкенің тозуы пайда болуының алдын алу.

Ұжымдағы жеке адамның тұлғасының дамуын дұрыс түсіну үшін осы процестің ерте кезеңдері (7 жасқа дейін)  ерекше қызығушылық туғызады. Бұл сөздің шынайы мағынасында «персоногенез», яғни тұлғаның қалыптасуы мен жеке дамуы. Осы проблеманы зерттеушілердің бірі В.С. Мухина тұлғаның дамуын баланың өзіндік сана сезім құрылымын деңгейлік,  сатылап қалыптастыру ретінде қарастырады. Бұл құрылымда 5 буын бар: жалқы есім және дене, өзін мойындатуға ұмтылу, жыныстық сәйкестендіру, психологиялық уақыт және тұлғаның әлеуметтік кеңістігі.

А.В. Петровскийге сәйкес, тұлғаның дамуы үздіксіздік пен бір жастан екінші жас ерекшелігіне ауысқан кезеңдерде кідірістің бірлігі ретінде ұсыныла алуы мүмкін. «Ұжымдағы жеке тұлғаның дамуында үздіксіздік (жүйе  ретінде) берілген бірлестікте тұлғаның  бір кезеңнен басқа кезеңге ауысу заңдылықтарында ол үшін өте маңызды, салыстырамалы тұрақтылықты білдіреді. Ал кідіріс тұлғаны жаңа нақты-тарихи жағдайларға енгізудің ерекшеліктерінен туатын сапалық өзерістерді сипаттайды, олар  оның «көршілес» жүйелермен өзара әрекеттесуіне қатысты факторлардың әсерімен байланысты, берілген жағдайда олар сол қоғамда қабылданған білім беру жүйелері болып табылады». А.В. Петровский бойынша, әлеуметтік дамудың барлық жағдаяты осы процестің макро - және микрофазалары ретіндегі бейімделу, дараландыру және интеграциядан өту үстіндегі адамның тұлғалық дамуын анықтайды.

С.Д. Смирновтың кеңінен танымал шет елдік тұжырымдамаларда келтірілген тұлғаның дамуындағы қозғаушы күштер мен шарттардың талдауы осы күштер мен шарттардың қалайша дәлелденетінін көрсетеді:

- З. Фрейд бойынша, жеке және тұлғалық дамудың негізі туа біткен елігу немесе инстинкттер болып табылады, онда психикалық энергияның жалғыз көзі  - биологиялық елігу ғана танылады;

- К. Юнг бойынша, «дараландыру» бірлестіктен  жіктеліп бөлініп шығу. Дараландырудың  түпкі мақсаты - «өзім» дегеннің ең жоғары нүктесіне жету, барлық психикалық құрылымдардың тұтас және толық бірлігі;

- А. Адлер бойынша, адамға туғаннан бастап «бірлестік сезімі» немесе «қоғамдық сезім» тән, ол сезім әдетте адамға өмірінің бірінші жылдары өзін толыққанды сезінбеу сезімін жеңіп, қоғамға кіруге ұмтылуға түрткі болады;

- К. Хорни бойынша, тұлғаның дамуы үшін негізгі энергия көзі –мазасыздану, «алаңдау» және содан туған өзін-өзі қауіпсіздендіруге ұмтылу сезімі.

Ұжымдағы жеке адамның тұлғалық даму, адамның тұлға, әлеуметтік жаратылыс ретінде қалыптасуы көпжақтылығы соншама, оны бір уақытта сыртқы немесе ішкі шарттар ретінде анықтайды. «Адамның жаратылысын негізгі екі қарама-қайшылық анықтайды, оның дамуы және оның жаратылыстық қасиеттерінің саналуандылығын мен сипаттаушы кешендерде олардың үйлесуі. Олар: а) табиғатты жатсыну және онымен байланыста болу; б) қоғамнан, басқа адамдарды жатсыну және олармен байланыста болу». Дамудың әрбір шартының әсерін абсолютке апару- теоретикалық абстракциялар мен түсінік берудің әдіснамалық негіздерінің проблемасы.

 

 


Информация о работе Ұжымдағы жеке адам