Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа

Описание работы

Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................3

1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31

2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59

Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

Бетпе-бет кездестіруде тергеушінің  атқаратын ролі зор және маңызды. Бір жағынан, ол бетпе-бет кездесудің мазмұнын хаттамалап алу тиіс, екінші жағынан тергеушіні қылмыстық әшкерилеудің ұйымдастырушы ретінде өз көзқарасының жеңіске жетуі толғандырады. Ол бұл процесті шебер дайындап және өткізіп шығуға тиіс, соңында шындық жалғандықты жеңуі шарт. /42/

Бетпе-бет кездесу шиыршық атқан  көңіл-күйлер жағдайында өтеді. Жауап  берушілер қарама-қарсы жауап  беріп, әркім өзінікін дұрыстайтын  болғандықтан олар толқым тұрады. Тергеуші де толқиды, себебі ол бір мезгілде екі адамға бірдей әсер етіп, екеуінің де сөздері мен қимыл-әрекетін қалт жібермей бақылауға алатын тергеу қызметін жүзеге асырады.

Шындығында тергеуші екі адамды бетпе-бет кездестіргенде екеуі  де үздіксіз қадағалауы тиіс. Олардың  бір-бірімен ақпарат алмасуына, бір-біріне белгі беріп қоймауларына бас-көз болады. Бетпе-бет кездестірудің нәтижесіне екі фактор әсер етеді. Алғашқысы: олардың қарама-қайшы жауап беруінің себебі әлеуметтік-психологиялық мінездемесімен анықталады. Жауаптардың қарама-қарсы болып шығуы олардың шатасуынан болуы мүмкін, бұл жағдайда тергеушінің міндеті бетпе-бет кездестіру кезінде бұл түсінбеушіліктерді жою. Екіншісі: бетпе-бет кездесудің бір мүшесі, кейде екеуі де әдейі өтірік айғақтар береді. Бұл жағдайда тергеуші олардың жалған жауап беру себебін анықтауы тиіс, ол себептер әр түрлі: қылмыстық жауапкершіліктен қашу, жазаны жұмсарту, сыбайласын жасыру, туыстық қатынастар, кек қайтарудан қорқу, сатылу, ұят, жолдастық туралы жалған түсінік, т.б. болуы мүмкін. /43/

Бетпе-бет кездестіруде қарама-қарсы  жауаптардың себебі тергеушінің бұрынғы қылмысымен байланысты болуы мүмкін. Тергеуші мұндай жағдайда ескі қылмыстық істер мен материалдарды асықпай қарап қарама-қайшылықтың себебін анықтауы тиіс. Бетпе-бет кездесудің екі мүшесі бірін-бірі жек көретін болса да, олардың екі түрлі жауап беруі мүмкін. Бұндай жағдайда арақатынас одан бетер шиеленісе түседі. Сол себепті мұндай кезде бетпе-бет кездестіруді өте абайлап өткізуі керек, сонымен бірге ол кикілжіңнің себебін анықтап алған жөн.

Қарама-қайшылықтың бір себебі ол адамдардың бағытының әр түрлі болуында «полияция қызметкері мен тәртіп бұзушы, жол полициясы инспекторы мен жүргізуші және тағы сол сияқты» кейде олардыңі мінез-құлқы болуына, кейде сыртқа жағдаяттар әсерінен тіл табыса алмауы екі түрлі  жауап беруі мүмкін.

Бетпе-бет кездестірудің уақытын  дәл белгілей білген маңызды. Кейде  оны асығыс өткізіп қояды, кейде  кешігіп қалып жатады. Дәл уақытында  өткізілген кездестіру табысты болмақ. Егер тергеуші тергеушілерді жеке тұлғаларын зерттей келіп, оның дәл, дұрыс  жауап беріп тұрғанына екінші жалған жауап беруші психологиялық әсер етеді деп ойласа, онда бетпе-бет кездестіруді өткізуге әлі ерте болғаны. Бұл істегі асығыстық тергеушілердің тергеушінің қолда бар мәліметімен уақытынан бұрын танысып өз бағыттарын белгілеп алуына жол береді, ол жәбірленуші қылмыстың зардабынан айықпаған болса, онда қылмыскер мен бетпе-бет кездестіруге асықпаған жөн. Екінші жағынан бұл істі кешіктірген сайын деректер мен дәлелдер ұмытыла бастайды. Сондықтан күдіктінің қатты толқып сасып тұрған сәтін пайдаланып ұзатпай бетпе-бет кездіруді өткізіп жіберген жөн.   

Бетпе-бет кездестіруге дайындық жұмыстарының деңгейі де маңызды. Оған тергеушінің  техникалық дайындығы мен басқа  мүшелердің психикалық дайындығы жатады. Тергеуші жауап берушіні психикалық жағынан дайындауға, яғни оған көмек беріп отыратынын, ешқандай қорқыту-үркіту болмайтынын, қауіп қатер жоғын айтып түсіндіруге тиіс. /44/

Жалған айғақ беруші де психологиялық  дайындықтан өткізу керек, оған екінші тергеушіге қандай да бір психологиялық қысым жасауға жауабын өзгертуге мәжбүрлеуге болмайтынын ескерту керек. Жалпы тергеушілерді адал және адал  емес деп бөлу шартты нәрсе. Себебі әлі барлық дәлелдер жиналып болмай тұрғанда тергеушіге жауап берушінің бірі шындықта айтып, екіншісі жалған сөйлеп тұрған болып көрінеді. Сол себепті шындықтың түбіне жету үшін тергеуші барлық деректерді мұқият тыңдап, қағазға түсіру тиіс.

Тәжірибе көрсеткендей бетпе-бет  кездестіру жалған жауап беруші үшін ойламаған жерден болса, онда нәтижелік  болмақ. Адал емес тергеуші бетпе-бет кездестірудің, сағатын білмеуі тиіс. Төтеннен болған іс жалған жауап берушінің психологиясына әсер етеді. /45/

Бетпе-бет кездестірудің мақсаты  тек қарама-қарсы жауаптардың  дұрыстығын анықтау ғана емес сондай-ақ кейбір басы ашық емес мәселелерді айқындау болып табылады. Мысалы айыптаушы жәбірлеушіні пышақпен жаралаған болса, ол пышақты қайдан алды, онда басқа куәлар көрді мен? - осы сияқты сұрақтарға бетпе-бет кездестіруде жауап алмады. Күрделі қиын істерде бетпе-бет кездесуде ұсынылатын  материалдары: бухгалтерлік құжаттар, фотосуреттер, хаттамадан үзінділер, заттай айғақтар және т.с.с. алдын-ала дайындап қою керек. Бұл  материалдарды қажет кезінде бетпе-бет кездесуге қатысушыларға көрсете қою үшін, ұзақ іздеп жатпас үшін бір жүйемен жинақталған дұрыс. /46/

Бетпе-бет кездесулер қорытындысын қағазға түсіру мәселесінде ойластырып қойған жөн. Ең дұрысы үнтаспаға жазып  алу. Егер ондай мүмкіндік болмаса, хаттама жазуды басқа біреуге  тапсыру керек. Бұл міндет тегеушіні  алаңдатпауы керек. Тергеуші өз жағдайын дұрыстап алғаны жөн. Бетпе-бет кездестірудің алдында оның басқа нәрсеге алаңдамауы, көңіл-күйінің бір қалыпты және орнықты болуы, өз-өзіне сенімді болуы қажет. Егер ондай жағдайы болмаса, бұл істе кейінге қалдырған жөн.

Қарама-қарсылықтарды жою факторларына жататындар. Беттесуге қатысушылардың ұстанған бағытын біліп алып, соған орай жоспар құру; оларға берілетін алғашқы сұрақтар тізімін жасау; қосымша сұрақтарды да ұйымдастыру; көрсетілетін құжаттар мен шылау айғақ заттарды даярлау тағы басқа.

Бетпе-бет кездестіруде тергеушідегі материалдардың барлығы есепке алынады. Тергеуші беттестіруге қатысушылардың ұстанған бағыты, әрқайсысының жеке тұлғаларына қарай жеке дара қарым-қатынас жасауы керек.

Айыпталушының беттесудегі іс-әрекетін, онымен беттесетін адамды оған қарсы тұра алатын, соның ықпалында кетіп қалмайтындай етіп дайындап қою маңызды. Ал егер бетпе-бет кездестіру айыпталушыға әсер етпесе, бәрі бір беттестіруге тура келеді, бұл оның кінәлі екеніне тергеу процесіне, сонан соң сотта көз жеткізуге көмектеседі.

Екі қылмыскерді бір-бірімен беттестіру тәуекелді қажет етеді. Себебі бетпе-бет  кездестіруді пайдаланып, қылмыскерлер тергеу ісін одан бетер шатастырып жіберуі мүмкін. Егер тергеуші бұл  іске жан-жақты жақсы дайындалса, процесс барысында белсенділік танытса, ондай қауіп жоқ. Екеуіде жалған жауап беріп тұрған екі қылмыскерді беттестіру қауіпті деп, маңызды істен бас тартуға болмайды. Себебі олар бәрі-бір күндердің күнінде бір-бірімен кездесіп, ақпарат алмасуы мүмкін. /47/

Бетпе-бет кездестірудің әдетте тергеушінің кабинетінде өтеді. Жауап берушілердің бәрі де тергеушінің көз алдында болатындай етіп орналастыру керек. Беттестіруді тергеу изоляторында өткізуге болмайды. Түрмені көрген куәгерлер мен жәбірленушілерге жанашырлық пайда болып, өздерінің алғашқы жауаптарын жазаны жеңілдету мақсатында өзгертіп жіберулері мүмкін. Оның үстіне айыпталушы да осындай жағдайды өз пайдасына шешкісі келіп жағдайының ауырлығын көрсетіп мүсәпір бола қалады.

Бетпе-бет кездестірудің нәтижесіне оған қатысушылардың бұрынғы қарым-қатынастары әсер етеді. Әдетте оған бұрыннан таныс не достық не жаулық қатынастағы адамдар қатысады. Әсіресе туыстық не басқа қатынастағы адамдар қызметтестер қатысқан беттесуден күрделі. Мұндай жағдайда тергеуші жақсы дайындалып шебер саясат ұстануы тиіс. Олардың жеке басын, бұрынғы қарым-қатынасының қандай болғанын зерттегені дұрыс. /48/

Әсіресе айыпталушының адамдармен араласу деңгейін білген жөн. Оның отбасында  қызметте, достарының ортасындағы қарым-қатынасы сондай-ақ беттескелі отырған адаммен қарым-қатынасы қандай, ол адам бұдан қорықпай ма, моральдық тәуелді емес пе-осы арасын анықтап алу маңызды.

Бетпе-бет кездестірудің маңызын  түсіне білген, оған қатысушылардың психологиясын  зерттеп, талдау жасай білген, өз ісін ойдастыра білген тергеушіні тергеу әрекетінің бұл түрін нәтижелі табысты өткізуіне мүмкіндігі зор. /49/

         Тану барысында  процессуалдық заң тәртібі бойынша  бұрын жауап алынған тұлға  тірі адамды, өлікті зат немесе  фотосуреттерді таниды. Тергеуді  қызықтыратын объект өзіне ұқсас бірнеше затпен қатар тануға ұсынылады. Танудың қорытындысы бойынша арнайы хаттама толтырылады.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан тану процессінде жеке тұлға қажетті  объектіні басқа ұқсас объектілермен  салыстырып, оның өзі көрген объектісі  екенін танып дәлелдейді.

Бұл процесс екі кезеңнен тұрады: дайындық  (алдын-ала ол көрген туралы деректер алынады), негізгі (танудың  өзі).

Екі кезеңде де сол объектіні  басқалардан ерекшелігіне  мән  беріледі. Криминалистикада бұл идентификация  деп аталады.

Заттардың белгілерінің өзіне тән ерекшелігі болады. Соның бірі-оның шығу тегіне, екіншісі-түріне, тобына жұмысына байланысты. Белгілерді талдағанда және топқа бөлгенде жан-жақты ерекшеліктеріне тоқталу керек. Бұл олардың топтық идентификациясы үшін қажет.

Тергеу процесінде тануға қатысатын адамның психофизиологиялық жағдайы ескерілді. Адам өзі көрген объектілерді (адам, зат аң) жадында сақтайды, кейін соған ұқсас объектілердің арасынан өзі көргенін ажыратып алады.

Тануды жүргізуге дайындық барысында, кейін істің барысында объективті және субъективті факторларды есепке алу керек.

Объективті факторларға объектіні  куәгер көрген сәттегі жағдай, объектінің мінездемесі жатады. Сол кездегі  қашықтық, жарық көрген уақыттың ұзақтығы, мезгілі, одан бергі өткен уақыт, т.б. танудың нәтижесіне әсер етеді. /50/

Мәселен қылмыскерлерді түнде көшеде, аз уақыт, алыстан көрген куәгер уақыт  өте келе танымауы мүмкін. Сол себепті  тану процесінде куәгердің қандай жағдайда көргенін білу маңызды.

Тануға қылмыскерді қанша уақыт  көргені де маңызды; аз ғана сәтке көрді ме, бірнеше рет көрді ме, сөйтті ме т.с.с. Егер жәбірленуші мен куәгер қылмыскерді жақсы танитын болса, онда тануды өткізудің қажеті жоқ.

Көп жағдайда тану психологиясы танушы адамның қылмыс пен қылмыскерге  қарым-қатынасына, сол кездегі психологиялық жағдайына байланысты. Бұл ашу, ыза, жеккөру, т.б. болуы мүмкін. Мұндай көңіл күйлер тергеуге көмектесу қылмыскерді әшкерелеуге әкеледі. Бірақ кейде қылмыскерден, оның туыстары мен  сыбайластарынан қорқып, бас тартуы да мүмкін.

Сондай-ақ қылмыскерге (егер ол кәмелетке толмаған, кәрі болса) деген аяушылық оянуы мүмкін. Ал кейде қателесуден қорқып тани алмау жағдайы да кездеседі.

Көргенін қабылдау, кейін оны  тану сол объектінің ерекшеліктерімен анықталады. Қылмысқа байланысты жәбірленушілер мен куәгерлер қылмыскердің дене бітімін, жасын, ұлтын байқайды. Көрген адамды еске түсіріп, сипаттап беру екінің бірінің қолынан келмейді, негізгі белгілері жасы, бойы, дене бітімі, бет әлпеті, қимылы, даусы. Тәжірибеде бет құрылысын, мұрын, маңдай, қас, ауыз, ерін, иек, көздің түсін есте сақтау жиі кездеседі. Жәбірленушілер, куәгерлер қылмыскердің шаш қою үлгісін, әшекей заттарын, киімін есте сақтайтын кезі жиі кездеседі, бұл белгілер олардың сыртқы белгілеріне жатпайды. Тану процесінде қылмыскердің ерекше белгілерін атау тергеу үшін маңызды. /51/

Маңызды, қылмыскердің бетінде тыртығы  бар екенін хабарлау оған іздеу салу және тану жұмыстарына көмегін тигізеді.

Тану үшін психологиялық мінездеме  беру 2 процестен тұрады: белгілі  бір объектінің ерекше белгілерін біліп  алу және ол белгілерді оған ұқсас объектілерден ажыратып алу үшін пайдалану. Алғашқы процесс психологияда қалыптастыру деп аталады да, ол меңгеру кезеңіне жатады, екіншісі-танушылық деп аталып, ол тани түсу кезеңіне жатады.

Бірінші кезең – ол тергеуге дейінгі кезең. Объектінің ерекше белгілер кейін тереу кезінде пайдаланылады.

Екіншісі толығымен тергеу қызметінің мазмұнына кіреді. Жоғарыда аталған  объективтік және субъективті факторларды  жауап алғанға дейін анықтаған  жөн, себебі ол адам кейін тануға қатысады.

Объектінің сырт белгілерін сипаттау-ол көрген адамның жасына, психологиясына да байланысты болады. Мәселен, жас  бала үшін кез-келген ересек адам ұзын бойлы болып көрінеді, ал жастар өзінен үлкен кісіні (мысалы 20-25 жас  үлкен болса) қария деп атайды. Керісінше жасы келген кісілер адам жасын азайтып айтады. Олар 30-40 жастағы адамдарды «жас жігіттер не қыздар» деп атайды.

Адам жасын анықтау әр түрлі  жағдайға байланысты. Мәселен, ескі үлгідегі көзәйнек таққан, науқас, көңіл күйі төмен адамға үлкен жас бересіз. Бір куәгердің үлкен жастағы деп деп сипаттаған кісісін екінші куә жас адам ретінде тануы мүмкін.

Адам басқа белгілері де танушы адамның өз белгілерімен өлшенеді. Бойы кішкентай адам басқалардың  бойын асырып айтуы мүмкін немесе керісінше. Тергеу тәжірибесінде жәбірленуші не куәгер қылмыскерді «ұзын бойлы» деп сипаттағаны ал оның тіпті де «ұзын» болмағаны жиі кездеседі. Осындай салыстырмалы түрде бойы мен дене бітімі сипаттауда қателесулер кездесіп жатады. Егер ұрлыққа екі адамның бірі-арық денелі, екінші орташа салмақтың адамы болса, онда көбіне екіншісін «семіз» деп көрсетеді.

Әрине, танушы адамның затты қабылдау және тану әрекетінде оның жасы өмірлік  және кәсіби тәжірибесі, білімі үлкен  роль атқарады.

Мысалы балалар киімнің түсін, өлшемін шщатастырса, киім тігуші адам оларға дәл айтып береді, ал фотограф, суретші-адамның сырт келбетін, жүргізуші-машинаның маркасын, үлгісін анық айтып береді.

Адам бейнесін қабылдауда бірінші  орынға оның сырт келбеті шығады,  психологиялық әдебиеттерге адамның  бейнесін жасағанда ақпараттық жүктеменің кемшілігін оның сырт келбеті алатынын көп жазады. Сөзбен адам бейнесін сипаттағанда да сырт келбеті басты роль атқарады.

Адамның сырт келбетінің санақтық (статистикалық) белгілерінен басқа үздіксіз дамитын (динамикалық) белгілері, яғни жүрісі мен сөйлеу мәнері де адамның өмірі мен қызметінде көрінеді. /52/

Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері