Шетел тілі мұғалімінің педагогикалық қызметінің психологиялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 07:34, реферат

Описание работы

Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Шетел тілі сабағының педагогикалық тұрғысы
Шетел тілі сабағының психологиялық тұрғысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 22.30 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    • Шетел тілі сабағының педагогикалық тұрғысы
    • Шетел тілі сабағының психологиялық тұрғысы
  1. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық – мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде. 
 
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі. 
 
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер.  Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік. Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Зерттеудің төмендегідей бағыттары зерделенген: педагогикалық қабілет (Н.Ф.Гоноболин), педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина), мұғалімнің жеке тұлғасы (В.А.Сластенин, А.И.Щербаков), педагогтарды кәсіби іріктеу (Р.М.Хмелюк), педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру (И.П.Раченко), педагогикалық шеберлік (Ю.П.Азаров), педагогикалық іс-әрекет шығармашылық үдеріс ретінде (В.А.Кан-Калик), мұғалімнің политехникалық даярлығы (Ю.К.Васильев), т.б. Жекелеген оқу пәні мұғалімдерін даярлау қазіргі таңда да кең көлемде жүргізілуде. Педагогикалық, психологиялық сөздікте “Педагогикалық технология – педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі” болып табылады деп мазмұндалған. Н. Ф.Талызина оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).  Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Қ.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т.б. 

 Шетел  тілі сабағының педагогикалық  тұрғысы

 

 

- білімділік (педагогикалық): оқушылардың шетел тілінде қарым-қатынас жасау құзырын қалыптастыруға қойылатын деңгейлі халықаралық стандарт та-лаптарын ескере отырып, немесе екі шетел тілінің мұғалімі қызметін атқаруы;

- тәжірибелік-зерттеушілік: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу, шетел тілі білімін меңгерудің озат тәжірибесімен танысып, оны қорыту, тәжірибелер жүргізу және олардың нәтижесін оқу үрдесінде қолдану;

- ұйымдастырушы-баскарушылық әр түрлі деңгейде шетел тілінен білім берудің мазмұнын жоспарлау; оқу және білм беру үрдісін жүргізу және ұйымдастыру жолдарын анықтау; шетел тілінде қарым-қатынас жасау құзырын қалыптастыру сапасының менеджменті мен мониторингісін іске асыру;

-элеуметтік-педагогикалық  дүние танымы мен ойлау қабілеті  дамыған, бірнеше елдің мәдениетін  меңгерген тұлганы тәрбиелеу; 

- оқу-тәрбие жұмысын педагогикалық  үрдістің заңдары, заңдылықтары  тәрбие механизмдері мен принциптеріне  сәйкес жүзеге асыру, сыныптан  тыс тәрбие жұмысын жоспарлау  кабілеттілігін қалыптастыру, нақты  тәрбиелік міндеттерді анықтап  шешу, оқушыларды тәрбиелеу мен  оқытудың әр түрлі әдістері  мен формаларын таңдап қолдана  білу; оқушылармен, сол сыныпта  жұмыс істейтін мұғалімдермен  және ата-аналармен тығыз байланыс  жасау; 

оқу – тәрбие ісінде арнайы амал-тәсілдерді дамыту;

- оқу-технологиялық: ақпарат сауаттылығы, оқу үрдісінде жаңа технологияларды (оныц iішінде шетел тілдерін оқытудың мультимедиялық құралдарды) қолдану және оларды игеру.

 

Негізгі функциясы:

 

- мақсат қоя білу қызметі: коммуникативті оқыту, тәрбиелеу, дамыту қызметтерін;

- оперативтік - құрылымдық қызметтері: гностикалық (зерттеушілік), құрастырушы-жоспарлау,ұйымдастырушылық,игерушілік-құрылымдық қызмет¬терін.

 

Кәсіби  қызметінің мазмұны.

Шетел тілі пәнінің мұғалімінің/ оқытушысының төмендегідей кәсіби маңызды  кабілеттерін қамтиды:

-мәдениетаралық, қарым-қатынас  жасау қабілетін қамтамасыз ететін  оқушының әлемнің инофондық; бейнесін  оқып жатқан тілдің, көмегімен  көрсете алатын екінші тілді  меңгерген тұлға ретіндегі қасиетін  қалыптастыруға бағыттай отырып, өзінің кәсіби қызметін педагогикалық,  психологиялық, және әдісте-мелік  тұрғыда дұрыс жүзеге асыру; 

- оқушы тұлғасының индивидуалдық ерекшеліктерін зерттей білу;

- өзін - өзі бағалау және оқушылардың рефлексивтік қабілетін қалыптастыру іскерліктерін меңгеру;

- оқу үрдісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып және шетел тілін меңерудің объективті заңдылықтары негізінде өзінің кәсіби ic-әрекеттерін жоспарлау;

- елтану және мәдениеттану сипатындағы түп нұсқалы материалды таңдай білу және оларды әдістемелік тұрғыда түсіндіріп беру;

- оқушылардың шығармашылық, интерактивтік жұмыс түрлерін қолдана отырып, сабақ; барысында шетел тілінде қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру;

- сабақ барысында әрбір оқушының мүмкіндіктерін ашуға жағдай туғызатын, оқушының көңіл-күйін, оның шығармашылық, танымдық, және сөйлеу қа¬білетін, басқалармен әлеуметтік қарым-қатынас жасай алу икемділігін дамытуға ынталандыратын жағымды психологиялық, ахуал туғызу;

- халықаралық, стандарт талаптарына сай бақылай - түзету механизмін қолдану;

 

 
Шетел тілі сабағының психологиялық тұрғысы

 

Әрбір сабақ және оның элементтері  маңызды, әдістемелік және психологиялық  тұрғыларды тани білуді талап етеді.

 

Сабақтың мазмұны оқылатын тілдік материалмен анықталады және таңдап алған тәсіл әдістемелік  қабылдаулар арқасында іске асады, демек едәуір психологиялық тұрғымен қарым-қатынасы болып жататын ескертеді. Дәстүр бойынша сабақтың психологиялық  жағынан студенттердің сөйлеу қабілеттерінде қаншалықты психологиялық процестерді  түсіне алуын қалыптастырады (түйсік, есте сақтау, ойлау).

 

Сонымен қатар бір топ  студенттер мен мұғалімнің қарым-қатынасын, тілдік ортаны сабақ өткізгенде біріншіден қарым-қатынастың жалғасы,екіншіден  объективті шарттармен анықталды деп  қарастыруға болады.

 

Педагогикалық қызметін жаңа бастаған маман сабақтың негізгі  әдістемелік тұрғы болады деп, ойлайды.Сондықтан  ең алдымен оқыту әдістемесімен  меңгеріп алуға ұмтылады, барлық шеберліктің «Құпияларын» тани білуді көздейді. Бірақ, шетел тілін  оқытудың технологиясын жеткілікті ұғып алғаннан кейін оқыту әдістерін жалғастыра жетілдіру барысында міндетті түрде тілді оқып үйрену кезеңдегі психологиялық компонентіне назар аудару керек. Осы компонент негізгі болып шығады және сабақтың эмоцианалды жағынан оқу нәтижесін анықтайды. Психологиялық тұрғыны есепке алмасақ, ең тиімді әдіс-тәсілдердің өзі күткен нәтижеге жеткізе алмайды. Тіпті егер сабақ әдістемелі түрде дұрыс дайындалса да, топтағы студенттер және мұғалім арасындағы қарым-қатынастары және объективті жағдайлар ескерілмесе жақсы нәтижеге жетуге қиын.

 

Көптеген  оқытушылар сабаққа  кіргенде өзінің жағымсыз көңіл-күйін, ренішін оқыту бөлмесісіне ала  кірмеу керек деген ұғыммен келіседі. Студенттермен жақсы  қарым-қатынас  орнату үшін ең алдымен жақсы көңіл-күй, сергек түрде, сәнді костюм, тағы сондай сияқты-алғышарттар қажет.

 

Сабаққа дайындалғанда келесі шарттарға  мән беру керек.

 

-         сабақ аптаның қай  күнінде  өтетінін;

 

-         шетел тілі сабағының өткізу  мерзімін;

 

-         шетел тілі сабағының алдында  қандай сабақ болғанын;

 

Сабақты қызықты өткізу үшін шетел тілін оқытушы әдістеме негізінде үлкен ұстамдылық және тапқырлық танытуы қажет.

 

Ал психологиялық жағынан  мұғалімге қаталдық пен шыдамдылық, талап қою және әдептілік сияқты қасиеттерін көрсете білуі керек. Студенттердің енжар көңіл-күйлерін жеңе отырып, мұғалім оларды қайта-қайта  жұмыс істеуге құлшындыра түсуі  керек. Оқытушы студентке көмектеседі: студентке талап қоя отырып оған жұмыс істеуге жағдай жасайды. Ең соңында жұмыс жағдайы орнайды  да, сабақ өз ағымымен өте береді.

 

Әрине, әр студенттің жеке басының  мінез-құлқын ескере отырған жағдайда ғана олардың іс-әрекетін басқарып, қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызуға болады. Диалог, рольдік ойындарды  ұйымдастырған кезде олардың  білім деңгейін ғана  ескермей, мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, қарым-қатынастағы  белсенділіктерін, студенттер ортасындағы  абыройын да ескерген жөн.

 

Сондықтан, сабақтың әр кезеңінде  студенттердің жұмысын ұйымдастырған  кезде оқытушы олардың көңіл-күйіне оң әсерін тигізетін жұмыс түрін  пайдаланады.

 

Студент те қателесуге құқылы, өйткені ол сол тіл ортасында  өмір сүрмейді және сол тіл иесіндей қатесіз сөйлей алмайды. Сонымен  қатар, егер қате саны көп болса, ол материалды толық меңгермегендігін, оқытушы жағынан жіберілген олқылықтарды көрсетеді. Ол үшін оқылған материалмен  байланысты түзету жаттығуларын өткізген жөн. Грамматикалық тарату материалдарының  тіл жаттығуларын дайындауда қолданылуы үлкен әсерін тигізеді.

 

Студент сөйлеуге қорықпас үшін «қателік – біздің көмекшіміз, ол -  дәрігер тәрізді, қай жерің  ауыратынын көрсетеді және емдейді  » деп түсіндірген дұрыс.

 

Әдістемелік әдебиетерде  шетел тілі мұғалімі мейірімді, әзіл-қалжың сезімін ұстануы керек деген  пікір кездеседі.

 

Әзіл қайшылықтар кезінде  жақсы көмекші болып табылады, сонымен қатар жақсы дайындалған  студенттерге тиімді қосымша тапсырма ретінде пайдаланады. Оқытушы қысқаша  әзіл әңгімелерді айтады, ал ең үздік  деген студенттер оны өзінің топтастарына айтып береді.

 

Сабақтың қорытындылау кезеңіне ерекше көңіл бөлген абзал. Егер сабақ  сәтті, әрі тиімді өтсе де, студенттердің  көңіл-күйін көтеруге, білім деңгейлерінің  өскендігін, шетел тілі сабағына қайта  келуге ықыластануына сабақтың соңғы  кезеңі әсерін тигізеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқу үдерісінің нәтижелі болуы  бірнеше факторға, шарттарға байланысты, оның ішінде оқу бағдарламасына, оқулықтарға, материалдық-техникалық базаға, студенттің ынтасына, т.б. Көбіне оқу үдерісінің нәтижелілігі мұғалімнің белгілі пән  бойынша білімі мен пәнді оқыту  бойынша кәсіби даярлығына байланысты болады. Бүгінгі күн талаптарының бірі жалпы білім беретін мектептерде жастарымыздың үш тілді меңгеруі міндетті шарт болып тұрғанда шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетілдіру, жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Психологиялық-педагогикалық еңбектерді, мектептердегі тәжірибелерді зерделеу оқушылардың пән бойынша практикалық бағыттылығын жүзеге асырудың мазмұнды және процессуалды аспектілерін мұғалімдер толық қамтымайтыны, яғни Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандартында, жалпы білім беретін орта мектептің “Шетел тілі” (ағылшын) пәні бағдарламасындағы: ”оқушылар мынаны білуге тиіс”, “оқушылар мынаны орындауға тиіс“ талаптарын қанағаттандырмайтыны анықталды. Бұл өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың дұрыс таңдалғанын көрсетті. Педагогикалық технологиялар және инновация жөніндегі зерттеулер негізінде “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдалану (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық зерттеу еңбектеріне жасалған талдау болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Олар: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру. Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.

А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін  біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық  критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б


Информация о работе Шетел тілі мұғалімінің педагогикалық қызметінің психологиялық негіздері