Әрекет және қимыл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:51, реферат

Описание работы

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды

Файлы: 1 файл

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.docx

— 26.20 Кб (Скачать файл)

Эмоцияның екі түрлі ауытқуы  байқалады. Гипотимия — абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Гипертимия — көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда  эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмоциялық ышқынуда (стресс) жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Яғни эмоциялық ышқыну осындай кақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.

Эмоциялык стресс — жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі  нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді.

Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығы - суларда ете  жиі кездеседі.

Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды  емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан  ұзақ және тиімді психофармакологиялық емдеу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмониялық зерде, із жазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартты — мидың өзінің етеміс механизмдерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.

Ойлау

Oйлау —-адамның жаңа жағдайларға  бейімделуі кезінде мақсаттарды  жаңаша шешуге' арналған ми қыртысының  ете күрделі іс-әрекеті. Ол  әлемді танудың және бейнелеудің  ең жоғары сатысы. Ойлау — болмысты, оның бүкіл байланыстарын, қатынастарын  және заңдылықтарын жанама түрде,  жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы  заттардың және құбылыстардың  түйсінбейтін мазмұны, маңызы  және мағынасы танылады.

Психология ғылымы негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: нақтылы, бейнелі  және дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық).

Нақтылы немесе көрнекі — әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіркеледі, әрі екінші сигналдық  жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды  ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін  бейнелі ойға алмасуы мүмкін.

Бейнелі ойлау — ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.

И. M. Сеченов пен И. П. Павловтың  еңбектерінде, ассоииация (ұлас) үғымы  организмнің белсенді бейімделу  іс-әрекетінің күрделі нәрселер ортасындағы  мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологиялық механизмдеріне талдау жасағанда, ол екі сигиалдық  жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті  екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата  алады. Ырықсыз сезім мен эмоцияның  көптеген көріністері қорғаныш, тағамдық, жыныс рефлекстерін тыяды. Ми бағаны мен торлы құрылымның серпіністері ми қыртысының қалыпты тонусын (сергуін) қамтамасыз етеді.

Ой іс-әрекеті ми қыртысы мен  оның маңдай аймағында өтетін анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дерексіз ойлау (абстракция) және нақтылау құбылыстарын бірлестіру арқылы орындалады. Жоғарыда аталған ойлау операциялары ұғым және сөз түрінде әрбір ойдың  негізін құрастырады.

Тіл

Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде  қалыптасты. Ол еңбектену нәтижесінде  адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат  қабылдау, емдеу және жеткізу түрінде  сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен бейнеленеді.

Сөз бейнелеудің екінші сигналдық  формасы. Тіл байланыстырушы, ұғындырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің байланыстырушы (коммуникациялық) әрекеті  — оның адамға тән арнайы қатынас  құралы болуы. Бұл айтушы мен тыңдаушы арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара  тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік) , суреттелу немесе ұғыну (импрессивтік) түрлерінен тұрады. Мұның екеуі де өте күрделі психологиялық құбылыс. Бұлардың физиологиялық негізін  мидың ерекше әрекеттік жүйелері атқарады.

Тілдің реттеуші әрекеті сөз  арқылы организмнін әртүрлі жүйелерін  реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы  ішкі ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны K. M. Быковтың ми қыртысы—ағзалық теориясы дәлелдейді.

Нәрселерді сөзбен белгілеудің  акустикалық, кинестезиялық және оптикалық  түрлері кездеседі.

Тілдің акустикалық формасы  дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы әрекет атқарады,

Сана

Сана — болмысты бейнелеудің  ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның  қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің - жемісі. Материяның әрбір қасиеті  сияқты сана тек ақиқат заттар мен  құбылыстардың өзара әрекетінен туады.

Адам өзіндік сана (сана-сезім) арқылы өзін-өзі сезініп ұғынады. Сана-сезім  дегеніміз — адамның өзін-өзі  және өзінің психикалық күйін түсінетін  арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның  сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана-сезім адам өзін - өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін - өзі сезіну мен  қоршаған болмысты сезінудің бірлігі  арқылы тек адамның кісілік қасиетіне  тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір  сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы әлеуметтік түрткілердін, ықпалынаң  — енбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыпасады. Caна-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін - өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез - құлқын реттейді, тәрбиелейді.

Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары  қыртысы, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды.

И. П. Павловтың айтуынша, шала сана деңгейінде пайда болатын әлсіз  тітіркенудің сергітетін ықпалы ми қыртысының қызметті бірлігін күшейтеді Жаңа көп  ақпарат мидың шаласаналық сатысы сананың бүкіл пәрмейін қосатын  бағдарлама жасайды. Егер шаласананы ақпараттық талдау мен өңдеуден айырса, саналық  әрекет болмай қалады, Сондықтан да психикалық ауытқулар немесе жағымсыз субъективтік әсерленушілер тууы мүмкін.

Дені сау адамда ішкі ағзалардың шартты рефлекстік реттелуі де шаласана деңгейінде атқарылады. Ішкі ағзалардың интерорецепторына әсер ететін үйреншікті тітіркендіргіштерден шығатын мәліметтер ми қыртысына жетіп талданады. Бұл  шаралар организмнің мінез қылғын өзгертетін шартты рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мұндай күйлер адамның  өзіне түсініксіз болады («күңгірт сезім»). Осы тітіркендіргіштердің әсері күшейсе, ақпараттар санаға жетіп, организмнің сәйкес аймақтарындағы жаман халды баяндайды. Ол науқастарда әртүрлі субъективтік сезулер мен шағымдар туғызады. Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс-әрекеті мидың екі сыңарының біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың тек бір мезгілдегі жұмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан-жақты (нактылы және теориялық) қамтиды. Ми сынарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әртүрлі кұбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарларының қарым-қатынасының екі жақты силаты психикалык іс-әрекетті және мінез-құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады.

 

       Пайдаланылған  әдебиеттер

1. Березина В.Г., Викентьев И.Л., Модестов  С.Ю. « Детство творческой личности.»  – издательство Буковского, 1994.60стр. 
2. Богат В.,Нюкалов В. Развивать творческое мышление( ТРИЗ в детском саду). – Дошкольное воспитание. – 1994 №1. стр. 17-19.  
3. Венгер Н.Ю. Путь к развитию творчество. – Дошкольное воситание. – 1982 №11. стр.32-38. 
4. Веракса Н.Е. диалектическое мышление и творчество. – Вопросы психологии. – 1990 №4 стр.5-9. 
5. Выготский Л.Н. воображение и творчество в дошкольном возрасте. – Союз,1997.92стр. 
6. Годфура Ж. Психология, изд. в 2 т., том 1. – М. Мир , 1992. 

    

 

 

 

                  Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Адам әрекеті

2. Әрекетті реттеу және  оны бақылауы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Информация о работе Әрекет және қимыл