Психологияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:37, реферат

Описание работы

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.

Содержание работы

Психологияның даму тарихы.
Ежелгі психология.
Орта ғасырлардағы жан және сана туралы түсініктер.
XVII-XIX ғ. Психология.
Психологияның тәжірибелік ғылымға айналуы.
Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 32.60 Кб (Скачать файл)

19 ғасырдың ортасында психологияның  дербес және тәжірбиелік пән  болып тарихи қалыптасуы нәтижесінде  адамның жан дүниесінің сырын  әр тарапта зерттеу қызу жүргізіледі.  Өмір тіршілігінің мұндай талаптары  психилогияның жаңа салалары  мен тармақтарының өркен жайып,  дамуына қолайлы жағдай тудырды.  Осы жағдайлар адамтану ғылымдар  арасында психологияның жетекші  орын алатындығын айқын аңғартты. Және сол кезеңде бұл пәннің  мынандай салаларын өрбіді: экспериментальдік  психология, бұл салада қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; диференциялды психология, оның негізгі зерттеу обьектісі – адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім тәрбие (педагогикалық психология); жануарлар психологиясы; әлеуметтік және мәдени тарихи даму психологиясы; писхотехника.  Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне тиерең бойлау қажеттілігінің артып отырғандығын көрсетеді.

 

6.Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

Ғылым білімнің сұранысының дамуына  байланысты, XX ғасырдың басында  сананың интроспективтік психологиясының дағдарысы байқалды. Интроспективтік психология практикалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді шеше алмады. Қоғамның қарқынды дамуымен анықталатын тәжірибе сұраныстарын бұрынғы субъективтік  әдістер қанағаттандыра алмады. Жаңа объективтік әдістерді жасау қажет болды.

Психология ғылымының көрнекті тарихшыларының бірі ─ М.Г.Ярошевский сана психологиясының дағдарысына, осыған дейін  Францияда кең таралған невропатология мен психиатрия саласындағы зерттеулер нәтижелері себеп болды деп санайды. Бұл зерттеулер кейде адам психикасында санадан тыс құбылыстар  болатынын көрсетті. Санадан тыс құбылыстар  аумағы клиникалық және эксперименталдық  талдауға түсті. Көлемді зерттеулерді Шарко(1825-1893) жасады. Оның басшылығымен атақты француз психологы  Пьер Жане (1859-1937), психоанализ негізін салушы  Зигмунд Фрейд(1856-1939) жұмыс істей басты. Атақты француз психологы Альфред Бине объективтік әдістерді жасай бастады. Ол балалар ақыл-ойының деңгейін анықтайтын тестілер жасады. Интроспективтік  әдіс, балаларға ұсынылған тапсырмалар  шешімінің  нәтижелерін немесе өнімдерін объективтік  талдаумен салыстырғанда, екінші кезекте болды.

Сонымен, XX ғасырдың басындағы психиканы  эксперименталдық  зерттеулер,  психология ─ сана туралы ғылым ретінде анықталуы мүмкін емес деген тұжырымға әкелді.  

Бұл кезеңдегі психологияның дамуына  Ч.Дарвинның эволюциялық  ілімі үлкен ықпал жасады.бұл ілім мынаны дәлелдеді: психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан,тіршілік иесінің бейімделу әрекетінен бөлек қарастыру мүлдем мүмкін емес. Эволюциялық  теория ықпалымен жануарлар психикасы мен  балалар психикасын зерттеу жұмыстары жасала бастады. Бұл зерттеулер интроспекцияны қолдану мүмкіндігін ысырып тастады, адам психикасына генетикалық және салыстырмалы тұрғыдан қарауды бекітті. Осындай әр түрлі ықпалдардың бәрі психологияда жаңа психологиялық теориялар қатарының пайда болғанын көрсетті. Бұл теориялардың өкілдері сана психологиясын психиканың жаңа концепциясымен алмастыруға  немесе толықтыруға тырысты.

Бихевиоризм (ағылш. behaviour - мінез-кұлық ) - тілдің мәні мен кызметін адам организміндегі вербалдық және эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру. Бихевиоризмнің теориялық негізін салған Л. Блумфилд (АҚШ). Бихевиоризм психологиялық бағыттардың бірі негізінде туған, бірақ психологияның ой-сана жайындағы зерттеулерін мойындамайды. Бихевиоризм дескриптивті лингвистикада (Б. Блок), трансформациялық-генеративтік грамматикада (Н. Хомский)тағы басқа кездеседі. 20 ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт деп те қарастырады. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу обьектісі деп санамайды. Бихевиоризімнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланға әдебиеттер тізімі

 

 

 

  1. Жалпы психология – Алматы: Білім, 25-30 беттер.
  2. Жан тану оқулығы/ жарықбаев Қ.Б./ 2008. 101-110 беттер.
  3. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005.
  4. Ерментаева А. Р. Психологиялық консультация негіздері: Оқу құралы.- Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2002.
  5. Намазбаева Ж. И. Психология. Алматы, 2005.

 

34 .Антропогендік  факторлардың әсерінен орманның  жоғалуы, яғни биоәртүрліліктің  азаюына туындайтын проблеманың  себебтерін түсіндіріңіз

Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп  те атайды. Соңғы 50 жылда адамның  қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі  орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл  сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы  қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл  ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп  шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд  жатады. Егер тропикалық ормандар осындай  қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң  Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы  әсерінен атмосферадағы оттегінің  мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда  жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар. 
 
Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы. 
Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.


Информация о работе Психологияның дамуы