Эмоциялардың нейрофизиологиялық механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:11, реферат

Описание работы

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция.

Содержание работы

1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
- Эмоциялардың физиологиялық механизмі.
- И.П.Павлов теориясы
- Р.Мальмо теориясы
- У.Кеннон теориясы
- Линсен Хеббаның мотивациялық теориясы
- Дж.Олдс теориясы.
3.Қорытынды

Файлы: 1 файл

психология.doc

— 56.50 Кб (Скачать файл)

      

Жоспар:

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

- Эмоциялардың физиологиялық механизмі.

- И.П.Павлов теориясы

- Р.Мальмо теориясы

- У.Кеннон теориясы

- Линсен Хеббаның мотивациялық теориясы

- Дж.Олдс теориясы.

3.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт  деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине  адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Эмоциялардың  физиологиялық механизмі.

 Жоғары эмоциялар мен сезімдерді, адамның әлеуметтік дамуының жемісі болғандықтан, И.П.Павлов үлкен ми жарты шар қыртысының қызметімен байланыстырады. Ми қыртысы астындағы орталықтардың эмоцияларпайда болудағы көрнекті рөлін көптеген ғылым тексерулер көрсетті. Эмоциялар пайда болуын негізгі қызметті  гипоталамус атқарады. Лимбикалық жүйе, ми асты орталықтары ретикулярлық – эндотелиялдық жүйе мен басқалар эмоцияға қатысы бар мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді.

Эмоциялардың пайда болуында гуморальды-эндокриндік факторларға үлкен мән беріледі. Мысалы, эмоционалдық қозу кезінде гипофиз бен бүйрек безіне гипоталамус өзінің әсерін күшейтіп, сол себептен адреналиннің бөлінуі көбейіп, жүрек пен бұлшық еттер қызметі күшейеді. Ми қызметі мен бұлшық ет жиырылуына қажет глюкоза мөлшері қанда көбейеді.

Эмоциялар сыртқы немесе ішкі реакциялары ретінде білінеді.

Сыртқы реакциялардың  ішінде бірінші орынға мимиканы қою  керек. Дәрігер ауру адаммен кездескенде  көп нәрсені оның бет әлпетінен  біледі. Беттің мимкалық көрінісі барлық тіріге тән бұлшық еттердің жиырылуынан болады.теттер жиырылуының жан-жақты маңызы туралы И.М.Сеченов жазды.

Ауру адамның беті оның ішкі дүниесінің айғағы: сондықтан  «көз – көңіл күйдің айнасы» деп  тегін айтпаған, дәрігер ауру адамның  бетіне, мимикасына, дене қозғалыстарына өз назарын аудару керек.

Ішкі мүшелердің өзгеруі  нерв жүйесі мен қан арқылы атқарылады. Нервтердің күшті зорлануы тыныс  алуды тежеп, ол үстіртін және сирек  болады. Ұнамды эмоциялардың арқасында  адам тынысын тоқтатып, онан соң  «жеңілдетілген тыныс шығаруы» болады.

Ұнамсыз эмоциялар асқазан  жұмысын тежеп, тәбетті, қарын мен  ішек сөлінің шығарылуын және оның құрамындағы түз қышқылының мөлшерін азайтады. Эмоциялар жүрек пен  қан тамырларына көбірек әсер етеді. Күшті эмоциялар кезінде  жүрек тоқтап, кенеттен қаза болады. Адреналин мен норадреналиннің бөлінуі көбейіп, артериялдық қысым көтеріліп, стенокардия мен миокард инфарктә пайда болады.

Қазіргі заманның адамдары көптеген жағдайда өз эмоцияларын тежейді. Оқымыстылардың байқауы бойынша  эмоциялар тек сыртқы жағынан тежеліп, ал ішкі мүшелер жағынан, академик П.К.Анохиннің айтуы бойынша «күйенішті жылау» болады. Басталған эмоциялардың тоқтауы мүмкін емес. Тоқтатылған эмоциялардың энергиясы басқа жолмен бағытталып, жүрек пен қан тамырларына әсер етеді – деп жазды А.П.Анохин.

Эмоцияларды басқара білудің  маңызы зор. Бұл үшін ұнамсыз эмоциялар  болатын жағдайдың алдын алу  қажет. Немесе олар болатын жағдайда интеллектің арқасында тосқауыл қою керек. Этикалық тәрбиелеуде  эмоция сыпайылылығы туралы мәліметтердің маңызы зор. Ұнамсыз эмоцияларды қоздыратын жағдайдың алдын алып, оған ақылмен тосқауыл қою керек.

Сезімдер мен эмоциялар  жануарлар тіршілігі биологиялық  қалыптан шығып, адамның санасымен  байланысқан. Сөйтіп адам сезімдерінің өрісі кеңейіп оның жануарлар дүниесінен ерекше ақыл ой, адамгершілік эстетикалық сезімдері жетілмеді олар қоғамды әлеуметтік сипатқа ие болды

Эмоциялар тек қозғалыс реакциялары: мимика, жестерде, ғана көрініс бермейді, сондай-ақ бұлшықеттердің тоникалық  жиырылуында  байқауға болады. Клиника бұлшықет тонусы аффект мөлшері ретінде қолданылады. Көбінесе жоғарғы  бұлшықет тонусы эмоционалды жағдайдың теріс көрсеткіші (дискомфорт) ретінде санайды. Тоникалық реакция диффузды, генерализденген , барлық бұлшықеттерді жаулап алу арқылы қозғалыс жасауды  қиындатады .Соңында ол  тремар , хаотикалық, басқарылмайтын  қозғалыстарға әкеледі .

Әртүрлі  конфликтерге  душар  болатын  адамдар, әсіресе  невротикалық  бұзылыстары  барлары  басқаларға  қарағанда  қимыл-қозғалыстары  көбірек  болуымен  ерекшеленеді .

Р.Мальмо  өз  әріптестерімен жүргізген  зерттеулерінде  психикалық  аурулары бар  адамдардың  бұлшықет қозғыштығы   контрольді  топтағыларға  қарғанда  жоғарырақ екенін  көрсетті. Әсіресе ол патологиялық  қауіпті  психотерапевтикалық  әдістер  осы  қозғыштықты  басуға  негізделген, мысалы  релаксация  әдісі   және  аутогенді  тренировкалар .Олар адамдарды бос ұстауға, босаңсуына  үйретеді , соның нәтижесінде олардың әртүрлі бұзылыстарға байланысты  қозғыштығы , қатерлігі төмендейді .

Адамның  эмоционалдық жағдайының  өзгеруінің   сезімтал  индикатордың   біріне   оның  дауысы жатады. Соған  байланысты  дауыс көмегімен  эмоционалды   қайғыруды және  оларды белгі  бойынша дифференцилеуге (жағымды, жағымсыз) арнайы әдістер енгізілген. Ол үшін магнитті   лентаға жазылған  адамның  дауысы  анализдейді. ЭЕМ  көмегімен  сөз сигналдары  жиіліктегі  спектрге  ажырайды .

Эмоционалды  қозғыштықтың  өсуіне  байланысты  айтылатын  сөздер мен  дыбыстардың  жиіліктегі  спектр  мөлшері  ұзарып , жоғары  жиілікті  құраушы  жаққа  жылжиды. Жағымсыз  эмоциялар  спектрлі  энергиясы  төмен жиілік бөлікте  концентрленсе , ал жағымды эмоциялар – олардың  жоғары  жиілікті аймағында  орналасады .Сөз  сигналының   спектріндегі   бұл жылжулар  үлкен  физикалық   жүктемеден  кейін де  пайда  болуы мүмкін. Бұл  әдіс  эмоционалды  қозғыштықтың  жоғарлауын 90%  жағдайында  анықтауға   мүмкіндік  береді , сондықтан  ол адам жағдайын  анықтауда  перспективті  болып  табылады.

Эмоциялардың  маңызды  компоненттеріне  вегетативті  нерв  жүйесінің  активті  өзгеруі  жатады.Эмоцияладың  вегетативті  көріністері  әртүрлі: терінің  барерьлік қызметінің  өзгеруі (КГР), жүрек жиырылу жиіліктер, қан қысымы, тамырлардың кеңеюі мен тарылуында, дене  температурасының , қанның  гормональді және  химиялық  құрамының өзгерістері және т.б.Ашушаңдылық жағдайында  қанда норадреналин  мен  адреналин  мөлшері  жоғарылайды, жүрек соғуы  жиілейді, көз қарашығы  кеңейеді .     

                           

Эмоция психорорганикалық  теориясы

 

У.Кеннон әртүрлі  сезімдерге байланысты жауап әрекеттер  бір-біріне өте үқсас, сондықтан  олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар - шайқайды; аф-риканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкі-ретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр... Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай "молдамыз" шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберетініміз осыдан.

Электрофизикалық  әсерінен миды ары қарай дамыды. Осы базада Линсен Хеббаның мотивациялық теориясы пайда болды. Бұл теория бойынша эмоциялық жағдай, бас миының өзек бөлімің ретукулярлы фармация анықтайды. Орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен қалыптасуы сәйкес келетін құрылым салдарынан эмоция пайда болады.

Активациялық  теория келесі жағдайларда негізделеді.

Эмоция пайда  болатын  мидың электрофолографиялық жұмыс бейнесі ретикулярлық фармация қызметімен байланысты бейнесі болып  табылады.

Ретикулярлық  фармация жұмысы оның күшімен, ұзақтылығымен  динамикалық өлшемін эмоциялық  қалыптылығын анықтайды. Бұл теория ортаның эмоцияның органикалық процестерді анықтайтын теория пайда болады ,бұл теория адам психикасына, қылығына әсер етеді.

Хеббудың қисық  эмоцияны қоздыру эксперименті сәтті  өтті. Қисық эмоцияның қозуымен адам іс әрекеті бұл суретте көрсетілген. Жоғарғы дәрежеге жету үшін, эмоцияны не әлсіз, не күшті қоздыруға болмайды. Әр адамның эмоцияны қоздыру жұмыста күшті әсер қамтамасыз етеді Эмоция қозудың оптимальді сатылары мына факторға тәуелді ерекше істеу кызметіне және жағдайына байланысты.

    Эмоцияның қазіргі заман тарихы О.Джемстің 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан басталды. О.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге. ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі эмоциялық күйді танытады. "Біздің қайғыруымыз, жылағанымыздан, қорқуымыз,  қалтырауымыздан, қуанганы-мыз, күлгенімізден" (О.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер,    ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қара-дүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, үнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады-мыс.

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Жалпы осы тақырыпты  қорытындылай келе, эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Ал, эмоцияның  нейрофизиологиялық механизімі жүйке  жүйесінің арнайы қызметі және  ең алдымен ретикулярлық фармацияға байланысты болып, қызметі жандандырады, ал екіншіден, ми төмпешігінде, әсіресе көру төмпешігінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы мембикалық жүйесінде орналасқан  орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады, сондай-ақ сезім мен эмоцияның дамуына ереулі әсер ететін фактор .

Сонымен, эмоция адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға байланысты туатын психикалық процесс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Столяренко  Л.Д. Основы психологии. 17-е изд. Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2007.

Немов Р.С. Психология: Учеб. Для студ. Высш. Пед. Заведений: 1-я кн.

Сәбет Бап Баба  Жалпы психология. 2005

Жарықбаев Психология, 2003.

Илешева Р.Г. Медициналық  психология. 2009.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 




Информация о работе Эмоциялардың нейрофизиологиялық механизмдері