Эксперименталды емес- эспирикалық деңгей әдістерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 18:45, реферат

Описание работы

«Қалыпты ғылым» зерттеу дегеніміз бір немесе бірнеше зерттелген ғылыми жетістіктерге негізделетін зерттеу. Қазіргі таңда мүндай жетістіктер мазмұндалады, сонымен қатар олардың бірінші формалары кітаптармен қарапайым және жоғарғы типтік. «Қалыпты ғылым» ұғымы «парадигма» ұғымымен байланысты. Парадигма-бұл жалпы мойындалған эталон, ғылыми зерттеуге үлгі, заңды, теорияны және оның практикалық қолдануын, әдістерді қосады. Бұл анықтама және стандартты ғылыми іс-әрекет. Парадигманын пайда болуы ғылымның дамуына және бөлек ғылыми тәртіптің болуы. Ғылыми психологияда парадигма болу жағдайы В. Вунд және оның мектебінде көрініс тапқан. Шынайы ғылыми эксперимент, психологияда XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында басты талапты эксперименталды әдістерді психология негізіне көшірген.

Содержание работы

1. Кіріспе.
2.1 Эксперименталды емес- эспирикалық деңгей әдістері.
2.2 Табиғи бақылау.
2.3 Экперменталды емес зерттеудегі құжат талдау әдісі.
2.4 Корреляционды зерттеулер.
Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Экспериментальная психология.docx

— 31.20 Кб (Скачать файл)

Мазмұны:

1. Кіріспе.

2.1 Эксперименталды емес- эспирикалық деңгей әдістері.

2.2 Табиғи бақылау.

2.3 Экперменталды емес  зерттеудегі құжат талдау әдісі.

2.4 Корреляционды зерттеулер.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Кіріспе

      Зерттеудің қалпы не? Бұл сұраққа жауап беру үшін Т.Куномның ұсынған «қалыпты ғылым» түсінігіне назар аудару керек. Ол ғылымның 2 түрін бөлген:

1. Революциялық  фаза;

2. «Қалыпты  ғылым» фазасы.

«Қалыпты ғылым» зерттеу дегеніміз бір немесе бірнеше зерттелген ғылыми жетістіктерге негізделетін зерттеу. Қазіргі таңда мүндай жетістіктер мазмұндалады, сонымен қатар олардың бірінші формалары кітаптармен қарапайым және жоғарғы типтік. «Қалыпты ғылым» ұғымы «парадигма» ұғымымен байланысты. Парадигма-бұл жалпы мойындалған эталон, ғылыми зерттеуге үлгі, заңды, теорияны және оның практикалық қолдануын, әдістерді қосады. Бұл анықтама және стандартты ғылыми іс-әрекет. Парадигманын пайда болуы ғылымның дамуына  және бөлек ғылыми тәртіптің болуы. Ғылыми психологияда парадигма болу жағдайы В. Вунд және оның мектебінде көрініс тапқан.  Шынайы ғылыми эксперимент, психологияда XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында басты талапты эксперименталды әдістерді психология негізіне көшірген. Осы уақытқа дейін критиктердің келіспеуінше лабараториялық экспериментті психологияның зерттеулерінде қолдануға келісім бермеді, бірақ ғылыми жұмыстармен зерттеуді жалғастырды. XX ғасырдың ортасы мен соңында К.Поппер, И.Лакатос, П. Фейерабенд, П.Холтон  және философтар мен ғалымдар ғылыми әдістеменің дамуына үлкен үлес қосқан. Олар зерттеушілердің шынайы іс-әрекеттерін және керек білімдерінеің анализдік дамуын негіздеген. Олардың негізгі көзқарастары өзіндік революцияға, қозғалған матеметикаға, физикаға, химияға, биологияға, психологияға және бастық құрылымдық ғылымдарға негіз болған. XX ғасырда бір ізбасарлардың ғылыми көзқарастарына дейін кординалды өзгерген. Ескі теориялар бақылау мен экспериментті мойындамайды. Ғалымдар белсенді ғылами өмірде ұғымның көмегімен алынған эксперименталды деректерді теорияның кезегімен жылжытады және бір-бірін жоққа шығарады.

      Әр теория уақытында құрылып және құлдырауы мүмкін. Мұнда ғылыми принцптердің білімі: ғылымды мүндый біліммен мойындалады, яғни эмпирикалық процесстің тексеруінде жалған болуы мүмкін.Ғылымды құрылымдық процедураға  алмастыруға болмайды.Логикада шынайлықты бекіту тек шынайы болады,ал жалған бекітуде шынайы зерттеулері және жалған зерттеулері болады.Әр теорияда тек болжаммен және экспериментпен ғана шешіліді. К.Поппер ереже құрған: «біз білмейміз-біз тек қана болжаймыз»

     2.1 Эксперименталды емес-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Еmреіrіа – тәжірибе). Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттері емес, қоса өзара әрекеттесуші «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу әдістемелерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтыньша сүйену керек. Бұл ретте «түсінік» терминінің мағынасы «білім» терминіне қарағанда кеңірек. «Түсінік» ұтымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты субъект-субъект жүйесінің- жекелігі және тұлғалығы жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін. 
        Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар: 
а) Әңгіме. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, онда әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгімені тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография). Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен әдепті сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық сөзге тарта алады. 
Әңгіме әңгімелесушілердің әр түрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің әр түрлі деңгейдегі басшылары). Білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге олардың кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгімелерден басқа экспромт әңгіме-сұқбаттарды жүргізуге болады. 
ә) Сұқбат – әңгіменің бір түрі. Әңгіменің бұл түрі зерттеушінің объектісінің өзінің іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сұрақ-жауаптың бұндай түріңде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеушінің әңгімесін қолдауда. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты – зерттеушінің педагогикалық жағдаяттарға деген көзқарасын қайта құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеруі қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу барысында тенденциялар мен қүбылыстар дамуының заңдылықтарын қортындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды. 
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін. 
б) Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарга қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық өңдеу жасау қиынырақ. 
Сауалнама жүргізу әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет түрлеріне, пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын айқындау үшін қолданылады. 
      2.2 Бақылау- заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары -видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады. 
 
Бақылаушының бастапқы ұстанымы нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай тас деп қарайды. Бұны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен көреді, басымен түсіндіреді. Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады: 
- тікелей бақылау, зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұраып бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақьшау жүзеге асырылады. Мұғалімнің рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі тандалып алынады; 
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауды толықтырады және зерттеушімен бірге, оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады; 
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардьщ танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. 
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушынын сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге қолданылады; 
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады; 
- монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады; 
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады; 
– ізденіс бақылау көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп уақыт пен зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді. 
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық сипаты мен өлшемінің тәртібі бақылаудың негізін құрайды. Өлшем – зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
      2.3 Ғылыми зерттеулер мен шығармашылықта жанама ойлау және догматизм әрқашан кері әсер еткен. АҚШта көптеген жылдар бойы зерттеулер алдымен болжамға, кейін соңы қарастырылатын. Эксперименттің жоспары әдеттегінше болады: жағдай мен оның соңының әрект қатынасы.

Эксперименталды емес зерттеудегі құжат жинау әдісі

Эксперименталды емес зерттеуде қалыпты жағдайды қалыптастыру қажет: мәселен бір субъектінің зерттелуінің негізі.Бұл жағдайда дәстүрлі емес парадигманың мысалын қарастырамыз.

Мысалда көрінгендей уақыт пен нақтылық бақылаудың маңызды компоненті болып табылады. Зерттелушінің жүріс- тұрысына дұрыс баға беру үшін 3 негізгі әдіс қаолданылады:тазалық әдісі, ұзақтық әдісі, интервалдар әдісі.

     Тазалық әдісі 

Бұл әдіс жүріс- тұрыстың спецификалық әсеріне негізделген. Мәселен сізді ойын аланыңдағы балалардың агрессивті мінез көрсеткені қызықтырса онда сіз агресивті мінезді 30 минуттай бақылап байкайсыз.

     Ұзақтық әдісі

Жүріс- тұрыстың қызықты әр эпизотын байқау ұзақтығын қарастырады.Мәселен агресивті мінез байқалса оның ұзақтығын көруге болады.

     Интервал әдісі

Бұл бақылау әдісі, мұнда уақыт интервалдарға бөлінеді, мәселен әрқайсысына 3 минуттан.Кейін зерттеуші агрессивті мінездін қай уақыт интервалына түскендігін анықтайды.

Түздік зерттеу

Табиғи жағдайдағы зерттеудің тағы бір түрі ол- түздік зерттеу. Бұл зерттеу «Жоғалған хаттар әдісі» арқылы жүргізілді, адамдарға басқаға арналған жалған хаттар жіберіліп, олардың қаншалықты хатты өз мекен жайына кері қайтаратындылағы тексерілді.

Брайсон мен Хэмблин (Bryson and Hamblin, 1988) бұл әдісті почта хатына жайсыз хабарды жазу арқылы жүргізді және қанша хат өз иесін табатындығын байқады.Хаттын мазмұны мен адамның жынысына қарамастан қайтқан хаттың үлесіне мән беріңіздер.

      2.4Корреляциондық зерттеулер

К.Пирсон корреляционды зерттеу теориясын жасаған. Корреляционды зерттеу жүргізу стратегиясы квазиэкспериментпен ұқсас болып келеді. Квазиэксперименттен айырмашылығы  басқарушы әсер қатыспайды. Корреляционды зерттеу жоспары күрделі емес. Корреляционды  бірнеше ауыспалылар арасында статистикалық байланыстар туралы гипотездерді бекіту үшін жүргізілетін зерттеу. Психологияда ауыспалылар ретінде психикалық қасиеттер, процестер, жағдайлар болуы мүмкін.

«Корреляция» тура мағынада «байланыс» деген мағынаны береді. Егер бір ауыспалының өзгерісі екіншісіне ерсе, онда ауыспалының корреляциясы туралы айтуға болады.

Екі өлшем арасында корреляционды байланыстың болуында бірнеше интерпретациялар бөлінеді:

  1. Тура корреляционды байланыс. Бір ауыспалының деңгейі басқалардың деңгейімен сай келеді ( үлгі ретінде Хика заңы алынады);
  2. Үшінші шартталған ауыспалы корреляция;
  3. Ешқандай ауыспалыға шарттанбаған кездейсоқ түзетулер;
  4. Таңдаманың бірыңғай шарттанған корреляциясы.

Корреляционды байланыстар өзінің түрі бойынша бөлінеді. Егер бір ауыспалының деңгейі жоғарылап басқасына да әсер етсе, жағымды корреляция болады. Егер бір ауыспалының деңгейінің өсуі басқалардың деңгейінің төмендеуіне әкелсе, онда жағымсыз корреляция туралы айтылады.

Нолдік корреляциясы ауыспалылар байланысының қатысуынсыз болады.

Психологияда қатаң сызықтық байланысқа практикалық мысал жоқ. Байланыстың көпшілігі – сызықтық емес. Сызықтық емес тәуелділіктің классикалық үлгісі – Йеркс-Додсон заңы. Мотивацияның өсуі алғашында үйренудің эффективтілігін жоғарлатады, сосын өнімділік төмендейді.

Корреляционды зерттеу жоспары тәуелсіз ауыспалының тәуелдіге әсер етуінің қатысуынсыз квазиэксперименталды жоспардың көп түрлілігі болып табылады. Қатаң түрде: тестіленуші топтар эквивалентті өзгермейтін шарттарда болуы керек. Корреляционды зерттеуде барлық өлшенуші ауыспалылар тәуелді. Бұл тәуелділікті анықтаушы фактор жасырын немесе өлшенбейтін ауыспалы болуы мүмкін.

Корреляционды зерттеудің негізгі түрлеріне келесілер жатады:

  1. Екі топты салыстыру. Бұл жоспарды тек шартты түрде ғана корреляционды зерттеуге апруға болады. Ол психологиялық қасиеттен немесе жағдайдан жасалған. Екі табиғи немесе рандомизированды топтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын орнату үшін қолданылады. Мысалы: экстраверсия деңгейі бойынша әйел мен ер адамның айырмашылығын анықтағыңыз келді. Ол үшін аз экстраверсия – интровесия параметрлері бойынша тең репрезентативті 2 топ құрып, ЕРQ тесті көмегімен өлшеу өткізуіңіз керек. Екі топтың орташа көрсеткіші Стьюденттің t – критериі көмегімен салыстырылады.
  2. Әр түрлі шарттарда бір топқа бір өлшемді зерттеу. Бұл зерттеудің жоспары алдындағыға ұқсайды. Корреляционды зерттеу кезінде біз тәуелсіз ауыспалы деңгейін басқармаймыз, тек жаңа шарттарда индивид жүріс-тұрысының өзгерісін құрастырамыз. Мысал ретінде балаларда балабақщадан 1 сыныпқа өту кезіндегі қорқыныш деңгейінің өзгеруін алуға болады.: топ бірдей, ал шарттар әр түрлі. Бұл жоспардың негізгі артефакттары – тестілеу эффектісінің кумуляциясы.
  3. Жұп эквивалентті топтарға корреляционды зерттеу жүргізу. Бұл жоспар егіздерді ішкі жұп корреляциясы әдісін зерттеу кезінде пайдаланылады. Дизиготалы немесе монозиготалы егіздер 2 топта да дамиды: әрбірінде – жұптың бір егізі. Екі топтың егіздерінде зерттеушіні қызықтырған психикалық параметрлер өлшенеді. Сосын параметрлер немесе егіздер арасындағы корреляция жіктеледі. Егіздерді психогенетикалық зерттеудің бірнеше күрделі жоспарлары бар.
  4. Жүріс-тұрысты сипаттаушы бірнеше ауыспалылардың статистикалық байланысы туралы гипотезді тексеру үшін көпөлшемді корреляционды  зерттеу жүргізеді. Ол келесі бағдарлама бойынша жүзеге асады. Бас жиынтықты немесе популяцияны көрсететін топ іріктеп алынады. Ішкі валидтілік пен үміттілікті тексеретін тесттер іріктеледі. Сосын топ анықталған бағдарлама бойынша тестіленеді.

Бұл жоспарды жүргізу кезінде негізгі артефакттарды жіктесек:

  1. Ізбасарлық эффектісі – бір тесттің оындалуы екіншісінің орындалу нәтижесіне әсерін тигізуі мүмкін (симметриялы немесе ассимметиялы ауысу).
  2. Үйрену эффектісі - әр түрлі тесттерді орындауда экспериментке қатысушыда тестілеу кезінде біліктілігі жоғарлауы мүмкін.
  3. Фонды әрекет эффектісі мен «табиғи дамуы» сыналушыларды зерттеу кезінде басқарылмаған жағдай динамикасына әкелуі мүмкін.
  4. Тестілеу тәсілінің өзара әрекеті мен топ құрамы бір текті емес топтарды зерттеу кезіде пайда болған интроверттер экстраверттарға қарағанда экзаменді нашар тапсырады. Ауысу мен ізбасарлықтың эффектісін бақылау үшін экспериментті жоспарлау кезіндегі контрбаланстау әдісі қоданылады.
  5. Құрылымды  корреляционды зерттеу. Бұл сызбаның басқалардан айырмашылығы зерттеуші мағыналы корреляцияның бар немесе жоқ болуын емес, олардың арасындағы мағыналық корреляционды  тәуелділік деңгейінің айырмашылығын анықтайды. Бұл жағдайды мысалмен түсіндірсек, мысалы бала мен ата-ананың жыныстары олардың ұқсастықтарына немесе тұлғалық кескіндеріне әсер ету туралы болжамды тексеру керек болды. Айзенк бойынша нейротизм деңгейі ол үшін шынайы топ-отбасыға зерттеу жүргізу керекпіз. Сосын ата-аналар мен балалардағы қорқыныш деңгейінің  корреляция коэффициенті жіктеледі. Корреляция коэффициентінің 4 түрі бар:
  6. Шеше – қыз бала
  7. Шеше – ұл бала
  8. Әке – қыз бала
  9. Әке – ұл бала
  10. Ұл – қыз
  11. Әке – шеше

Бұл құрылымды корреляционды зерттеудің қарпайым үлгісі Зерттеу практикасында мұның күрделі түрлері кездеседі. Олар көбінесе, даралық психологиясында,(Б.Г.Ананьев және оның мектебі), еңбек және оқу психологиясында (В.Д.Шадриков), психосемантикада (В.Ф.Петренко, А.Г Шмелев) кездеседі.

  1. Лонгитюдті  корреляционды зерттеу. Лонгитюдті зерттеу –квазиэксперименталды зерттеу жоспарының нұсқасы. Әсер етуші ауыспалы психолог лонгитюдті зерттеу кезінде уақытты санайды. Ол әр түрлі шарттарда 1 топқа тестілеу жоспарының ұқсас болуы болып табылады. Тек шарт тұрақты боп саналады. Кез келген уақытты зерттеудің нәтижесі ауыспалыны өлшеуші уақыт трендінің құрылуы болып табылады. Құрылымды лонгитюдті зерттеудің қарапайым лонгитюдтіден айырмашылығы ауыспалылар арасындағы байланыстың өзгеруін қарастыруда.

Информация о работе Эксперименталды емес- эспирикалық деңгей әдістерi