Эксперементалды психологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 14:06, реферат

Описание работы

Эксперименталды психология – эксперименттік әдістерді қолдану арқылы психикалық құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының саласы.
Эксперимент (лат. Experimentum - “эксперименттеу” тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны береді) – ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;
Теориялық білім адам психологиясы, әрекеті санасына байланысты мәселелерді жалпы талап бойынша шешуде қолданылатын жалпы ғылыми бағыт болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
Эксперименталды психология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайы.
Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері.
Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ғылыми зерттеу әдістері.docx

— 34.55 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Орталық-Азия Университеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Реферат.

Тақырыбы: Эксперементалды психологияның даму тарихы.

 

 

 

 

Орындаған: Айтжанова А.А

Тексерген: Турниязова.Ж.Қ

Алматы 2014 жыл

Жоспар

    1. Кіріспе бөлім
    2. Негізгі бөлім
      1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
      2. Эксперименталды психология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайы.
      3. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері.
    3. Қорытынды бөлім
    4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эксперименталды психология – эксперименттік әдістерді қолдану арқылы психикалық құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының саласы.

Эксперимент (лат. Experimentum - “эксперименттеу” тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны береді) – ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;

Теориялық білім адам психологиясы, әрекеті санасына байланысты мәселелерді жалпы талап бойынша шешуде қолданылатын жалпы ғылыми бағыт болып табылады. Ал, қолданбалы салада адамның іс - әрекетін жетілдіруде, оның әрекетін жақсартуға, психологиялық дамуын жоғарлатуға, практикалық – кеңестік сипаттама жасауға байланысты практикалық міндеттерді ғылыми негізде қою және шешу болып табылады. Қолданбалы саладағы бұл міндеттер эксперимент арқылы шешіледі.

Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс - әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс - әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.

Эксперименталды психологияның міндеттері:

  • эксперименталды психологиялық теориялық негіздерін ашу;
  • эксперименталды психологиялық зерттеуді жоспарлауды және оның негізгі кезеңдерін білу;
  • қорытындылай білуді үйрету және эксперимент нәтижелерін бере білу;
  • психологиялық зерттеулердің эксперименталды әдістерін таңдай білуге үйрету;
  • психологиялық эксперименттік зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің өзгешеліктерін, психологиялық зерттеудің болжам ерекшеліктерін қарастыру;
  • психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын, экпериментатор мен сыналушылардың жеке басы мен эксперимент кезіндегі іс - әрекет туралы адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселелерді қарастыру;

Эксперименталды және эксперименталды емес жоспарларды кейінгі  жоспарларды корреляциялық жоспарларды, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды.

Идеалды эксперимент және реалды (шындықтағы) экспериментті, эксперименттің толық сәйкестігі арасындағы өзгешеліктерді, сонымен қатар психологиялық өлшемдер туралы нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады.

Ғылым адам іс - әрекетінің басқа салаларынан яғни мақсатымен, құралдарымен, мотивтерімен және жағдайларымен өзгешеленеді. Егер ғылымның мақсаты шындықты түсіну болса, онда оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу іс - әрекетінің нормасы ғылыми әдіске негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын белгілеуден, анықтаудан, зерттеу құралдарын таңдаудан, нәтижеге негізделетін бағдардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Эксперименталды психология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайы.

Зерттеу алғашқы ойлар ежелден – ақ келе жатыр. Алғаш адамзатты зерттеу мәселесі Қытай империясында пайда болды. Ал, дене дамуы, ойлау, талдау өнері туралы баға беру Грецияда пайда болды.

Эксперименттік зерттеудің алғашқы элементі Платонның зерттеулері болды. Ол адамдардың әскери қабілеттілігін зерттеді.

Б.з.д. IV – ғасырда өмір сүрген Греция өкілдері тек адамзатты ғана емес, табиғатты да зерттеген. Айталық, А. Македонский өзінің оқытушысына өзі жеңіп алған аймақтардағы табиғатын, өсімдіктерін зерттеуді бұйырған. Осының негізінде түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.

ХV – ғасырда өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффекті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымның методологиясына жаңа идеялар енгізді.

Дж. Локк адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі.

Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты. Сонымен қатар ол алғаш Лейбцинг қаласында 1876 жылы арнайы педогогикалық институт ашты. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын,  6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыдыжәне олар психологиялық эксперименттің алғашқы түлектегі ұрпақтары болды.

Арнайы лабораториялық кабинеттерді Вундт ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізген. Мұнда алғаш қолданылған негізгі әдіс  интроспекция әдісі еді. (Интроспекция (лат. Introspektare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция психиканы толық зертеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. Интроспекция ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарының тіркеуге мүмкіндік  беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырату керек.)

Ең алғаш ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген ғалым американ ғалымы Р. Кэттелл болды. Ол өзінің докторлық диссертациясында В. Вундттың эксперименталды лабораториясында дайындады.

Кейінгі уақыттарда 1888 жылы Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Кэттелдің басқа зерттеушілерден ерекшелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеулері қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешудегі зерттеулерге бағытталған.

Француз дәрігері, психологы және педагогы А. Бине және В. Анридің зерттеу жұмыстары эксперименттік зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізді.

Сонымен, эксперименталды психологияның дербес ғылымға айналуына ассоциация ілімдер өкілдерінің еңбектері себепші болды.

Р. Декарт, В.  Вундт, Ф.Бэкон, Дж. Локк, Р. Кэттел, Крепелин еңбектеріндегі зерттеу жұмыстарында ашқан жаңалықтары эксперименттік психологияның алғашқы фундаменті болды.

Ресейдегі эксперименттік психологияға жаңа жетістіктер әкелген Н. Лангенің Новосибирск университетіндегі лабораториясындағы зерттеулері және Токарскийдің Москва Мемлекеттік Университетінің лабораториясында В.В. Чиктің Харьков Университетінің лабораториясындағы зерттеу жұмыстары болды.

Эксперименталды  психологияда А. Лазурскийдің (1874-1917) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Петербург университетіндегі жүйке және жан аурулары кафедрасында жұмыс атқара отырып, лабораториялық экспериментте адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін ілім ретінде көрсете отырып, жеке адамның құрылымын жасады.

Қазіргі кездегі эксперименталды  психологияның дамуы бірнеше жылдар бойы жинақтаған білімдерді тәжірибеде қолдану негізінде адамдардың іс-әрекеті туралы жаңа ілімдерді кеңейтумен сипатталады. Еліміздегі психология ғылымының қолданбалы саласында психологтардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын оқыту жұмыстарының психологиялық заңдарын ашумен шұғылданса, енді біреулері қолданбалы өңдеулермен, енді біреулері психотерапия және психодиагностикалық көмек көрсетумен айналысады.

Жалпы алғанда, эксперименталды  психологияның тарихы төрт мағынаны анықтайтын кезеңнен тұрады:

  1. В.Вундт және Стивенс түсінігі бойынша эксперименталды  психологияның негізінде адамдармен жаунуарлардың әрекеттерін зерттеп жатыр. Ғылыми психология мен психологияның философиялық, интроспекциялық, ойша жорамалдаушылық және гуманитарлық көзқарастармен қарсы тұрады.
  2. Эксперименталды психология нақты зерттеулерде іске асатын экспериментті әдістер мен әдістемелерді нақты бір жүйеге келтіріп, дәлелдеп түсіндіреді.
  3. Эксперименталды  психология терминнің оның мағынасын кеңейте отырып, психологтар, психологиялық зерттеу мәселелерімен айналысатын ғылыми пәндер жүйесі үшін қолданылды.
  4. Эксперименталды  психология психологиялық эксперименттік теориясын эксперименттің жалпы ғылыми теорияларына негіздеу және оны жоспарлау және алынған мәліметтерді өңдеу туралы мәселені қарастырды.

Елімізді эксперименталды психология курсы 70 жылдардан бастап оқытыла бастады. Ал Ресей Университеттерінде бұл пән профессор Челпановтың лекцияларынан басталады. Ол 1909 жыл еді. Челпанов эксперименталды психология оқу пәнін психологиялық “зерттеулер әдістемесін, нақтырақ айтқанда психологиядағы эксперимент әдісін қарастыратын ғылым”, - деді.

Эксперименталды  психология саласы бойынша орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді.

Француз психологы А. Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері  психологтардың І дүниежүзілік конгресінде Париж қаласында 1889 жылы талқыланды.

ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов психологиялық лаборатория ұйымдастырды.

Психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуда әйгілі академик И. П. Павлов (1849-1936) шартты рефлекстер әдісін ашты.

Н.И. Красногорский (1882-1961) балалардың жоғары жүйке қызметінің даму жолдарының қызметін зерттеді.

А.Г. Иванов – Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеді.

Осы кезеңдерде психикалық процестердің пайда болу жылдамдығын өлшейтін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін зерттейтін – эстезиометр, зейіннің көлемін өлшейтін тахистоскоп, естуді өлшейтін, тексеретін – аудиометр, бұлшық еттердің жұмысын тексеретін эрограф сияқты аспаптар ойлап табылып дүниеге келді.

Сондай-ақ эксперименттің екінші түрі – табиғи эксперимент пайда болды. Табиғи эксперимент әдісінің негізін салған орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917). Бұл әдістеме негізінде зерттеуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда өзі қалыптастырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері.

Әдіс - бұл ғылыми зерттеудің жолы немесе қандай да бір болмысты танудың тәсілі. Өз құрылымы жағынан ғылыми әдіс қандай да бір объектіні қарастырудың немесе операциялардың жиынтығы.

Әдіс (Метод;грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.

Әдіс - өзінің психология  пәнімен зерттеу объектісімен бірлігі арқылы зерттелінетін болмысқа деген ғылыми қадамды көрсетеді. Психологиядағы әдіс зерттеу әдістемелерінде нақтыланады.

Әдістеме (Методика) - әдістер жиынтығы; оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы.

Әдістемелер - зерттеудің нақтылы мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді. Онда зерттеу объектісі мен зерттеу шараларының сипаттамасы бар. Бір әдістің төңірегінде бірнеше әдістемелер жасалынуы мүмкін.

Әдіс туралы ілім білімнің ерекше аумағын методология құрайды. Методология теориялық және практикалық іс-әрекетін құрылысын ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптерінің жүйесі негізінде, сондай-ақ осы ілім туралы жүйе ретінде қарастырылады.

Әдіснама (методология; грек methodos – зерттеу жолы, теория, ілім және логия ) – ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер; дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты – объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жолда, әдісте ақиқат болуы қажет. әдіснама негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен қате болуы да мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. әдіс – пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Теория – объективтік шындықтың идеялық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Дұрыс құрылған теория – жаңа құбылыстарды танудың әдіснамасы. Әрбір ғылымның өзіндік пәні, демек өзіне сәйкес әдістері болады. әдістің негізінде білімдер жүйесі жатқандықтан (мыс.,математикалық немесе филосоиялық, логикалық және т.б.) олардың әдістері де әр алуан болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болды. Топтастыру әдістері белгісіне (қолдану өресіне, онгың заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске асырылады. Осыған байланысты әдістерді екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі. Философиялық әдіс таным теориясымен байланысты болағндықтан, барлық ғылымға ортақ болып келеді. Белгілі бір ғылым саласында философиялық әдісті дұрыс қолдана білмеу көптеген әдіснамалық қателерге соқтырады. Диалектикалық материализм – дүниені танудың және өзгертудің бірден – бір ғылыми әдісі. әдіснаманы әдістен ажырата білген жөн.

Информация о работе Эксперементалды психологияның даму тарихы