Олтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне жалпы шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 12:52, курсовая работа

Описание работы

Солтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі — Бутия түбегінің Мёрчисон мүйісі (солтүстік ендіктің 71о 50'). Солтүстік Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12/-на дейін (Марьято мүйісі) созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген және бөлшектенген бөлігі Орталық Америка деген атпен мәлім болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3
І - тарау. Солтүстік Американың физикалық – географиялық
елдеріне жалпы шолу.
1.1 Солтүстік Американың географиялық орны.............. ................................5
1.2 Жер бедері және пайдалы қазбалары.................................................................8
1.3 Климаты және ішкі сулары................................................................................12
ІІ – тарау. Солтүстік Американың территориясының
физикалық – географиялық аудандастырылуы.
2. 1 Гренландия және Канадалық Арктика архипелагы.......................................17
2. 2 Орталық және Ұлы жазықтар..........................................................................20
2. 3 Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы....................................................23
2. 4 Кордильер..........................................................................................................25
а) Алякадағы Кордильер ................................................................................25
б) Канададағы Кордильер...............................................................................26
в) Америка Құрама Штатындағы Кордильер...............................................27
г) Оңтүстіктегі Кордильер..............................................................................28
ІІІ Қорытынды..............................................................................................30

Файлы: 1 файл

Құрлықтар.doc

— 96.50 Кб (Скачать файл)

                                                                                                                    

Мазмұны

 

Кіріспе................................................................................................................3

І  -  тарау. Солтүстік Американың физикалық  – географиялық

                     елдеріне жалпы шолу.

1.1  Солтүстік  Американың    географиялық   орны.............. ................................5

1.2  Жер бедері және пайдалы  қазбалары.................................................................8

1.3 Климаты және ішкі сулары................................................................................12

ІІ – тарау. Солтүстік  Американың территориясының 

                    физикалық – географиялық аудандастырылуы.

2. 1  Гренландия және Канадалық  Арктика архипелагы.......................................17

2. 2  Орталық және Ұлы жазықтар..........................................................................20

2. 3   Аппалач тауы және Ньюфаундленд  аралы....................................................23

2. 4   Кордильер..........................................................................................................25

         а)  Алякадағы Кордильер ................................................................................25

         б)  Канададағы Кордильер...............................................................................26

         в)  Америка Құрама Штатындағы Кордильер...............................................27

         г)  Оңтүстіктегі Кордильер..............................................................................28

ІІІ Қорытынды..............................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

Солтүстік Америка поляр  ендіктерінен бастап экваторға дейінгі  аралықты дерлік алып жатыр. Материктің солтүстіктегі ең шеткі нүктесі — Бутия түбегінің Мёрчисон мүйісі (солтүстік ендіктің 71о 50'). Солтүстік Америка оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 7°12/-на дейін (Марьято мүйісі) созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Материктің оңтүстіктегі жіңішкерген және бөлшектенген бөлігі Орталық Америка деген атпен мәлім болып отыр.

Солтүстік Американың ең кең жері қоңыржай ендіктер тұсында. Оның батыстағы ең шеткі нүктесі  Аляскадағы Принц Уэльский мүйісі (батыс  бойлықтың 168°-ы), шығыстағы ең шеткі  нүктесі Лабрадор түбегіндегі Сент-Чарльз мүйісі (батыс бойлықтың 55°40'-ы). Солтүстік Америка жағалауларында ірі аралдар мен архипелагтар бар. Солтүстікте бұлар — Гренландия аралы мен көптеген ірілі-ұсақты аралдардан тұратын Канадалық Арктика архипелагы. Солтүстік Американың шығысында Ньюфаундленд аралы, оңтүстік-шығысында — Үлкен және Кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Солтүстік Америкаға оның солтүстік-батысы мен батысында да көптеген аралдар таяу жатыр, олар: Алеут, Королева Шарлотта, Ванкувер аралдары, Александр архипелага, Солтүстік Американың ең солтүстік аралдық шеткі нүктесі — Гренландиядағы Моррис-Джесеп мүйісі (солтүстік ендіктің 83о 39'-ы). Бұл — солтүстік жарты шардың полюске ең таяу жатқан құрлық бөлігі.

Материктің жалпы көлемі аралдарды  қоса есептегенде 24 250 мың км2, аралдардың көлемі — 3890 мың км2. Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік ендіктің 70° және 30° аралығында, неғұрлым енді және көлемді болады. Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстігі су бассейндерімен көп бөлшектенген.

      Жұмыстың    мақсаты –  Солтүстік Америкаға жалпы  сипаттама   бере  отырып, оның зерттелу тарихына, рельеф  және  физикалық – географиялық аудандарының   физикалық – географиялық ерекшеліктеріне талдау жасау.

      Жұмыстың   міндеті  – Солтүстік Американың  физикалық  –  географиялық    жағдайын  сипаттап, қазіргі   таңдағы   соңғы   ғылыми    ашылулар, жаңалықтар   мен   өзгерістерді   толық   қарастыру.

      Жұмыстың   өзектілігі  – Солтүстік Американың  физикалық  –  географиялық  аудандарының  маңызын осы аудандарды тіиімді пайдалану мүмкіншілктері мен жолдары қарастыру.

       Жұмысты    орындау   барысында   Солтүстік Американың  физикалық  –  географиялық  аудандарын сипаттауда Т.В.Власованың «Материктердің физикалық географиясы» кітабы негізгі әдебиет көзі болып табылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – тарау. Солтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне жалпы шолу

1.1 Солтүстік   Американың    географиялық   орны

       Солтүстік   Америка  материгі  Солтүстік  жарты  шарда  арктикалық  белдеудугі  аралдардан  субэкваторлық  белдеуге  дейін  созылады. Солтүстік   Американың  ең   енді  бөліктері    Еуразиядағы  тәрізді   қоңыржай   және  субтропиктік  белдеулерге  сәйкес  келеді. Материк  оңтүстігінде  сүйірленіп, Панама   мойнағы   арқылы  Оңтүстік  Америкамен  жалғасады. Бұл  екеуі  батыс   жарты  шарда  орналасқан   Америка  дүние  бөлігін  құрайды. Мексика  таулы  қыратының  солтүстігі  мен  Оңтүстік  Америкаға   дейінгі   аралықты Орталық   Америка  деп  те   атайды. ХХ  ғасырдың  басында  Панама  мойнағы  арқылы  материктің   батысы  мен  шығысындағы  Тынық   мұхит   пен  Атлант   мұхитын  жалғастырып  тұратын  Панама   каналы  салынған.

       Солтүстік   Американы  Еуразиядан  бөліп  жатқан  Беринг  бұғазы  екі  материктің   солтүстігіндегі  Солтүстік   Мұзды   мұхит   суларын  Тынық  мұхитымен  жалғастырады.Солтүсті   жарты  шар  материктерінде  мұз   басу  кезеңінде  Еуразия  мен  Солтүстік   Америка  Беринг   бұғазы  орнында  болған  құрлық  арқылы   жалғасып  жатқан. Бұл  құрлықтық  « көпір » арқылы  материктер  арасында   өсімдіктер  мен  жануарлардың  алмасуы  жүрген, адамдардың  да  осы   жолмен  азиядан  Америкаға  қонымтанғаны  белгілі.  Солтүстік   Америка   жағалаулары   солтүстігі  мен  шығысында   күшті  тілімденген. Материктің   солтүстік   жағалары    жаппай    мұз    басу  кезеңінде   күшті  тілімденуге   ұшырады, қазірдің  өзіеде  солтүтікткгі  аралдар  мен  түбеатердің   көпшілік   бөлігін   қалың  мұз   құрсап  жатыр.

       Солтүстік  Америка   табиғатының   жалпы   белгілері   Еуразияға  ұқсас    болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі  айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері   өзіндік   ерекшеліетерімен  сипатталады.

       Материктің   ашылу   және   зерттелу  тарихы. 1492   жылы  Х. Колумб  бастаған  Испан  экспедициясының  материктік   оңтүстік   жағалауын   ашқан. Х  ғасырдың аяғында   Исландия   жағалауы  арқылы   Гренландия   жағалауына   жеткен  нормандар  солтүстіктің   қатаң   климат  жағдайында  бірнеше   жүз  жыл  бойы  аралдың  оңтүстігі мен оңтүстің   шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар  Лабрадор   түбегінің   солтүстік   шығыс жағалауына  дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың  аяғында   ағылшын қызметіндегі   итальяндық   Джон  Кабот   Ньюфаундленд   аралы мен   Лабрадор   түбнгі  жағалауын  ашты. Ал   1519   жылы   Эрнанд  Кортес   бастаған  испандардың   жорығы   ацтектер мемелекеті орналасқан  қазіргі  Мексика елін басып алумен  аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри  Гудзон, Александр Макензи материктің   солтүстік және шығыс  жағалауында көптеген жаңа  жерлерді  ашты. Материкте бұл саяхатшылардың   құрметіне қойылған  жер – су  атаулары   баршылық.

       Солтүстік   Американың   Ресей   шекараларына   көршілес   орналасқан  Аляска   жерін   ашу  мен  оны   зерттеп   игеруде   орыс  саяхатшылары   зор 

үлес  қосты. 1741 жылы  Витус  Беринг  пен  Алексей   Широков   екі   желкенді  кемемен  Алеут  аралдарын  бойлай   жүзіп, Аляска   жағалауын  зерттеді. 1778  жылы   ағылшын  Джеймс Кук  Солтүстік  Американың  батыс  жағалауы  мен  жоғары  ендікке дейін  зерттеу   жұмыстарын  жүргізіп   Нортон   шығанағын   зерттеді.

       ХХ  ғасырдың  басында  норвег  поляр  зертеуші  Руаль  Амудсен  алғаш  рет материктің  солтүстік  жағалауымен  жүзіп өтіп, жердің солтүстік   магниттік   поюсінің   орнын  анықтады. Қазіргі  кезде   материк   табиғатын  зерттеумен  табиғат  байлықтарын  игеруде   ғылым  мен  техниканың   соңғы  жаңалықтарын  пайдаланылуда. Бұл  зерттеулер  осында  орналасқан   Ақш  пен  Канада  сияқты   күшті   дамыған  мемлекеттер  қатысу   арқылы   жүргізіледі.

 

 

 

1.2  Жер    бедері  мен  пайдалы  қазбалары

       Солтүстік   Американың    жер   бедерінде  жазықтар  басым. Таулар  материктің   үштен  бір  бөлігін   алып   жатыр. Материктің   жазық    жерлері   ежелгі   Солтүстік    Америка  платформасында  орналасқан. Платформаның  солтүстік   бөлігі  жаппай   мұз   басудың   нәтижесінде  майысып, төмен   түскен. Кейіннен  мұхит  деңгейі   көтерілген   кезде   бұл   бөлікте   Канаданың   арктикалық  архипелагы, Гудзон  шығанағы   мен   бұғаздар  жүйесі   қалыптасты. Әсіресе   Гудзон  шығанағының   жағалауы   қатты   майысқан,

мұнда   ойпаттар  тараған. Платформаның  негізін  құрайтын  кристалды   жыныстар   Гренландия   аралы  мен  Лабрадор  түбегінде  жер  бетіне   шығып   жатыр. Ежелгі  платформаның   осы   бөлігі   Канада   қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар  мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке   қарай   жер бедері  аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған  орталық жазыққа, одан   Миссисипи  ойпаты  мен  Мексика−   шығанағының   жағалау  жазықтарына   ұласады. Платформаның   батыс  бөлігінде  Кордильераға  қарай   баспалдақ   тәрізді  бітріндеп   биіетейтін, кең  алқапты  Ұлы  жазық  жатыр. Ұлы  жазық    таудан  басталатын  өзен   аңғарлары  мен   күшті  тілімденген. Материктің  40° с.е.   дейінгі  солтүстік  бөлігін  бірнеше  ретт жаппай  мұз  басқандықтан, жер  бедерінде   мұздықтардың   әрекетінен   пайда  болған  үлкен   жартастар, « қой  маңдай »  тастар, мұзжықтар  қазған  қазаншұңқырлар  көптеп  кездеседі. 

     Ірі   қазаншұңқырларды  алып  жатқан  мұздық  − тектоникалық  көддер  жүйесі   бір − бірімен  қысқа  өзендер  жүйесімен   жалғасып   жатыр. Орталық  жазық   түгелімен  мұздықтар   өңдеп  тасымалдаған   жыныстар − мореналармен  жабылған. Миссисипи  ойпатын  өзен  тасымалдап  әкелген  жыныстар  жауып  жатыр. Материк  жағалауындағы  жазықтар  теңіздік   шөгінділеден  түзілген.

       Платформаның  солтүстігі  мен  шығысында   палеозойлық   аласа   және  орташа биіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың арктикалық  архипелагының  солтүстігі  мен   Гренландия   аралының  шығысындағы  және  Аппалач    таулары   жатады.

       Солтүстіктегі  таулар  мұздықтардың   әсерінен  өте  күшті  тілімденген, ал  Аппалач  тауларын  көптеген  өзен  аңғары   ұзына   бойы  да, көлденеңінен   де   кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі  жөнінен  Еуразиядағы  Орал тауына  өте  ұқсас: тау  беткейлері   көлбеу, шыңдары  күмбез  тәрізді  жұмыр   болып   келеді.

       Материктің  батыс  бөлігін  бойлай   жер  шарындағы   ұзын   тау  жүйелері   болып   есептелетін  Кордильера   тау  жүйесі  созылып  жатыр. Кордильера  испан  тілінен  аударғанда  « тау  жотасы, тау  тізбегі »   деген   мағынаны  білдіреді. Себебі  Кордильера  бір − бірімен  жалғасқан  тау  жоталарының  бірнеше  қатар  тізбектерінен   тұрады. Мұндағы   үшкір  шыңдар    тізбегенен  тұратын  тау  жоталары  сьерралар  деп  аталады. « Сьерралар »  испан  тілінен  аударғанда  « ара »  деген  мағынаны  білдіреді. Шындығында  да  Сьерра − Невада, Сьерра − Мадре жоталарындағы   қатар тізіле  орнласқан   шыңдар   ара тістеріне ұқсайды. Кейбір   тау тізбектерінің   барлығын   өте көлемді, кең алапты  қамтитын  көтеріңкі жазықтар  мен   үстірттер алып  жатыр.  Бұл таулар  асқақтығымен, шетсіз − шексіз  алаптығымен, табиғатының  көз  жауын    алатын  әдемілігімен  таңғалдырады. Өте  терең  тау  аралық  ойыстар  мен  каньондар асқар шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның  ішкі  бөліктерінде  жанартаулар   атқылауынан  Йеллоустоун    үстірті  орналасқан. Мұнда   3000 − нан  астам   гейзерлер  мен  ыстық   бұлақтар  бар.

       Кордильераның  биік  бөлігі   оның  солтүстігінде  орналасқан, мұнда  тауларды  қалың   мұз   басып   жатыр. Мұздықтардың  кейбіреулері   тау  етектеріне  дейін   төмендеп,  теңіз   жағалауына  тіреледі. Кордильера   екі  литосфералық  тақтаның  түйіскен  жеріне  түзілген  тау  жүйесі  болғандықтан  жер  қвртысында  көптеген   жарықтар   пайда  болған. Олардың  бойында  сөнбеген  жанартаулар  тізбегі  орналасып, күшті  жер  сілкінулер  байқалады. Бұл  апатты   оқиғалар  адамдар  өміріне  қауіп   төндіріп   көп  қайғы − қасірет   әкелед. Мысалы, 1985  жылы  Мехико  қаласында  болған  жер  сілкінудің  нәтижесінде   төрт  мың  адам  қаза  тауып  он  үш  мыңнан  астам  адам  баспанасыз   қалды.

Пайдалы  қазбалары. Солтүстік   Америка пайдалы қазбаларға  бай. Материктің   солтүстігіндегі   жазықтарда  металдардың кен орындары   кең таралған. Орталық   жазық пен Ұлы жазықтың  шөгінді жыныстарында  және  Миссисипи  ойпатында  мұнай  мен  газ, тас  көмір  көп. Аппалач   пен   оның  тау  бөктерінде   темір  мен   таскөмірдің   бай  кен  орындары  бар. Кордильера   тау  жүйесінің  қойнауы   шөгінді  жолмен  қалыптасқан  мұнай, газ, таскөмңрмен  қатар, магмалық  жолмен  түзілген  түсті  метелдарға, алтын  мен  уранға  бай  болып  келеді. ХІХ  ғасырда   Кордильера  қойнауынын   өзендер  ағызып  әкелген  шөгінді  жыныстардан  алтынды   шайып   алу  кең  етек  алды. Мол  алтынға  кенеліп, тезірек  баюды  ойлаған   мыңдаған  адамдар  материктің  батысына  қарай  ағылды. 1849 жылы  алтын  іздеушілердің   осындай   бір  тобы  аптап   ыстық  пен  шөлге  шыдамай  қаза  болған. Кейіннен  « Өлім   аңғары »  деген  атаққа  ие  болды. Тарихта   бұл    кезең    «алтын  безгек »   деп  аталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Солтүстік   Американың    климаты  және    ішкі  сулары.

       Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар  орналасқандықтан, климаттық жағдайлары  ұқсас болып  келеді. Материк  солтүстік жарты шардағы   экваторлық  белдеуден басқа барлық  климаттық белдеулерді   кесіп өтеді.

       Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік  полюске  неғұрлым  жақын  орналасуы; оңтүстігіне  қарай  сүйірленуі; батысы  биік  таулы, ал  шығысының   аласа  болуы; ендік  бағыттағы  таулардың  болмауы − міне  осының   бәрі  климаттың  өзіндік   ерекшеліетерін  қалыптастырады.

       Материктің  солтүстігіндегі   мәңгі  мұз  құрсап, қар   жамылғысы  қалың  жататын  аудандарда   күн   сәулесінің  кері   шағылысуы   күшейеді. Сондықтан  ауа   температурасы  төмен  болады, осында   қалыптасқан  суық  ауа  массалары  еш  кедергісіз   оңтүстігіндегі  Мексика  шығанағына  дейін  өтіп  кетеді. Осының  нәтижесінде   субтропиктік  белдеуде  де  қар жауады. Солтүстік   Американың  шығысындағы Атлант  мұхитынан келетін   жылы, ылғалды ауа массалары   Арктикадан   келетін    суық    ауа     массаларының  

Информация о работе Олтүстік Американың физикалық – географиялық елдеріне жалпы шолу