Гидросфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 15:02, курсовая работа

Описание работы

Әйтседе, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ.Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттардың шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың, топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудыруда.

Файлы: 1 файл

гидросфера курсовой ж9мыс.docx

— 1.16 Мб (Скачать файл)

-  суды өте көп қажет ететін  күріш, мақта дақылдарын барынша  көбейтіп жіберу;

-  жерді игерудің агротехникалық  шараларын сақтамау және суды  үнемді пайдаланбау;

табиғат ресурстарын пайдаланудағы  жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып  табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык  дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар  адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі  болды.

Арал өңірінде туындап отырған  қазіргі экологиялык апаттар  нышаны жыл өтксн сайын теңіз  суын тарылтуда. Оның фаунасы мен  флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде  балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға  алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн  көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі  жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі  шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз  антропогендік экожүйелерге қарай  ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік  факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына  тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз  қалып, басқа аймақтарға еріксіз  қоныс аударуда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы  мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар рсспубликаның  басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүнис  жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола  жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды  ғана емес көптегнн ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шелге  айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын  тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты  жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар  туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық  конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

 

Арал теңізін құтқару жөнінде  бірнеше ғылыми болжамдар мен  жобалар бар. Олар:

Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.  Әмудария мен Сырдария өзендерінің  суын реттеу арқылы суды молайту.

3.  Арал теңізін жартылай сақтап  қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды  канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи  реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың  ісі болғанымен, уақыт талабы  оны

күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі  мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының  білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында  батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде  жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтын болашақ алдындағы  борышы.

 

       Жер асты сулары


 

     Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды.  Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

    Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді.  Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі  де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.

     Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Төменгі қабатта  судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында – су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады.

      Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.


Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына  байланысты өз сипаттамасын өзгерте  алады. Осыған байланысты жер асты суларының  үш түрі белгілі. Бірінші түрі жетекші  деп аталады. Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде  су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.

     Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады. Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.

Тазартылған су

      Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.

        Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Дистилденген суды, әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат.

          Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар. Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген. Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ.               

      Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.

                    Жер асты суларының қалыптасуы және режимі

    Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтирация) және конденсациялық теориялар.

Сорғу теориясы жер аты суларының  қалыптасуын атмосфералық жауын  – шашындары мен жер үсті суларының  жерге сіңуі (топырақ қабатынан  сорғуы) арқылы түсіндіреді, (Беруни...). Ірі жер жарықтары және қуыстарымен  сорғыған сулар, су өткізбейтін қабаттарға жиналады да, жер асты суларына бастау береді.

     Жер асты суларының сорғу жолымен қоректенуі мерзімдік құбылмалылығымен ерекшеленеді және табиғат жағдайларына тәуелді (жер бедері, өсімдік жамылғысы, адамның қызметі...).

Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының  жер жарықтары мен қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану жолымен  жинақталатындығымен түсіндіреді.

     Бұл екі теория қазіргі кезеңде бір – біріне қарама – қарсы қойылмайды, бірін – бірі өзара толықтырады. Себебі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жер қыртысына сулар сұйық тамшылар түрінде де (көпшілік жағдайда) және су буы түрінде де (айтарлықтай аз) өтетіні дәлелденеді.

    Атмосфералық жауын – шашыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (h = 300...400 м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады.

     Жауын – шашыны аз әрі ылғал көп буланатын аудандарда (шөл – шөлейт) жер асты сулары негізінен су буларының конденсациялануымен қоректенеді.

    Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте шабан. Олар өте ертеде теңіз шөгінділерінің тығыздалу кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді.

     Сонымен қатар жер асты суларында ювенильді суларды да бөліп қарайды. Бұл сулар жер ядросындағы магмадан бөлініп шыққан су буларының конденсацияға ұшырауы арқылы қалыптасқан. Ювениль суларының жер бетіне тікелей шығуы вулкандардың жұмыс істеу кездерінде күшейеді.

Жер асты сулары жер қыртысында, тау  жыныстарында сорғу арқылы немесе сіңу жолымен қозғалады. Сорғу кезінде  судың қозғалысы жарықтар мен  қуыстардың бір бөлігінің  су буы  немесе ауамен толтырылуы арқылы жүргізіледі (аэрация белдемі). Сіңу процесі жарықтар мен қуыстар суға түгел толған жағдайда жүреді. Бұл қозғалыстағы судың массасы сіңу ағысын туғызады.

    Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Гидросфера