Қазақстандағы оқу сауықтыру орталықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 16:38, реферат

Описание работы

Соңғы уақыттың ішінде «туризм» түсінігі айтарлықтай өзгерді. Егер бұрын туризм белсенді демалу түрлерінің бірі ретінде анықталса, қазіргі кезде осы түсінік бойынша тек бұл сала түрінің мемлекет ішінде қолданылады. Ал бұл терминді шетел мемлекеттеріне қолданса, оның мәні айтарлықтай өзгере кеңейе бастайды, яғни, туристер шетелге әртүрлі себептермен шығады (мысалы, іскерлік туризм, сауықтыру туризмі, рекреациялық туризм, спорттық туризм, білім туризмі). Биылғы жылы жазғы маусымда 1000 бала демалатын қала сыртында орналасқан Ақсу лагері жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер орталығының базасында 700 балаға лайықталған жазғы лагерь жұмыс жасайды, онда балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Файлы: 1 файл

Бөбек.doc

— 49.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстандағы оқу сауықтыру орталықтары

      Қала бюджетінен балалар демалысын ұйымдастыруға 28 млн. теңге бөлінді.   Қалалық білім басқармасының сектор меңгерушісі Айгүл Текебаеваның сөзіне қарағанда, бюджет қаражатына балалар үйінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар демалады.

       Биылғы жылы жазғы маусымда 1000 бала демалатын қала сыртында орналасқан Ақсу лагері жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер орталығының базасында 700 балаға лайықталған жазғы лагерь жұмыс жасайды, онда балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

       Бір айта кетерлік жай, Шымкент қаласында балалардың жазғы демалысына орай мектептер жанынан 322 балалар алаңын ашу жоспарлануда. Барлығы осы жылғы жоспар бойынша 20 850 баланың жазғы демалысы ұйымдастырылады.

  Лагерь науқаны 1 маусымнан басталып кеттi. «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы, Арыс, Бәйдiбек, Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт және Түлкiбас ауданындағы «Самал», «Салют», «Арман» лагерьлерi ғана өз уақытында балаларды қабылдай алды. Ал қалғандары екiншi маусымға үлгердi. Яғни 15 маусымнан бастап Ордабасы ауданындағы «Қараспан», Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Эдельвейс», «Робинзон», Түлкiбас ауданындағы «Ерке», «Орленок», «Машат» лагерьлерi де балалардың шат-шадыман күлкiсiне көмiлдi.

   Үш ай жазда жастардың сауығып,  көңiл көтерiп демалысын думанды өткiзуi үшiн облыстық бюджеттен 136 млн. 647 мың теңге қаралды. Оның 89 млн. 480 мыңы жазғы тынығу шараларына бөлiнсе, 45 млн. 137 мың теңге мектептердi залалсыздандыруға арналды. Ал қала сыртындағы лагерьлердi залалсыздандыруға 2 млн. 30 мың теңге аударылды. Биыл балалардың 78 пайызы сауықтырылады деп жоспарланып отыр. Яғни 12439 оқушы демалысын жазғы лагерьлерде өткiзбек.

  Бүгiнгi таңда облыс бойынша қала сыртында орналасқан 22 сауықтыру орны бар болса, оның 16-сы ғана дайын тұр. Кентау, Түркiстан қалаларындағы «Әлия», «Балауса», Созақ ауданындағы «Мардан» лагерьлерi эпидемиологиялық ахуалдық ушығуына байланысты, Шымкент қаласындағы «Ақсу» күрделi жұмыстардың жүрiп жатуы себебiнен, Сарыағаш ауданындағы «Рахат», Түлкiбас ауданындағы «Орбита» лагерьлерi қаржы бөлiнбеуi салдарынан жұмыс iстемей тұр, -- дейдi облыстық бiлiм басқармасының бас маманы К. Оспанова.

   Биыл Созақ ауданындағы лагерь балаларды қабылдай алмайтындықтан созақтық оқушылар өзге өңiрлерде демалады. Бұл ауданның бiлiм бөлiмi 600 баланың  лагерьге баруына жағдай жасады. Олар Түлкiбас ауданындағы «Салют» демалыс орнын жалдап алды. Ендi үш ай бойы созақтық оқушылар  «Салютте» өз ауылында жүргендей еркiн демалады. Олар өздерiнiң тәрбиешiлерiмен, ұстаздарымен бiрге келуде. Дәл қазiр  200 оқушы демалысты бастап кеттi.

   Өңiрiмiзде бұдан бөлек Кентау, Мақтаарал, Отырар, Қазығұрт және Шардара аудандарында балаларды демалдыратын сауықтыру  орындары жоқ. Сондықтан ол өңiрдiң жасөспiрiмдерi каникулды облысымыздың өзге аудандарында өткiзiп  қайтады. Облыстық бiлiм басқармасына қарасты «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы 1 маусымнан Отырар ауданының 230 оқушысы мен басқа аудандардан 38 баланы қабылдады. Арыс пен Қазығұртта қала сыртында лагерьлер болмауына байланысты мектеп-интернат жанынан оған теңестiрiлген демалыс орындары  ашылған. Өз кезегiнде олар да алғашқылардың бiрi болып балаларды қабылдады. Бәйдiбек, Сайрам аудандық бiлiм бөлiмiне қарасты «Болашақ» сауықтыру лагерьлерi 5 маусымнан 210 бала, Сарыағаш аудандық бiлiм бөлiмiне қарасты «Балдәурен» сауықтыру мекенiнде 270 жасөспiрiм жазғы демалысын өткiзуде. Ал, облыстық бiлiм бөлiмiне қарасты «Самал» сауықтыру лагерi 10 маусымнан бастап балалар үйлерiнiң 301 тәрбиеленушiсiн қарсы алды. Олар жаз бойы осында болады.

  Ордабасы ауданы бiлiм бөлiмiне қарасты «Қараспан» сауықтыру лагерi 15  маусымнан бастап  жұмысын бастады.

  Мақтаааралдық мұғалiмдер 290 оқушыны Түлкiбас ауданындағы «Ерке» лагерiне, Түркiстандық ұстаздар 150 жасөспiрiмдi «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығына жiбермек. Сондай-ақ, Шардара, Отырар ауданының ұстаздары әлеуметтiк аз қамтамасыз етiлген 400 оқушыны «Тау самалына» жiберудi дұрыс деп тапты. Шымкенттiк 450  жас «Арманда», 550 бала «Орленокта», 424 оқушы «Робинзонда» тынығатын болады.

Бүгiнгi таңда қала сыртындағы лагерьлерде 1550 бала жазғы демалысының  қызықты сәттерiн өткiзуде.  

Сондай-ақ, балалардың жазғы  демалысын тиiмдi өткiзуi үшiн оларды еңбекпен баулу да ұйымдастырылуда.  Көркейту, көгалдандыру, құрылыс бригадалары және отбасылық жалдау мердiгерлерiнде 219 мың 920 бала жұмыспен шұғылданбақ.

 Солай десек те, Кентау қаласының басшылығы балақайлардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастырмай отырғаны көңiл көншiтпейдi. Өйткенi, ондағы оқушылардың 7 пайызы ғана лагерьмен қамтылып отыр. Ордабасы, Қазығұрт және шардаралық шәкiрттердiң де жартысы ғана лагерьлерге баруға мүмкiндiк алыпты.  

      Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Өзін өзі тану» бағдаламасының идеясын жүзеге асырған жаңашыл білім бесігі болып табылады. Әріптестерін жарқын да тартымды ізденіске құлшындырып отырған бұл идеяның авторы Сара Алпысқызы болып табылады.

     «Бөбек» халықаралық балалар орталықтарының үздік дәстүрлерін өмір салтына айналдырып отыр.  Көрнекті ғалымдар, дарынды әдіскерлер мен педагогтер адамның үйлесімді дамуының бірегей педагогикалық жүйесін құрып, оны жетілдіріп келеді. Орталықта балалар мен жастарға өзін, өзгелерді және қоршаған ортаны тани отырып, керемет жаңалық ашуға, жарқын өмір шаттығын сезініп, жақсылық шапағатына бөленулеріне ықпал ететін ұлағатты ұжым қызмет етеді.

       Орталық ғалымдары мен педагогтері балалардың алғашқы жасаған қадамдарымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар қағидаларын меңгерту керек екендігін терең түсінеді. Олардың пайымдауынша, жалпыадамзаттық құндылықтар – ең берік және мызғымас құндылық. Өскелең ұрпақтың ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалуға, өз мүмкіндіктерін, табиғи дарынын дамыта білуге; міндетті түрде  «жақсы» мен «жаманды» ажырата білуге; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға; өзімен, өз отбасымен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесуге; ар-ұжданымен өмір сүруге; қоғам игілігі үшін еңбек етуге, үнемі кемелденіп отыруға үйренуі өте маңызды.

       «Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» (Крым, Украина) Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды. 

    «Балдәурен» - республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы, - бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. "Балдәурен" РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.  

    Қазіргі таңда «Балдәурен» –ТМО және ОрталықАзия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден–бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу–сауықтыруорталығы. Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның   ұзақтығы жаз мезгілдерінде - 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.

      Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар. Гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер. Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа. 

     Орталықтың барлық жалпы аумағы 8.62 га, оның негізгі пайдалы құрылыс аймағы – 15 288 кв.м. алады. Алты қабатты жайдың, 1 қабаты–мектеп, 2 -3 – 4 қабаттары жататын бөлмелер, 5 қабат әкімшілік-тұрмыстық, 6 қабат – ойын залдары. Бес қабатты медициналық кешен. Екі қабатты спрот кешені. Үш қабатты әкімшілік кешені. Жабық бассейн. Автотранспорттық, жылу және кір жуу шаруашылығы. 

    Балалардың пайдалануы үшін емдік және сауқтыру процедуралары, электронды тақталарымен және ең соңғы оқу техникаларымен жабдықталған физика , химия, лингофон, , компьютер кабинеттері, 20000 дана оқу және әдеби кітаптармен жабдықталған библиотека,топ бөлмелері бар. Қыста аяқ асты сықырлаған аппақ қар,шаңғы жолдары, сырғанақтар. Спортық қысқы және жазғы арнайы төсегіш төселген алаңдар,шатырлы қала, топтық от алауын жағатын алаңдар, тренажер, спорт және ойын залдары Халықаралық стандартқа сай жабдықталған үлкен және жүзуді жаңа үйренушілерге арналған кіші жүзу бассейіндері бар. Балалар гидро – массаж душ кабиналарымен жабдықталған бөлмелерде тұрады. Бес рет дәрумендерге бай жас көкөністер мен жемістер және калориялы тағамдар беріледі. Диета сақтау столы бар.

        «Туған елге тағзым» өлкетану  зерттеу экспедициясы қатысушыларын  Ақмола өңіріндегі туризмнің  дамуы мен проблемалары жөнінде жан-жақты таныстыру еді. Осы орайда, республика бойынша құрылған саусақпен ғана санарлық туризм басқармаларының ішінде Ақмола облысындағы аталмыш мекеменің басшысы Шынарбек Батырханов алыстан келген меймандардың басшылығына әсем өңір жайында құнды деректер қамтылған еңбектерді табыстады. Ал, «Круиз» туристік фирмасының өкілі Елена Серікова Назарбаев Зияткерлік мектептері ішкі туризмнің дамуына көптеген жаңашылдық енгізгендігін атап көрсетті. 
Шара барысында «Ақмола облысында туризмді дамыту» туралы фильм мен «Көкше» академиясы оқу ордасы жайында слайд көрсетіліп, көптің назарына ұсынылды. Курортты аймақтың хал-ахуалы жан-жақты сөз болған кездесуде өңірдің экологиялық ластануы еліміздегі туризм мәдениетінің төмендігінен болып жатқандығы мәлім етілді. Және бұл туралы ашық түрде айту қажет. Сол туризм мәдениеті мектепке дейінгі мекеме мен бала бақшаларда басталып, қоршаған ортаға ұқыпты қарап, табиғатты сүюді үйрету жағын мықтап қолға алған ләзім. Сондықтан да, барымызды ертеңгі келер ұрпаққа сақтап қалу үшін туризм кластерін дамытуға күш салынуда


Информация о работе Қазақстандағы оқу сауықтыру орталықтары