Қазақстан Республикасының климаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 14:54, реферат

Описание работы

Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.
Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым.