Қазақстан аумағында су қорлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 19:15, реферат

Описание работы

Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6 Қырғызстаннан - 3, 0 Ресейден - 7, 5 км3.
Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2 жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең.

Файлы: 1 файл

Реферат Айга СуКАз.docx

— 28.66 Кб (Скачать файл)

Қазақстан республикасының  экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6 Қырғызстаннан - 3, 0 Ресейден - 7, 5 км3. 
          Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2 жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең. 
          Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша біркелкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге суға тапшы Атырау, Қызылорда облысы болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың қасы. 
          Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толық қолдану мүмкiн емес, өйткенi: 
• Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29, 0 км3 құрайды; 
Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге Ресейдiң үлесін қосқанда 13, 1 км3 құрайды; 
• өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және сүзуге кететін шығындары 13, 5 км3 бағаланады; 
• сонымен бiрге Орталық Қазақстанның жазық өзендерiнiң көктемдегi су қоры, оның толық реттеуiн мүмкiн еместiктен жол жөнекей жоғалатыны шамамен 4, 5 км3 құрайды.  
          Сайып келгенде, жылына жоғарыда көрсетілген қажетті су шығыны 57, 9 км3 болса, республиканың экономикасында қолдануға болуы мүмкiн су қорлары орташа сулылықта жылына 43 км3 аспайды.  
          Iс жүзiнде елміздің барлық аумақтарында су қорларының жетіспеушілігінен және интенсивтi өнеркәсiптiң өсуінен су шарушылығында оның ластануы орын алады. Қалпына келтiруге табиғи ортаның қабiлеттiлiгiнің жетіспеушілігі және жасанды жүктеменiң аралығындағы алшақтық, еліміздегі барлық негiзгi өзен алаптарының экологиялық жағдайын төмендетуге әкеп соқты. 
           Суармалы егiн шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы, сонымен бiрге су ресурстарының аридті ауа райына қарамай реттелуі кіші және iрi өзендердiң бассейнінде су дефицитін тудырды. 
       2000 жылдардағы табиғи су көздерінен алынған судың көлемi 1990 жылдардағы су тұтынумен салыстырғанда 918 м3 азайды және 20, 057 км3 құрады. Су тұтыну көлемінiң төмендетуi ауыл шаруашылығында суармалы аудандардың қысқартумен байланысты. Қазіргі кезде (жүйелi және жайылма) суландыруға 15 км3 жуық көлемде су қолданылады. Соның өзінде суармалы егiн шаруашылығы дамыған Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарындағы су тапшылығы сақталынады, соның iшiнде өте ылғал тартқыш - күрiштiң өндiрiсi.  
         Экономика салаларының 85% (27, 5 км3) жер беті суымен қамтамасыз етілсе, қалған бөлiгі жер астындағы, теңiздегi және сарқынды сулармен iске асады.  
         Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін (ауыл шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн қолданылады) пайдаланатын сектор. Жүйелi суландыру жер беті суларымен, негiзiнде оңтүстiкте және республиканың оңтүстiк-шығысында – Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертiс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған.              Су тұтынудың көлемдерiнiң төмендеуi өнеркәсiп салалары үшiн де тән жағдай және 2000 жылдағы суды тұтыну 2, 2 км3 ке дейiн қысқарған (1992 жылда – 4,8 км3). Судың көп мөлшері теплоэнергетика, түстi металлургия, мұнай өндiрiстерi кәсiпорындары пайдаланады.

Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су қорларының қолдануы.

           Сырдария өзенi бассейні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі       2 млн га аумақты қамтиды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде. 
Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.  
        Орал өзенi бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады. 
         Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығы мен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi.  
Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады.  
Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.  
Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда. 
          Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған. Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.  
Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек. 
         Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейн болып табылады және ол қарқынды ластануда. Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады. 
            Өндiрiстiң төмендеуі және тұщы суды пайдалану көлемдерiнiң төмендеуiне қарамастан, су пайдалану мәселесіндегі ұқыпсыздық жойылмауда. Мәселен, жыл сайын таза суды тасымалдау кезінде жоғалтылатын су шығыны 4, 94 км3, оның мішінде қайтарымсыз су тұтыну, табиғи су объекттерiмен салыстырғанда 15, 28 км3 құрайды. Тұрмыстық-коммуналды секторларда су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35% құрайды, әр адамға тәулігіне 240-420 л су жұмсалады. Республикадағы 100 км су құбырының желiлерiнде жалпы саны 70 астам апат тіркеледі, еуропалық деңгейде бұл көрсеткiш небәрі 3 апатты құрайды. 
        Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80% суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады. 

                   Елдi сумен қамтамасыз етудiң негізгі мәселелері

1. Сумен жабдықтау су беруді қамтамасыз ету және ауыз су сапасының талаптарына сай емес 
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелерi еліміздің барлық облыстары және қалалары, Астананы қоса қамтиды. Республика бойынша орташа қала халқының 70-75% су құбырлары суымен, 15-18 % - орталықтандырылған су бастауларының суымен, қалған бөлiгi ашық суаттардан және басқа жақтан әкелiнген тасымал (500 мыңнан астам адам) сумен қамтамасыз етіледі. 
Су құбырларының көпшiлiгi 20-25 жыл, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткізілген.  
2. Айналмалы қолданудың және қайтадан сумен жабдықтаудың деңгейі төмен. 
Өнеркәсiптiк өндiрiс салалары және бөлек алған кәсiпорындарда су пайдалану көпшiлiгiнде жоғары шығынды болып қалуда және оны қайта пайдалану тәсілдері қолданылмайды.  
3. Су шарушылық объектілері және жүйелердiң техникалық күйi өте төмен деңгейде. 
Күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінен каналдар мен гидротехникалық құрылыстардың су жоғалту көрсеткіштері жоғары болуда.  
4. Шекарааралық мәселелер. 
Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан елдер үшiн көкейкестi мәселе. 
5. Су қорларының ластануы. 
Түгелдей дерлiк iрi өзендердiң суы сапа жағынан қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi. Су қорларының ластануы елді мекендердегі сарқынды, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, суармалы жерлердегі коллекторлы - құрғату сулардың тасталуына байланысты. Көп қалаларда канализациялық суды тазартатын арнайы құрылыстар жоқ. Сарқынды суларды жинақтағыштар шектi белгiлерге дейiн толтырылып, бөгеттерде жұлып кету қаупін тудырады.  
6 Арал теңiзiнiң мәселесi 30 жылдан астам уақыт зерттеушiлердің назарында.  
Арал маңайындағы шаруашылықтың тиімсіз жүргізілуінен Арал теңізі бассейніндегі елді мекендерде әлеуметтiк және экологиялық мәселелер ұлттық деңгейге көтерілді. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су қорларының дефицитi жылына 1, 2 - 3, 5 текше км-ге жетедi. Ол Сырдария дельталарындағы экосистемалардың азып-тозуына әкеп соқты. 
Сырдария өзені Қызылорда және Оңтүстiк қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз етудегі - негізгі су қоры, ол Қырғыз Республикасының аумағында басталып, Өзбекстан және Тажiкстан Республикаларында қалыптасады. Өзен үш iрi су қоймаларымен реттелген.  
Оңтүстiк аймақты сумен қамтамасыз етуде Тоқтағұл су қоймасы маңызды рөл атқарады, яғни көптеген жылдар бойында суды жинақтай отырып су аз жылдары суға деген қажеттілікті (дефициттi) толықтырады. 
Соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасының жұмыс режімі, Қырғыз Республикасының меншiгiндегі объектi ретiнде, Орта - Азия мемлекеттерімен келісілмей, электр энергиясын өндiруге бағытталып iшкi қажеттiк үшiн және экспортқа арзан электр энергиясын сату арқылы қысқы мерзiмде су қоймасынан жоғарғы өтімде су тасталады. Бұл басқа су шарушылық обектілерінің жұмыс режіміне сәйкес келмейдi. 
Әсіресе қысқы мерзімде тасталған жоғарғы өтімді су қазақстан аумағында төтенше жағжайлар туындатып, үлкен аумақтарды су басуда. Нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгi сағасына түсетін су көлемi 1994 -2000 жылдар аралығындаы 10 км3-те 5, 4 км3 ке дейiн азайды. Сонымен бiрге Арал теңізіндегі судың көлемі 230 км3 аспай, тұздылығы 46 мг/л жетті.

            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті елімізді сумен қамтамасыз етуде жан-жақты шаралар қабылдады.

          Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын орындау мақсатында 2000 жылдың 17 ақпанында № 344-шi «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын iске асырудың ары қарайғы шаралары туралы» және 2000 жылдың 21 қарашасындағы №30 Қазақстан Республикасының үкiметiнiң хаттамалық шешiмiне сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен 2001 жылдың 21 қаңтарында мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы» бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.  
          Қазақстан Арал теңізінің міселесін шешуде бүкіл дүние жізі елдерінің назарына ілінген «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (бұдан әрі – САРАТС) бірінші кезеңінің құрамындағы Көкарал бөгетінің құрылысын 2005 жылы бітіруі және судың мол болуына байланысты 2006 жылдың наурыз айында Кіші Аралдың суы жобада қарастырылған деңгейге, яғни Балтық жүйесімен 42 метр деңгейге жеткізді.  
          Ондағы бөгет салынғаннан кейінгі ауланған балық мөлшері (шамамен жылына 1500-2000 тонна) бөгет салынғанға дейінгі ауланған балықтың мөлшерінен ( 51.5 -700 тонна) 2.5 -3 есеге өсті. 
        Тоқтоғұл Сыр бассейніндегі ең үлкен су қойма. Оның көлемі 19,5 млрд. текше метр. Ол көпжылдық кестемен жұмыс істеп, Сыр бассейніндегі мүмкін болатын қуаңшылықтың алдын алып отыратын. Енді энергетикалық кестемен жұмыс істеп, бүкіл бассейндегі жағдайды өзгертіп жіберді. Бұрын Сыр өзені көктем айлары (қар ерігенде) мен жаз айларында (мұздақтар ерігенде) таситын. Бұл табиғи жағдай, барлық жан-жануарлар мен өсімдіктер осындай үрдіске бейімделген. Тоқтоғұлдың жұмысы өзгергелі бері Шардара су қоймасының да жағдайы қиындады. Жыл сайынғы қысты күнгі көп суды сиғыза алмай Арнасайға тастай бастадық. 1991 жылдан бастап 2003 жылға дейін орта есеппен жылда 3,3 млрд. текше метр су тастап отырдық. Кейбір жылдары 9,5 млрд. текше метрге дейін тастадық. Сөйтіп ол су Арнасай арқылы Айдаркөлге түсіп оны толтырды. Ол жерлер қазақтың тарихи жерлері, Әйтеке бидің жайлаулары. Қазір де ол жерлерде қазақ ағайындарымыз тұрады. Олардың көптеген жайылымдары мен қыстаулары судың астында қалды. Баймұрат ауылын да су баса бастады.  
           Осыны ескеріп өзбектер Арнасайда су қоймасын салып тастады да, 2004 жылдан бастап секундына 2160 текше метр өткізетін арна 500 текше метр су ғана өткізетін болып қалды. Осының салдарынан Шардараға үлкен қауіп төнді. Көп суды сиғыза алмай күзден бастап төмен қарай секундына 700 текше метр су тастай бастадық. Мұзды осы деңгеймен қатыруға көштік.     Сырда қалыптасқан қазіргі жағдайда ең қауіптісі Шардараның жағдайы болды. Егер келген су қоймаға симай бөгеттен асып түссе, бөгет бұзылады да, Аралға дейінгі барлық елді мекендер, Қызылорда қаласын қоса, топан су астында қалады. Одан артық апат болмайды. Оны болдырмау үшін, кейбір жағдайларда төмен қарай секундына 1000 текше метрден астам су тастауға тура келуі мүмкін. Елді мекендерді қорғау үшін өзен жағалай салынған бөгеттер шыдас бермейді. Үйткені Сыр өзенінің қысты күнгі табиғи су өткізу қабілеті секундына 400 текше метрден аспайды. 
Осы жағдайларды ескере отырып, 2008 жылғы 7 сәуірде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Үкімет басшыларына Көксарай су реттегіші қоймасын салуды тапсырды. 
Үкімет басшысы К. Мәсімов 2008 жылғы 7 сәуірде № 324 қаулысымен    Көксарай су реттегіші қоймасын салу туралы қаулыға қол қойды. 
Нәтижесінде 2010 жылғы көктемгі су тасу мезгілінде оған 1 млрд текше метр су жиналса, 2011 жылғы көктемде 2 млрд текше метрден астам су тоқтатылды. Жиналған су вегетациялық мезгілде Сырдарияның төменгі ағысына жіберіліп, Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуде үлес қосты. 
           Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002 жылғы 23 қаңтарда «Ауыз су» Салалық бағдарламаны бекітті. Бағдарламаның мақсаты – тұрғындарды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету. 
Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүгізілді, ол атқарушы органдар мен су шаруашылығы мекемелерінің ықыласын жұмылдыруға және нақты нәтижелерге ие болуға мүмкiндiк береді.

Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары

         Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. 
Ирригация мен гидроэнергетика аралығында ұтымды балансты iздестiру, өлкенiң мемлекеттерi арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек. 
        Халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып ұлттық және аймақтық деңгейлерде су қорларын бiрлесіп пайдалану бойынша ортақ заңның механизімін жасау Орталық Азияның су қорларының пайдаланудағы көп қайшылықтардың шешуiнiң негiзi болып табылады. Өлкенiң орнықты экономикалық дамуы өзара мемлекетаралық қатынасқа және ынтымақтастыққа, су қатынастарының саласындағы тиiмдi заңға сүйенген базасының негiзiне қатысты болады. 
         Қолданыстағы су қорларының ұлғайтылуы оның тиiмдi пайдалануына, сонымен бiрге су қоймаларының саны мен сапасының артуына тікелей байланысты. Ол үшiн келесі мәселелерге назар аударылуы тиіс: 
• Әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша басты мәселелерді шешу; 
• су көздерінің күйін және оған қатысты экологиялық жағдайды жақсарту, ұйымдастыру, институционалдық, әкiмшiлiк, техникалық және тағы басқа көп қаржы керек етпейтiн шараларды іске асыру. Республикадағы тұрғындардың және өлкенiң тiршiлiк әрекетi үшiн маңызды қаржы керек ететiн объекттер (сумен жабдықтау саласы) мемлекетпен қаржылануы тиiстi; 
• өндiріс күштердi орналастыруға және дамытуға талдау жасау, шаруашылық маңыздылығы және өсіп келе жатқан су шарушылық балансындағы дефициттi есепке ала отырып су тұтынудың деңгейі мен құрылымын анықтау; 
• сумен жабдықтау саласында жаңа су көздерін іздестіру және жабдықтауын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу; 
• Су қорларының сапасы және сандық жүдеуiн сақтап қалу бойынша шараларды iске асыру. Сулардың ластанумен белсендi күрес жүргізу су шарушылық балансының шиеленісуіне бермейді, оның шығын бөлiгiнiң қысқартуына мүмкiндiк туғыза түседi; 
• Өнеркәсiптегi суды қайтадан және бiрнеше рет қолдануының енгiзілуi, сонымен бiрге материалдардың өңдеуiнде қосымша суды талап етпейтін принциптi жаңа, қалдықсыз технологиялық сұлбаларын iздестiру; 
• Су қорларын басқарудың мемлекеттiк жүйесiн, олардың пайдалануын реттеу, экосистема әдiстерiнiң қолдануын, бар су шарушылық шараларын жоспарлауды жетiлдiру; 
• Су сақтаудың мәселелерiн кезеңдi, бiртiндеп және шешiмiне барлық қатысушыларды үйлесiмдi жолдарын енгiзу; 
• Тиiмдi су ресурстарын пайдалануды, оның ластануын сақтап қалуға бағытталған меншiктi табиғи ортаны қорғау шараларының жұмыстарын ынталандыру, мадақтау; 
• Суды нормативтен тыс пайдалануды болдыртпау. Су пайдаланудың шарттары бұзылған жағдайда су пайдаланушыларға әсер ететіндей, құны табиғат қорғау іс-шараларының құнынан жоғары айыппұл салынуы керек; 
• Сарқынды суларды тазартуынан және суды үнемдеуден түскен барлық пайданы кәсiпорындардың қарамағына беру; 
•  су үнемдейтін шарушылық жабдықтарға және экологиялық таза өнiмге қосымша және мадақтау бағалар енгізу; 
• Су қорларының жағдайы және су сақтау туралы информациялық - үгiттеушi жұмыстар жүргізу. 
•  iрi су шарушылық ұйымдарда су саясатының іс-шараларын өңдеуге және жоспарлауға тiкелей араласатын қоғамдық өкiлдерден бақылаушы кеңестер құру; 
Келешекте су қорларының ұлғаюы елдегі су шарушылық объекттерiнде жоғалтатын суды азайту арғылы қол жеткізілуі тиіс.

Информация о работе Қазақстан аумағында су қорлары