Теріс ағымдардың қоғамға зияны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2015 в 18:54, реферат

Описание работы

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған

Содержание работы

I. Кіріспе
Жаңа діни ағымдар.
II. Негізгі бөлім
Теріс ағымдардың қоғамға зияны.
III. Қорытынды
Елімізде жастар арасындағы діни экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеудің жаңа тәсілдері.

Файлы: 1 файл

мммм.docx

— 22.82 Кб (Скачать файл)

                                    Жоспар

I.  Кіріспе

Жаңа діни ағымдар.

II. Негізгі бөлім

Теріс ағымдардың қоғамға зияны.

III. Қорытынды

Елімізде жастар арасындағы діни экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеудің жаңа тәсілдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 I. Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлел.  
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін жасалған.  
Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру, ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды... 
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-амалдардың «дін үшін» немесе «діншіл» атанған топтың бастамасымен болғандығын көреміз. Еуропадағы инквизация жылдарында (1184-1834) шіркеудің бұйрығымен өлтірілген он мыңдаған ғалымдар, кінәсіз өртелген жүз мыңдаған әйелдер, Америкада еш жазықсыз қырылған миллиондаған үндістер, Африкада құлдыққа әкетілген миллиондаған бейкүнә адамдар т.т. осы пікіріміздің айғағы. Әлемдегі барлық діндер өзінің негізгі формасынан ауытқып, басты мақсатынан ажыратылған тұста діндердің ішінен діндер бөлініп шығып, олардың өзі қырқысып, ондаған, тіпті, жүздеген бағыттарға бөлініп, бүгінгі аса күрделі һәм бақылануы неғайбыл діни ахуал пайда болды.  
Мұсылмандар да осы фәнилендіру зобалаңының, дінге іріткі салу фитнәсінің қиянатшыл уә жойқын тепкісіне душар болды. Пайғамбарымыздың кезінде бөлінбеген және Құранда «ешқашанда жіктерге бөлінбеңдер!» (Құран, Әли Имран сүресі, 3/103) бұйрығының болғанына қарамастан мұсылмандар бастапқыда саяси топтарға бөлінді, оның арты сенім және құқық қағидалары бойынша жіктелуге ұласты. Осы бөлінудің мұсылмандарға еш жақсылық әкелмегені, әлбетте, белгілі. Алайда, бүгінгі діндер және мәзһәб уә тариқаттардың (конфессиялар уә секталар) пайда болу және қалыптасу тарихын аса мұқияттылықпен зерттеп, талдап, ғибрат алған жөн. Тек қана Аллаһ Тағаланың меншігіндегі «діни алаңға» фәнилердің қол сұғуы жалғасқан сайын, дін ішіндегі бөлінушілік болған сайын, ізгілік пен бақытқа кенелтетін діннің, өкінішке қарай, азап пен адасушылыққа апаратын сипатқа ие болатынына куә боламыз. Осындайда, белгілі философ һәм идеолог Карл Маркстың (1818-1883) «дін – халықтың апиыны» деген мәшһүр сөзі еріксіз еске түседі. Карл Маркстың йаһұди (еврей) жанұяда дүниеге келіп, христиан қоғамда өскендігін ескергенде, оның түсінігіндегі діннің қандай дін екені өздігінен белгілі. Дегенмен, ізгілікке баулитын сипатынан айырылған және фәни пенделерге яки пұттарға құлдық ұруға үгіттейтін діннің шын мәнінде апиын болатыны да даусыз.

II. Қазақстан Республикасының дамуының өзіндік бір ерекшелігі-қоғам өміріндегі дін рөлінің нығаюы. Дінге сенушілер саны да жылдан-жылға өсуде, ғибадат үйлері көбеюіп, халық арасында Исламның беделі арта түсуде. Дегенмен, соңғы жылдары қоғамымызды алаңдатқан түрлі атпен ел ішінде іріткі салып жүрген адастырушы топтарда шығып жатыр. Соңғы кездері Египет, Пәкістан, Үндістан және Сауд Арабиясы елдерінен қысқа курстарда оқып келген діншілдер мен жергілікті діндарлар арасында келіспеушіліктер жиі байқалуда. Дәстүрлі діндер емес, яғни «інжілдік христиан баптистер шіркеуі кеңесі», «Иегова куәгерлері діни қоғамы» сияқты діни ұйымдардың тікелей ықпал-әсерімен жастар арасында мемлекеттік мамандарды құрметтемеу, әскери борышын өтеуден бас тарту  сияқты келеңсіздік таралуда. Қазіргі таңда діни экстремизм көріністері жоқ деп айту қиын, шет елдерден келіп жұмыс істеушілер арасында діни экстремизмді қолданушылар жоғына кім кепіл?! Біз, өз істеріміз арқылы келеңсіз жағдайлардың белең орын алып кетпеуіне ықпал жасауға тиіспіз. Дін атын жамылып, еліміздің егемендігіне, конституциялық құрылысына қарсы лаңкестік, экстремистік пиғылдағы түрлі ұйымдардың қызметін әшкерелеу мемлекеттік органдардың негізгі міндеті деп білеміз. Қазіргі кезде халықтың дінге деген қызығушылықтары пайда болған сайын түрлі жаңа, бізге тән емес жат ағымдардың қоғамнан орын алуы, қоғамның мемлекеттік негізіне, ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Қазіргі таңда діни экстремистік ұйымдардың  да өз жұмыстарын ел аумағында жандандыра түсуде. Мемлекеттік органдар діни экстремизмнің алдын-алу шараларын  жүргізілуі себепті, біздің лицейімізде ақпан айында облыстық діни басқармасының өкілдері  келіп, оқушылармен кездесу өткізді.Осындай игі шаралар көптеп жүргізілсе, жастардың өзге дінге өтуіне кедергі болар еді. Экстремизммен күресуде қоғамдағы коммерциялық емес ұйымдардың да рөлі зор. Ел егемендігін, аумағының тұтастығын, бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін қоғамдық және бірлестіктер басшылары бар мүмкіндіктерді жасау қажет деп білемін. 
Атыраудағы жағдай анау, Ақтаудағы түрмеден қашу ол бар, Алматыдағы жақындағы атыс-шабыс, Семей тағы басқа өңірлердегі зираттарға шабуыл, Ақтөбедегі жарылыс міне, мұның бәрі дінге деген тосқауылдың жоқтығы деп білем. Сол адамдардың барлығы өз ұлтымыздың өкілдері екенін еріксіз мойындай отырып, жүрегіңді ұстамайтын амалын қалмайды. Сондықтан қай уақыттарда сақ болуымыз қажет. Бұл мемлекеттің іргетасын шайқайтын зиянды құбылыстар. Осындай қоғамыздағы жат ағымдардан сақтандыру мақсатында арнайы мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер республика жұртшылығын, әсіресе жастарды теріс ағымның жетегінен арашалап қалу әрекетімен мықтап айналысып отырғаны белгілі. 
Әрбір ұлтты ұстап тұрған үш алтын діңгек бар: тіл, дін, жер. Міне, осы үшеуі мықты болса, ол халықтың рухы биік саналады. Біз қай жағынан болсын ақсап тұрмыз. Дін туралы заңымыздың былқылдақтығынан сырттан жат діндер мен секталардың өкілдері миссионерлер тоқсаныншы жылдардан бастап елімізге лап берді, ынтымағымызға іріткі салуда. Ендеше шетел асып, діни сауатын ашқысы келетіндерге тосқауыл қоятын кез де жеткен секілді. Айта кетерлік жайт – жастарымыз саналы түрде өзге діннің ағымында кетіп жатқан жоқ, олар діни сауатының төмендігі мен қоғамдағы алдын-алу жұмыстарының жеткіліксіздігі салдарынан адасып жүр. 
Сондай-ақ бүгінгі қоғамда көбейіп бара жатқан хиджаб киген қыздардың қай ағымда екенін айтып беретін дінді саралап зерттейтін институттардың жоқтық себебі тағы бар... Ең бастысы, осынау дін саласындағы бей-берекетсіздіктердің бәріне тыйым салар  «Дін және наным-сенім бостандығы жайлы» заңды қатайту туралы көптен бері айтылып келе жатса да, әлі күнге қолға алынар емес.Дамыған елдің қатарына кіреміз десек, алдымен дініміз бен тілімізді бір жолға қойған дұрыс болар. Еліміздің ертеңі жастар, солардың өзге діннің етегінде кетпей дұрыс жолды таңдау жолында үлкен шаралар атқарылып, жат қылықтарға тосқауыл қойылса, еліміздің болашағы гүлденеді деп ойлаймын.   

III. Елімізде жастар арасындағы діни экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеудің жаңа тәсілдері бар. Соның бірі керағар ағымдарды ауыздықтау мақсатында кең қолданысқа ие - «Әлеуметтік театр» ойын тренингтері болып табылады. «Балдәурен» оқу сауықтыру орталығындағы өткен іс-шара барысында аталмыш тәсіл түрі қолданылып, жастар арасында діни экстремизv мен лаңкестік әрекеттердің қауіптілігі түсіндірілді.  
Бұл тәсіл бұрынғы театр өнерінің қалпын сақтай отыра, дәстүрлі жанрдан ерекшеленеді. Яғни, алдымен қоғамда кездесетін күрмеулі мәселелер көрермендерге қысқаша көрсетілді. Кейін олар оның түйінін шешуге кірісті. Сондай-ақ, балалармен түрлі психологиялық манипуляция әдістері жасалды.  
Данияр Тоқсанбаев, Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының бөлім жетекшісі: Бұл жерде Қазақстан аумағында қызмет етіп жатқан діни ағымдар, олардың қауіптілігі, яғни адам денсаулығы мен өміріне зияндылығы, Қазақстан сотымен тиым салынған діндер туралы әңгімелесеміз.  
Тақырып төңірегіндегі әңгіме барысында балалар теріс діни ағымдар туралы бар білгендерімен бөлісті. Оған қоса, дін атын жамылған экстремизм көріністеріне жол бермеудің жолдарын сурет арқылы бейнелеп берді.  
Азамат Құсайынов, Ақмола облыстық прокуратурасының аға прокуроры: Аталмыш іс-шара жоспары біздің басқармада бекітілді. Бұған облыстық бірқатар мекемелер қатысады. Оның ішінде білім, діни істер, жастар саясаты жөніндегі басқармалары бар. Бұл тек «Балдәуренде» ғана емес, өзге жазғы демалыс орындарында өткізіледі.  
Керағар діни ағымдардың қауіптілігін тереңнен түсінген жас жеткіншектердің белсенділігі жоғары. Әрине, мұндай кездесулердің балаларға да берері мол дейді ұйымдастырушылар. 

 

 

 

 

                               Әдебиеттер

  1. http://www.antisektazko.kz
  2. Абуов А.П Смагулов Е.М “Қазақстандағы діндер”
  3. Абдрахманов С. “Еркіндік сенімі бәріне рұқсат етілген емес”

 

 


Информация о работе Теріс ағымдардың қоғамға зияны