Пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 20:21, реферат

Описание работы

Буддизмге қатысты Интернет материалдарын сүзіп шыққанда, осы діннің Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға б.д.д. І мыңжылдықтың ортасынан бастап таралған әлемдік үш діннің бірі екеніне көзіміз айқын жетті. Қазір Үндістан, Қытай, Жапония, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Малайзия, Корея, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Непал, Тайланд, Тибет, ШриЛанка елдеріне кеңінен тараған. Ол Христиандықтан – 500, Исламнан 1200 жыл бұрын пайда болған. Оны ұстанатындардың саны 300-ден 350 млн. адамға жуық деген болжам бар. «Будда» деген сөздің өзі санскрит тілінен аударғанда «ағартушы әулие», «ақылман» деген сөзді білдіреді екен. Буддистердің түсінігі бойынша ақыл-ойдың асқарына жеткен жер бетіндегі кез келген пенде будда бола алады. Осындай буддалардың бірі деп танылған Шакьямуни «құтқару» ілімін ойлап тапты. Оны санскрит тілінде «Дхарма» деп атайды. Сайып келгенде, «будда» дегенде алдымен Шакьямуни еске алынады.