Ислам діни ілімінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 20:55, аттестационная работа

Описание работы

Ислам (араб.: إسلام‎) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Жоспар
1. Исламның жалпы сипаттамасы
2. Қазақстандағы Ислам
3. Исламның негізін салушы
4. Исламның негізгі дереккөздері
5. Тақуа халифтер
6. Негізгі ағымдар
7. Құқықтық мектептер
II. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Ислам діни ілімінің негіздері(СӨЖ 2).docx

— 38.95 Кб (Скачать файл)

 

Композиялқ тұрғыдан, әрбір хадис әңгіменің өзінен (матн) және оны таратушылардың тізбегін көрсететін сілтемеден (иснад) тұрады. Мұхамедтің ең жақын ортасынан келетін хадистер күшті иснады бар хадистер деп аталады, ал сенімсіз хадистерге әлсіз синады бар хадистер жатады. Жалпы айтқанда, Суннаны білмейтін білімді мұсылман, дін маманы, факих ( араб тілінде – тұсіну, білу; мұсылман заңгері, фикха мәслелері бойынша маман) ретінде болу мүмкін емес.

 

  1. Тақуа халифтер

 

Пайғамбардың өлімінен кейін оның идеяларын Мұхамед пайғамбарға аға ретінде болған және оның қызы Фатиманың күйеуі болған Алимен басқарылған қандас туыстары хашимиттері де, Әбу Суфьянмен және Дамаск қаласында омейядтік халифаттың негізін салушы оның ұлы Муавиймен басқарылған Әбу Бакр, (Әбу Бекр), Омар, Осман, сонымен қатар Омейя руы сияқты оның ізбасаралары ансарлар (араб тілінде - көмекшілер) ары –қарай жалғастырды.

 

Билік үшін кескілескен күреске қарамастан бірінші халиф ретінде Әбу Бакр тағайындалды, ол ас-Сиддик (Әділетшіл) деген құрметті атаққа ие болды. Ол Мұхамед пайғамбардың ең бірінші ізбасарларының бірі болды. 631 ж. Мединадан Меккаға мұсылмандардың алғашқы қажылығын басқарды, намазды оқи алмаған пайғамбар өмірінің соңғы күндері мединалық мешітте өзіне осы міндеттерді алған болатын.

 

Әбу бакрдің билік ету кезеңі 632-634 жж. аралығын қамтиды, бірақ та осы қысқа уақытта ол жекелеген араб тайпаларын біріктіре алды, оның нәтижесінде Аравияның өзінде исламның тұрақталды және мұсылман дінінің Сирия мен Ирак территориясында кең таралды.

 

634 жылдан бастап 644 жылға  дейін екінші халиф ретінде  Аравия шектерінен тыс исламның бекітілуі бойынша саясатты жалғастырған Омар(Умар ибн ал-Хаттаб, 591 ж. немесе 581-664 жж.) болған. Оның билік ету жылдары Халифаттың шекаралары кеңейді және мұсылмандық мемлекеттің құрамына византиялық Палестина, Сирия және Мысыр, сонымен қатар сасанидтік Иран мен Ирак елдері енді. Омардың халиф атағына амир аль-муминин (сенімді адамдардың патшасы) деген қосымша атағын беру әрекеті мұсылмандық қауымның теократиялық елге тез айналуының айқын белгісі ретінде болып табылады.

 

Осман ибн аль-Аффан ( – 656 ж.) 644 жылдан бастап 656 жылға дейін билік етті, Мұхамед пайғамбардың асхабтарының (араб тілінде – серіктес, жолдас) бірі. Араб-мұсылман дәстүрге сәйкес Османның тарихи мәні ол Құранның соңғы мәтінің бекітілуінде.

 

Али ибн Аби Талиб ( – 661 жж.) – төртінші діни (солай Мұхамедтің дәстүрін ас-суннаны ұстанатын суннитерді атады) халиф. Жоғарыда айтылғандай, Мұхамед пайғамбарға қандай туыстықтан басқа Әлі халиф шииттердің рухани басшысы болды. Әлині халиф ретінде тағайындауға Сирияның наменгері, өлтірілген Осман халифтің туысы Муавий қарсы шықты. 656 ж. Ирактың Басра қаласы қасында Әли мен Муавия әскерлері арасында шайқас болды (тарихта «түйелердің соғысы» ретінде белгілі болған), осы шайқаста Әли жеңіске жетті. Келесі жылы ол қайтадан муавийге қарсы шықты, бірақ сириялықтар өзінің билеушісімен бірге найзаға Құранның беттерін қадап, Алидің өзіне қарсы айналған аралық сотты өткізуді талап етті. 658 ж. аталған жиналыс жаңа халиф ретінде муавийді тағайындады. Саяси жағдай өте қатты күрделене түсті: екі халифі бар мұсылман халқы екі бөлікке бөлінді. Али тұрағының өзінде бөліктену болды, оның жақтаушылар қатарынан хариджиттер (араб тілінде – қарсы шығу) деген діни-саяси топ бөлінді, бұл топ билеуші ретінде Алиден безер болып, Омейядтерге де қарсы, Алиге де (шиттерге) қарсы күрес жүргізе бастайды. Мұсылмандардың көп бөлігі жаңа халифті қабылдады, ал Али 661 ж. хариджиттермен өлтірілген болатын.

 

Сонымен билік туралы мәселе исламда екі негізгі бағыттың – суннизм мен шиизмнің пайда болуына әкелді.

 

  1. Негізгі ағымдар

 

Сүннеттер (толық атауы – әхл ас-сунна ва-ль-джама) – сүннет адамдары мен қауым келісімі) – бұл Х-ХІ ғғ. ағым сияқты құрылған ортодоксалды бағыттағы өкілдер. Сүннеттер шиизмге қарсы көзқараста болса да, шиизмге қарағанда термині нақты мазмұнды береді, сонымен қатар парыздардың жалпы бекітілген жинағы жоқ. Бірақ нақты сүннеттер Алидің ерекше табиғаты туралы идеяларды және оның мұрагерлерінің имаматқа құқықлы екендігі қарсы көзқараста, олар тек қана өздері (Сүннеттер) нақты Құранға сай деп санайды, сонымен қатар Мұхаммед және оның жалғастырушыларын көрсетіп, яғни дәстүрге сай деп санайды. Шииттерге қарағанда Суннаны құқық пен сенімге үйрену көздері Құранмен бірге тең құқылы деп есептейді. Сүннеттердің көз қарасына сәйкес басшылыққа мұрагерлікпен ғана емес, сонымен қатар өздерінің қабілеттеріне байланысты пайғамбарға жақын таңдаулы адамдарынан немесе оның оқушыларынан сайланады. Осыдан басқа шииттермен иноверцтерге байланысты қарама-қайшылықтар бар, оларға салттары, заңды шешім қабылдаулар принципі, азаматтық құқық жатады. Қазіргі әлемде сүннеттер мұсылман әлемінің көп бөлігін алады (85% жуық).

 

Шииттер (араб тілінен шиа – привержендер, топтар, партиялар) – Алиді қолдағандар және оны Мұхаммед Пайғамбардың жалғыз заңды мұрагері деп санады, яғни мұсылман басшысы – имам – Мұхаммедтің қанды туыстары бола алады. Али өлгеннен кейін басшылыққа мұрагердің келуі шииттердің нұсқасы бойынша пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейн болуы керек. Бірақ олар әкелері сияқты басшылық үшін шайқасқа қаза болды, алайда осы үш имам шиит имамдарының династиясына бас салды. Шиит имамдары Мұхаммед Пайғамбардан алған «пайғамбарлық рухымен» иеленген. Али Имам пайғамбармен қанды туыстықта болғандықтан оны Алладан берілгені, сондықтан Суннаны қабылдамайды, және Али имамның өмірі жайлы мәліметтерге бағынып хабар немесе ахбар деген өздерінің тарихына ғана сенеді. Шииттер саясаттық басшылыққа ие болмағандығын айта кету керек, осыған қарамастан осы қауымның рухани көшбасшылары болған. Жоғарғы діни басшылық – шиизде имамат деп аталатын үш имам ұрпақтарында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ең соңғы он екінші имам Мұхаммед ес – түссіз жоғалып кетті, осылай «сырлы имам» туралы оқыту пайда болды (араб тілінен – әл-имам әл ғаиб). Шииттердің нұсқасына сәйкес имам тірі деп саналады, бірақ адамдарға көрінбейді, Аллах оны қажетті уақыттарға дейін тауларда тығып қойған деген, керек уақытында жерге қайта келеді. «Сырлы имамға» сену осы бағыттың басты парыздарының бірі, шииттердің бойында сенімді және бейбіт өмір жолдарында оның мәртебесінің күшіне байланысты діни адалдықты орнатуға үмітін сақтайды. Қазіргі деңгейде шииттер мұсылман әлемінің біраз бөлігін қамтиды (мұсылмандардың жалпа санынан ¼ төмен) және Иранда, Иракта, Ливанда, Йеменде және Бахрейнде таратылды.

 

  1. Құқықтық мектептер

 

Исламда мазхабтар (араб тілінен – жол, бағыт, қызмет образы) деп аталатын діни-құқықтық мектептер пайда болды. Мұсылмандық діни ғылымды негізінен фикхедегі мамандар заңгерлер дамытты. Әр мазхабқа үйрену осы мектеп бастаушыларымен, оқушыларымен және ірі факихтермен жазылған жұмыстармен жүргізілді. Көбінесе бірдей сұрақтарда мазхабтар өқілдерінің пікірлері түрлі болып келеді, яғни бұл мектептер бірдей мәртебемен пайдаланбайды. Қазіргі кезде бес мазхаб бар: төрт мектеп сүннеттік және бір мектеп шииттік бағыт. Оларды хронологиялық ретте атап өтеміз.

 

Ханафиттер ескі жазуы – ханифиттер; ханафийла) – Әбу Ханиф (699-763жж.) жалғастырушылары, Куфа қаласында (Ирак) туған, саудагер және ғалым. Деректерде түрік деп аталған, мұсылман әлемінде имам әл-Ағзам (ұлы имам) деген атпен әйгілі болған. Бұл мектеп VІІІ-ІХ ғғ. салынды. Ислам әлемінің әйгілі мамандарынан мұсылмандық құқық бойынша сабақ алып, Әбу Ханиф өзінің оқу әдісін ойлап тапты, грек Сократтың әдісіне ұқсас келеді. Әдістің мақсаты дәріс оқу емес, қойылған сұраққа жауапты оқушыларымен бірге әңгімелесу барысында табу болып табылады. Осылай Әбу Ханиф осы мектептің шығармашылық мінездемесіне, еркін ойлануына, критикасына, парызсыз қабылдауларына, шыдамдылығына интеллектуалды дәстүр негізін салды.Осы мазхабта сунна заңгерлік фикха (араб тілінен – терең түсіну, білім) үшін құқықтық принциптері мен прецеденттеріне басты көздері болып саналды. Аналогия әдісіне әкеп соғатын қажет емес шешімдер (кийас) «қажетті шешімдерге» (истихсан) түзетілуі мүмкін, яғни, егер Құран және сунна сияқты ақпарат көздері дұрыс жауап бермесе, онда иджма (араб тілінен – консенсус, келісім) қандай да бір сұраққа заң құраушылардың пікірімен дұрысталып қолданылады, бұл осы мазхабты демократты, жұмсақ, қоғамдық қатынастарда өзгеруге, түрлі дәстүрлерге шыдамды болуға үйретеді. Саны бойынша ханафиттік мазхаб басқа мектептерден бастапқы орында (мұсылман қауымның 50% жуық) және Түркия, Ауғаныстан, Индостан, Индонезия, Балқан, және Кавказда (Әзербайжаннан басқа), Поволжьеде дамыды; Орталық Азияның бұрынға кеңес республикасында көптеген мұсылман қауым ханафиттер болып табылады. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) өзінің фетваларында (фавта, араб тілінен – заңды шешім) хнафитті мазхаб қорытындыларымен негізделеді.

 

Маликиттер (маликийа) – сүннеттік мектептердің арасында ең ескісі (мұсылмандардың арасында 24%), Малика ибн Анас (713-795жж.), VІІІ ғ. саудагер және ғалым, маликиттер фикха нормаларын ұстанады, Мұхаммед пайғамбардың өмір сүру кезінде пайда болғандарды қалайды. Сондықтан фикханың негізгі көзін Құран мен Сүннеде көрген. Бұл мазхаб Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Африка, Кувейт, Бахрейн елдерінде дамыды және мұсылман Испанияда болды, маликиттердің көп бөлігі Жоғарғы Египетте және Суданда өмір сүрді.

 

Шафииттер (шафийа) – осы мектептің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафийдің (767-820жж.) атына сәйкес аталған, Аш-Шафий ханафиттік мазхабпен жасалған истихсан принципін қолдамады және әйгілі болғанмен (истисхаб) байланыс орнатуды талап етті, оның мақсаты келесіде: «қандай да бір ереже белгілі бір уақытқа дейін қызмет етеді, айналадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты дәлелденуі тиіс». Шафий мектебі Сирия, Ливан, Палестин, Иордания, Йемен, Иран, біраз бөлігі Ирак, Шығыс Африка, Пәкістан, Индия, Малайзия, Индонезияда кеңінен тарады.

 

Ханбалиттер (ханабила). Мазхабтың негізін қалаушы Ахмад ибн Ханбал (780-855 жж.) болып саналады, Багдадта туған. Ханбалиттер Исламды суннада көрсетілген Құранға жазылған түсіндірме арқылы жоюға тырысты. Ибн Ханбал қадірлі тапсырулардың буквалистикалық немесе аллегориялық түсіндірмелерін қолдамаған, оның сенімін (иман) «қалай?» деген сұрақсыз қабылдау мүмкін еместігін айтқан (би-ла кайфа). Бүгін ханбалисттік Сауд Аравиясында, Ислам әлемінің түпкір-түпкірінде мұсылмандық фундаменталисттер арасында тараған.

 

Барлық төрт мазхаб – сүннеттік; фикханың 4 тамырымен қабылдайды; ХІғ. «иджтихада қорғаны жабық», яғни парыздықта, салттарда, этикада және қоғамдық тіреулерде Исламның негізгі принциптер жұмысы аяқталды. Джафариттік мазхаб осы сұрақтарға басқаша қарайды.

 

Джафариттер (джафарийа) – Джафара ас-Садық (700-765жж.) жалғастырушы, шиттер-имамиттер алтыншы имам, Мединада туған, діни ғылым маманы. Махзаб Джафардың өлімінен кейін көп жылдан кейін құрылды, шиттік рационалисттік-усулиттердің көз қарасын білдіреді, төрт тамырлы құқығы бар: Құран, ахбар («тапсыру»), иджма және кал («сана»).

 

Джафариттік мағына Иранда дамыды және имамиттер тұратын басқа да облыстарда дамыды (Ирак, Ливан, Кувейт, Бахрейн, Сауд Аравия, Иордания, Ауғанстан және т.б.).

 

Қорытынды

Әрбір адамның өзінің діні болады.Жалпы қай дін болмасын адамды адалдыққа, тәрбиеге, шындыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Әрбір адамның өз діні сияқты менің де дінім бар ол ақ Ислам. Әрбір адам өз дінін жүрегімен сүйіп оны қабылдау керек

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Кислюк К.В., Кучер О.Н. Дінтану: Жоғарғы оқу орындар  оқулығы. – 3-баспа, қос. / Серия «Жоғарғы  білім». – Ростов Н/Д: Феникс; Х.: Торсинг, 2004. – 512 б.

 

2. Лобазова О.Ф. Дінтану. –  М.: Баспа-сауда корпорация «Дашков  и К», 2005. - 384 б.

 

3. Құран – араб тілінен  – акад. И.Ю. Крачковского, М. СП ИКПА. 1990. – 512 б.

 

4. Ислам. Атеист сөздігі / Авксентьев А. В., Акимушкин О. Ф., Акиниязов Г. Б. және т.б.; Пиотровский М. Б., Прозоров С. М. – М.: Политиздат, 1988. – 254 б.

 

5. Тэнк Анри. Әлем діндері. Иллюстрленген энциклопедия /Француз тілінен аударма Е.В. Нетесова – М.: ЖШС «Әлем Кітап Баспасы», 2007. – 384 б.

 

6. Дін тарихы дәрістері. Оқулық. – «Лань» баспасы, СПб, 1997 – 271б.

 

7. Майоров Г. Г. Оратғасырлық  философияның қалыптасуы, М., 1979, 9 б.

 

8. Армстронг. Ислам: Қысқаша  тарих. Басынан аяғына дейін. / Карен  Армстронг:– М.: ЭКСМО, 2011. – 325 б.

 

9. Васильев Л. С. Шығыс  дінінің тарихы. – М., 2000. – 115 б.

 

10. Дінтану: Оқулық / М. Я. Ленсу, Я. С. Яскевич, В.В. Кудрявцев и др.; М. Я. Ленсу: Жаңа білім, 2004. – 421б. – («Әлеуметтік-гуманитарлық оқулық» сериясы)

 

11. http://www.antisekta-kyzylorda.kz/content/religii-v-kazahstane


Информация о работе Ислам діни ілімінің негіздері