Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:05, дипломная работа

Описание работы

Музыка пәні мұғалімәнің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.
Сайып келгенде , музыканттың тәрбиелік ықпалының күші- оның жеке басында, жоғарыда аталған қасиеттерді игеруінде.
Өйткені адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, оның ішінде музыка мұғалімінің еңбегімен жетеді.

Содержание работы

К і р і с п е......
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік –
педагогикалық мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні,
мазмұны.

1.2. Оқушыларды музыкалық мәдениетпен таныстырудағы
сыныптан тыс жасалатын жұмыстардың түрлері.



II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың
экспериментті ізденісі.

2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын жоспарлау
және талдау.

Оқушылармен лекция - концерт өткізу үлгісі.





Қорытынды.


Әдебиеттері тізімі.


Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-музыкалық-тәрбие-беру.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

        Әдіс - алға қойған мақсатқа жетудің  жолы. Тәрбие әдістері- тәрбие  міндеттеріне  жету үшін  жасалған музыка  пәні  мұғалімі мен тәрбиеленушілер  ұжымының  өзара  байланыс  әрекеттерінің жолы. Егер  тәрбие  әдісі  дұрыс  таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің   жауап әрекеттері   арқылы  тәрбие міндеттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі баийды,  мінез- құлқы, қажетті әдет- дағдылары, іскерліктері қалыптасады. Сонымен  оқушыларды тәрбиелеу әдісі- оқушылар мен  музыка пәні  мұғалімі өзара байланысты әрекеттерінің күрделі комплексі. Әрбір  әдіс оқушылардың  сезіміне,  санасына ықпал  ететін музыка пәні  мұғалімі    қолындағы құрал ретінде көрінеді. Тәрбие әдістеренің бәрі бір- бірімен  өзара тығыз байланысты, оларды  классификациялау  тек шартты  түрде болмақ.

          • 1.Сендіру әдісі-  оқушылардың сана-сезіміне, ерік- күшіне сөзбен  әсер  ету арқылы сенімін қалыптастыарды. Олар әңгіме, әңгімелесу (жаппай, топпен, жеке), лекция, пікірсайыс, түсіндіру,  көзін жеткізу, нандыру,иландыру, (жаңа мәліметтер беру, адамгершілік  ережелері  мен нормаларыне  түсіндіру.)

 Сендіру –адамгершілік-имандылық  қасиеттерін, дүниеге  дұрыс   көзқарасын  қалыптастыру мақсатында пайдаланылады.

          • 2.Іс әрекетті ұйымдастыру әдістері- оқушылардың күнделікті  пайдалы іс- әрекеттері (оқу- тәрбие, спорт, ойын, еңбек, көркемөнер, жарыс ұйымдастыру т.б.) тәжірибеде іскер асырылады. Олар– үйрету, жаттығу,  машықтану (ситуация тудыру, жол беру, кешірім сұрау,мәдениетті  қарым –қатынас, тапсырманы  орындау, уәдеге  тұру т.б)

Іс- әрекетті ұйымдастыру  әдістері- жастардың белгілі әрекеттерді  орындаудың  дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру мақсатында пайдаланылады. Адамгершілік нормалары мен ережелері қалай талап етсе, күнделікті өмірде дәл солай істеуге   жағдай  жасап мәжбұр ету, жүйелі дағдыландыру, жаттықтыру, керекті  мінез- құлықты тәжірибеде қайталау, бекіту арқылы  бірте-бірте  әдетке айналдыру.

          • 3.Мадақтау мен жазалау әдістері- бұлар әділ болса, оқушылардың сезіміне  күшті әсер етеді.Мақтау – ауызша, жазбаша (алғыс, сыйлық

    кітап т.б.), мақтау грамотасы, оқудағы үздік

    табыстары   мен үлгілі  тәртібі үшін алтын,  күміс,

     медальмен   наградтау) т.б. болады.

        Мадақтау  әдісі- оқудағы тәртіптілігі, жарыстағы (спорттағы, еңбектегі, көркемөнердегі) табысы үшін  қолданылады.

       Жазалау  әдісі- қойған талапты, берген   тапсырманы орындамағаны, тәртіп бұзғаны үшін қолданылады.Олар: ескерту, сөгу,мінеп-сынау, кіналау, айыптау, жиналысқа салу,сөгіс  жариялау, педагогикалық кеңеске салу немесе сабақтан соң қалдыру,сынған мүлікті  жөндету, орнына  келтірту т.б.

Жазалау әдісі-тән азабын шектіру емес, санаға  әсер ету мақсатын көздейді.Сондықтан әділ, орынды, жеке ерекшелігі ескеріле  қолданылса ғана нәтижелі болады. Жаза жеке  оқушыға да, топқа да қолданылуы  мүмкін, тым жеңіл, тым ауыр жаза ықпалды әсер етпейді. Жазалау- негізгі  емес, қосымша, көмекші  әдіс болып табылады.

          • 4.Ынталандыру әдісі—мақұлдау, мінеп –сынау, кіналау, көтермелеу, мінез- құлқына  баға беру арқылы  іске асырылады.

        Ынталандыру мадақтау- әдісімен  тығызы байланысты. Жастардың жақсы іс- әрекетін мақұлдау, кемшілігін  мінеп-сынау, мінез- құлық тәртібіне қойылатын талаптарды терең меңгеруге үйретеді. Мұнда “Адамға   барынша  талап  қою және  барынша құрметтеу”  сияқты  педагогиканың принципіне  сүйенеді.

        Мақұлдау- мінеп- сынау оқушылардың жақсы іс істесем деген тілегіне  туындайды да, бірте- бірте мінез- құлық тәртібіне ауысуына  жалғасады.

Мақұлдау әдісінің ең қарапайым  түрі  оқушы  іс-әрекетінің  дұрыстығын қолдау. Ол жеке  сипатта  және ұжымдық  сипатта  болады. Оқушыларды  тәрбиелеуде сынып жетекшісінің мақұлдауы, көтермелеуі, бағалауы үлкен  роль атқарады. Мақұлдаудың тәрбиелік күші- тек бір  оқушыға ғана емес белгілі  топтағылардың барлығына  әсер  етіп, іс- әрекетке  жұмылдырады.

Мақұлдауды қолданғанда  оқушының  жеке ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы өз күшіне сенбейтіндерге мақұлдау дер кезінде   айтылуы  керек. Егер музыка пәні  мұғалімі    кешігіп қалса, мұндай  оқушылардың өзіне сенімсіздігі оның күшін тежейді, тапсырманы орындағыны келмейді, оның себебі, тыңдамаушылық емес,  өз күшіне  сенбеушілік. Орындай  алмай, ескерту  алудан   жасқанушылық. Мақұлдау  істелген   іс- әрекеттің қорытындысынан  асып  кетпей әділ  болып, талап қоюмен  , баланың жеке  басының мүмкіншілігін ескерумен , құрметтеумен  қарап жүріп отырғаны жөн.

 Кіналау-  ықпалды әдіс.Бірақ  ол әділ  болмаса, оқушыға қайғы- қасірет  шектіреді. Бұл да  мақұлдау сияқты дер кезінде қолданылса, нашар  әрекеттен  аулақ болуға  ынталандыр


Информация о работе Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру